ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Экономикадағы таңдау мәселесі.Ресурстар шектеулілігінің салдарына сондай-ақ оларды пайдаланудағы бәсеке де жатады. Бірақ бұл әлі оларды пайдаланудың балама мақсаттары арасындағы бәсеке болып табылмайды. Өйткені ресурстардың барлығы дерлік әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалануы мүмкін. Мысалы, мұнай – бу қазандары, дизель және реактивті отындарды алу үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Оны қайта өңдеу нәтижесінде синтетикалық талшықтарды, пластмасса, бояғыш заттарды және көптеген басқа нәрселерді алуға болады. Бірақ барлығы осымен бітпейді, яғни мұнай мен оның өңделген өнімдерін экспорттаудағы валюталық түсім азық-түлікті, дәрі-дәрмекті, басқа да тұтыну тауарларын, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, химия өнеркәсібі үшін қажетті құрал-жабдықтарды, жаңа техника мен технологияларды сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Осы балама мақсаттардың барлығы әрқашан шектеулі, тіпті соңғы жылдары елде өндірілетін мұнайдың қысқарып келе жатқан көлемін пайдалануда бәсекеге түседі. Мұнай экспортын жоғарылатқан кезде, біз ауылшаруашылық техникасы үшін қажет отынды жеткізуді қысқартуымызға тура келеді, бұл өз кезегінде ауылшаруашылық өнімдері көлеміне кері әсерін тигізетіні белгілі. Алайда, оны экспорттаудан түсетін түсім азық-түлікті белгілі бір көлемде импорттауға мүмкіндік беруі мүмкін немесе мұнай бұрғылаушы құрылғыны сатып алып, келесі жылға мұнай өндірісін жоғарылатуға және сол арқылы ауыл шаруашылығына отын жеткізуді өсіруге болады. Орытынды Өндірісті оған тікелей ықпал ететін факторлар тұрғысынан қарастыру керек. Жеке және қоғамдық өндірісті айыра білу қажет. Қоғамдық өндіріс өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастары бойынша қоғамдық байланыстардың бүкіл жүйесін қамтиды. Осыған сәйкес, қоғамдық өндіріс төрт үрдістің органикалық бірлігінің құралуынан тұрады. Еңбек бөлінісі әрқашан оның кооперациясымен қабаттас жүреді. Ұдайы өндірістің экстенсивті, интенсивті және аралас түрлерін ажырату керек. Ұдайы өндірістің интенсивті инновациялық-ақпараттық түрі келешегі бар түріне жатады. Экономикалық игіліктер деп материалды және рухани құндылықтардың жиынтығын түсіну керек.
Дебиеттер 1. Фишер С. «Экономика», М, 1993 г 2. Борисов Е. «Экономикалық теория», М, 1999 ж. 3. Войтов А.Г. «Экономикалық ілімдер тарихы», М, 2000 ж. 4. Экономикаға кірісіпе. Юнита I, Москва, 2000 ж. 5. М.Ы.Жүкібай «Экономикалық теория». Оқу құралы, Астана 2009 ж. 6. Журавлева JI. «Жалпы экономикалық теория (политэкономия)», М, 1999 ж 7. В.Крымова «Экономикалық теория» Кестелі оқу құралы, Алматы, 2003 ж. 8. Осипов Ю. Экономикалық теория XXI ғасыр табалдырығында М., 2003 ж.
Тақырып бойынша талқылау сұрақтары: 1. Қоғамдық өндіріс құрылымы: Материалдық және материалдық емес өндіріс 2. Қоғамдық өндіріс сатылары: Өндіріс. Бөлу. Айырбас. Тұтыну. 3. Адам және оның шаруашылық іс-әрекеті. 4. Өндірістік қатынастар. Өндіргіш күштер. Өндіріс құралдары. 5. Өндіріс факторлары ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары: 1. Экономикалық тиімділік: мәні, өлшеу (көрсеткіштері), рөлі 2. Экономикалық сөздік жасау Тақырып бойынша тест тапсырмалары: 1. Қоғамдық ұдайы өндірістің сатылары: A) Өндіру, тұтыну, бөліну. B) Тұтыну, бөліну, айырбас. C) Өндіру, бөліну, айырбас, тұтыну. D) Өндіру, тұтыну. E) Бағалау, жоспарлау.
2. Игілік - бұл: A) Қажеттіліктер түрлері. B) Қызмет түрлері. C) Тауарлар жиынтығы. D) Қажеттіліктерді қанағаттандыратын құндылықтар. E) Өнімдер жиынтығы.
3.Өндіріс факторлары дегеніміз: A) Дәстүрлі ресурстар. B) Қолданылған ресурстар. C) Қолданылатын ресурстар. D) Болашақтағы өндіріс ресурстары. E) Тек табиғи ресурстар.
4. Барлық экономикалық ресурстарды төмендегі категориялардың қайсысына жатқызуға болады? А) Тұтыну, жинақтау және салықтар. В) Жалақы, рента, пайыз, пайда. С) Капитал мен кәсіпкерлік. D) Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Е) Шексіз энергия мен білім.
5. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс: A) Айналымдағы ақша санының көбеюі. B) Барлық көбею мөлшерінде өндірістің жаңаруы. C) Материалды игіліктердің болуымен байланысты жаңарту. D) Өндіріс пен тұтыну арасындағы өзара байланыс. E) Баға деңгейінің өсуі.
6. Экономикалық тарих экономикалық ғылымдардың қай түріне жатады? А) Интегралды экономикалық ғылымдарға. В) Қолданбалы экономикалық ғылымдарға. С) Жалпы экономикалық ғылымдарға. D) Ерекше ғылымдарға. Е) Қоғамдық тарихи ғылымдарға жатады.
7. Тұтынушы мінез-құлқының теориясы бойынша тұтынушы нені максималдауға тырысады? A) Жалпы және шекті пайдалалықтың арасындағы айырмашылықты B) Орташа пайдалылықты C) Шекті пайдалылықты D) Жалпы пайдалылықты E) Тұрақты пайдалылықты
9. Табиғи ресурстардың халықаралық бөлінісі – бұл: A) БҰҰ бекіткен жағдайда оларды сату және сатып алу B) Олардың әр түрлі елдегі тарихи қалыптасқан шоғыры C) Оларды ел арасында сату және сатып алу D) ДСҰ бекіткен жағдайда оларды сату және сатып алу E) Техника және шығарылатын өнім сипатымен анықталады
10. Экономикалык игiлiктер – бұл: A) Айырбасқа арналған материалды-заттық өнiмдер B) Тұтынуы өндiрiспен сәйкес келетiн материалдық кызмет нәтижесi C) Қажеттiлiктi қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер D) Өндiрiс факторлары E) Өндiрiс ресурстары
11. Экономикалық заңдар деген не? A) Өндірістік қатынастарының тұрақты ішкі байланыстары. B) Экономика туралы үстіртін ұғым. C) Экономикалық құбылыстың мән-мазмұнын анықтайтын ғылыми ұғым. D) Экономикалық қатынастар мен іс-әрекеттерді реттейтін қылмыстық және азаматтық заңдар жүйесі. E) Себеп-салдарлық байланыстар. 12. Өндіріс процесіне не жатпайды? A) Еңбек құралдары. B) Еңбек заттары. C) Жұмыс күші. D) Тұтыну құралдары. E) Еңбек жағдайы.
4-ТАҚЫРЫП Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|