Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұраныс және ұсыныс теорияларының негіздері. ü нарықтың мәні, қызметтері және элементтері




 

ü нарықтың мәні, қызметтері және элементтері

ü Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы

ü Сұраныс және ұсыныс теорияларының негіздері

Мақсаты: Нарықтың мәнін жан-жақты ашып көрсету, қызметін түсіндіру.

 

Негiзгi ұғымдар: нарық, нарықты реттеу, индикативтiк жоспар, нарық құрылымы, сұраныс, ұсыныс, икемділік.

 

Нарықтық қатынастардың мәнін анықтау кезінде «нарық» ұғымының екі жақты мағынасы бар екендігін негізге алу қажет. Біріншіден, жеке мағынасында нарық (market) – айырбас, айналым саласында жүзеге асатын өткізуді бiлдiредi. Екiншiден, нарық – бұл адамдардың арасындағы өндiрiс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерiн қамтитын қатынастардың экономикалық жүйесi.

Нарық – меншіктің әр түрлі формасын, тауар-ақша қатынастары мен қаржы-несие жүйесін қолдануға негізделген экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі ретінде көрініс табады. Нарықтық қатынастар айналыстан басқа келесілерді де қамтиды:

- екі субъект арасындағы байланыс нарықтық негізде жүзеге асырылатын, кәсіпорын мен экономиканың басқа да құрылымдарының жалға берумен байланысты қатынастары;

- бірлескен кәсіпорындардың шетел фирмаларымен айырбас үрдістері;

- еңбек биржасы арқылы еңбек күшін жалдау мен пайдалану үрдістері;

- белгілі бір пайызбен несие берген жағдайдағы несиелік қатынастар;

- тауар, қор, валюта биржасын және басқарудың тағы басқа құрылымдарын қамтитын нарықтық инфрақұрылымының қызмет ету үрдісі.

Нарықтың қалыптасу жағдайларын екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарды қамтамасыз ететін жалпы жағдайларымен байланысты. Оған жататындар:

- меншіктің әр түрлі формасын жүзеге асыру (жеке, ұжымдық, акционерлік, мемлекеттік). Бұл жағдайды жүзеге асыру барысында реттілік қағидасы сақталуы керек және құрылымдық өзгерістер кезінде баланстың бірден бұзылуын болдырмауға тырысу қажет.

- мемлекеттік реттегіштерді сақтай отырып өндірісті демократизациялау. Бұл ретте нарықтық экономика шексіз дамуға қабілетті, өзін-өзі реттейтін жүйе болып табылмайтындығын негізге алған жөн.

- үш негізгі элементті: тауар мен қызмет нырығын, өндірістік факторлар нарығын, қаржылық нарықты біріктіретін инфрақұрылым қалыптастыру.

 

 
 

 


 

6.1 Сурет Нарықтың мәні

Факторлардың екінші тобы шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне ауысу бойынша құқықтық заңнамаларды қалыптастыру және экономикалық ережелерді қабылдаумен байланысты шаралар жүйесін қамтиды. Біріншіден, ресурстарды талан-таражға салу мен тиімсіз пайдалануға жол бермейтіндей меншік пен шаруашылық жүргізудің сан алуан формаларын меңгеру мен қалыптастырудың нақты шаралары қажет болады. Екіншіден, экономиканың басымдықты салаларын құрылымдық қайта құру арқылы тапшылықты жою. Үшіншіден, шетел капиталын тарту және аралас кәсіпорындарды ашу арқылы экономиканы ашық жүйеге айналдыру.

Нарықтың мәні оның қызметтерінен толық көрініс табады.

Нарықтың қызметтері:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных