ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Салалық және территориялық еңбек бөлінісіҚоғамдық еңбек бөлінісі шеңберінде салалық және территориялық еңбек бөлінісін бөліп көрсеткен жөн. Салалық еңбек бөлінісі өндіріс жағдайларымен, пайдаланылатын шикізат, технология, техника және шығарылатын өнім сипатымен анықталады. Территориялық еңбек бөлінісі болса, еңбек қызметі алуан түрлерінің кеңістіктік орналасуымен сипатталады. Оның дамуы табиғи-климаттық жағдайлардағы ерекшеліктермен қатар, экономикалық тәртіп факторларымен де анықталады. Өндірістік күштер, көлік, байланыс қатынастарының дамуына сәйкес экономикалық факторлар басты рөл атқарады. Алайда, өндіруші сектор мен ауыл шаруашылығы саласының дамуына табиғат факторлары үстемдік етеді. Территориялық еңбекбөлінісінің өзге түрлеріне: аудандық, аймақтық және халықаралық еңбекбөліністері жатады. Бірақ салалық және территориялық еңбек бөліністері бір-бірінен тыс пайда бола алмайды. Қоғамдық еңбек бөлінісінің бөліну үлгілеріне: түрлендіру (дифференциация), мамандану және әртараптандыру (кеңею) жатады. Түрлендіру Түрлендіру пайдаланылатын өндіріс құралдары, технология және еңбектің ерекшеліктерімен сипатталатын жеке өндірістің оқшаулану, «тармақталып шығу» үрдісінде көрініс табады. Басқаша айтақанда, бұл қоғамдық еңбек бөлінісінің қызметтің барлық жаңа түрлеріне ажыратылу үрдісі. Мысалы, бұрын тауар өндіруші игіліктің қандай да бір түрін тек өндірумен ғана емес, сонымен бірге оны өткізумен де айналысқан. Енді ол өзінің барлық назарын тек игіліктерді өндіруге ғана аударады, ал оларды өткізу басқа, оған мүлде тәуелсіз шаруашылық субъектінің мойнында. Осылай, біртұтас шаруашылық қызмет әр қайсысы функционалды түрде сол бірлік ішінде болған екі түрге ажырады. Мамандану Түрлендіруден мамандануды айыра білу қажет. Мамандану негізіне түрлену жатады, бірақ ол өндірілетін өнімнің тар шеңберіне күш жұмылдыру негізімен сипатталады. Мамандану түрлендіру үрдісін бекітіп, тереңдетеді. Жоғарыда келтірілген мысалда өндірістің сатудан бөлініп шығуы қарастырылды. Айталық тауар өндіруші жиһаздың кең түрін шығарумен айналысты, бірақ әрі қарай ол тек ас уй жиһазын шығаруға оқшауланды. Тауар өндіруші жиһаз шығарудан бас тартқан жоқ, бірақ ол енді әмбебап еңбек құралдарын мамандандырылған еңбек құралдарымен ауыстыру негізінде өндірісін қайта ұйымдастырады, яғни жұмыс күшін де осы қызмет түрінде тәжірибесі, білімі мен артықшылықтары мол болуын ескере отырып таңдайды. Әрине, бұл жерде шарттылық пен өтпелі жағдайлар көп, алайда осы екі ұғым – дифф мен мамандануды ажырата білу керек. Ртараптандыру Өндірісті әртараптандыру ерекше назарға лайық. Әртараптандыру деп өндірілетін өнім номенклатурасының кеңеюін түсіну керек. Бұл екі жолмен жүзеге асырылады. Біріншісі – нарықтық әртараптандыру. Ол сол уақытта басқа кәсіпорындармен шығарылып жатқан өнім қатарын кеңейтумен сипатталады. Бұл ретте көп жағдайда осындай әртараптандыру үрдісі дәл сондай тауар шығаратын кәсіпорындардың бір-бірін ығыстыруы немесе бірігуіне әкеледі. Басты нәрсе бұл жағдайда әдетте, сатып алушыға ұсынылатын тауар номенклатурасының молаю болмайды. Екінші жол – өндірістік әртараптандыру. Ол ғылыми-техникалық прогресспен (ҒТП), сапалы жаңа тауарлар мен технологияның пайда болуымен тікелей байланысты. Әртараптандырудың аталған түрі нарықтық түріне қарағанда, бұрын болмаған қажеттіліктерді тудырады және қанағаттандырады немесе болған қажеттіліктер жаңа тауарлар және қызметтермен қанағаттандырылады. Әдетте, өндірістік әртараптандыру кәсіпорындағы сол уақытта бар өндіріспен тығыз байланыста болады және органикалық түрде одан өсіп шығады. Өндірістік әртараптандыру шеңберінде технологиялық, толық жете және азық-түліктік әртараптандыруларды бөліп көрсетуге болады. Айтарлықтай кең масштабта дамып келе жатқаны ол – азық-түліктік әртараптандыру. Солай, бір ғана технологиялық операциялар, бөлшектер, түйіндер, құрастырушы бұйымдар арқылы функционалды міндеттері бойынша әр түрлі дайын тауарлар мен заттар жасауға болады. Бірақ бұл дайын заттардың құрамдас компоненттерін шығару әртараптандырусын өрістету жағдайында ғана мүмкін болып отыр. Тек өндірістік әртараптандыру ҒТП нәтижесі ретінде жалпы, дербес және жекеленген еңбек бөлінісі даму үдерісінің өзгеруіне әкелді. Қоғамдық ұдайы өндіріс дегеніміз қоғамдық өндірістің әрдайым қайталанып отыратын, үздіксіз жаңару үрдісі. Ұдайы өндірістің екі типін ажыратады: · Жай; · Ұлғаймалы. Жай өндіріс – бұл өндіріс үрдісінің бұрынғы масштабта қайталанып отыруы, сондықтан барлық түскен табыс жеке тұтынуға кетеді. Ұлғаймалы өндіріс – бұл өндіріс үрдісінің кеңейтілген көлемде қайталануы, яғни алынған табыстың жартысы өндіріс жоғары масштабта жаңарып отыруы үшін қосымша ресурстарды сатып алуға жұмсалады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің үш түрі бар: а) интенсивті; б) экстенсивті; в) аралас. Олардың сипаттамалары төмендегідей:
2.3 сурет Ұлғаймалы ұдайы өндірістің түрлері Қоғамдық өндірістің нәтижесінде игілік пайда болады. Игілік – бұл адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыратын және олардың мүдделеріне, мақсаттарына, ұмтылыстарына жауап беретін зат, құбылыс, еңбек өнімі, белгілі бір жағымды қасиеттерге ие барлық құндылықтар. Экономикалық әдебиеттерде игіліктің басқа да анықтамалары бар, мысалы А.Маршалл игілікке бізге қажетті барлық заттарды немесе адамның қажеттілігін қанағаттандыратын барлық заттар деп түсінік беріп кеткен. Бұл анықтамада игілік тек нәрсе, зат ретінде ғана көрінеді. Кейде игіліктер жүзеге асқан пайдалылық ретінде қарастырылады, оларға тек еңбек өнімі ғана емес сонымен қатар табиғат сыйлары да жатады. Адамға өте қажет, соңғы кездері алатын орны өсіп келе жатқан қызмет көрсету игіліктердің арасында ерекше орынға ие. Қызмет көрсету – бұл нәтижесі адамның қандай-да бір қажеттілігін қанағаттандыратын пайдалы әсерге ие адамның мақсатқа бағытталған қызметі. Игіліктерді терең түсіну үшін олардың жіктеліміне назар аудару қажет. Игіліктердің әр түрлі түрлерін бөліп көрсетудің негізі болып табылатын көптеген критерилер бар. Солардың анағұрлым көп таралған бір түрі болып игіліктерді материалдық және материалдық емес деп бөлуді жатқызамыз. Материалдық игіліктерге: табиғаттың дайын сыйлары (жер, ауа, климат); өндіріс өнімі (азық-түлік өнімі, ғимараттар, құрылыс, машиналар, құралдар және т.б.) жатады. Кейде материалдық игілікке (мысалы, А.Маршалл бойынша) материалдық игіліктерді иемденуге байланысты қатынастарды да (патенттер, авторлық құқық, кепілдер) жатқызады. Сол арқылы бір топқа сипаттары бойынша ерекше игіліктерді енгізеді, олардың біреуі пайдалылықтың мәні болса, келесісі – пайдалылықты иемдену түрі. Материалдық емес игіліктер – бұл адам қабілеттерінің дамуына әсер ететін игіліктер, олар өндірістік емес салада жасалады: денсаулық сақтау, білім беру, өнер, кино, театр, мұражай және т.б. Материалдық емес игіліктердің екі тобын бөліп көрсетеді: Ішкі – адамға табиғатпен берілген және оларды адам өз еркімен дамытатын игіліктердің бір түрі (дауыс, ән айту, декламация, музыкалық қабілет, ғылымға қабілеттілік және т.б.). Сыртқы – бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін сыртқы әлемнің беретін әсері (бедел, іскерлік байланыстар, қолдау және т.б.). Аталған топтарынан басқа игіліктердің тағы қазіргі және болашақ, тікелей және жанама, ұзақ және қысқа мерзімді т.б. түрлері болады. Игіліктердің экономикалық және экономикалық емес түрлері ерекше мәнге ие болады. Экономикалық игіліктерге (бұл термин экономикалық ғылымның субъективтік мектебіне тән, өкілі – белгілі итальяндық экономист А.Пезенти) қажеттілікті қанағаттандыратын игіліктермен салыстырғанда шектеулі көлемде алынатын игіліктер жатады. Экономикалық игіліктермен ресуртардың, игіліктердің шектеулілігі (сиректігі) жағдайындағы адамның сәйкесінше мінез-құлқымен (шаруашылық өндірістік қызмет) негізделетін игіліктердің сиректілік мәселесі тығыз байланысты екенін айтып кету керек. Экономикалық емес игіліктер – адам күшінен тыс табиғаттан алынатын дайын сый. Бұл игіліктер адамның белгілі бір қажеттіліктерін толық және әрдайым қамтамасыз ету үшін жеткілікті дәрежеде табиғатта «еркін» болады (ауа, су, жарық және т.б.). Екі іргелі дерек экономиканың негізін қалыптастырады және экономиканың барлық мәселесін қамтиды. Бірінші дерек: қоғамның материалдық қажеттіліктері, яғни оның индивидтері мен институттарын қамтитын қажеттіліктері шексіз немесе қанағатсыз болады. Екінші дерек: экономикалық ресурстар, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті құралдар шектеулі немесе сирек. Материалдық қажеттіліктер – бұл тұтынушылардың, оларға пайдалылық әкелетін тауарлар мен қызметтерді тұтыну мен пайдалануға деген ықыластары. Адамдардың қажеттіліктері кең өрісті қамтиды: тұрғын үй, автомобиль, бағалы әшекейлер, тәтті тағамдар, сәнді киімдер, кітаптар және т.б. Қысқаша айтқанда, адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, әдетте алғашқы қажеттіліктер деп аталатын (тағам, баспана, киім) заттар және бағалы бұйымдарға (автомобиль, яхта, гауһар тас) бөлінеді. Бірнеше жылдар бұрын бағалы қажеттілік болып табылатын заттар қазіргі күні алғашқы қажеттіліктегі қарапайым зат болып қалғанын да дәлелдеудің қажеті жоқ. Материалдық қажеттіліктер сонымен бірге жеке кәсіпорындар мен басқарушы органдардың да қажеттіліктерін қамтиды. Жеке кәсіпорындар өз иелегінде фабрика ғимараттарын, машиналарды, жүк тасымалдаушы автомобильдерді, қоймаларды, байланыс жүйелерін және өзінің өндірістік мақсаттарын іске асыруға қажетті өзге де нарселерді қамтығысы келеді. Үкімет ел азаматтарының ұжымдық қажеттіліктерін сипаттай отырып немесе өзінің жеке мақсаттарын көздей отырып автожол, мектептер, ауруханалар, әскери техника мен қару жинақтауға тырысады. Жиынтық түрдегі материалдық қажеттіліктер қанағаттанарлықсыз немесе шексіз, ал бұл өз кезегінде материалдық қажеттіліктерді тауарлар мен қызметтер арқылы толығымен қанағаттандыру мүмкін еместігін көрсетеді. Енді екінші іргелі деректі қарастырайық: экономикалық ресурстар – шектеулі ме әлде сирек пе? «Экономикалық ресурстар» деп біз нені түсінеміз? Жалпы алғанда барлық табиғи, адамдық және тауарлар мен қызметтерді өндіруге арналған адамдармен өндірілген барлық ресурстарды айтамыз. Осының барлығы объектілердің үлкен бір шеңберін құрайды: фабрикалық және ауыл шаруашылық құрылыстары, өндіріс тауарлары мен ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруға қолданылатын әр түрлі құрал-жабдықтар, саймандар, машиналар; сан алуан көлік және байланыс құралдары; еңбектің шексіз түрлері; соңында, айтарлықтай маңыздыларының бірі – жер және түрлі пайдалы қазбалар. Бұл ресурстарды қарапайым жіктеуге деген қажеттілік туындайтыны сөзсіз, сондықтан біз оларды келесі категорияларға бөлеміз: 1) материалдық ресурстар – жер, немесе шикізат материалдары және капитал; 2) адам ресурстары – еңбек және кәсіпкерлік қабілет. Ресурстар категориясы. Барлық ресурстарды өндіріс факторлары ретінде біріктіреді. Өндіріс факторлары: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілет. ЖЕР. Көптеген адамдарға қарағанда экономист осы «жер» ұғымының мәнін қалай түсіндіреді екен? «Жер» ұғымына табиғи ресурстардың барлығы енеді, өндірістік үрдіске қолданылатын «табиғаттың барлық еркін игіліктері». Осы кең ұғымды категорияға жердің беті, жер қойнауындағы қазба-байлықтар, су ресурстары кіреді. КАПИТАЛ. Капитал дегеніміз не? «Капитал» немесе «инвестициялық ресурстар» ұғымы өндірістің барлық өндірілген түрін, яғни тауар мен қызмет көрсетуді өндіруге және оны соңғы тұтынушыға жеткізу үшін пайдаланылатын құрал-жабдықтардың барлық түрін, машина, құрал-саймандар, фабрикалық-зауыттық, қоймалық, көлік құралдарының барлық түрін және өткізу желісін қамтиды. Бұл құралдарды өндіру және жинақтау үрдісі инвестициялау деп аталады. Бұл жерде тағы екі жағдайды атап көрсетіп кету керек. Біріншіден, инвестициялық тауарларының (өндіріс құралдары) тұтыну тауарларынан айырмашылығы тұтыну тауарлары қажеттіліктерді тікелей қанағаттандырады, ал біріншісі тұтыну тауарларын өндіре отырып жанама түрде жүзеге асыруында. Екіншіден, бұл жерде көрсетілген анықтамада «капитал» термині ақша деп түсіндірілмейді. Алайда, менеджерлер мен экономистер «ақша капиталы» деп көп жағдайда машина, құрал-жабдықтарды және басқа да құралдарды сатып алуға кететін ақшаны түсіндіреді. Бірақ, ақша тап мұндай еш нарсе өндірмейді, сәйкесінше оларды экономикалық ресурс деп есептеуга болмайды. Нақты капитал – құралдар, машиналар және басқа да өндіргіш құралдар – бұл экономикалық ресурс; ақша немесе қаржылық капитал мұндай ресурсқа жатпайды. ЕҢБЕК. Еңбек – бұл тауар мен қызмет өндіру кезінде қолданылатын (адамның ерекше қасиеттерінен, әсіресе нарықтық экономикада жеке қарастырылатын кәсіпкерлік қабілеттен басқа) адамдардың барлық физикалық және ой қабілеттерін сипаттау үшін қолданылатын кең ұғым. Сондықтан ағаш кесуші, сатушы, оқытушы, кәсіби футбол ойыншысы, ядролық физика маманы – бұлардың барлығы «еңбек» деген жалпы ұғымды қамтиды. КӘСІПКЕРЛІК ҚАБІЛЕТ. Соңында, кәсіпкерлік қабілет немесе кәсіпкерлік іскерлік деп аталатын ерекше бір адам ресурсы туралы не айтуға болады? Бір-бірімен өзара тығыз байланысқан кәсіпкерліктің төрт қызметін анықтау арқылы бұл терминнің ерекше мәнін ашып көрсетеміз. 1. Кәсіпкер тауар немесе қызмет өндіру барысында жер, еңбек, капиталды бірыңғай үрдіске біріктіру арқылы бұл ынтаны өз қолына алады. Кәсіпкер бір уақытта өндірістің қозғаушы күші және өзіне пайда әкелетін іс үшін басқа ресурстарды біріктіре отырып делдал ретінде көрініс табады. 2. Кәсіпкер өз қызметін жүргізу барысында ең күрделі негізгі шешімдерді қабылдау міндетін өз мойнына алады, яғни кәсіпорын қызметін анықтайтын ескішілдікке негізделмеген міндеттерді шешу. 3. Кәсіпкер – бұл жаңа тауарларды, жаңа өндірістік технологияларды немесе тіпті бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын коммерциялық негізде дағдылылыққа енгізуші жаңашыл тұлға. 4. Кәсіпкер – бұл әрдайым тәуекелге бел байлаушы адам. Бұл оның аталған үш қызметін мұқият зерттеуден келіп шығады. Капиталистік жүйеде кәсіпкер үшін пайдаға кепілдік жоқ. Оның жұмсаған уақыты, күші және қабілетінің сыйы немесе нәтижесі ретінде айтарлықтай пайдаға кенелу немесе соңында – банкроттыққа ұшырау күтіп тұрады. Қысқаша айтқанда, кәсіпкер тек өзінің ғана емес, сонымен қатар өз серіктестері мен акционерлерінің де уақыты және құйған қаржысын тәуекелге салады. Ресурстардың салыстырмалы сиректігі. Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпыға тән, түбегейлі белгіге ие: олар сирек немесе шектеулі мөлшерде болады. Біздің «Жер атты ғарыш кемесі» тауар мен қызметтерді өндіру үшін шектеулі дәрежедегі ресурстарды қамтиды. Егістік жерлер, пайдалы қазбалар, капитал және жұмыс күші (жұмыс уақыты) – бұлардың сиректігі өндірістік қызмет алдында шектеулікті қояды және өндірістің жалпы көлемін шектейді. Қоғам өзіне қажетті тауарлар мен қызметтердің барлығын дерлік өндіруге қабілетсіз. Ресурстар сиректігінің салдарынан келесілер туындайды: 1. Қолда бар ресурстары тиімді пайдалану қажеттілігі; 2. Шектеулі ресурстарды пайдаланудың бағыттары мен әдістерін таңдау қажеттілігі. Өндірістің тиімділік мәселесін қарастырайық. Өндіріс тиімділігі – бұл біріншіден, ресурстардың толық пайдаланылуы, екіншіден, толық көлемдегі өндіріс. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|