Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ




БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.Гумилев атындағы

ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Садықов Т.У., Тілеухан А.Т.

 

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 

Астана 2013

 

УДК 330.47

ББК 65.39

С 14

Садықов Т.У., Тілеухан А.Т.

Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013.

«Экономикалық теория» пәніне арналған осы оқу құралы бакалавриат студенттеріне экономикалық теорияны игеру барысында көмек беру мақсатында дайындалған. Бұл оқу құралы білім беру саласындағы кредиттік технологияның принциптерін көрсетіп, типтік бағдарламаға сәйкес, қазіргі экономикалық қарым-қатынастардың дамуының проблемалық сипаттамасын ашып және зерттеудің ізденімпаздық бағытын білдіреді.

Осы шағын еңбек алдағы уақытта да жастарға қазіргі экономикалық стиль мен ойлау мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі деген сенімдеміз.

 

Рецензенттер: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Экономика факультеті «Менеджмент» кафедрасының э.ғ.д., профессоры Мухамбеков М.М., ЕАГИ-дің «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасының профессоры, э.ғ.к., М.Ы.Жукібай

Баспадан шығаруға ЕҰУ Ғылыми кеңесі ұсынған.

 

© Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2013

© Садыков Т.У., 2013

© Тілеухан А.Т., 2013

 

Кіріспе

Тәуелсіз Қазақстандағы жаңа ұрпақ үшін білім деңгейін көтеру мен дүниетанымның қалыптасуында «Экономикалық теорияның» алатын орны ерекше. Экономикалық теорияны оқу арқылы адамның табиғаттағы, қоғамдағы, экономикадағы орны мен рөлін әділ әрі нақты анықтауға, экономикалық үрдістер арасындағы диалектикалық байланысты түсінуге мүмкіндік туады. Нарықтық экономиканың әлеуметтік бағдарлы үлгісін жасау және экономикалық қатынастардың әлемдік жүйесінде болып жатқан ғаламдық үрдістер адам мен қоғамның экономикалық қылық принциптеріне өзгеріс енгізеді. Осындай жағдайларда экономикалық теорияның экономикалық үрдістердің ғылыми-техникалық прогреспен, мемлекеттік саясатпен, ұлттық және әлемдік мәдениетпен байланыстылық диалектикасын зерттейтін ғылым ретінде маңызы артуда.

Курстың негізгі мақсаты – студенттерге қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының заңдылықтары мен эволюциясының теориялық аспектілерін түсіндіре отырып, шектеулі ресурстар жағдайында адамдардың іс-әрекеті мен оның қағидаларын, сол сияқты мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының іске асуына белсенді азаматтық көзқарасын білдіруге бағытталған.

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін пәнді оқудың басты міндеттерін белгілеп, оларды жүзеге асыру қажет. Оларға:экономикалық теорияның қалыптасуын және даму кезеңдерін білу, экономикалық теорияның әдістерін, заңдарын меңгеру, экономикалық қажеттіліктерді, экономикалық ресурстарды және олардың шектеулілігіне мән беру, меншіктің мәні және түрлерін оқу, нарықтың мәнін, бәсекенің түрлерін үйрене отырып, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізін білу, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің есептеу әдістемесін үйреніп, мемлекеттің қаржы жүйесі мен қазына саясатына мән беру, экономикалық теорияның халықаралық аспектілерін тану. Сонымен бірге студенттер ұлттық экономиканың жалпы қызметін, оның қалыптасуы мен даму жолдарын және дағдарыс, инфляция, жұмыссыздық секілді қайшылықтарын түсіндіретін тауарларды игеруге тиісті, мемлекеттің экономикадағы рөлін, әсіресе Қазақстан үкіметінің, оның негізгі иснтитуттарының тиімді басқару жолдарын қарастыруға дайындық болуы керек. Нарықтық экономиканың Қазақстандық моделінің қалыптасуы және дамуының ерекшеліктерін терең түсіну арқылы оның жаңа инновациялық экономикаға өту кезеңіндегі басым міндеттерді орындаудың нақты іс-шараларын қарастыра білулері керек.

«Экономикалық теория» курсы – барлық сала мамандықтары бойынша жоғары білімді мамандарды даялауда оқылатын міндетті курсын құрайтын пәндердің бірі. Сондықтан экономикалық теорияның негізін түсіндіру, оның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуын, ғылыми теориялық ойлау қабілеттерін, әрі нарықтық шаруашылық жүйесінің негізін меңгеру, студенттерге нарықтық пайымдау мен тиімді экономикалық іс - әрекетті қалыптастыру негізгі мақсаттарға жатады.

Курс экономикалық мамандықтар бағыттарында оқытылатын негізгі пән болып табылатындықтан бұл пән студенттерге жүйе түріндегі экономика туралы негізгі түсініктер, экономикалық дамудың заңдары мен заңдылықтары туралы түсініктеме береді. Пән дербес ойлап және жауапкершілікті шешім қабылдай алатын экономикалық сауатты мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Экономикалық теория — бұл:

· қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісінде, оны айырбастауда шектелген ресурстарды (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік) пайдалану туралы ғылым;

· ұдайы өндірістің фазалық динамикасы және ұзын толқындар динамикасы арқылы жүріп отыратын, экономикалық өсудің заңдылықтары мен факторлары туралы ғылым, ұлттық байлық туралы ғылым;

· өндіріс пен айырбас әрекеттерінің түрлері туралы, адамдардың күнделікті іскерлік өмірі туралы және өмір сүруге қажет заттар алу туралы ғылым.

Экономикалық теория – экономикалық жүйелерге, экономикалық дамуға, экономикалық заңдар мен заңдылықтарға ғылыми көзқарастардың жиынтығы, яғни экономикалық құбылыстар мен үдерістер туралы, шаруашылықтың жұмыс істеуі туралы, экономикалық қатынастар туралы логикаға, тарихи тәжірибеге және экономист-ғалымдардың теориялық тұжырымдамаларына негізделген, неғұрлым елеулі жалпы байланыстарды, нарықтық экономика мен оның басқа да тұрпаттары дамуының экономикалық үдерістеріне тән қажетті себептік байланыстарды зерттейтін ғылым. Өндіріс пен бөлу тәсілдерінің дамуын, еңбек нәтижелерінің пайдаланылу бағытын, меншік қатынастарын зерделейді. Экономикалық-өндірістік қатынастардың теориялық тұжырымы экономикалық категориялар (қоғамдық еңбек бөлінісі, тауар, ақша, капитал, ұлттық байлық, т.б.) арқылы жасалады.

Бүгін экономикалық теорияның мазмұны бұрынғы саяси экономия шеңберінен әлде қайда шығып кеткен. Ол жалпы экономикалық теорияға және әртүрлі экономикалық мектептер мен бағыттардың экономикалық ойлар жетістігі жиынтығында трансформацияланды.

Экономикалық теория – бұл фундаменталды экономикалық ғылым, гуманитарлық, әлеуметтік және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан экономикалық теорияны байлық туралы ғылым, экономикалық қатынастар және экономикалық заңдар ретінде анықтауға тура келеді.

Қазақстан Республикасының үдемелі инновациялық-индустриялды дамуы туралы Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елдегі жоғары оқу орындарында сұранысқа ие курс «Экономикалық теория» меңгерілуде. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқу жоспарларына сәйкес «Экономикалық теория» курсы экономикалық факультетте бакалавриат экономикалық мамандықтарына мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылады.

Аталған оқу құралының Т.У. Садыков автордың «Ақпараттық экономика методологиясы» атты ең жоғары дәрежеде шетел экономистерімен кәсіби түрде талқыланған және 2010 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті баспасында жарық көрген ғылыми монографиясының негізінде жазылды.

Ұсынылып отырған оқу құралына оқытудың кредиттік технология жүйесі бойынша экономикалық мамандықтарда оқитын студенттер үшін, жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін және де «Экономикалық теория» өз бетінше оқитын оқырмандар үшін дайындалған.

«Экономикалық теория» курсы экономикалық факультеттің барлық мамандықтарында білім алатын экономистердің оқу жоспарындағы негізгі керек пәндердің бірі болып табылады. Қазіргі экономиканың бір бөлімі ретінде аталған оқу құралында негізгі экономикалық агенттердің дербес шешім қабылдаулары мен өзекті нарықтағы қарым-қатынастары экономикалық деңгейде қарастырылады.

«Экономикалық теория» пәнінен ұсынылып отырған осы оқу құралы 14 негізгі тақырыпты қамтиды. Әр тақырыптың мән-мәтіні толық берілген. Атап айтсақ, оқу құралына тән ерекшеліктер мыналар болып табылады: 1) Отбасы экономикасы жеке тақырып ретінде көрсетілген. Өткені үй шаруашылығы мен отбасының экономикалық өмірдегі орны, бәсекеге қабілеттілікті арттыруда «Адам капиталының» рөлі және оны дамытудың маңыздылығы айтарлықтай. Сондықтан бұл бөлімде үй шаруашылығының мәні және оның нарықтық экономикадағы орны, адам капиталының қалыптасуы, отбасы бюджеті: табыстары мен шығындары мәселелері қарастырылған. 2) Әр сабақтың жоспары бар, негізгі түсініктер мен терминдер, дәрістер жинағы, зерттеу бөлімі, талқылау сұрақтары, тақырыптары, глоссарий, сонымен қатар, тест тапсырмалары берілген; 3) Оқу құралы оқу-әдістемелік кешен ретінде дайындалған.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных