Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ндірілген өнім мен еңбек шығынының қоғамдық маңыздылығын белгілеу қызметі




Алайда бұл қызмет тапшылықсыз өндіріс жағдайларында (сатып алушы таңдауы бар кезде, өндірісте монополиялық жағдай болмаған кезде, бірнеше өндірушінің және олардың арасында жарыстың болуы кезінде) жүзеге асады.

Нарықтық экономиканың қызмет етуі нарықтық жүйені қалыптастыратын оның белгілі бір элементтерінің болуын түсіндіреді.

нарықтың негізгі элементтері:

Нарықтың ең бірінші және маңызды элементтеріне өндірушілер мен тұтынушылар жатады. Олар қоғамдық еңбек бөлінісі барысында, біреуі тауар өндіріп жатқан кезде, ал екіншісі тұтынған кезде қалыптасады. Тұтыну жеке және өндірушілік деп бөлінеді. Жеке тұтыну кезінде тауарлар өндіріс саласынан шығып, тұрғындардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

Өндірушілік тұтыну өндіріс үрдісінің жалғасы ретінде тауар басқа өндурішілермен қайта өңделуге пайдаланған кезде көрініс табады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы байланыс қызмет нәтижесінің айырбасы ретінде белгіленеді. Нарықтық шаруашылықта ол тұрақтылықпен ерекшеленеді, мамандандыру негізінде қалыптасады және көтерме нарықтық келісім формасында туындайды.

Нарықтық экономиканың екінші элементіне өндірістік бірліктерді корпоративтік басқару негізінде жеке және аралас меншік түрлерімен қамтамасыз етілген экономикалық оқшаулану жатады.

Нарықтық экономиканың үшінші маңызды элементі – баға. Ол айрықша зерттеуді талап етеді. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.

Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.

Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің аумағын баға анықтайды. Бұл аумақтың шегі трансакциялық шығындармен, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындарымен анықталады.

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең үнемді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайда нормасының, пайыздың және т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Сондай-ақ нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.

Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы.

Құрылымы жағынан нарықты мынадый түрлерге бөлуге болады:

1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:

- игіліктер мен қызметтер нарығы;

- өндіріс құралдарының нарығы;

- ғылыми-техникалық құралдар нарығы;

- құнды қағаздар нарығы;

- жұмыс күші нарығы.

2. Нарықтарды тауарлы топтар бойынша:

- өндірістік қызметке бағытталатын тауарлар нарығы;

- халық тұтынатын тауарлар нарығы;

- шикізат пен материалдар нарығы.

3. Кеңістік белгілері бойынша: аймақтар ішіндегі; аймақтар аралық; республикалық; республика аралық; халықаралық (әлемдік) нарықтар.

4. Бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша: монополиялық; олигополиялық; сала аралық нарықтар.

5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай: көтерме сауда нарығы; бөлшек сауда нарығы; ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарығы.

6. Экономикада заңдылықты сақтау бойынша: заңды, ресми нарықтар, заңды емес, «қара» нарықтар.

Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты келесі түрлерін ажыратады:

Тауарлар мен қызметтер нарығы:

тұтыну тауарларының нарығы – азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының нарығы; қызметтер нарығы; тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы.

Өндіріс факторының нарығы: жылжымайтын мүліктер нарығы, еңбек құрылымдарының нарығы, шикізат пен материалдар нарығы, қуат ресурстарының нарығы, пайдалы қазбалар нарығы.

Аржы нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар, несие нарықтары, құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.б.), валюта, ақша нарықтары.

Интелектуалды өнімдер нарығы - иновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары. Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

Нарықтық инфрақұрылым – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтағы қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жүйесі. Оның құрамы:

· ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.;

· материалдық база – көлік құралдары, қойма, ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер, т.б.;

· несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных