Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ІІ. Бизнес жүйесіндегі маркетинг.




Маркетинг – бұл өндірістік шешімдер нарықтың талаптарын, олардың болжамын және басқаруды арнайы зерттеу негізінде қабылданатын кәсіпкердің жұмысын ұйымдастырудың жүйесі.

Кәсіпорынның нарықтық талаптарға бағынуы – маркетингтің мәні, яғни өндіріс пен айналым арасында жасанды тікелей байланыс орнату.

Маркетинг екі негізгі қызметті атқарады:

· Өндірістің қалыптасып отырған және алдағы уақыттағы қажеттіліктерге бағытталуы;

· Сұраныстың қалыптасуы және ынталандырылуы.

Маркетингтің басты формуласы – «өндіріліп жатқанды сату емес, не сатып алынып жатса – соны өндіру». Әдетте жиі қолданыла бермейтін басқа нұсқасы да бар: «егер өндірілген тауар, тіпті жарамсыз болса да – оны міндетті түрде сату керек».

Маркетингтің қағидалары:

Шаруашылық шешімдерді қабылдау кезіндегі қажеттіліктердің, қоғамдық сұраныстың жағдайы мен динамикасының және нарықтық конъюнктураның мұқият есебі;

Нарық талаптарына, қоғамдық сұраныстың құрылымына өндірістің максималды бейімделуіне жағдайлардың жасалуы;

Барлық қолжетімді құралдардың көмегімен, соның ішінде жарнама арқылы нарыққа, сатып алушыларға әсер ету.

Тәжірибеде маркетинг қағидалары іс-әрекеттердің 3 кезеңіне біріктіріледі:

1. Фирмалық өнім өндірісінің ассортименттік бағдарламасының жасалуы.

2. Белгіленген өндірістік бағдарламаның мұқият орындалуы.

3. Өнім өткізу нарығын жаулап алу жоспарының жүзеге асырылуы.

Маркетинг жүйесі келесі бағыттарды қамтиды:

Тұтынушыны зерттеу.

Бұл талдау шеңберінде кәсіпорын нарығындағы тұтынушылық артық берушіліктің құрылымы анықталады, яғни адамдардың талғамы мен үйреншікті әрекеттері, олардың өнім мен қызметтің белгілі бір немесе басқа түрлеріне реакциялары анықталады.

Басшылық кәсіпорын өнімін сатып ала алатын адамдардың кім екендігін, олардың сатып алуды әдетте қайда және қалай жүзеге асыратынын нақты білуі керек. Мақсат – шаруашылық стратегиялардағы неғұрлым әлсіз тұстарды анықтау.

Нарықта тұтынушылардың мінез-құлық мотивтерін зерттеу.

Бұл жерде жауап табуға тура келетін басты сұрақ – неліктен? Неліктен тұтынушылар өнімнің сол ғана түрін сатып алуға тырысады, неліктен олар бір ғана өнімді ұнатып, басқа өнімдерді ұнатпайды?

Бұл болашақта тұтынушылардың белгілі бір топтарының іс-әркеттерін болжауға мүмкіндік береді, соған сәйкес, кәсіпорын басшылығына өнім жасап шығару көлемін арттыруына мүмкіндік береді.

Кәсіпорын нарығын жекелей талдау – әдетте бөлек, белгілі бір өнім түріне байланысты жүргізіледі, сонымен қатар, сол өнімге деген мүмкін болатын нарық көлемін анықтау мақсатында бірыңғай тауар топтары бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын басшылығы осы талдау нәтижесінде өнім өткізу қайда (қандай аймақтарда) неғұрлым пайдалырақ деген сұраққа жауап алуы тиіс.

Өнімді зерттеу.

Бұл жердегі міндет – нарықтың жаңа өнімдерге деген қажеттілігін анықтау, бұрыннан бар өнімді жақсарту және жаңалау.

Өнімді өткізу нысандары мен арналарын талдау.

Ол көтерме және бөлшек сауданың түрлі кәсіпорындарының іс-әрекет ерекшеліктерін зерттеуден, олардың әлсіз және күшті жақтарын зерттеуден тұрады. Соған сәйкес, кім сауда делдалы бола алатындығы анықталады.

Бәсекелестерді зерттеу, бәсеке жойқындығының нысандары мен деңгейлерін анықтау.

Бұл жерде барлығынан бұрын негізгі міндет – басты бәсекелестерді, олардың әлсіз және күшті жақтарын анықтау. Сондықтан бәсекелес фирма қызметінің барлық аспектілері, қаржылық жағдайы, өндіріс және басқару ерекшеліктері туралы ақпаратты алу маңызды.

Жарнамалық қызметті зерттеу.

Сатып алушылардың көлемді шеңберін қоса алғанда, кәсіпорын маркасының нарықта белгілі болуы қажет. Сатып алушылардың тек 3%-ы ғана сыртқы қаптамаға назар аудармайды. Француз зерттеулерінің мәліметтеріне сәйкес, тұтынушылардың 35%-ы сыртқы қаптамадағы мәтінді оқып барып қана тауарды сатып алады. 87%-ы – таныс атауды көріп немесе таныс тауар маркасын көргесін тауарды сатып алады.

«Қуыс» нарық анықтамасы – тауар айналымын арттыру үшін кәсіпорын өздерінің салыстырмалы артықшылықтарын жүзеге асыру бойынша неғұрлым жақсы мүмкіндіктерге ие (әлеуетті бәсекелестермен салыстырғанда) өндірістік немесе саудалық әрекет саласы.

Белгіленген масштабтарына және нарыққа ену сипатына байланысты байланысты маркетингтік стратегиялардың 3 түрін ажыратады:

Жаппай маркетинг жаппай өндіріске және бір тауарды таратуға, оның сатылымына әр түрлі сатып алушылардың неғұрлым кең шеңберін тартуға есептелген.

Тауарлы-дифференциацияланған маркетинг нарыққа бәсекелестер сатып жатқан тауарлардан бөлек түрлі сипаттағы тауарлармен шығуға мүмкіндік беретін әр түрлі сападағы, әр түрлі қасиеттерге ие, әр түрлі безендірілген екі немесе одан да көп тауарлардың өндірісіне бағытталады.

Мақсатты маркетинг оларға белгіленген сатып алушыларға немесе аймақтық белгілеріне байланысты және белгіленген мақсатты нарықтардың әрқайсысына қатысты тауарлардың жасалуына және олардың нарыққа жылжу әдістері бойынша нарықтың түрлерге, топтарға шектелуіне негізделеді. Бұл маркетингтің неғұрлым жаңа түрі, бірақ соған орай ауыр әрі қиын. Мақсатты маркетинг нарықты сегменттеуді және тауарлардың нарыққа позициялануын қарастырады.

Сегменттеу – белгілі бір тауар түрлеріне сұранысты қалыптастыратын сатып алушылар топтарына байланысты нарықтың бөліктерге, сегменттерге бөлінуі. Сегменттеу негізіне, оның критерийлеріне географиялық, демографиялық, мінез-құлықтық белгілер, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті жатады.

Сатушыға бір немесе бірнеше нарық сегментін таңдауына тура келеді. Дифференциацияланбаған маркетингте сатушы сегменттердің өзгешеліктерінен сақтанады, ал дифференциацияланған маркетингте әр түрлі сегменттерге түрлі нарықтық ұсыныстар жасалады. Шоғырландырылған маркетингте сатушы өзі қатысу үшін нарықтың бір немесе бірнеше сегментін таңдайды.

Менеджмент – өндірісті басқару бойынша қызмет. Оны тиімділікті жоғарылату, үнемдеу және табысты көбейту мақсатында дамыған елдерде жасалатын және қолданылатын өндірісті басқару нысандарының және құралдарының, әдістерінің, қағидаларының жиынтығы ретінде сипаттауға болады.

Менеджмент сонымен бірге өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара байланыстарды және өндіріс процесі барысында адам қатынастарын басқару жөніндегі ғылым болып табылады. Бұл жерде өндіріс процесіне және жақсы нәтижелерге жету мақсатында соған қатысатын адамдарға өзара іс-әрекеттің әдістері мен тәсілдері зерттеледі. Бұл арада менеджер – кәсіби басқарушы, бас директор, президент, психологияны, социологияны, өндірісті ұйымдастыруды және т.б. білетін жетекші.

Менеджмент эволюциясы – маңызды болып табылатын басқару қағидаларының дамуы:

Өндіріс факторларын пайдалануды бақылай отырып басқару;

Өткенді болашаққа экстраполяциялау негізінде басқару;

Өзгерулерді алдын-ала көру негізінде басқару;

Өзгерту мүмкін емес деп саналатын жағдайда төтенше шешімдер негізінде басқару.

Нарықтық экономикада «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді.

Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім): «Кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады». Кәсіпкерлік – табыс алу мақсатында жаңалықты, тәуекелді, ойлап табуды қолданатын шаруашылық әрекет. Кең мағынада – бұл алдын-алушылық, бастамашылық, экономика саласындағы белсенділік. Тар мағынада – бұл меншік иесінің немесе шаруашылық субъектісінің экономикалық әрекеті.

Кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты және өндіріс факторы. Шаруашылық әрекет ретіндегі кәсіпкерліктен кәсіпкерлік қабілет түсінігін ажырату қажет. Соңғысы игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында өндіріс факторларының барлығын біріктіретін адами капиталдың ерекше түрі. Адам ресурсының бұл әр түрлілігінің ерекшелігі өндіріс процесі барысында коммерциялық негізде өндіріліп жатқан өнімнің, технологиялардың жаңа түрлерін жасай алуына, тәуекелдің белгілі бір деңгейінде және зиян шегу мүмкіндігі шегінде бизнесті ұйымдастырудың нысандарының жаңа түрлерін шығаруға байланысты. Кәсіпкерлік қызмет өзінің масштабы бойынша және нәтижелері бойынша жоғары білікті еңбек шығындарына теңестіріледі.

Кәсіпкерлік қарастырады:

· Шаруашылық субъектілерінің экономикалық және құқықтық дербестігін;

· Шаруашылық иелерінің шаруашылық қызмет түрін таңдаудағы және экономикалық қатынастардағы агенттерді таңдаудағы еркіндікті;

· Меншіктің түрлі нысандарының болуын тануды, соның ішінде жеке меншікті;

Ол келесі белгілермен сипатталады:

· Шаруашылық қызметті және оның әдістерін таңдаудағы еркіндік, тек жеке дербестік емес, сонымен қатар новаторлық;

· Қабылданған шешімдерге, оның салдарына және осыған байланысты тәуекелге жауапкершілік;

· Экономикалық және моральдық табыстарға жетуге бағытталу.

Кәсіпкерлік ерекше функцияны – экономиканың қалыптасуын және дамуын қамтамасыз етуді, оның тұрақты жаңаруын, иннновациялық ортаның құрылуын атқарады.

Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары әр түрлі. Барлығынан бұрын, меншік сипатына байланысты мемлекеттік және жеке кәсіпкерлікті бөліп көрсетуге болады.

Мемлекеттік кәсіпкерлікте өндірісті ұйымдастырушы және құрылтайшы ретінде мемлекет немесе муниципалитет болады. Әдетте, мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет экономиканың жеке капиталды тартпайтын сфераларын қамтиды. Бұған себеп әр түрлі болуы мүмкін: алғашқы капитал салымдарының шектен тыс көптігі. Мемлекет бұл шығындарды қоғамның қажеттіліктерін неғұрлым толық және тиімді қамтамасыз ету мақсатында және ғылыми-техникалық прогрестің неғұрлым тиімді түрлерін іздеуде алға жылжуын қамтамасыз ету үшін толтырады.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің тиімділігі жеке кәсіпкерліктен төмен (авансталған капиталға жатқызылған алынған табыстар шамасы бойынша салыстырғанда). Бұл бәсекелестіктің жеткілікті деңгейде жойқын болмауымен түсіндіріледі: шығындарын жаба отырып, мемлекет оған көмектеседі. Мемлекеттік кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлікке қарағанда аз мөлшерде өзінің шаруашылық әрекетінде, баға қалыптастыруда еркін және өзінің өнімін өзіндік құны бойынша өндіруге жиі мәжбүр болады.

Сондықтан экономикада мемлекеттік сектордың түсіндірулерсіз көбеюі экономикалық өсім қарқынының төмендеу қаупімен қолайсыздыққа ұшыратады. Бұл жағдайды тарих әр түрлі елдерде талай дәлелдеген. (Англияда, Индияда, Бирмада, Египетте және т.б.). Осымен қатар, мемлекеттік және жеке сектордың арасындағы қолайлы тепе-теңдікті біржолата анықтау мүмкін емес.

Жеке кәсіпкерліктің нысандары әр түрлі:

· Капитал иесі бір адам болып табылатын жеке фирмалар;

· Бірнеше адамның капиталын біріктіретін пайға негізделген серіктестік;

· Әркімнің пайы бағалы қағаздар арқылы бекітілетін акционерлік қоғамдар (корпорациялар).

Бұларды кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысанына жатқызады. Ұйымдық-құқықтық нысанының тағы да бір ерекше түрі кооперативтер болып табылады. Олар көптеген дамыған елдерде фирма ретінде қолданылмай, қызметі тек табыс алуға ғана емес, сонымен бірге олар өздерінің шаруашылық қызметінде кооператив мүшелеріне көмектесуге бағытталған қоғам, бірлестік болып есептеледі. (мысалы, кредиттік, өнім өткізу, тұрғын үй, тұтынушылық кооперативтері). Негізінен, мұндай кооперативтер уақытша ғана болады және өздерінің қызметін атқарып болғаннан кейін жұмысы тоқтайды немесе кәсіпкерліктің басқа түрлеріне айналады (серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік).

Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың әрқайсысы кәсіпкерлік қызмет нысанын таңдауда есепке алуға қажетті өзіндік артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Қазіргі экономикада жетекші рөлге қызметі негізінен ұлттық нарықтарға да әлемдік нарықтарға да есептелген акционерлік қоғамдар ие. Акционерлік компаниялар жаппай өндіріспен немесе сауда саласында, қаржы және басқа сфераларда қызмет көрсетумен, яғни неғұрлым нақты деңгейде қоғамдастырылған өндірістік күштердің осы салаларымен және қоғам өмірінің осы сфераларымен байланысты.

Кәсіпкерлік қызметтің мөлшеріне байланысты шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті ажыратады. Шағын кәсіпкерлікке жұмысшылар саны 100 адамға дейінгі, ал ірі кәсіпкерлікке жұмысшылар саны 500-ден асатын фирмаларды жатқызады.

Нарықтық экономикадағы шағын кәсіпкерліктің ролі ерекше. Ол барлық бөлімдерді біріктіре отырып экономиканың негізгі іргетасын құрайды.

Шағын фирмалар санының көптігіне және икемділігіне, төмен бағалары мен басқару шығындарының, жарнама шығындарының болмауына орай, өндірістің аз шығындарына байланысты әрқашан бәсекелестікті қолдайды.

Жетілген бәсеке жағдайында, яғни ірі компаниялар өндірісті монополияландыруға ұмтылатын жағдайда нарықты бақылауға алу, шағын фирмалардың өмір сүруі оғаштық болып саналады.

Шағын бизнестің өмір сүруі келесілермен байланысты:

Біріншіден, егер қызмет етуіне тікелей қауіп төндірмесе, көптеген ірі корпорацияларға негізінен шағын бизнесті күйрету тиімсіз. Өзінің құрылымына шағын фирманың қосылу тиімділігі онымен іскерлік ынтымақтастықта болу тиімділігіне қарағанда аздау, себебі барлық корпорация өнімінің сапасы жеткізуші-шағын фирмалардың қызметіне байланысты.

Екіншіден, шағын фирмалар жаппай өндірісті, үлкен шығындарды қажет етпейтін сфераларды таңдайды, яғни шағын фирмалар ірі бизнестің жолына тұрмай, өздерінің қызмет сферасында әрекет етеді.

Үшіншіден, адамдарға ерекше икемділікке ие болғандықтан, тіпті үлкен қысым жағдайында да шағын кәсіпкерлік әрқашан қайта өніп отырады. Англияда сұрау алынған шағын кәсіпкерлердің тек 8%-ы ғана өзінің шаруашылық қызметінде барлығынан бұрын баю мүмкіндігін есептейтіндігі кездейсоқтық емес. Қалғандары басымдық ретінде тәуелсіздік пен өздерінің жұмысына ризалығын алға тартады.

Төртіншіден, мемлекеттік сектордан шағын кәсіпкерлікті қолдау да маңызды рөлді ойнайды. Бұл, дәстүрлі түрде шағын кәсіпкерлік ұлттық кәсіпкерліктің бейнесі ретінде қарастырылуымен байланысты. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерліктің дамуына монополияға қарсы заңдар да әсер етеді.

Орта кәсіпкерліктің шағын кәсіпкерліктен айырмашылығы, ол шағын фирмалар секілді икемділікке немесе көптікке ие емес және ірі фирмалар секілді қуатты емес. Ол тек «қуыстық» мамандандырылуға негізделеді, яғни сол жерде кіші-монополия бола отырып, нарықтың жекелеген сегменттерін ғана қамтиды.

Ірі кәсіпкерлік әдетте монополия ұғымымен бірге жүреді. Дегенмен, бұл нақты емес: біріншіден, фирманың қызмет масштабы рөл ойнайды; екіншіден, нарықтық экономикада бәсекелестік, нарықтың өсуі мен кеңеюі, ғылыми-техникалық прогресс сияқты факторлардың әсерінен абсолюттік монополияның болуы мүмкін емес. Сондықтан ірі фирмалардың шаруашылық әрекетінен тек кемшіліктерді, монополия ұғымын іздеудің қажеті жоқ.

Ірі фирмалардың артықшылығы келесілерден тұрады:

Ірі фирмаларға жаппай өндіріс тән, бұл қарапайым ғана факт көпшілігінің елді қамтамасыз ету мақсатында шағын меншікке үміт артуымен жиі ұмыт қала береді. Бұл арада тіпті АҚШ-та 1,4% ірі шаруашылық субъектілері 32% ауыл шаруашылық өнімін өндіргенде 34% шағын фирмалардың тек 3.2%-ы ғана ауыл шаруашылық өнімін өндіретінін айта кеткен жөн.

Жаңа салаларды (қазіргі уақытта автомобиль құрастыруда бастапқы инвестициялар 1 млрд. долларды құрайды) игеру мүмкіндігі болғандықтан және ірі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі болғандықтан ірі фирмалар ғылыми-техникалық прогрестің жолсерігі болып табылады (АҚШ-тың барлық ғылыми зерттеулерінің 99%-ын 600 корпорация субсидиялайды).

Ірі фирмалар тұрақтылығымен және ережесінің өзгешелігімен сипатталады. Ол өз кезегінде экономикадағы тұрақтылықтың артуына әсер етеді. Ірі компаниялар ешқашан жойылып кетпейді, тек иелері ғана ауысып отырады.

Оларға өндіріс масштабында, біріктіруде, сонымен қатар ірі масштабта жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде үнемдеу есебінен қоғамдық еңбектің айтарлықтай үнемделуі тән. Дегенмен, ірі фирманың артықшылығы – оның табыстары мен пайдасының әрқашан тұрақты артуының кепілдігі емес немесе әрбір фирма қызмет көлеміне байланысты өзінің өсу шегіне ие.

Кәсіпорындардың әрбір кезеңдегі өндіретін капиталы үш қызмет түрінде қалыптасады:

1. Ақша капиталы - кәсіпорын өндірістік қорларды сатып алу үшін және еңбек күшіне қажетті еңбек ақыны өтеу үшін құрылады.

Ақша капиталы → өндірістік қор + еңбек капиталы.

2. Өндіргіштік капитал - өндірістік қорлардың құны және жұмысшы күшінің құны өндіргіштік қажеттіліктер процесінде болады.

3. Тауар капиталы – қалытасқан, бірақ кәсіпорын сатпаған немесе ұсынбаған өнімдерді қарастырады. Қызметі өнімді сатып, пайда түсіру болып табылады.

Капитал түсінігіне ең толық, жан-жақты зерттеуді жүргізген К.Маркс. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын зерттеген. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. Капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар капиталдың заттық түрі болады көрсетті – машина, шикізат, құрал-жабдықтар. Кәсіпкерік сфераның қандайда болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы керек.

Ақшаның капиталға айналуы, тауарлы өндірістің белгілі бір даму сатысында ақша капиталға айналады. Тауар айналысының формуласы: Т – А – Т; яғни басқа бір тауарды сатып алу үшін бір тауарды сату болды. Капиталдың жалпы формуласы, керісінше: А – Т – А, яғни сату (пайдамен сату) үшін сатып алу. Бірақ, капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады. Қосымша құн деп Маркс айналымға шығарылған ақшаның алғашқы құнының осы өсуін айтады. Дәл осы «өсу» ақшаны капиталға, одан әрі қоғамдық өндіріс қатынасына айналдырады.

Экономикалық теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар:

- капитал – деген құрал – жабдықтар жиынтығы,

- капитал деген ақша сомасы.

Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных