ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Оғамдық өндіріс және оның тарихи нысандарыü Қоғамдық өндірістің құрылымы ü Еңбек бөлінісінің мәні, түрлері ü Ұдайы өндіріс: типтері, түрлері, нәтижелері. Мақсаты: қоғамдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық жақтарының өзекті рөлін қарастыру және дәлелдеу; қоғамдық өндірісті оның тарихи нысандарының дамуы тұрғысынан ашып көрсету. Ұдайы өндірістің түрлерін және олардың қазіргі заманғы экономикалық қызмет нысандарымен байланысын көрсету. Негізгі ұғымдар: материалдық өндіріс, материалдық емес өндіріс, қоғамдық өндірістің құрылымы, өндіріс құралдары, өндірістік қатынастар, қызмет көрсетулер, өндіріс факторлары. Адамзат қоғамының тіршілік етуі үшін өндіріс үрдісі қажет. Өндіріс – қоғамның дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметті жасап шығару үшін адамның табиғат заттарына ықпал ету үрдісі. Қоғамдық өндіріс құрылымын екіге бөледі: материалдық және материалдық емес.
2.1. Сурет Қоғамдық өндірістің құрылымы
Материалдық өндіріс материалдық игіліктерді өндіру саласын қамтиды. Материалдық емес өндіріс материалдық емес қызмет көрсетулер және рухани құндылықтарды өндірумен байланысты. Кез-келген, соның ішінде қазіргі заманғы өндіріс бірнеше ортақ қасиеттермен сипатталады, негізінде біркелкі компоненттерді немесе факторларды қамтиды: дербес фактор және заттық фактор. Дербес фактор – бұл адамның жұмыс күші, яғни оның физикалық және ойлау қабілетінің жиынтығы. Жұмыс күшін тұтыну – бұл еңбек. Еңбек – адамның мақсатты қызметінің үрдісі. Заттық фактор – өндіріс құралдарын құрайды. Өндіріс құралдары – бұл еңбек заты мен еңбек құралдарының қосындысы. Еңбек заты – адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат. Еңбек заттарына адамның еңбегі бағытталады, ол болашақ дайын өнімнің материалдық негізі. Еңбек заттары табиғаттың өзімен беріледі (мысалы, пайдалы қазбалар кені) немесе алдыңғы еңбек өнімі, яғни шикі материал болып табылады. Соңғысы негізгі шикізатты (тікелей өндіріс өнімдері жасалатын заттар) және жәрдемші материалдарды (өнімді дайындауға ықпал ететін заттар, мысалы, тоқыма фабрикасындағы бояғыш заттар, жіп және т.б.) құрайды. Ғылыми-техникалық прогресстің нәтижесінде адам табиғатта кездеспейтін қасиеттері (химиялық шикізат) алдын ала белгіленген еңбек заттарын жасап шығарады. Табиғат, жер, кең мағынада алғанда бүкіл бізді қоршап жатқан, жер шары маңындағы кеңістікті қоса алғандағы әлем еңбектің жалпыға бірдей затын құрайды. Өндірістегі шикізат материалдарының рөлі өсуде, алайда еңбек заттарының алғашқы негізі болып жер қала береді. Табиғат заты дайын өнімге айналмай тұрып, ол өңдеудің бір немесе бірнеше сатысынан өтуі керек, солай жартылай фабрикат шығады. Дайын өніммен (әбден аяқталған, тұтынуға дайын еңбек нәтижесі) салыстырғанда жартылай фабрикат – бұл тұтынуға жарамды дайын өнім болу үшін әлі де өңдеуді талап ететін еңбек өнімі. Еңбек құралдары – адамның өз күші және еңбек заты арасында орналасатын бұйым немесе бұйымдар кешені, адамның еңбек затына әсер ететін қаруы. Еңбек құралдары өндіріс дамуының деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш болып есептеледі. Материалдық еңбек құралдары табиғи (жер, ағаш, тас және сол сияқты үйретілген үй жануарлары, органикалық тыңайтқыштар, сонымен қатар жұмысшының дене мүшелері) және техникалық (яғни адаммен жасанды түрде жасалатын) болып бөлінеді. Техникалық құрал құрамына еңбек құралдары кіреді – әр түрлі машиналар, механизмдер, құрылғылар, құрал-саймандар, қозғалтқыштар, беріліс механизмдері. Машиналық өндіріс жағдайында еңбектің механикалық құралдары машина жүйесіне үш құрамдас бөліктері арқылы: жұмыс машинасы, қозғалтқыш, беріліс құрылғыларымен дамыды. ҒТР машина жүйесіне төртінші компонентті қосады: машина жүйесін басқаруда ой еңбегінің қызметін атқаратын басқару құрылғысы. Басқа машиналардан принциптік айырмашылығы оның энергияны (физикалық машиналар сияқты) және затты (химиялық процестер сияқты) емес ақпаратты өңдеуінде болатын кибернетикалық техника кең қолданыс табуда. Роботты техника кең тарала бастады. Өндірісті компьютерлендіру мен автоматтандыру адам рөлінің өзгеруіне әкеледі: ол біртіндеп өндірістің тікелей үрдісінен шыға отырып оның қатарынан орын алады. Адам ағзасымен ұқсастығы бойынша еңбектің механикалық құралдарын «өндірістің суйек-бұлшықет жүйесі» ретінде, еңбек заттарын сақтау үшін пайдаланылатын еңбек құралдарын «өндірістің тамырлы жүйесі» (құбырлар, цистерналар, ыдыстар және т.б.) ретінде, басқарушы құрылғыны «өндірістің жүйке жүйесі» ретінде анықтауға болады, ал тас жол, көпірлер, құбырлар, байланыс және коммуникация құралдары өндірістің жалпы жағдайын қалыптастырады. Дербес (субъективті) және заттық (объективті) факторлардың жүйесі қоғамның өндіргіш күштерін құрайды. Қоғамның басты өндіргіш күші – адам, қоғамдық өндіріске қатысушылар. Өндіріс құралдарының өзі адамның ойлау қызметінің, шаруашылық қызметінің жемісі болып табылады. Өндіріс құралдарының жетілуі, табиғат байлықтарын игеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын меңгеру, бұлардың барлығы өндіргіш күштерінің үздіксіз дамуының анықтаушы факторлары болып саналады. Өндіргіш күштердің арасында жер маңызды рөлге ие. Кейбір салаларда ол көбінде еңбек заты ретінде (өндіру өнеркәсібі), ал басқа салаларда (ауыл шаруашылығында) еңбек құралы ретінде қолданыс табады. Алайда барлық жерде өндірістің материалдық жағдайын қалыптастырады. Өндіргіш күштер қоғамдық өндірістің жетекші жағын қамтиды. Өндіргіш күштері дамуының әр бір сатысы үшін (марксизмге сәйкес) олардың қозғалысының әлеуметтік-экономикалық нысаны ретінде көрініс табатын белгілі бір өндірістік қатынастар сәйкес келеді.
Жеке және қоғамдық өндіріс ажыратылады. Жеке дара өндіріс деп негізгі өндірістік бірлік масштабындағы қызмет түрін түсінеміз (фирма). Қоғамдық өндіріс өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастары бойынша қоғамдық байланыстардың бүкіл жүйесін қамтиды. Осыған сәйкес, қоғамдық өндіріс төрт үрдістің органикалық бірлігінің құралуынан тұрады. Қоғамдық өндірістің бастапқы және соңғы фазаларын қарастырайық. Тұтыну – қажеттілікті қанағаттандыру үшін адамның материалдық игіліктерді пайдалануы. Тұтыну – қоғамдық өндірістің соңғы сатысы. Тұтыну екі түрде болады: Өндірістік: еңбек заты тек өнеркәсіптік мақсатта қолданылады (машина жасаудағы металға кеткен шығын, ұнның қамырға айналуы және т.б.) Жеке: өнеркәсіптік қажеттілікті қанағаттандыру үшін әлеуметтік-тұрмыстық заттарды пайдалану. Осы экономикалық қатынастар жүйесін неғұрлым үңіле қарастырайық. Біріншіден, өндіріс тұтыну үшін, қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайда болады және дамиды. Екіншіден, өндіріс әрқашан тұтынушыға қатысты анықтаушы рөлді атқарады. Бұл ең алдымен, игілік болмаса тұтынудың болуы мүмкін еместігінен шығады. Үшіншіден, өндіріс нақты бір өнімге деген қажеттілікті туындатады, тұтынуға қандайда бір серпін береді. Мысалы, тоңазытқыштарға, теледидарларға, транзисторларға деген жаппай қажеттілік олардың өндірісімен анықталады. Төртіншіден, тұтыну енжар емес, ол өндіріске белсенді түрде кері әсер етеді: а) егер зат пайдалы өнім ретіндегі мәнінен айырылса, онда оны өндіру тоқтайды; ә) егер өнім қажеттіліктен асып кететін мөлшерде өндірілсе, онда өнім қысқарады; б) жаңа қажеттіліктердің пайда болуы жаңа өндірісті туындатады. Сондай-ақ өндіріс пен бөлу арасында да өзара тығыз байланыс және тәуелділік бар. Бөлу – құбылыстардың кең шеңберін қамтиды. Бөлуді келесідей мағынада түсіну керек: · Еңбек өнімін бөлу; · Өндіріс құралдарын бөлу; · Жұмыс күшін өндірістің салалары және аясы бойынша бөлу; Соңғы екі жағдайда бөлу өндірістің алғы шарты бола отырып, ішінара өз бетімен өндіріске шығады. Өндіріс құралдары мен адамдарды өндіріс салалары бойынша бөлу еңбек бөлінісінің нақты бір формасына сәйкес келеді. Бөлудің жүзеге асуына сәйкес келетін қағидаттар өндіріске қуатты ықпал ете алады. Егер олар объективті заңдарға қайшы келетін болса, онда өндірісті елеулі түрде төмендетеді, еңбек белсенділігін кемітеді (мысалы, теңестіруші қағидаттар). Айырбас – осы тізбектегі байланыстырушы буын. Айырбас екі басты формада көрініс табады: а) қызмет пен қабілеттілік айырбасы, бұл жерде қоғамдық еңбек бөлінісі аясында жұмысшылардың арасындағы қатынас жайлы қарастырылады (мысалы, атқарушы мен басқарушы арасында, операцияның бірізділігімен байланысты жұмысшылар арасында). б) өндірістік және өндірістік емес салалар арасындағы еңбек өнімдерінің айырбасы. Айырбас өндірістің әр бір қатысушысы үшін, бөлумен анықталатын үлесіне сәйкес қандайда бір игілік туғызады.
2.2 сурет Еңбек бөлінісі және кооперациясы Еңбек бөлінісі жүйесінің жалпы түсінігін қалыптастыру үшін оның түрлеріне сипаттама береміз. Табиғи еңбек бөлінісі. Тарихи бірінші қалыптасқан еңбек бөлінісінің түрі. Табиғи еңбек бөлінісі - еңбек қызметінің жас ерекшелігінің белгісіне қарай жекелену үрдісі. Бұл еңбек бөлінісі адамзат қоғамының жаралу барысында шешуші рөл атқарды: ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер, ересектер мен қарттар арасында. Сипаты бойынша табиғаттың өзінен, әрбір адам өзінің физикалық, интеллектуалды және рухани құндылықтарының шеңберінде қызметтерді шектеуді орындаудан шығатынына байланысты аталған еңбек бөлінісі табиғи деп аталады. Еңбек бөлінісінің келесі түрі техникалық бөлініс болып табылады. Техникалық еңбек бөлінісі Техникалық еңбек бөлінісі – бұл табиғат арқылы қолданылатын өндіріс құралдары, ең алдымен техника және технологиямен анықталатын адамдардың еңбек қызметі түрінің дифференциациясы. Техника, технология, шикізат, материалдардың пайда болуы мен олардың өндіріс үрдісінде пайдаланылуы жаңа еңбек бөлінісінің шығуына әкелді. Ең алдымен адам табиғатымен міндеттелетін табиғи еңбек бөлінісі сияқты, техникалық еңбек бөлінісі де пайда болған жаңа техникалық құралдары, өндіріс құралдары табиғатымен міндеттеледі. Қоғамдық еңбек бөлінісі Ақырында, өзара байланыстары және экономикалық факторлармен (шығын, баға, пайды, сұраныс, ұсыныс, салықтар және т.б.) бірігуі әсерінен еңбек қызметінің әр түрінің жекеленуі, дифференциациясын қалыптастыратын табиғи және техникалық еңбек бөліністері арқылы сипатталатын қоғамдық еңбек бөлінісіне тоқталып кету қажет. Қоғамдық еңбек бөлінісі түсінігі табиғи және техникалық еңбек бөліністерін бірге қамтиды, өйткені кез-келген қызмет түрінің адамнан тыс (табиғи еңбек бөлінісі) және адаммен өндіріс үрдісі кезінде пайдаланылатын материалдық-техникалық құралдардан (техникалық еңбек бөлінісі) тыс жүзеге асуы мүмкін емес. Өндірістік қызмет кезінде адамдар ескіріп қалған немесе жаңа техниканы қолданады, бірақ екі жағдайда да ол техникалық еңбек бөлінісінің сәйкесінше жүйесі ретінде аталады. Қоғамдық еңбек бөлінісіне келетін болсақ ол өндірістің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары арқылы анықталады деп айтуға болады. Мысалы, фермерлер нақты бір жер учаскесіне ие бола отырып, бір мезгілде өсімдік өндірісімен және мал өндірісімен айналысады. Алайда, жинақталған тәжірибе мен экономикалық есептеулер көрсеткендей, егер олардың бірі жем өсіру мен дайындауға маманданған болса, ал келесі біреулері тек жануарларды жемдеумен айналысатын болса онда өндіріс шығындары айтарлықтай екі жақта да қысқарады. Осылай, өндіріс шығындарын үнемдеуге ет және малшаруашылығының оқшаулануы арқылы жетуге болатыны уақыт өте келе анықталып отыр. Осыған орай өсімдік өсірудің оқшаулануына орай ет және сүтке бағытталған еңбек бөлінісі пайда болады. Тарихи тұрғыда мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы арасындағы еңбек бөлінісі ең алдымен табиғи-климаттық жағдайлардың тікелей әсері арқылы өткен. Олардың айырмашылықтары екі жағдайда да айтарлықтай аз шығынды қамтамасыз етті. Өз қызметтерінің нәтижелерімен алмасу арқылы екі сала да табысты болып отырды. Айта кететін нарсе, нарықтық жағдайда еңбек бөлінісі қатынастары экономикалық мақсатқа сәйкестілікпен, қосымша пайда, табыс алумен, шығынды азайтумен және т.б. шешуші дәрежеде алдын-ала анықталады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|