ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бизнес және кәсіпкерлікü Бизнес түсінігі, түрлері. Бизнес жүйесіндегі маркетинг. ü Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары. ü ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі. Мақсаты: Бизнес жүйесінің және оның интеграциялық қасиеттерін ашу және түсіндіру, кәсіпорынның түрлерімен танысу. Негізгі ұғымдар: бизнес, кәсіпкерлік, бизнес-жоспар, венчурлық капитал, инвестициялық тартымдылық, маркетинг, менеджмент. Бизнес – бұл барлық шаруашылық иелерін қамтитын және олардың іс-әрекеттерін бір арнаға біріктіретін жүйе. Бизнес субъектілері: · Кәсіпкерлер, яғни өзінің тәуекелі және экономикалық және құқықтық жауапкершілігі есебінен бастамашыл әрекетін жүзеге асыратын тұлғалар; · Өнімнің жеке және ұжымдық тұтынушылары; · Жалдану арқылы қызмет істейтін жұмысшылар; · Мемлекеттік құрылымдар, яғни олар келісім-шарттардың қатысушысы болған уақытта (мемлекеттік тапсырыстардың берілуі, бағалардың анықталуы және т.б.) І. Кәсіпкерлік бизнес. Кәсіпкердің іскерлік мүддесі – табыс алу – өндіріс арқылы және өнімді сату арқылы жүзеге асады. Оның негізін өндіріс құралдарына деген жеке меншік құрайды. Кәсіпкерлік бизнесі негізгі 3 компонеттен тұрады: · Өнімді шығару; · Коммерция(сауда); · Сауда делдалдығы. ІІ. Тұтынушылық бизнес. Тұтынушы нарықтық экономикада кәсіпкерлермен арадағы мәмілелерде бәсең тарап ретінде қарастырылмайды. Олар іскерлік қатынастың тең құқықты қатысушылары болып табылады. Тұтынушының іскерлік мүддесі (тауарға қол жеткізу) пайдалылықты көбейту қағидасы бойынша тұтынушының контрагентті өзі іздеуі негізінде жүзеге асады. Егер кәсіпорын үшін пайдалы болып табыс саналса, онда тұтынушылар үшін дәл сондай пайда – қажеттілігін неғұрлым қолайлы жолмен қанағаттандырған тауар болып саналады. Тұтынушылық бизнестің негізі тұтыну құралдарына деген жеке меншік болып табылады. Еңбек бизнесі. Жалдамалы жұмысшылардың іскерлік мүддесі – табыс алу – кәсіпкерлік фирмадағы жұмыс арқылы жүзеге асады. Жалдамалы жұмысшылар үшін кәсіпорынмен арадағы мәміледе пайда – олардың қызметтік міндеттемелерін орындау нәтижесінде алынған жеке табыс болып саналады. Екі тарап та келісім-шарт жасай отырып, жұмысшылар да, кәсіпкерлер де өзіндік таңдау жасайды және белгілі бір экономикалық тәуекелге барып, өздерінің мүдделерін алға тарта отырып, бір-біріне әсер етудің әр түрлі әдістерін қолданады (кәсіпкерлердің кәсіподақ комитеттерімен келісім-шарт жасауы, штрейкбрехерлерді шақыру). Еңбек бизнесінің негізі жұмысшы күшіне деген жеке меншік болып табылады. Мемлекеттік бизнес. Мемлекеттің іскерлік мүддесінің негізін мемлекетке, оның азаматтарына пайда әкелуге қабілетті жалпы мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалардың жүзеге асырылуына деген қажеттілік құрайды (негізінен, ғылым және капитал сыйымды). Мемлекеттік бизнестің негізін құрал-жабдықтарға, өндіріске, ақпаратқа, интеллектуалдық еңбек өніміне, бағалы қағаздарға, ақша ресурстарына деген мемлекеттік меншік құрайды. Бизнес жүйесінің біріктіруші қасиеттері Іскерлік қатынастардың барлық субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық тәуелсіздігі олардың бизнес жүйесіндегі функционалдық роліне байланысты емес. А) тек осы шарт қана кәсіпкерлерге, тұтынушыларға, жалдамалы жұмысшыларға өзі ізденуіне, өзіндік шешім қабылдауына және тәуекелге баруына мүмкіндік береді; Б) іскерлік қатынас субъектілерінің тәуелсіздігі осы субъектілердің заңды әрекеттері билік органдары мен мемлекеттің қорғауында болатынын және ешқандай басқа субъектінің оған араласуына құқығы жоқ екендігін білдіреді. Іскерлік қатынас субъектілері мүдделерінің келісімі. Бұл іскерлік қатынастың барлық субъектілерінің бір-біріне қатысты өздерінің контрагенттерінің тәуелсіздігіне кедергі келтірмеуге байланысты міндеттемелерін білдіреді. Бұл субъектілердің мүдделерінің тәуелсіздігі мен келісімі бір-біріне байланысты. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|