ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Аржылық нарық және еңбек биржасыü Қаржының мәні, қаржылық нарық ü Несиенің мәні формалары. Банк жүйесі ü Еңбек нарығы және еңбек биржасы
Мақсаты: қаржылық нарық және қор биржасының, еңбек нарығының және еңбек биржасының мағынасын ашып көрсету.
Негізгі ұғымдар: құнды қағаздар, акциялар, облигациялар, интеллектуалды күш, баға белгілеу, акция бағамы, биржа.
Қаржылық нарық – капитал нарығы мен ақша нарығының жиынтығын құрайды. Қаржылық нарық – бұл басы бос ақша құралдарын сату-сатып алу бойынша және оларды ақша капиталына айналдыру туралы экономикалық қатынастардың белгілі бір жиынтығы. Қаржы – бұл ақша қаражаттарын қалыптастыру, бөлу, пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастардың ерекше жүйесі. Ақша – қаржылық қатынастардың материалдық негізі ретінде нарықтық экономикада, оның қатысушыларының мүдделерін сабақтастыра көрсететін маңызды құрал және жалпылама эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді. Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары. Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді. Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды. Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады. Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады: - мемлекет және оның институттары, - компаниялар, кәсіпорындар, - үй шаруашылығы. Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардың қаржы ағыстарын қамтиды. Каржы негізінде төрт қызмет атқарады: Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары. Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар), бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік-экономикалық қажеттектерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны сақтау сияқты шығындар жатады. Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп: - қоғамдық өндірістің құлдырауы; - ақша эмиссиясы; - мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі; - тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау; - әскери шығындарының өсуі; - шаруашылық конъюнктураның өзгеруі; - «Көлеңкелі» экономиканың дамуы. Ақша құралдарының қоры оның арнайы мақсатқа бағыты бар, жекеленген бөлігі. Осындай қорлардағы ақша құралдары қаржылық ресурс деп аталады. Құнды қағаздарға акция, облигациялар (кәсіпорындар мен мемлекеттік қарыз) және ипотекалық облигациялар; облигацияларға купондар, вексел, чек, депозиттік сертификаттар, варранттар (қоймалық куәліктер) және т.б. Акция — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция түрлерi: 1. Жай акция дауыс беруге енгiзiлетiн барлық мәселелердi шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердiң жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын бередi. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс. Облигация – иеленуші мен эмитент арасындағы қарыз қатынасын көрсететін құнды қағаз. Облигацияларды мемлекет, акционерлік қоғам, жеке кәсіпорындар шығара алады. Оның акциядан ең басты ерекшелігі – ол эмитенттің қарыз міндеттемесін көрсетеді. Оны төлеу міндеті эмитент мүлкімен қамтылған. Облигация белгілі бір мерзімге (1 жылға дейін), орта және ұзақ мерзімді болады. Облигациялардың бірнеше түрі бар. Көп жағдайда облигацияларға тұрақты процент түрінде табыс төленеді, оны купон деп атайды. Купондық емес облигацияны дисконттық облигация деп аталады. Қор биржасы - құнды қағаздар сатып алынатын және сатылатын тұрақты нарық. Құнды қағаздардың бастапқы нарығында құнды қағаздардың жаңа шығарылымы акционерлік қоғамдар немесе үкімет арқылы орналастырылады. Құнды қағаздардың қайталама нарығында бұрын шығарылған құнды қағаздарды сату-сатып алу келісімдері жүзеге асырылады (қор биржасы арқылы және биржадан тыс айналым арқылы қайта сату). Биржалық саудаға кез-келген кәсіпорындардың құнды қағаздары ене алмайды. Бұл жерде компанияның белгілі болуы, оның активтерінің көлемі және шығарылған акция саны ескеріледі. Қор нарықтары құнды қағаздарды сату-сатып алу бойынша ұйымдастырылған және сол үшін қызмет ететін нарықтар ретінде артта қалып барады. Олардың орнына банк аралық телекоммуникациялар келіп жатыр («SWIFT» тәріздес). Қаржылық нарықтағы қатынастар субъектілеріне әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар, үй шаруашылықтары, коммерциялық банктер, қаржы-несие ұйымдары, мемлекет және т.б. жатады. Қаржылық нарық объектілеріне тұрғындардың жеке жинақтары, өнеркәсіп және сауда капиталының айналымы кезінде пайда болатын уақытша босалқы құралдар және т.б. жатады. Бұл нарықтың негізгі элементтері – қарыз капиталына сұраныс пен ұсыныс және оның бағасы. Қаржылық нарықтағы капиталды сатушы ретінде қазіргі таңда коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар, жинақтау ассоциациялары, тұрғындардың айтарлықтай қамтамасыз етілген бөлігін айтады. Әлемнің көптеген елдерінде оларға сондай-ақ әр түрлі халықаралық қаржы-несие ұйымдары, трансұлттық банктер және т.б. жатқызылады. Қаржылық нарықтың негізгі сатып алушылары – өнеркәсіптік, сауда компаниялары, мемлекет және тұрғындар. Бұл ретте олар осы ерекше тауарды сатуды өздері жүзеге асырады. Капиталдың негізгі сатушыларына тұрғындардың ақша түсімдерін тұрақты түрде ұзақ мерзімді сипатта шоғырландырып отыратын өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру компаниялары және зейнеткақы қорлары. Мұндай тұрақтылықты банктер қамтамасыз ете алмайды, өйткені олардың депозиттері кәсіпорынның өтімді құралдары мен халықтың жеке жинақтары есебінен қалыптасады, және бұл ақша құралдарының жартысы банк резервінде осы субъектілерге қызмет көрсету үшін болуы тиіс. Қаржылық нарықты екіге бөлуге болады: қысқа мерзімді (ақша нарығы) және ұзақ мерзімді (капитал нарығы). Ақша нарығы есептеу құралдары нарығына (сату-сатып алу объектілері қазыналық және коммерциялық вексельдер, жоғары өтімділікке ие қысқа мерзімді құнды қағаздар болып табылатын) және банк аралық (несие мекемелерінің уақытша басы бос ақша қаражаттары банктер арқылы қысқа мерзімге банк аралық депозиттер ретінде орналастырылатын) несиге ыдырауы мүмкін. Капитал нарығында ұзақ мерзімді қарыздар мен құнды қағаздар қызмет етеді, сондықтан ұзақ мерзімді қаржылық нарық ұзақ мерзімді несие нарығы және құнды қағаздар нарығына бөлінеді. Несиенің түрлері келесідей жіктеледі: 1. Несиелеу объектісі бойынша: · Коммерциялық несиетауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады. · Банктік несиесінкәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады. 2. Әрекет ету мерзімі бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді. 3. Несие сипаттамасы бойынша: тұтыну, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. Осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты пайызсыз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады. Банк функциялары: 1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару. 2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру. 3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот) Қызметі және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді: - орталық эмиссиялық - коммерциялық, депозиттік, инвестициялық - жинақ - арнайы бағытағы банктер. Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады: · І дәрежелі – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі. · ІІ дәрежелі – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер. Қаржылық нарықтың қызмет етуі мен дамуына мемлекет несие саясатын жүргізу арқылы айтарлықтай әсер етеді. Дәлірек айтсақ, мемлекет есептік ставканың деңгейіне, сұраныс пен ұсыныс ара-қатынасына әсер етеді, несие беруші немесе қарыз алушы болып табылады, осы нарықтың қызмет етуі мен дамуының жалпы ережелерін бекітеді, осы нарықтың қызмет етуі мен дамуы ережелерін жүзеге асырады, оған жедел бақылауды жүргізеді. Несие саясаты – ұлттық банктің ақша айналымымен несие қатынастары саласында жүргізетін макроэкономикалық процестерді мемлекеттік деңгейде реттеу мен дамытуға бағытталған шаралар жиынтығы. Несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікті болуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары. Еңбек нарығы – бұл бір жағынан жалдамалы жұмыскерлер (жұмыс істейтіндер мен істемейтіндер) және екінші жағынан кәсіпкерлердің, сонымен қатар еңбек биржаларының (мемлекеттік, муниципалды және ұжымдық делдал ретінде) арасындағы жұмыс кішін сату-сатып алуға байланысты қатынастар жиынтығы. Жұмыс күшін сату айналыс саласында орын алады. Қазіргі заман жағдайында бұл келісімнің деректері ұйымдық және жеке келісім-шарттарында белгіленеді. Ол келісім-шарттарында жұмыстың көлемі мен жағдайлары, жалақы көлемі, ақылы демалыстардың ұзақтығы және т.б. анықталып жазылады. Кәсіпорында үздіксіз жұмыс істеу кезінде жаңа жағдайлар қалыптасуы мүмкін, олар өз кезегінде келесім-шартқа қайта бекіту арқылы енгізіледі. Бұл жағдайда жұмыс күшін сату жаңа мерзімге сату өндіріс саласында жүзеге асырылады. Ұжымдық келісім-шарттарының мазмұнына, оларды жасау шарттарына мемлекет пен кәсіподақтар белсенді ықпал етеді. Жұмыс күші нарығының субъектілеріне тек қана кәсіпкер мен жалдамалы жұмыскер емес, сондай-ақ жанама түрде мемлекет және кәсіподақтар да жатады. Жұмыс күші нарығының негізгі элементтері (тетіктері) – сұраныс, ұсыныс және жалақы. Жеке, ұжымдық (акционерлік) жұмыс беруші немесе мемлекет тарапынан жұмыс күшіне сұраныс сәйкес типтегі кәсіпорындарда өндірілетін тауарлар мен қызметтерге сұранысқа, сол кәсіпорындардың техникалық жабдықталу дәрежесіне, еңбек өнімділігі мен қарқындылығына, өндірісті ұйымдастыру формалары мен әдістеріне, экономикалық конъюктураға, елдің сыртқы экономикалық ырықтандыру дәрежесіне (ұлттық нарыққа шетел компаниялары өнімдерінің ену мүмкіндігіне), жұмыс күші мен еңбек сапасына, инвестиция деңгейіне, капиталдың техникалық құрылысына тәуелді болады. Жұмыс күші ұсынысы халықтың өсу деңгейіне, білім алудың ұзықтығы мен біліктілікті игеруге, мемлекеттің демографиялық саясатына, тұрғын үй жағдайларына, еңбектің беделділігіне және басқа факторларға тәуелді болады. Сұраныс пен ұсыныс ара-қатынасына байланысты тапшы, тепе-тең және артықшылықты жұмыс күші нарығы қалыптасады. Дамыған елдердің еңбек нарығында жұмыс күші ұсынысының оның сұранысынан артып кетуінің орын алуы әдеттегі жағдай болып қалыптасқан. Бұл кезде жалақы тауар бағасынан төмен ауытқиды және керісінше. Еңбек нарығы қалыптасуының негізгі шарттарына еңбекке деген тұрақты және тиімді ынтаны, кәсіби қайта бағдардың әрекетті жүйесін, кадрларды даярлау және қайта даярлауды, тұрғын үй нарығын, шағын кәсіпкерліктің қарқынды дамуын қалыптастыру жатады. Дамыған батыс елдерінде шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс орындарының көп мөлшерімен қамтамасыз етеді. Еңбек биржасы – жұмысшылар мен жұмыс берушілердің мүдделерін келістіруді қамтамасыз ететін, жұмыс күші сұранысы мен ұсынысын өзара байланыстыратын, жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсететін делдалдық ұйым. Еңбек биржасының классикалық қызметтеріне келесілерді жатқызуға болады: еркін жұмыс күшін және еңбек нарығында тіркелген кәсіпорындардағы бос орындарды есептеу, жұмыссыдарға еңбек және материалдық көмек көрсету, жұмысшыларды қайта даярлау және біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру, қосымша орындарды қаржыландыру және өзгеріп отыратын еңбек нарығындағы басқа да қызмет көрсетулерді жүзеге асыру (мысалы, кәсіби жарамдылықты сараптау, кеңес беру).
Орытынды Қаржылық нарықтағы капиталды сатушы ретінде қазіргі таңда коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар, жинақтау ассоциациялары, тұрғындардың айтарлықтай қамтамасыз етілген бөлігін айтады. Әлемнің көптеген елдерінде оларға сондай-ақ әр түрлі халықаралық қаржы-несие ұйымдары, трансұлттық банктер және т.б. жатқызылады. Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржылық нарықтар өздерінің қор биржалары арқылы қызмет етеді. Еңбек нарығында қалыптасатын бағалар жұмыс күшінің ақшалай нысандағы құны болып табылатын жалақы мөлшерлемелері ретінде сипатталады. Еңбек нарығының динамикасы оның негізгі екі элементінің арақатынасына, яғни: жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныс пен жұмыс күшінің нарықтық ұсынысына тәуелді болып табылады. Дебиеттер 1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет 2. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет 3. Ким П. Г, Капекова Г. А. Экономическая теория. Оқу құралы. Алматы. 2001 – 600 бет. 4. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет 5. Макконнелл К.Р, Брю С. Экономикс. 2 томдық. Таллин. 1995 ж. – 400 бет. 6. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет
Тақырып бойынша талқылау сұрақтары: 1. Қаржының мәні, қаржы нарығы 2. Қаржыжүйесінің мән 3. Қаржының қызметтері 4. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оны жеңу жолдары. 5. Шаруашылық жүйесіндегі қаржылар, тұрғындар қаржысы, кәсіпорындар қаржылары 6. Ақша құралдарының қоры 7. Акцияның түрлері, акциядан түсетін табыс, облигациялар және басқа да құнды қағаздар 8. Несие саясаты, несие беру принциптері, түрлері, қызметтері 9. Еңбек нарығындағы сұраныс және ұсыныс 10. Еңбек нарығында қалыптасатын бағалар, жалақының мәні 11. Еңбек биржасы, қызметтері
ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары: 1. ҚР қаржылық жүйесі және оның құрылымы. 2. Салық салудың принциптері және концепциялары. 3. Макроэкономикалық бюджеттік тапшылықтың салдары және мемлекеттік қарыз.
Тақырып бойынша тест тапсырмалары: 1. Қаржы - бұл: A) Кәсіпорынның ақшалай құралдары. B) Банктің капиталы. C) Қоғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы. D) Кәсіпорындардың банкіден несие алуы. E) Ақшалай қорды қайта бөлу жүйесі.
2. Қаржының бақылау қызметі: A) Қаржы ресурстарын бөлу. B) Қаржы ресурстарын пайдалануды бақылау. C) Жалпы ұлттық өнімді бөлу. D) Ұлттық табысты бөлу. E) Субъектілердің жұмысын бақылау.
3. Мемлекеттік бюджетпен жүргізілетін төлемге жатады: A) Дотация. B) Зейнетақы. C) Жәрдемақы. D) Жалақы. E) Сақтандыру төлем ақысы.
4. Мемлекеттік қарыз – бұл: A) Ағымдағы жылдағы бюджет тапшылығы. B) Кәсіпорындар қарызы. C) Үкіметтің өз елінің азаматтары алдындағы қарызы. D) Өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының жалпы сомасы.
5. Акциялар курсы - бұл: A) Бағалы қағаздың көтерме бағасы. B) Бағалы қағаздың нарықтық бағасы. C) Бағалы қағаздың нақты бағасы. D) Бағалы қағаздың номиналды бағасы. E) Дивиденд мөлшері.
6. Несие беру принципіне не жатпайды: A) Қайтарымды несие. B) Ақылы несие. C) Жеделді несие. D) Ақысыз несие. E) Несиенің мақсаттылығы.
7. Бағалы қағаздардан алынатын табыс – бұл: A) Ақша қаражаттары. B) Қаржы. C) Дивиденд. D) Рента. E) Пайыз.
8. Бағалы қағаздардың біріншілікті нарығының ерекшелігі: A) Бағалы қағаздар шығармайды. B) Бағалы қағаздардан табыс алады. C) Айналымға бағалы қағаздар шығарады. D) Процент қарастырмайды. E) Бағалы қағаздар ақша түрінде кездеседі.
9. Бағалы қағаздардың екіншілікті нарығының ерекшелігі: A) Бағалы қағаздар шығармайды. B) Бағалы қағаздарды қайтадан орналастыра отырып, оларды таратып табыс алады. C) Айналымға бағалы қағаздар шығарады. D) Процент қарастырмайды. E) Бағалы қағаздар ақша түрінде кездеседі.
10. Мемлекеттік бюджеттің құрылымын көрсетіңіз: A) Бюджеттің кіріс және шығыс көздері. B) Салықтар жиынтығы. C) Қаржы жиынтығы. D) Бағалы қағаздардың көлемі. E) Қаржы қатынастарының жиынтығы. 11. Биржа - бұл: A) Көтерме тауарларды сатып алуға болатын орын. B) Сатушының тауарын өткізуге кепілдеме беретін нарық инфрақұрылымының элементі. C) Сатып алушыға қажетті тауарларды алу үшін кепілдеме беретін инфрақұрылымының элементі. D) Сатып алушымен сатушының арасында негізгі функция делдалдық болатын нарық инфрақұрылымының элементі. E) Бағалы қағаздарды сататын немесе сатып алатын орын.
12. Қаржыларға не жатпайды: A) Жұмысшылар жалақысы. B) Корпорация пайдасы. C) Кәсіпорынның амортизациялық қоры. D) Мемлекеттік бюджет. E) Фирманың жалақылық қоры.
13. “Актив” түсінігіне не жатады: A) Тек қолма-қол ақшалар. B) Тек қолма-қол емес ақшалар. C) Тек қозғалмайтын мүлік. D) Тек акция. E) Қолма-қол, қолма-қол емес ақшалар, қозғалмайтын мүлік, акция. 14. Еңбек биржасы қандай нарықта жұмыс істейді? A) Еңбек нарығы. B) Ақпараттық нарық. C) Қаржы нарығы. D) Ақша нарығы. E) Бағалы қағаз нарығы. Тақырып Отбасы экономикасы ü Үй шаруашылығының мәні және нарықтық экономикадағы орны ü Адам капиталының қалыптасуы ü Отбасы бюджеті: табыстары мен шығындары Мақсаты: Үй шаруашылығын кәсіпкерлік құрылымдардың бастапқы нысаны ретінде негіздеу және жеткізу.
Негізгі ұғымдар: үй шаруышылығы, отбасылық шаруашылықтың экономикалық қызметі, отбасылық бюджет, қосалқы шаруашылық.
Үй шаруашылығы нарықтық экономикада бір немесе бірнеше адам құрамында өз бетімен шешім қабылдайтын, өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылатын, қандай да бір өндіріс факторының (көбінесе жұмыс күшінің) меншік иесі болып табылатын және «адам капиталын» өндіру, іске асыруды қамтамасыз ететін экономикалық бірлік. Аталған сипаттауларды отбасыға да қатысты айтуға болады. Отбасы – іс-әрекеті отбасының және қоғамның әлеуметтік, экономикалық, рухани қажеттіліктерін іске асыратын туыстық және тұрмыстық ортақтыққа негізделген адамдар тобы. Нақты өмірде жалғыз (бойдақ) еркектен немесе әйелден тұратын өз отбасылық шаруашылығын жеке жүргізетін дара отбасылар да кездеседі. Отбасыға экономикалық, құқықтық, идеологиялық, рухани қарым-қатынастар әсер етеді. «Үй шаруашылығы» және «отбасы» ұғымдары күнделікті өмірде бір мағынаны аңғартқанымен де, олардың арасындағы айырмашылықты ескеру қажет. Әлеуметтік статистика бойынша «отбасы» және «үй шаруашылығы» ұғымдары әр түрлі ұғым ретінде қарастырылады. Үй шаруашылығы ортақ үй шаруашылығын, тұрмысты жүргізу арқылы адамдарды біріктіретін әлеуметтік-экономикалық ұяшық. Отбасының үй шаруашылығынан негізгі айырмашылығы – үй шаруашылығы отбасыға ортақ шаруашылықты жүргізетін, бірақ отбасы мүшелерімен туыстық қарым-қатынас байланыстырмайтын адамдар құрамының көбірек болуында.Мысалы: отбасымен бірге өмір сүретін үй күтушісі, тәрбиешілер, қызметшілер, хатшылар, үй оқытушылары, гувернерлер, сонымен қатар, отбасы материалды түрде қамтамасыз ету үшін қабылдаған, яки, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жандар. Үй шаруашылығына бір адамды жатқызуға болады, «жалғыз адам» отбасы саналмайды, алайда оның үй шаруашылығын жүргізуге бағытталған іс-әрекеті үй шаруашылығы болып табылады. Үй шаруашылығы бір немесе бірнеше отбасыдан тұрады. Соңғы кездері аталған ұғымның бірнеше түрлері пайда болды, мысалы, «отбасылық үй шаруашылығы» - барлық мүшелері бірге өмір сүретін отбасы, «трансұлттық үй шаруашылығы» - мүшелері әр түрлі елдерде өмір сүретін, бірін-бірі материалды түрде қолдайтын, яғни, қандай да бір дәрежеде шаруашылық жүргізеді. «Үй шаруашылығы» термині көптеген ғылыми пәндерде қолданылады. Үй шаруашылығы бірқатар жіктік белгілеріне қарай қарастырылады: 1. Аумақтық-өңірлік (қалалық, ауылдық; ірі қалалар, ауылдар, қоныстар, т.б.); 2. Демографиялық сипаттама (отбасы мүшелерінің саны, балалардың бар болуы, бірыңғай ұлтты, аралас, үй шаруашылығы мүшелерінің жынысы, туыстық дәрежесі, жас мінездемелері, т.б.); 3. Табыстық сипаттама (табыс дәрежесі және құрылымы, асыраудағы жандардың саны, тұтыну түрі – сақтауға бағытталу немесе, ағымдағы, рухани қажеттіліктерді барынша қанағаттандыру т.б.); 4. Мүліктік сипаттама (баспана түрі - пәтер, үй, саяжай, үй еңбегін механизацияландыру және автоматтандыру құралдарының бар болуы т.б.); 5. Экономикалық сипаттама (үй шаруашылығы мүшелерінің еңбекпен қамтылуы; кәсіпкерлік, мемлекеттік, коммерциялық құрылымдарда жалдау жұмыстары, қызмет аясы; еңбекке қабілеттілердің саны; жеке еңбек қызметі; жеке қосалқы шаруашылық, ұсақ бизнес т.б.); 6. Әлеуметтік мәртебе (жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін, зейнеткер, жұмыссыз, білім деңгейі, экономика секторы, мамандық, лауазым т.б.); 7. Билік критериі (патриархалды, матриархалды). Үй шаруашылығының құрылымы бүгінгі таңда күрделі өзгерістерге ұшыраған, аталған өзгерістерді тудыратын факторларға келесілерді атап көрсетуге болады: · Нуклеарлы отбасыға немесе бір отбасы жұбына негізделген үй шаруашылығының үлесі артады. Жас отбасылар ертерек ата – аналарынан алшақтауды қалайды; · Бизнесте әйелдердің рөлі артуымен байланысты негізгі жұмысшысы және асыраушысы әйел болатын үй шаруашылығының үлесі артады; · Жастар топтарының еңбеккке тартылуының деңгейі жұмыссыздық және білім алу мерзімінің ұзаруына байланысты төмендейді; · Адамдардың көпшілігі оқу, бала күту демалысы, тіпті жұмысы бар болса да табысқа қанағаттанбаудан жұмыс істеуге тырысады; · Көлік инфрақұрылымының таралуына байланысты үй шаруашылығының графикалық ұтқырлығы артады; · Урбанизация, ажырасулар мен жасанды түсік тастаудың жоғары деңгейі, стерилизацияның кең таралуы – осы көрсеткіштердің барлығы бала тууға әсер етеді, яғни, үй шаруашылығының «ескіруіне» әкеліп соқтырады; · Жастар белгілі бір материалды негіздер қалағаннан кейін некеге тұруды жоспарлайды, некеге тұрмаған, бірге өмір сүретін жастар жұбы санының артуы, некесіз бала туудың көбеюі; · неке деңгейінің төмендеуі, ажырасулар мен жеке тұратын жұбайлардың көбеюі. Қоғамның экономикалық өмірінде үй шаруашылығы мен отбасының рөлі өте әрқилы. Үй шаруашылығы халықтың еңбекпен қамтамасыз етілуін, қоғамдық өндіріс пен үй еңбегі, өндірістің түрлі салалары, еңбектің түрлі нысандары арасында бөлінуін мінездейді. Аталған шешімдер қоғам қажеттілігіне тәуелсіз және ең алдымен үй шаруашылығының ерекшеліктерімен, құрамымен, материалды қамтылуымен және басқа да факторларымен басқарылады. Үй шаруашылығы – халықтың табысын негіздейтін субъект, өз мүшелері арасында бөледі, сөйтіп, материалдық жағдайды нақты уақытта ғана емес, ұрпақтарына да таратылуын қамтамасыз етеді. Осы қызметіне байланысты үй шаруашылығы адам өмірінің материалдық негізін қалайды, қорғаныс сезімін тудыратын «тыл». Үй шаруашылығы табысты пайдалануды, яғни, табыстың қандай да бір тұтынушылық құндылыққа (тауарлар, қызметтер, жинақтар) айналуын сипаттайды. Бағалы заттар сатып алу, демалыстардың қымбат түрлерін іске асыру сияқты қаражаттың айтарлықтай шығынымен байланысты істермен үй шаруашылығы айналысады. Үй шаруашылығы қаражатты жұмсау, жеке және жалпы табысты іске асыру субъекті болып табылады. Үй шаруашылығы – еңбек ресурстарын таратудың негізгі субъектісі, сонымен қатар, жеке адамның еңбекке араласуының толықтығы тәуелді болатын әлеуметтік субъектілердің негізгісі. Үй шаруашылығының бұл ролі алдымен жас ұрпақты алғашқы әлеуметтендіруі, яғни, еңбекке араластыруы қызметімен түсіндіріледі. Екіншіден, үй шаруашылығы оның мүшелеренің еңбек қызметіне пайдалы немесе кері әсер ететін материалды, әлеуметтік-психологиялық шарттарды тудырады. Үй шаруашылығының осы рөлдері қоғамның экономикалық даму көрсеткіштеріне әсер етеді. Үй шаруашылығы мен отбасының мәні мен рөлін нарықтық экономикада сызба түрінде келесі түрде бейнелеуге болады.
Сурет 13.1 Үй шаруашылығы мен отбасының экономикалық мәні
Сызықтармен көрсетілген сыртқы жиек, үй шаруашылығы мен фирмалардың табыстары мен шығындарының ақша түріндегі қозғалысын сипаттайды. Ішкі жиек тауарлар, қызметтер, ресурстардың қозғалысын көрсетеді. Сызбада фирмалардың сатуларының сомалық көлемі үй шаруашылығы табыстарының сомалық көлеміне тең болатынын сипаттайды, сыртқы жиектің жоғарғы және төменгі бөліктерінде көрсетілген төлемнің жалпы мөлшері бір мөлшер болып табылады, яғни, табыстар мен шығындардың тепе-теңдігі жеке үй шаруашылығы емес, жалпы экономикаға қатысты. Үй шаруашылығы нарықтық экономиканы өндіріс факторларымен қамтамасыз етеді. (еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет), оларды ресурстар нарығына жеткізеді, олар үшін ақша алады (ақшалай табыс), отбасы мүшелерінің қажеттіліктері үшін тауарлар мен қызметтер (тұтынушылық шығындар) алу мақсатында қолданады. Отбасы аталған сызбада нарықтық экономиканың ортасында орналасқан, қандай да бір деңгейде үй шаруашылығы, фирмалар, ресурстар нарығы, тауарлар мен қызметтер қызметін белгілейді. Нарықтық экономика айналымына қосыла отырып, отбасы әр түрлі қызметтерді атқарады. Отбасының экономикалық қызметтері әрқилы, үй шаруашылығы мен отбасының қоғамның экономикалық өміріндегі рөлін белгілейді. Олар қоғамның барлық маңызды секторларын қамтиды, көп жағдайда қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үрдістерді анықтайды. Нарықтық экономика жағдайында отбасы адам капиталын қалыптастыру және жинақтаудағы негізгі бөлік болып табылады. Бірінші кезеңде отбасы бюджетін қалыптастыру және пайдалану, үй шаруашылығын жүргізу барысында отбасының материалдық базасы құрылады. Екінші кезеңде отбасы келесі қызметтерді атқарады: бала туу, тәрбие, даму. Осы кезеңде дами келе іс-әрекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесіне бейімделе отырып «адам капиталының» физикалық негізі жүргізіледі. Адам капиталын өндіру үшін өндірістің келесі факторлары қажет: материалды ресурстар, тауарлар мен қызметтер және өндірушілер – отбасы мүшелері. Үшінші кезеңде қызметтер кәсіпкерлік пен еңбекке орналасу арқылы жүзеге асырылады: нарықтық шаруашылыққа отбасы мүшелеренің жеке араласуы, отбасылық бизнесті ұйымдастыру, нарықтық шаруашылыққа отбасының араласуының корпоративті үлгілері, үй шаруашылығын жүргізу, табысты алу және тарату. «Адам капиталы» қалыптасуы мен әрекет етуінің барлық кезеңдерінде отбасының қызметтері өзара байланысты. Мысалы, бала туудың төмендеуі отбасының еңбек мүмкіндігін азайтады, өндірістік қызметін бәсеңдетеді және тәрбие қызметіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Барлық қызметтер «адам капиталын» құрумен және кәсіпкерлік мүмкіндікті дамытумен байланысты шығындардың орнын толтыру мен жинақтауға мақсатты түрде бағытталады.
Сурет 13.2 «Адам капиталын» құруда отбасының қызметтері
«Адам капиталын» құруда отбасының негізгі қызметтері: Бала туу қызметі. Қазіргі батыс экономикалық теориясына сәйкес бала экономикалық құндылық саналады. Ата-анасы мен туыстарын айтарлықтай пайдамен қамтамасыз ете отырып, олар қаражатты шығындайтын өндірістің тұрақты даму үрдісінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық тұрғыдан балалар - тұтыну көзі және инвестиция объектісі. Бала тәрбиелеу шығындары – отбасының бала тууға жұмсалған шығындары, тамақтану, киім, баспана, білім алу, демалыстар, медициналық шығындар, сақтандыру, көлік т.б. Шығынның көбінесе айтылмайтын бөліктері – ата-ананың бала тәрбиесіне жұмсалатын эмоциялық шығындары және уақыттары. Әлеуметтендіру қызметі адамды білім беру, денсаулық сақтау, бала тәрбиелеу, мәдениет, т.б. мемлекет көмегі арқылы қызметтермен қоғамдық жүйеге қосуды білдіреді. Аталған жағдай нарықтық экономикада халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің әр түрлі болуынан көрінеді. Оларға келесілерді жатқызуға болады: еңбекпен қамту шаралары, жұмыссыздық бойынша сақтандыру, білім алуға көмектесу, әлеуметтік көмек, кәмелетке толмағандар мен балалар еңбегін қорғау, балаларға төлемақылар, баспана жалдауға дотация, зейнеткерлік сақтандыру, әлеуметтік тұрғын үй құрылысы, бақытсыз жағдайлардан сақтандыру. Қоғамның қазіргі дамуы кезеңінде рекреациялық қызметтің мәні артуда, белсенді жұмыс атқаратын адам, ең алдымен ой еңбегімен айналысатын, жұмысқа қабілетттілігін қалпына келтіруге көбірек мүмкіндік алуы тиіс. «Рекреация» сөзі латын тілінен аударғанда демалыс, еңбек барысында жұмсалған адам күшін қалпына келтіру мағынасын береді. Отбасының демалыстар мен саяхаттарға шығындарын талдау олардың артуын және жеке адамның таңдауларын көрсетеді. Үй шаруашылығын жүргізу отбасының өндірістік әрекеті үлгісінде. Бір отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қызметтер мен өнімдер өндіріледі. Жеке еңбекпен айналысатын отбасы жүйелі түрде үй шаруашылығы өнімдерін өндіріп, сатуы және нарықта қызметтер атқаруы арқылы сипатталады, ал ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру отбасының – тауарлы бағыттағы жеке қосалқы шаруашылығы болып саналады. Үй шаруашылығы қазіргі уақытқа дейін отбасы мүшелерінің уақыт бюджетінің ауқымды бөлігін алады. Үй шаруашылығы жұмыстарының ауқымды үлесі әйелдерге тиесілі, көп еңбекті талап етеді. Арнайы зерттеулер бойынша, киімдерді жаю тең уақытта тракторда жұмыс істеуден, терезе жуу такси жүргізуден ауырырақ, ал бір сағат бойын кір үтіктеу мен тас қалаушының осы уақытта жұмсайтын калорияларының шығыны тең екен. Осының барлығы үй шаруашылығын механизациялау мен тұрмыстық қызметтер аясын дамытудың маңыздылығын көрсетеді. Отбасының еңбек өнімділігінің ерекше түрі - уақыт бюджетінің ауқымды бөлігін қамтитын тамақ әзірлеу. Қазақстанда жүргізілген зерттеулерге сәйкес, бір аптада азық-түлікпен қамтамасыз етуге (азық-түлікті сатып алуға, тамақ әзірлеу мен ыдыс жууға) еркектер 5 сағ. 17 мин., әйелдер - 16 сағ. 22 мин. Жұмсайды, яғни, сәйкесінше, үй шаруашылығын жүргізу уақытының 36 және 57 пайызы. Отбасының маңызды қызметтерінің бірі - отбасы бизнесін ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің жекелей және отбасының нарықтық шаруашылықта корпоративті қатысуы және басқалар. Әлемдік жүйедегі болашақ орны мен рөлі адам капиталының сапасына байланысты. Өтпелі кезеңде әсіресе адам дамуы мәселесі кең өріс алуда. Адам капиталы мәнінің өсу концепциясы адамды басты мақсат ретінде қарайды, мұның мәні қоғамдағы позитивтік өзгерістер мен экономикалық көрсеткіштердің өсуі адамдардың негізгі қажеттіктерін қамтамасыз етуге әсер етуі керек және еркіндік беріп, ерікті таңдауға мүмкіндік ашуы керек. Адам да өз әлемін басқаруда өзін-өзі басқару мүмкіндігі мен ынта жігерін дамытуға негізгі күштің бірі бағытталу керек. Адам құндылығы, оның қосымша құнынан айқын және әрдайым білінеді. Адам капиталы туралы сөз қозғағанда, оның ғылыми және идеологиялық, мәдени және саяси жақтарын, сондай жетелі идеяларды ажырата білген абзал. Ол туралы түсінік-көзқарастар бірқалыпты емес (1). Проблема – адам капиталын зерттеудің методологиясында. Методологиялық жүйе реттелінбегенде түсінік әртүрлі, ұғымдық түсініктің мазмұны анықталынбайды. Белгісіздікте адам капиталының мәнісі, оған деген сипаттамалар қандай? деген сауалдар күн тәртібінен түспейді. Енді бірде адам капиталы неден және қалай құралады? – деп көп өлшемді түсінікке жүгінеміз. Адам капиталы туралы қай идеялар жүзеге асуда, қай тәсілдер қолдау табуда десек, бұл адам ресурсының қаншалықты өміршең екендігіне тиек. Адам капиталы – таусылмайтын жинақы ресурс, үнемі жаңғырып, жалғасын табатын үдемелі қуат пен шабыт бастауы. Оның өтімді мәні –адамның кісілігі мен кірісін қатар көбейтетін қаражат көзін демеуінде, әрі тұлғалық қабілет-қасиетті ту етіп, соған тұрақтауында, соны өндіре жүзеге асыруда. Адамның қимыл-әрекетінде тұлғалық, кәсіби және әлеуметтік қабілеттер бірін-бірі толықтырған сайын, оның бойынан қосымша қасиет, қабілет қуаты өмірлік күш алады (1). Адам капиталын өндіруге қалыпты жағдайлар жасау үй шаруашылығын тиімді жүргізуді ғана емес, отбасы бюджетін құруды да талап етеді Отбасылық бюджет екі бөлімнен тұрады: отбасы шығындары мен табыстары. Отбасы табыстары келесі бөліктерді құрайды: • жалақы; • кәсіпкерлік табыс; • жеке меншіктен табыс (рента, пайыз, жалдау төлемдері, дивиденттер). • Мемлекеттік трансферттік төлемдер (зейнетақылар, шәкіртақылар, төлемақылар, білім беру, денсаулық сақтау салалары бойынша тегін қызметтер); • басқа да табыстар (мұра т.б.). Отбасы шығындары келесі бөліктерді құрайды: • әлеуметтік сақтандыру; • салықтар; • киім-кешек, аяқ киім; • пәтерақы; • электр энергиясы; • жиһаз, тұрмыс құралдары; • көлік; • өндірістік тауарлар; • білім беру; • демалыс, саяхат; • ерікті түрде қоғамдық ұйымдарға төлемдер; • басқа да шығындар; • жинақтаулар. Табыстар ішінде негізгілері – жалақы және кәсіпкерлік табыс, әр отбасында әр түрлі болады. Табыстың осы бөліктері отбасы жағдайын анықтайды, алайда тек қана аталған бөліктер ғана емес. Жеке меншіктен түсетін табыстың маңызы зор. Париж университетінің профессоры А.Бабоның мәліметтері бойынша, 90-жылдардың бас кезінде француз отбасыларының иелігіндегі меншік көлемі 15-16 трлн. франкке бағаланған, ал бұл көрсеткіш ұлттық табыстың көлемінен 4 есе көп. Аталған жағдай француз отбасылары жағдайының жоғары деңгейінің көрсеткіші. Жан басына шаққанда орташа есеппен 300 мың франк мүлік тиесілі екен. Дамыған елдердің отбасы мүліктерінің құрылымының өсуінде меншіктің қаржылық бөліктерінің өсуі тенденциясы басым (ақша қаражаты, құнды қағаздар, жинақ салымдары, өмірді сақтандыру қорларындағы жинақтар т.б.). Шығындар ішінде маңызды орын алатыны – тамақтануға жұмсалатын шығындар. Біздің елімізде төменгі деңгейдегі табысы бар отбасыларда бұл шығындар 60 – 90 пайызға дейін, орташа табыстыларда – 42 пайыз, жоғары табысты отбасыларда - 28-29 пайызды құрайды. Салыстырыңыз: АҚШ - 25,4%, Батыс Европа - 20, Жапония - 25-30%, төмендеу тенденциясы орын алады. Біздің елімізде керісінше тенденция. Америкалық мамандардың бағалауы бойынша, біздің еліміздегі отбасылардың жан басылық тұтынуы 90-жылдары АҚШ деңгейінің 34,4%, азық-түлік тауарлары бойынша - 54%, киім-кешек бойынша - 39%, ұзақ қолданудағы тауарлар бойынша - 20%-ды құраған. Ағылшындардың айтуынша, тамақтануға жұмсалған ақша – желге шашылған ақша. Талас тудырады, дегенмен де отбасылар аталған мақсатта қажеттен анағұрлым көбірек шығын жұмсайды. Жекелеген елдерде өмір сүру деңгейі де әр қилы, сондықтан осы деңгейді сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – тұтыну жәшігі. Тұтыну жәшігі – орта статистикалық отбасының қалыпты қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қалыпты әрекетін қамтамасыз етуге қажет тұтыну құндылықтары (материалды және рухани) мен қызметтерінің толық жинағы. Тұтыну жәшігінің есебі біздің елімізде алғашқы рет 1988 ж. жүргізілген. Тұтыну жәшігі үш бөлікке бөлінеді: азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар және қызметтер. Азық-түлік жәшігі негізгі саналады, себебі, кедей адамдар үшін тамақтану – шығынның негізгі бөлігі. АҚШ денсаулық сақтауының әдістемесіне сәйкес қалыпты тұтыну үшін азық-түлік шығындары тұтынушының жинақталған шығындарының 1/3 бөлігін құрауы тиіс. Осы жерде кедейлік шегі азық-түлік шығының үш еселенген көлеміне тең. Біздің елімізде 90-жылдардың бас кезінде халықтың кедей бөлігі 75%, қалыпты қамтамасыз етілгендер - 15%, жоғары қамтамасыз етілгендер - 10% -ды құраған. Тұтынудың қоғамдық қажетті стандарты: пәтермен, үй-жаймен, автомобильмен, саяжаймен (екінші үй) қамтамасыз етілу. Өмір сүру минимумының келесі құрамды бөлігі (азық-түлік жәшігінен тыс) азық-түлік емес тауарлары мен қызметтер жәшігі. Өмір сүру минимумына салықтар мен міндетті төлемдер кіреді. Бағаның өсуіне байланысты тұтыну жәшігі көлемі ақшалай бағамда үнемі өсуде. Осыдан жеке адамдар мен отбасы мүшелері өмірінің құнын халықтың әлеуметтік топтары бойынша индексациялау қажеттілігі туындайды.
Қорытынды Үй шаруашылығы – халықтың табысын негіздейтін, өз мүшелері арасында тарататын, сөйтіп, материалдық жағдайды нақты уақытта ғана емес, ұрпақтарына да таратылуын қамтамасыз ететін субъект. Тұтыну жәшігі – орта статистикалық отбасының қалыпты қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қалыпты әрекетін қамтамасыз етуге қажет тұтыну құндылықтары (материалды және рухани) мен қызметтерінің толық жинағы. «Егер әрекетіміздің бәрі де ардың ісі екенін ұқсақ, ісіміз бен сөзіміз табысып жатса, онда нені болсын именбей, күмілжімей, ашық айтуымыз керек» (Ататүрік). Бүгінгі таңда адам ресурсын қолдану мәселесі өзектi болып отыр. Қазіргі экономикалық жағдайда шешуші рөл адамдікі, сол себепті адам капиталын жан-жақты қолдану қажеттігі туындайды. Қоғамның модернизациялануының негізгі шарты болып, жаңа әлеуметтік біліктілік пен рөлдерді адамдардың игеруі, қоғамның ашықтығын есепке ала отырып, адамдардың әлеуметтік әрекетінің мәдени дамуы, олардың жедел ақпараттануы, өзгерістердің Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|