Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Фирманың өндіріс шығындары мен табысы




ü Өндіріс шығындарының түсінігі, түрлері

ü Р.Коуздың трансакциондық шығындар теориясы

ü Фирманың табысы мен оның түрлері

Мақсаты: Өндіріс шығындары мен табысының мән-мағынасын, түрлерін талдау арқылы, олардың тәжірибелік рөлін қарастыру және фирма пайдасын барынша ұлғайту мүмкіндіктерін көрсету.

 

Негізгі ұғымдар: Өндіріс шығындары, өзгермелі шығындар, тұрақты шығындар, шекті шығындар, шекті табыс, пайда, жалпы табыс, орташа шығындар, орташа табыс, масштаб эффектісі, жалпы өнім, орташа өнім, шекті өнім.

 

XIX ғасыр соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржиналистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке көсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорнының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.

Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығыңдар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі

Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.

Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып

бөлінеді.

Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б.

Айқын емес шығындар (implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.

Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:

Тұрақты шығындарға (fixed costs FC) — осы мерзімде өндіріспен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес, бұл шығындар өндірілген өнім көлемінің өзгеруінен тәуелсіз өзгермейтін шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді. Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялык, заемміндеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы. Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа бөлуге болады. қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттык шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.

Өзгермелі шығындарға (vаriable costs — VC) осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.

Өндіріс пен сату (өткізу) өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкін:

1. Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса

2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны

3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі өндірістің көлемінен артық болса.

Өзгермелі шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер етеді, ал барлық тұрақты шығындар өсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге жататын шығындардың өздері әр түрлі болып көрінеді. Шешімдер қабылдаудың белгілі ситуациясында өзгермелі көп, ал басқа ситуацияда тұрақты шығындар көп болуы мүмкін. Осы шығындар тұрақтыға немесе өзгермеліге жата ма деген сұрақтың жауабы екі фактордан төуелді болады: кезең мерзімінің ұзақтығынан (шешім кабылдауға қажет) және өндірістік факторлардың бөлінісінен.

Кәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады

ҒС+VС =ТС

 

 

С TC

 

VC

FC

 

Q

 


Орташа шығындар (АТС) — бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:

Осыған сәйкес орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындар есептеледі.

 

АҒС – орташа тұрақты шығындар.

 

 

АVС – орташа өзгермелі шығындар.

 

Ұзақ мерзімде кәсіпорнының масштабының және оның өндіріс көлемінің орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар, кәсіпорнының кеңеюіне сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі. Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштабының өсуінің оң немесе теріс эффектісімен (ауқым нәтижесімен) дәлелденеді. Дағдарыс кезеңінде, бәсекелік сайыста ірі фирмалардың өміршеңдігінің мүмкіндігі жоғары болады. Ауқымның теріс нәтижесінен аулақ болу үшін бұлардың қолданатын мүмкіндіктері мол болады. Егер ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым көлемінен тәуелді болмаса, онда ауқым нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады.

Шекті шығындар (МС) — бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.

Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда шекті шығындар өнімнің бағасымен тендескенше, фирма өндірісті кеңейте береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы — U тәрізді форма алады, бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты — еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына қолданылады. Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабтың эффектісімен байланысты. МС, AC және AVC қисық сызықтардың тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады. Графикте бұл ереже МС қисық сызығының AC және AVC қисық сызықтарымен, бұлардың минимум нүктесінде түйіскені болып табылады, яғни

МС = minAC

Егер қалыптасқан нарықтық бағаны Р фирма берілген деп және соған өзінің өндірісін бейімдеді деп есептесек, онда ол өнімді Qont, оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіре беруге талаптанады. Фирманың ұсынысының қисық сызығы SS орташа шығындардың ең төмен дәрежесінен жоғары орналасатын шекті шығындар сызығымен үйлесімді беттеседі.

Рональд Гарри Коуз (англ. Ronald Harry Coase; 1910 ж. 29 желтоқсан, Уиллесден, Лондон маңында) - британдық экономист, «институционалды құрылымдағы және экономиканың атқарымында меншік құқығы мен трансакционды шығындарды ашу мен нақты түсіндіруі үшін» экономика бойынша 1991 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. Коуздың жұмыстары нарыққа, фирма қызметтеріне, нарықтық механизм шығындарына, қоғамдық қызметтердің ұйымдастыруына, экономиканың институционалды құрылымына арналған.

Коуз теориясы – жаңа институционалды экономикалық теорияның жағдайы. Оған сәйкес трансакциондық шығындардың нөлдік мәнінде нарық кез-келген сыртқы эффекттерді жеңе алады.

«Трансакционды шығындар» термині ертерек Коуздың «Фирма табиғаты» еңбегінде енгізілген болатын. Бұл – келісімге келгенде пайда болатын, яғни ақпаратты жинау мен өңдеуге, кездесулерді өткізуге және шешім қабылдауға контракттың орындалуын бақылау және заңды қорғауына кететін шығындар.

Коуз теориясы меншік құқықтарының экономикалық мағынасын ашады. Коуздың ойынша меншік құқықтары неғұрлым нақты анықталса, соғұрлым көбірек сыртқы шығындар ішкі шығындарға айналады.

Трансакционды шығындар теориясы жаңа институционалды теорияның құрамдас бөлігі болып табылады және кәсіпорынды ұйымдастыру теориясы болып табылады, оның зерттеу объектісі болып ұйымдастыру формасы ретіндегі көпжақты келісім.

Трансакциондық шығындар теориясының міндеті – анықталған институционалды шектегі белгілі бір экономикалық операцияларының тиімділік мәселелерін түсіндіру, яғни нәтижелі жоспарлауындағы және экономикалық мақсаттарды жүзеге асырудағы әр түрлі ұйымдастыру формаларының қабілеттілігі болып табылады. Бұл теория негізінде экономикалық контексттегі кез-келген іс-әрекет бірінші ретте шығындармен байланысты болады деген топшылама жатыр.

Трансакционды шығындар теориясы үйымдастыру формаларын ерекшелей отырып «идеалды нарық» алғышартарына қарама-қайшы келеді.Ол кәсіпорында мен нарықтың өзара қарым-қатынасын(бірлескен) түсіндіреді. Осылайша ол ұйымдастыру формасы мен ынтымақтастық түрін таңадуға көмектеседі. Басқа жағынан операциялық шығындарды нақтылауда қиындықтар бар, бұл нақты шешімдер шығаруға кедергі болуы мүмкін.

Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:

 

1. Жалпы табыс

 

2. Орташа табыс

 

3. Шекті табыс

Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім. Жалпы өнім (Q) – өзгермелі факторлардың белгілі бір көлемін қолданғандағы өндірілген өнімнің саны.

Орташа өнім (АР) – көрсеткіш жалпы өнімді (Q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:

 

 

мұндағы Ғ1-өзгермелі факторлар

Шекті өнім (МР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімнің (Q) өзгеруін өзгермелі фактордың (Ғ1) өзгеруіне бөлумен анықталады:

 

Масштаб эффектісі ұзақ мерзім кезеңінде фирманың іс-әрекет процесінде пайда болады. Бұл процесте орташа шығындар мен өндірістің қарқыны өзара байланыста болады. Өндірістің қарқыны өскен сайын белгілі бір кезеңге дейін орташа шығындар азая береді, яғни масштаб эффектісі дегеніміз - өндіріс қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігінің артуы, яғни үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық факторлар іске кіріскенде өнімнің саны өсе бастайды да шығындардың азаюына төмендегі себептер әсерін тигізеді:

1. Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделенген сайын, жоғары деңгейлі кәсіптік жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігі де өседі.

2. Басқару аппаратының мамандандырылуы.

3. Капиталды тиімді пайдалану. Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбат құрал-саймандарды сатып алу мүмкіншілігі туады.

4. Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми-зерттеу жүргізу қаржыландырудың артықшылығы.

5. Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.

6. Тауар өткізуді (сатуды) қаржыландырудың артықшылығы.

Сонымен, осы келтірілген факторлар бір данаға кететін шығындарды азайтуға мүмкіншілік береді. Бірақ та өндіріс қарқыны өсуінің шегі болады. Келесі бір кезеңде өндіріс қарқыны баяулайды да, шығындардың өсімі өндірістің өсуіне әсерін тигізе де алмайды, сонымен бір данаға шаққандағы шығындар өсе бастайды, себебі кәсіпорын өзінің тиімді қарқынының ең жоғары деңгейіне жеткеннен кейін, келесі кезеңдегі өндірістің өсуі шығынға әкеледі де өндірістің жағымсыз жағдайы пайда болады.

Фирманың қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі: қазіргі кезеңдегі экономикалық теорияның дәлелдеуі бойынша кәсіпорын пайданы ең жоғары деңгейде (шығындардың ең төмен деңгейі) шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда алады. (МR=МС).

Қысқа мерзім кезеңіндегі фирманың тепе-теңдігін 4 типке бөлуге болады:

1. Өзінің орташа өзгермелі шығындарын ғана (АVС=Р) жаба алатын фирманы шектеулі деп атайды. Мұндай фирма аз ғана уақытта ғана шаруашылығын жүргізеді.

2. Баға төмендеген жағдайда фирма бәсекеге түсуге қабілетсіз болады, яғни ағымдағы шығындарын жаба алмаған соң саладан кетуге мәжбүр болады. (АVС >Р) Бұл пайдасыз фирма деп аталады.

3. Егерде баға жалпы орташа шығындардан артық болса (АТС<Р), онда фирма әдеттегіден тыс артық пайда алады. Бұл артық пайда алатын фирма деп аталады.

4. Баға өскен жағдайда фирма ағымдағы шығындармен қатар барлық шығындарын жауып, орташа шамада пайда алатын болса, бұл әдеттегі пайда алатын фирма деп аталады.

Ұзақ мерзім кезінде фирма орташа шығындарын азайту арқылы өндірісін кеңейтуге ұмтылады. Өнімділіктің өсуімен орташа жалпы шығындар азаяды, керісінше өнімділіктің азаюымен орташа шығындар өседі.

Орытынды

Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім.

Дебиеттер

1. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет

2. Дайындағандар Я. Ә. Әубәкіров, А. Қ Қабдиев, В. Қ Досқалиева, Досқалиев С. Ә Экономикс. Оқу құралы. Алматы «Экономика» 1995 - 144 бет

3. Экономическая теория. Учебник для вузов. под редакции. д.э.н Добрынина Л. И, д.э.н Тарасевича Л. С «Питер» 1999 - 542 стр

4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория, Оқу-әдістемелік кешен, 2006ж

5. М.Ы.Жүкібай «Экономикалық теория». Оқу құралы, Астана 2009 ж.

Тақырып бойынша талқылау сұрақтары:

1. Өндiрiс шығындарының түсiнiгi, түрлері.

2. Коуздің трансакциондық шығындар теориясы.

2. Экономикалық және бухгалтерлiк шығындар.

3. Фирманың қысқа және ұзақ мерзiмдi қызметiндегi өндiрiс шығындары.

4. Фирманың табысы мен оның түрлерi.

5. Әртүрлі нарықтық құрылымдар жағдайындағы фирманың іс-әрекеттері.

6. Фирманың даму стратегиясы

ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары:

1.Фирманың табысы.

2.Жерді экономикалық бағалау және нарықтық баға.

3.Өндірушінің шығындарын минималдау және пайдасын максималдау ұстанымы.

4. Нобель сыйлығының лауреаты Р. Коуз және оның теориялары.

 

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Мыналардың қайсысы шекті шығындарды көрсетеді?

А) ∆ TVC/Q.

В) ∆ TVC/∆Q.

С) TFC/Q.

Д) ∆ TFC/∆Q.

Е) (PQ)/∆Q.

 

2. Фирманың пайдасы = табыс -...:

А) Баға.

В) Құн.

С) Икемділік.

Д) Шығын.

Е) Айнымалы шығын

 

3. Пайданың мәнін көрсетіңіз? Пайда – бұл:

A) Тауар бағасының өз құнынан көбеюі.

B) Қосымша құн формасының ауысуы.

C) Класстар табысы.

D) Қосымша құн.

E) Еңбек нәтижесі бойынша ай сайын алынатын сыйақы.

 

4. Фирманың орташа табысы:

A) AR=TP/Q=PQ/Q=P.

B) AR=TR-TC.

C) AR=MR-MC.

D) AR=PQ.

E) MR=MC=P.

 

5. Фирманың табысы максималды болған жағдайда өндіріс көлемі қалай анықталады:

A) MR=MC.

B) MR<MC.

C) MR>MC.

D) MR>P.

E) MC=P.

 

6. Орташа шығын (AC):

A) AC=TC/Q.

B) AC=TC/P*Q.

C) AC=VC+FC/Q.

D) AC=P/Q.

E) AC=∆MC/Q.

 

7. Фирманың пайдасы қандай формуламен анықталады:

A) П=TR-TC.

B) П=MR-MC.

C) П=MR-MC-P.

D) П=MC+P+Q.

E) П=TR-MC.

 

8. Орташа өзгермелі шығындар (AVC):

A) AVC=FC+VC.

B) AVC=ATC/Q.

C) AVC=ATC/P*Q.

D) AVC=VC/Q.

E) AVC=MC*P/Q.

 

9. Фирманың шекті шығындары дегеніміз:

A) Өндіріс көлеміне байланысты фирманың шығындары.

B) Бірлік өнімге кететін шығындар.

C) Ауыспалы және тұрақты шығындар.

D) Қосымша бірлік өнімге шығындар.

E) Орташа шығындар.

 

10.Фирманың тұрақты шығындары – бұл:

A) Ресустарды сатып алу кезіндегі бағалары бойынша шығындар.

B) Өндірістің мейлінше жағымды жағдайы кезіндегі кез келген өнім көлемі өндірісінің ең төменгі шығындары.

C) Фирманың өнім өндірмеген жағдайындағы шығындары.

D) Айқын емес шығындар.

E) Айқын шығындар.

 

11. Өндіріс көлеміне байланысты емес шығындар:

А) Айнымалы.

В) Тұрақты.

С) Шекті.

Д) Бұғалтерлік.

Е) Орташа айнымалы.

12.Экономикалық шығындар нені көрсетедi:

А) Фирмадан тыс қолданылған ресурстардың шығындарының көлемiн.

В) Фирманың меншiгi болып табылатын өндiрiс факторларының құнын.

С) Айқын және айқын емес шығындардың қосындысын.

Д) Барлық айтылғандар дұрыс.

Е) Барлық айтылғандар дұрыс емес.

 

13. Өндірілген өнім көлеміне тәуелді шығындар:

А) Айнымалы.

В) Тұрақты.

С) Шекті.

Д) Бұғалтерлік.

Е) Орташа айнымалы

 

14. Тұрақты шығындарға жататындар:

А) Электр қуаты, жалақы.

В) Арендалық төлемдер, амортизациялық қор.

С) Материалдар, отын.

Д) Көлік, шикізат.

Е) Жолақы төлемдері.

 

15. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс берілген:

A) экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындар-дан үнемі кіші болып келеді.

B) бухгалтерлік шығындарға айқын емес шығындар жатады.

C) өзгермелі шығындар нөлдік өндіріс көлемі кезінде пайда болады. D) орташа табыс жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады.

E) тұрақты шығындар нөлдік өнді-ріс көлемі кезінде де орын алады.

 

 

16. Өндіріс масштабы өзгергенде тұрақты шығын (FC) өзгереді ме:

A) Тұрақты өзгермейді.

B) Кең мөлшерде өзгереді.

C) Бағаға байланысты өзгереді.

D) Пайдаға байланысты өзгереді.

E) Қосымша пайда әкеледі.

 

 

Тақырып






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных