ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Оқу пәніне қойылатын талап«Экономикалық теория негіздері» пәні міндетті пән болып табылады. Оқу жүктемесінің көлемі: 2 кредит, оның ішінде 15 cағат – дәріс, 15- сағат семинар сабағы, 30- cағат студенттің өзіндік жұмысы. Студент «Экономикалық теория негіздері» пәнін оқу кезінде, алғашқыда берген силлабуспен және оқу- әдістемелік құралмен танысып және оны оқу, бағыт құралы ретінде пайдалануы қажет. Сонмен қоса студент силлабуста көрсетілген қосымша әдебиеттерді пайдаланып, кредиттік технологияның талабы бойынша өз бетінше дайындалуы қажет. Студент үй жұмысына дайындалу кезінде ОӘҚ көрсетілген сұрақтар бойынша логикалық схема құрып, ауызша тапсыруы қажет және ол бағалау жүйесінде көрсетілген % бағаланады. Логикалық схема бұл студентке дайындалу кезінде ойын жинақтауға және тақырыптағы сұрақтарды толық ашуға, сонымен қоса өз-бетінше дайындалуға мүмкіншілік береді. Әр аптада қарастырылған тақырып бойынша үй жұмысы қабылданады, яғни студент сол аптадан кешіктірмей үй жұмысын тапсыру қажет және 1 блокта 7 тақырыпты, ал қалған тақырыпты 2 блокта тапсырады немесе тақырыптарды алдын – ала тапсыруына болады. Әрбір тапсырған тақырыптың пайызы қосылып, блокта оқыған апта санына бөлу арқылы орташасы, студенттің блок бойынша үй жұмысына дайындығын көрсетеді. Үй жұмысы логикалық схема мен қоса, ауызша жауап беру арқылы бағаланады. Жауап беру кезінде схема және глассарий қоса көрсетіледі Әр тақырып өткен сайын студент глоссариды жазуы тиіс. Әр тақырып өткен сайын студент глассарий жазады, глоссарий толық болуы қажет, болмаған жағыдайда ол көрсетілген пайызбен бағаланбайды. Ағымдағы тест әлде рефераттарды аптасайын тапсыруға болады. Дәріс және семинар сабақтарында белсенділікті көрсету керек. Қойылатын талап. Сабаққа міндетті түрде қатысу, оқу-әдістемелік құрал бойынша дәріс және семинар сабақтарына алдын- ала дайындалу. Сабаққа сапалы, белсенді және уақытылы дайындалу.
Кафедраның әдістемелік секциясының мәжілісінде қарастырылған. «___»________________2014 ж., хаттама №_____ Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|