Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Р экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі.




Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөл ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды.

Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда.

Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

- қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

- жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;

- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;

Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.

Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).

Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.

Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімінің болмауы.

Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.

Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.

Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.

Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

Орытынды

Жаппай маркетинг жаппай өндіріске және бір тауарды таратуға, оның сатылымына әр түрлі сатып алушылардың неғұрлым кең шеңберін тартуға есептелген.

Тауарлы-дифференциацияланған маркетинг нарыққа бәсекелестер сатып жатқан тауарлардан бөлек түрлі сипаттағы тауарлармен шығуға мүмкіндік беретін әр түрлі сападағы, әр түрлі қасиеттерге ие, әр түрлі безендірілген екі немесе одан да көп тауарлардың өндірісіне бағытталады.

Мақсатты маркетинг оларға белгіленген сатып алушыларға немесе аймақтық белгілеріне байланысты және белгіленген мақсатты нарықтардың әрқайсысына қатысты тауарлардың жасалуына және олардың нарыққа жылжу әдістері бойынша нарықтың түрлерге, топтарға шектелуіне негізделеді. Бұл маркетингтің неғұрлым жаңа түрі, бірақ соған орай ауыр әрі қиын. Мақсатты маркетинг нарықты сегменттеуді және тауарлардың нарыққа позициялануын қарастырады.

Сегменттеу – белгілі бір тауар түрлеріне сұранысты қалыптастыратын сатып алушылар топтарына байланысты нарықтың бөліктерге, сегменттерге бөлінуі. Сегменттеу негізіне, оның критерийлеріне географиялық, демографиялық, мінез-құлықтық белгілер, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті жатады.

Сатушыға бір немесе бірнеше нарық сегментін таңдауына тура келеді. Дифференциацияланбаған маркетингте сатушы сегменттердің өзгешеліктерінен сақтанады, ал дифференциацияланған маркетингте әр түрлі сегменттерге түрлі нарықтық ұсыныстар жасалады. Шоғырландырылған маркетингте сатушы өзі қатысу үшін нарықтың бір немесе бірнеше сегментін таңдайды.

Менеджмент – өндірісті басқару бойынша қызмет. Оны тиімділікті жоғарылату, үнемдеу және табысты көбейту мақсатында дамыған елдерде жасалатын және қолданылатын өндірісті басқару нысандарының және құралдарының, әдістерінің, қағидаларының жиынтығы ретінде сипаттауға болады.

Менеджмент сонымен бірге өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара байланыстарды және өндіріс процесі барысында адами қатынастарды басқару жөніндегі ғылым болып табылады. Бұл жерде өндіріс процесіне және жақсы нәтижелерге жету мақсатында соған қатысатын адамдарға өзара іс-әрекеттің әдістері мен тәсілдері зерттеледі. Бұл арада менеджер – кәсіби басқарушы, бас директор, президент, психологияны, социологияны, өндірісті ұйымдастыруды және т.б. білетін жетекші.

Кәсіпкерлік – табыс алу мақсатында жаңалықты, тәуекелді, ойлап табуды қолданатын шаруашылық әрекет. Кең мағынада – бұл алдын-алушылық, бастамашылық, экономика саласындағы белсенділік. Тар мағынада – бұл меншік иесінің немесе шаруашылық субъектісінің экономикалық әрекеті.

Кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты және өндіріс факторы.

Әдебиеттер:

1. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Алматы, 2008.

2. Мауленова С. Экономикалық теория. Алматы, 2004.

3. Сахариев С.С. Жаңа кезең – экономикалық теориясы. Алматы, 2004.

4. Филипенко А. Экономическое развитие: цивилизованный

подход М., 2002 ж.

5. Журавлева JI. «Общая экономическая теория (политэкономия)», М. 1999 ж.

 

Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:

1. Кәсіпкерлікке жалпы сипаттама.

2. Кәсіпкерлік қабілеттіліктің функциялары.

3. Кәсіпкерліктің экономикалық-әлеуметтік жағдайы.

4. Кәсіпкерліктің түрлері.

5. Бизнес түсінігі, түрлері.

6. Бизнес жүйесіндегі маркетинг.

7. Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары.

8. ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі.

9. Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі түрлері.

10. Шағын және орта кәсіпкерліктің ерекшеліктері.

ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары:

1. Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта кәсіпкерліктің ролі мен орны:

2. Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері

3. Кәсіпкерлік капитал

4. Қорлардың айналымдылығы

5. Инвестиция өнірісті қорларды қаржыландырудың көзі ретінде

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін келістіріп отыратын экономикалық категория?

А) Экономика.

В) Қор биржасы.

С) Баға.

D) Ақша.

Е) Банк.

 

2. Фирманың толық анықтамасы:

А) Фирма – бұл нарыққа бір немесе бірнеше тауарлар мен қызметтер ұсыну арқылы оның меншік

иелеріне пайда әкелу мақсатында мекеменің біртұтас басқаруындағы ұйым.

В) Фирма – бұл қызметінің барлық жақтарын қамтамасыз ететін келісімдерді жасау үшін барлық

құқықтарға ие болатын ұжымдық сипаттағы шаруашылық бірлік.

С) Фирма – бұл тауарлар мен қызметтерді ары қарай сату мақсатында оны өндіру бойынша

өндірістік процестерді жүзеге асыратын ұйымдық экономикалық қызмет.

D) Фирма – бұл нарыққа жаңа тауар шығарумен айналысатын ұйым.

Е) Фирма – бұл кешенді маркетинг арқылы нарықта тауарлар мен қызметтерді өткізумен

айналысатын ұйым.

 

3. Кәсіпкерлік қабілеттілік өндіріс факторы ретінде өз иесіне қандай табыс әкеледі:

A) Рента.

B) Табыс.

C) Пайда.

D) Жалақы.

E) Пайыз.

 

4. Экономикалық тиімділік:

A) Өндірістің тиімді ұйымдастырылуы.

B) Өндірістің нәтижесі.

C) Қолданылатын ресурстардың мөлшері.

D) Алынатын нәтижелер мен өндірістік шығындардың қатынасы.

E) Өндірістің шоғырлануы.

 

5. Монополияның пайда болуының негізгі себебін көрсетіңіз:

A) Ақша қаражатын қолдану, яғни тиімді өндірісті ұйымдастыру үшін.

B) Өндіріс пен капиталдың шоғырлануы.

C) Сөз байласуарқылы, өндірісті ұйымдастыру.

D) Өндірістің бір саласындағы компаниялардың бірігуі.

E) Өндірістің бір саласындағы компаниялардың ыдырауы.

 

6. Тұтыну әрекеті (тәртібі) микроталдау объектісі ретінде, бұл:

A) Тауарлар мен қызметтерге тұтынушы сұранысын қалыптастыру үрдісі.

B) Тауардың жалпы пайдалығын анықтау.

C) Тауардың қасиеттерін зерттеу.

D) Тауарды тұтынушылардың бағалауы.

E) Тауар бағасын қалыптастыру.

 

7. Кәсіпкерліктің негізгі нысанын (формасын) көрсетіңіз:

A) Жеке кәсіпкерлік.

B) Мемлекеттік кәсіпорын.

C) Заңды тұлға қызметі.

D) Үй шаруашылығы.

E) Кәсіпорын түрлерінің меншік формасына сәйкес жұмыс істеуі.

 

8. Заңдылыққа сәйкес кәсіпкерліктің қандай түрі мемлекеттік тіркеуді қажет етпейді?

А) Жеке шаруашылық.

В) Жеке кәсіпкерлік.

С) Шаруашылық серіктестік.

D) Ашық акционерлік қоғам.

Е) Жабық акционерлік қоғам.

 

9. Кәсіпкерлік дегеніміз – бұл:

А) Меншік дегенді білдіреді.

В) Тәуекелділікпен байланысты іс-әрекеттер.

С) Өндіріс факторларын өзара жұмылдыратын, жаңашылдық пен тәуекелділікті қажет ететін қызмет түрі.

D) Болжамсыз қызмет.

Е) Кез-келген бизнестің түрі.

 

10.Фирма қызметінің негізгі элементтеріне не жатпайды?

А) Басқарушылық қызметі.

В) Маркетингтік қызметі.

С) Сыртқы әсерлерді реттеу әрекеттері.

Д) Бағаларды реттеу.

Е) Пайда табу.

 

 

Тақырып






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных