ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Лттық экономиканың қалыптасу заңдылықтарыü Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық мәселелер. ü Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. ü Макроэкономикалық тепе-теңдік.
Мақсаты: Макроэкономиканың қалыптасу заңдалықтары мен макроэкономикалық қайшылықтардың пайда болу себебін түсіндіре отырып, оның зардаптарын азайтудың жолдарын қарастыратын модельдерді терең талдау жасау.
Негізгі ұғымдар: Жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жеке табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, ЖҰӨ-нің дефляторы, Қолда қалған табыс.
Тұтас экономикада болып жататын, макроэкономика зерттейтін құбылыстар мен үрдістер, сайып келгенде, көптеген үй шаруашылықтары мен фирмалардың, өзара қарым-қатынастарынан жинақталады. Макроэкономика мен микроэкономика өзара ажырамастай байланысты болады. Мәселен, тұтас тұтынушылық факторын білу үшін отбасының бүгін қанша ақша жұмсап, келер күнге қанша қалдыру керек деген шешімдерін талдау қажет. Инвестицияның жалпы көлемін анықтайтын факторларды табу үшін фирмалардың жаңа кәсіпорындар салу туралы шешімдері жөніндегі құжаттарын алу керек. Макроэкономикалық көрсеткіштер жекелеген тұлғалар немесе кәсіпорындардың шешімдері нәтижесінде жинақталатын өзгермелі мағлұмат болғандықтан макроэкономика негіздері микродеңгейде қаланады. «Макроэкономика» терминін алғаш рет 1933 жылы норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш (яғни, осы ұғымның алғашқы авторы) қолданды. Сонымен қатар, бұл ғалым алғаш экономикалық талдауды микро және макро талдауларға бөліп қарастырады. Ал макроэко-номикалық талдау ғылыми айналымға Кейнстің басты еңбегі дүниеге келгеннен кейін нақты енгізіліп қолданыла бастады. Француз экономисі-физиократ Франсуа Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» (1758 ж.) деген еңбегінде алғаш рет экономикалық ғылым саласында қоғамдық өнімнің натуралдық және құндық элементтері арасындағы баланстық пропорцияларды анықтау тұрғысынан қоғамдық ұдайы өндірісті талдауға талпыныс жасаған. Қазіргі уақытта, макроэкономика ғылымының дамуына елеулі үлесті посткейнстік мектептің өкілдері (Дж.В. Робинсон, Н. Калдор, П. Страфф), шведтік, чикаголық мектептің ғалымдары, жаңа классикалық макроэкономика-лық бағыттың өкілдері (Р. Лукас, Р. Барро, Т. Сарджент, П. Ромер) және де «жа-ңа кейнсшілдер» мектебі (Дж. Акерлоф, О. Бланчард, Н.Г. Менкью, Д. Ромер, Д. Уэйл) қосып келеді. Макроэкономика – ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұмыссыздық пен инфляция сияқты іргелі мәселелерді зерттейтін ғылым; экономикалық жүйені біртұтастылық ретінде қарастыратын, әрі ел экономикасының даму факторлары мен нәтижелерін жалпылама түрде зерттейтін экономикалық теорияның маңызды бір саласы. Көптеген экономистер макроэкономиканың зерттеу пәнін негізгі төрт макроэкономикалық мәселемен байланыстырады. Олар сол өзіне берілген негізгі анықтамасынан шығады: жұмысбастылық, инфляция, экономикалық өсу және төлем балансы. Макроэкономиканың зерттеу пәні – негізгі макроэконо-микалық мәселелер төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе ретіндегі әрекет ету заңдылықтары. Алайда, макроэкономика осы төрт мәселемен ғана шектеліп қоймайды, оған тән басқа да мәселелер бар. Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер: - ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау; - жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері; - инфляция мен инфляция қарсы саясат; - экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу; - экономикалық дамудың циклдары; - ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу; - мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері. Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (ҰЕЖ) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлемдік тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданылып келеді. ҰЕЖ мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады. Ұлттық есеп-шоттар жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көлемінің) үш негізгі көрсеткішін: жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ), таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) және де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін: ұлттық табысты (ҰТ), жеке табысты (ЖТ), қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды. ЖҰӨ – бұл кез-келген азаматтардың өз елі ішінде және басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. ЖҰӨ – ді есептеу үшін мынадай әдістер қолданылады: 1. Шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі); 2. Табыстар бойынша (бөлу әдісі); Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің шығындары қосылады. ЖҰӨ = C + I + G + Xn мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұмсайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері, демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға кететін шығындар, т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық шығындарға кіреді. I – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар, станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар, т.б.). G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мемлекеттік аппарат пен әскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.). Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді. Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда байланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық. Табыстар бойынша ЖҰӨ‑ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің табыстары қосылады. ЖҰӨ = W (C+S) + R + r + T + A мұндағы, W – бұл тұтынуға (С) және жинақтауға (S) кететін халықтың жалақы түріндегі табыстары. R – рента және арендалық төлемақылар түріндегі табыстар. r – жинақтаудан түсетін пайыз. T – кәсіпкерлік қызметке салынатын салық, олар фирмалардан алынып мемлекетке түседі. A – амортизация, фирма табысынан алынып пайдаланылған өндіріс құрал-жабдықтарын алуға жұмсалады да қайтадан қайтарылады. Ұлттық есеп-шоттар жүйесіндегі барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық әрекеттердің бір жыл ішіндегі және сол жылдың бағаларымен (ағымдық бағалармен) есепке алынған нәтижелерін сипатайды және сондықтанда бұл көрсеткіштер атаулы мәнге ие болып табылады. ЖҰӨ көрсеткішіне баға үлкен әсер етеді. Сондықтан ЖҰӨ-ді номиналды (атаулы) және нақты деп бөлеміз. Номиналды (атаулы) ЖҰӨ – бұл сол жылғы ағымдағы бағалармен есептелген ЖҰӨ көлемі. Нақты ЖҰӨ – бұл бағалардың өзгерісін есепке алатын және базистік бағалармен есептелетін ЖҰӨ көлемі. ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ ЖІӨ – бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:
ТҰӨ = ЖҰӨ – А
мұндағы А – амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ – ЖҰӨ-нің халық тұтынуына кететін бөлігін көрсетеді. ҰТ – елдің барлық тұрғындарының жиынтық табыстары, ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының (еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет) барлық иелерінің тапқан табыстары: жалақы, пайыз, рента және пайда. ҰТ = ТҰӨ – жанама салықтар
Жеке табыс (ЖТ) халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.
ЖТ = ҰТ – С+Т
мұндағы С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі; Т - трансферттік төлемдер. Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.
ҚҚТ = жеке табыс – мұраға салық – мүлік салығы – табыс салығы
Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі. Жиынтық сұраныс (АD) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі.
Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.
Р
Р1 АD2
Р2 АD1 АD
Q1 Q2 ЖҰӨ | Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АD2 - өсуі) немесе солға (АD - азаюы) жылжуына әкеледі. |
Сурет 9.2 Жиынтық сұраныстың қисығы.
Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.
Р АS 1 2 Q | Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді: қысқа мерзімде – АS – көлденең сызық, ұзақ мерзімде - АS – тік сызық. 1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім 2 – аралық мерзім 3 - классикалық сызық, ұзақ мерзім. |
Сурет 9.3 Жиынтық ұсыныстың кисығы.
Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
- Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі
- Нарықтық құрырылымы
- Өнімділік
- Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі
Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.
Макроэкономиканың нақты мақсаттары (мақсаттар жүйесі) мыналар болып табылады:
1. Ұлттық өндірістің жоғары және өспелі деңгейін қамтамасыз ету, яғни нақты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) деңгейін арттыру.
2. Жұмысбастылықтың жоғары деңгейін (ең аз мәжбүрлі жұмыссыздық
кезінде) қамтамасыз ету.
3. Бағалар деңгейінің тұрақтылығын (еркін нарықтардағы сұраныс пен
ұсыныстың өзара әрекеттесуі арқылы бағалар мен жалақының үйлесімділігін табу жолымен) қамтамасыз ету.
4. Төлем балансының нөлдік сальдосына қол жеткізу.
Бірінші мақсаттың мәні мынада, яғни, кез-келген ұлттық экономикалық қызметтің соңғы міндеті халықты қажетті тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету болып табылады. Ал ұлттық өндірістің жиынтық өлшеуіші ретінде соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын сипаттайтын ЖІӨ саналады.
Орытынды
Макроэкономикада талдау үрдісі экономиканы толығынан қамтиды, яғни жалпы экономикалық үрдістердің ауқымын қарастырады (жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, жалпы шығын және тағы басқа). Макроэкономика әртүрлі елдерге және әрқилы кезеңдерге байланысты жалпы табыс, баға, жүмыссыздық және тағы басқа экономикалық көрсеткіштерді қолданады, оларды түсіндірерліктей жалпы теориялық жол табуды қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар оның зерттеу мақсаттары экономикалық құбылыстарды түсіндіру ғана емес, сондай-ақ экономика саясатын қалыптастыру, жетілдіру болып табылады.
Жиынтық өндірісті анықтау мақсатында жасалынған ұлттық есепшоттарды құру кезіндегі пайдаланылатын ұғымдар кешенін сипаттау және талдау бұл тақырыптың басты сұрақтарының бірі болып табылады. Бұл не үшін керек? Бұл жеке кәсіпорындарға арналған бухгалтерлік есеп, немесе басқа жағдайда, үй шаруашылығы үшін жүргізілетін есеп секілді қоғамдық есеп жүргізудің экономика үшін дәл сол функцияларды орындайтындығын көрсетуге қажет.
Дебиеттер
1. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет
2. Дайындағандар Я. Ә. Әубәкіров, А. Қ Қабдиев, В. Қ Досқалиева, Досқалиев С. Ә Экономикс. Оқу құралы. Алматы «Экономика» 1995 - 144 бет
3. Экономическая теория. Учебник для вузов. под редакции. д.э.н Добрынина Л. И, д.э.н Тарасевича Л. С «Питер» 1999 - 542 стр
4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория, Оқу-әдістемелік кешен, 2006ж
5. М.Ы.Жүкібай «Экономикалық теория». Оқу құралы, Астана 2009 ж.
Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
1. Ұлттық экономиканың қалыптасуы және негізгі мақсаты.
2. Макроэкономикалық есептеу негізгі экономикалық тиімділік және өсу ретінде.
3. Қоғамдық өнім түсінігі
4. Тұрақты экономикалық өрлеуді анықтаудың шарттары.
5. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды өлшеу.
6. Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері.
7. Ұлттық табысты есептеу
ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары:
1. Ұдайы өндірітің экстенсивті және интенсивті типтері;
2. Ұлттық табыс; ҚР ұлттық байлық
Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
1.Жиынтық ұлттық өнім өлшенеді:
A) Нарықтық бағада.
B) Тұрақты бағада.
C) Нарықтық және тұрақты бағада.
D) Бағалық мәні жоқ.
E) Тепе-теңдік бағада.
2. Егер ұлттық табыстан корпорация табысына салынатын салықты, бөлінбеген пайданы және әлеуметтік сақтандыру жарналарын шегеріп, осыған таза трансферттік төлемдерді қосатын болса, онда алынған сома - бұл:
A) Жеке табыс.
B) Амортизация.
C) Жиынтық ұлттық өнім.
D) Таза ұлттық өнім.
E) Қолда бар табыс.
3. Қолда бар табыс - бұл:
A) Жеке салықтар мен салықтық емес төлемдер шегерілген жеке табыс.
B) Еңбекақы, жалақы, рента, және капиталдан пайыз түріндегі табыстар сомасы.
C) Еңбекақы, жалақы, және капиталдан пайыз түріндегі табыстар сомасынан жеке табыс салығын шегеру.
D) Таза ұлттық өнім – бизнестегі жанама салықтар.
E) Жалпы ұлттық өнім - амортизация.
4. Төменде көрсетілген агрегаттық көлемдердің қайсысы ұлттық табыс көлемін анықтау кезінде қолданылмайды:
A) Корпорация пайдасы.
B) Мемлекеттік трансфертік төлемдер.
C) Несиеге алынған капитал үшін кәсіпкерлерге төленетін пайыздар.
D) Ренталық табыстар.
E) Еңбекақы мен жалақы.
5.Ұлттық табыс – бұл:
A) C плюс T плюс G минус трансферттік төлемдер плюс жанама салықтар.
B) Инвестиция минус жинақ.
C) Ұзақ мерзім пайдаланатын заттар мен қызметтер құны.
D) Жеке табыс минус жеке салықтар минус мемлекеттік кәсіпорындарға таза субсидиялар.
E) Рента, еңбекақы, капиталдан пайыз, меншіктен табыстар мен корпорация пайдасы.
6. Төменде көрсетілген агрегаттық көлемдердің қайсысы шығындар сомасы бойынша есептелген ЖҰӨ құнына қосылмайды:
A) Жиынтық инвестициялар.
B) C плюс I плюс G (C-тұтыну шығындары, I-инвестиция, G-мемлекеттік шығындар).
C) Тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.
D) Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
E) Еңбекақы мен жалақы.
7. Жеке табыс - бұл:
A) Бір жылда өндірілген тауарлар мен қызметтер.
B) Нақты жылда үй шаруашылығының алған табысы.
C) Салықтарды төлегеннен кейінгі жеке шығындар үшін арналған барлық табыстар.
D) Мемлекет ішіндегі жеке көздерден құралған жинақтар сомасы.
E) ЖҰӨ минус амортизация.
8. ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнімді) “шығындар” ағымы бойынша есептеу:
A) ЖҰӨ=C+I+NX.
B) ЖҰӨ=NX+P+I.
C) ЖҰӨ=NX+C+I+G.
D) ЖҰӨ=W+R+I+P.
E) ЖҰӨ=W+C+I.
9. ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнімді) “табыстар” ағымы бойынша есептеу:
A) ЖҰӨ=C+I+NX.
B) ЖҰӨ=NX+P+I.
C) ЖҰӨ=NX+C+I+G.
D) ЖҰӨ=W+R+I+P.
E) ЖҰӨ=W+C+I.
10. Нақты ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнім):
A) Тауарлар мен қызметтер өндірісінің ағымдағы бағаларымен көрсетілген көлемі.
B) Тауарлар мен қызметтер өндірісінің тұрақты бағаларымен көрсетілген көлемі.
C) Тауардың нарықтық бағасы.
D) Қызметтер көлемі.
E) Бағалардың өзгеруіндегі өндіріс нәтижесі.
11. Жиынтық сұраныс (AD) – бұл:
A) Шет мемлекеттің алғысы келетін тауарлардың экспортқа қажет ауданы.
B) Шет мемлекеттен келетін импорт тауарларының көлемі.
C) Үй шаруашылықтарының, фирмалар мен үкіметтің әрбір берілген бағалар жағдайында алғысы келетін тауарлар мен қызметтердің саны.
D) Нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны.
E) Кәсіпорын тауарларының сұранымы және ұсынымы.
12. Жиынтық ұсыныс (AS) – бұл:
A) Шет мемлекеттің алғысы келетін тауарлардың экспортқа қажет ауданы.
B) Шет мемлекеттен келетін импорт тауарлар ауданы.
C) Үй шаруашылықтарының, фирмалар мен үкіметтің әрбір берілген бағалар жағдайында алғысы келетін тауарлар мен қызметтердің саны.
D) Нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны.
E) Кәсіпорын тауарларының сұранымы және ұсынымы.
13. Тұтыну - бұл:
A) Тұтынушылар алатын тауарлар мен қызметтер жиынтығы.
B) Қоймадағы дайын өнімдер жиынтығы.
C) Дүкендегі тауарлардың саны.
D) Бөлініске түскен тауарлар.
E) Айырбасқа түскен тауарлар.
14. AD және AS қисықтарының жылжуы нәтижесінде қандай құбылысты байқаймыз:
A) Кәсіпорын пайдасының өзгеруін.
B) ЖҰӨ-нің азаюын.
C) Ұлттық өндірістің тепе-теңдік көлеміне ықпал етеді.
D) Бағаның тұрақтылығын.
E) Өндіріс шығындарының өзгеруін.
15. Макроэкономикалық көрсеткішке жатпайды:
A) Ұлттық табыс.
B) Ұлттық байлық.
C) Қолда бар табыс.
D) Жеке табыс.
E) Жанама салықтар.
16. Таза ұлттық өнім - бұл:
A) ЖҰӨ- жанама салықтар.
B) ЖҰӨ - амортизация.
C) ЖҰӨ - трансферттік төлемдер.
D) ЖҰӨ - ұлттық табыс.
E) ЖҰӨ - жеке табыс.
17. Макроталдаудың объектісін көрсетіңіз:
A) Жеке экономикалық субъектілердің іс-әрекеті.
B) Фирма табысы.
C) Фирма шығындары.
D) Тауарды сатып алатын кезде тұтынушының таңдауы.
E) Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ).
Тақырып
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском: