ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Нарықтық экономикадағы мемлекет
ü Мемлекеттің экономикалық қызметтері ü Экономиканы мемлекеттік реттеу ü Әлеуметтік қорғау жүйесі
Мақсаты: Мемлекеттің экономикалық функцияларын ашып көрсету
Негізгі ұғымдар: тұрақтылық, мемлекеттік басқару, мемлекеттік басқарудың әдістері, макроэкономика, микроэкономика.
XX ғасырда ұлттық нарық тепе-теңдігінін қалыптастыруға маңызды әлеуметтік-экономикалық қызметтерді экономикалық және әкімшілік тетіктер кешенін пайдалана отырып атқарушы мемлекет белсенді қатысады. Мемлекеттің экономикаға белсенді араласуының басты идеологы Д.М.Кейнс екені белгілі. Үкіметтің экономикалық қызметтері. Үкіметтің экономикалық қызметтері көп және олар алуан түрлі. Нақты алғанда үкіметтің экономикалық рөлі кең масштабта жүзеге асырылады, сондықтан іс жүзінде оның экономикалық қызметтерінің толыққанды тізімін қалыптастыру мүмкін емес. Бұл жерде өз талдауымыз ретінде үкіметтің экономикалық қызметтерінің келесі формаларын олардың жартылай араласуын есепке ала отырып қарастырамыз. Біріншіден, үкіметтің кейбір экономикалық міндеттері нарықтық жүйенің қызмет етуін қолдау және жеңілдетуді мақсат етіп алады. Осы салада үкімет қызметтерінің төмендегідей маңызды екі түрін көрсетеміз: 1. Нарықтық жүйенің тиімді қызмет етуіне ықпал ететін құқықтық базамен және қоғамдық атмосферамен қамтамасыз ету. 2. Бәсекені қорғау. Міндеттердің екінші тобын атқара отырып үкімет нарықтық жүйе қызмет етуін күшейтеді және түрлендіреді. Бұл жерде оның келесі үш қызметі маңызды рөл атқарады: 3. Табысты және байлықты қайта бөлу. 4. Ұлттық өнім құрылымын өзгерту мақсатында ресурстарды бөлуді түзету. 5. Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономикалық коньюктура тербелістері арқылы туатын жұмысбастылық деңгейіне және инфляцияға бақылау жасау, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру.
Құқықтық база және қоғамдық атмосфера. Үкімет құқықтық базамен қамтамасыз етуді және нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуінің алғышарты болып табылатын кейбір маңызды қызмет көрсетулерді өз мойнына алады. Тиісті құқықтық база жеке кәсіпорындарға заңды статус беру, жеке меншік құқықтарын анықтау және келісім-шартты сақтау сияқты шараларды сипаттайды. Үкімет сонымен қатар, кәсіпорындар, ресурсты жеткізушілер және тұтынушылар арасындағы қатынасты реттейтін заңға сай «ойын ережелерін» бекітеді. Заңнамаға сәйкес үкімет экономикалық байланыстар саласында төреші (арбитр) қызметін атқарушы рөліне ие болуға, экономикалық агенттер іс-әрекетінің жалған жағдайларын анықтауға және сәйкесінше жаза қолдануға құзырлы болуға мүмкіндік алады. Үкіметпен қамтамасыз етілетін негізгі қызмет көрсетулер қоғамдық тәртіпті сақтау үшін сақшы (полиция) күштерін қолданумен, өнім көлемі мен сапасын өлшеудің стандарттарын жасаумен, тауар және қызмет көрсетуді жеңілдетуші ақша жүйесін қалыптастырумен сипатталады. Бәсекені қорғау Бәсеке нарықтық экономикадағы негізгі реттеуші механизм болып табылады. Бұл өнім өндірушілер мен шикізат тасымалдаушыларды сатып алушылар үстемдігіне немесе тұтынушы тәуелсіздігіне бағынышты ететін күш. Табысты қайта бөлу Үкімет біздің қоғамымыздағы табыс теңсіздігін төмендету міндетін алып отыр. Бұл міндет бір қатар саяси шаралар мен бағдарламалар аясында көрініс табады. Біріншіден, трансферттік төлемдер аса мұқтаж жандарға және жұмыссыздарға жәрдемақыны қамтамасыз етеді. Екіншіден, үкімет сонымен бірге, нарыққа араласу арқылы табысты бөлуді өзгертеді, яғни нарықтық күштер арқылы бекітілген бағаны түрлендіру жолымен. Ресурстарды қайта бөлу – құлпырмалы (ауыспалы) шығындармен байланысты. Құлпырмалы шығындар. Егер тауар өндірісі немесе тұтынуы қандай да бір жақтың орны толмас шығындарын тудырса, онда құлпырмалы шығындар пайда болады. Яғни бұл шығындар өндірушілер мен тұтынушылар емес, үшінші тарап, жалпы қоғам ешқандай өтемсіз көтеретін өнім өндіру шығыны. Анағұрлым айқын құлпырмалы шығындардар қоршаған ортаның ластануымен байланысты. Құлпырмалы шығындардың пайда болуына байланысты ресурстардың теңсіз бөліну мәселелерін реттеу үшін үкімет қандай шаралар қабылдауы мүмкін? Анығырақ айтсақ үкімет құлпырмалы шығындарды «өндірістің ішкі шығындарына қалай ауыстыра алады»? Әдетте түзету шараларының екі типі қолданылады: заңнамалық шаралар және ерекше салықтар.
Тұрақтандыру Үкіметтің ең жаңа және кейбір жағдайларда ең маңызды қызметі болып оның экономиканы тұрақтандыруы жататыны тарихи қалыптасқан нәрсе, яғни жеке экономикаға толық жұмысбастылықпен, бағаның тұрақты деңгейімен қамтамасыз етуде қолдау көрсетуі. Мемлекеттік реттеудің мақсаттары тығыз өзара байланыста бола отырып, мәні, әсер ету масштабы мен салдары бойынша бірдей мәнге ие емес. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішінен басты және айқын мақсаттарды ашып көрсетуге болады. Басты мақсаттар ішіндегі басымдыққа ие болып экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа жету, ұлттық бәсекеге қабілетті артықшылықтарды, экономикалық қауіпсіздікті, нарықтық механизмнің әр түрлі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету. Айқын мақсаттар мемлекеттің реттеу объектілеріне қарай ажыратылады, бірақ әрқашан қоғамдық және жеке мүдделерді үйлестіру қажеттілігіне сүйеніп отырады. Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) объектілері – бұл елдің дағдылы түрде шешімін таппаған немесе жеке дара болашақта шешілетін қиыншылықтары, мәселелері пайда болған немесе пайда болуы мүмкін салалары, аймақтары, сонымен бірге жағдайлары, әлеуметтік-экономикалық өмір шарттары және құбылыстары, яғни бұл мәселелерді шешу экономиканың қалыпты қызмет етуі үшін және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күтпейтін қажеттілік. ЭМР-нің негізгі объектілеріне: - экономикалық цикл; - шаруашылықтың секторлық, салалық және аймақтық құрылымы; - капитал жинақталуының жағдайлары; - жұмысбастылық; - ақша айналымы; - төлем балансы; - баға; НИОКР – ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар; - бәсеке шарттары; - әлеуметтік қатынастар, соның ішінде жұмыс берушілер мен жалданып жұмыс істеушілер арасындағы қатынастар, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру; - кадрлар даярлау және қайта даярлау; - қоршаған орта; - сыртқы экономикалық байланыстар. ЭМР объектілері ретінде орталық (федералды), аймақтық, муниципалды немесе коммуналды басқару органдары саналады. Мемлекеттік реттеудің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: • шаруашылықты басқарудағы толықтай мемлекеттік монополизм. Бұл КСРО және социалистік достастық елдеріне тән болған, алайда қазіргі кезде кейбір коммунисттік елдерде де сақталған; • нарықтық және мемлекеттік реттегіштердің әр түрлі нысанда үйлесуі. Бұл «жапондық», «шведдік» үлгілерге, Германия федеративтік мемлекетінің әлеуметтік бағдарланған нарықтық шаруашылық үлгісіне, Австрия, «қытайлық» даму үлгісіне тән; • жеке кәсіпкерліктің тежеусіз шарттарын ғана тиімді деп мойындаушы төтенше либерализм. АҚШ үшін тән. Мемлекеттік реттеудің тиімділігі мықты заңнамалық, атқарушы, сот билігінің болумен анықталады. Мемлекеттік реттеудің институтттық құрылымдары әкімшілік органдардан құралады. Экономикалық мақсаттарды іске асыру мен шешім қабылдауда реттілік арқылы анықталатын аталған басқару органдарының ерекшеліктерінің деңгейі елдегі басқарудың орталықтануы деңгейіне тәуелді. Осылайша саясатта бюрократияның деңгейін бақылаудың орталықтандыру Ұлыбританияда, Франциямен салыстырғанда анағұрлым төмен дәрежелі. АҚШ-тың жоғарғы әкімшілік құрылымдарында автономды органдардың саны едәуір көп. ФГР үшін интегралданған басқару жүйесі тән – мүдделердің, олардың үлгілерінің агрегаттануы мен делдалдық. Корпоративті модель мақсаттардың тепе-теңдігі үшін арнайы институттарын құруды қарастырады. Бұл Швецияның, Жаңа Зеландияның либералды корпоративизмі, Жапонияның жеке капитализмі, Швейцарияның «социотарлы» капитализмі. Плюралистикалық үлгіде (Италия, Ұлыбритания) мүдделерді келістіруге арнайы механизмдер жоқ. Олар парламент, үкімет, кәсіподақ, партиялар қатысуымен саяси үрдістер аясында жүзеге асырылады. Мемлекеттің белгілі органдары арқылы мемлекеттік реттеудің екі басты моделі көрінеді. 1. Реактивті (бейімделу) үлгісі, АҚШ-қа тән. Ол нарықтың өзгерістері мен «сәтсіздіктеріне» нақты әсер етуге мүмкіндік береді. Құрылымдардың қозғалмалылығы мен реттеуші органдардың қызметтерімен, макро және микро деңгейде тікелей және жанама реттеудің тетіктерінің құбылуымен, мемлекет пен жеке бизнестің біріккен іс-әрекетінің қосылуымен қамтамасыз етіледі. 2. Реттеудің проактивті үлгісі (Жапония) нарықтық механизмде мүмкін болатын ақауларды мемлекеттің араласуының «дәл» бөлу, мемлекетпен, кәсіпкерлермен келіссөздерде жоспарлауды, үйлестіретін және түзететін ұсынымдар арқылы алдын алады. Мемлекет, әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттей отырып, экономикалық тапсырмаларға, мемлекеттің материалдық мүмкіндіктеріне, реттеудің жинақталған тәжірибесіне тәуелді әдістер мен құралдар жүйесін қолданады. Батыстық теориялар мен әлемдік тәжірибені талдау ұлттық үлгіні құру туралы және мемлекеттік реттеудің қоғамдық нысандары мен әдістерінің стандарт жинағы туралы да айтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік реттеудің соңғы уақыттары қолданылатын әмбебап құралдарын қарастырайық. Мемлекеттік реттеудің әдістері құқықтық (заңнамалық), әкімшілік, экономикалық, тікелей, жанама деп жалпылай бөлінген. Құқықтық реттеу мемлекеттің өндіруші фирмалары мен тұтынушылар үшін «экономикалық ойындар» ережесін бекітуден тұрады. Заңнамалық нормалар мен ережелер жүйесі меншіктің нысаны мен құқықтарын, фирманың келісімшарттар жасасу шарттары мен қызмет етуін, кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің еңбек қарым-қатынастары тұрғысында өзара міндеттерін анықтайды. Әкімшілік реттеу контингенттеу, лицензиялау, квоталау, т.б. шараларды қарастырады. Әкімшілік шаралар жүйесі көмегімен (бекіту, рұқсат беру, мәжбүрлеу) мемлекет бағалар, табыстар, есептік мөлшерлеме, салық курсына бақылау жасай алады. Бірқатар елдерде әкімшілік шаралардың әсер ету аясы қоршаған ортаны қорғау, халықты әлеуметтік қамсыздандырумен шектеледі. Экономикалық әдістер нарықтық байланыстардың сипатына әсер ету және халыққа білім беру аясында біріккен сұраныс, біріккен ұсыныс, капиталдың кончентрациялану деңгейі, экономиканы, әлеуметтік шарттарды құруға әсер ету арқылы нарық алаңын кеңейтуді және экономикалық өсуді қолдануды қарастырады. Осы мақсатта: • Бюджеттік және фискалды саясат; • Ақша-несие саясаты; • Бағдарламалау; • Болжау және жоспарлау. Қаржылық саясат бюджет-салық және фискалды механизмді ұлттық-экономикалық және әлеуметтік мақсаттар үшін қолдануды көздейді. Ақша-несие саясаты Халық банкінің нарықтық механизм элементтеріне және ең алдымен ақшалай айналымның оңтайлылығына жанама әсер ету әдісін қолдануды қарастырады. Мемлекеттік реттеудің жоғарғы нысаны – бағдарламалау, болжау және жоспарлау. Оларды қолдану шаруашылық байланыстардың күрделіленуі мен қысқа, орта, ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуде кешенді шараларды қолдану қажеттігімен байланысты. Аталған мақсатты бағдарламалардың объектілері - (экономиканың аграрлы секторы), аймақтар, әлеуметтік шарттар, ғылыми зерттеулердің бағыттары. Бағдарламалар қарапайым, мақсатты, төтенше болады. Экономиканы қалыптастыру, құрылымдық қайта құру, жекешелендіру бойынша және экономиканы дағдарыстан кейін тұрақтандыру бойынша жалпыұлттық бағдарламалар кең тараған. Нарықтық экономиканың шарттарында экономиканы барынша ұзақ мерзімді жағдайда жоспарлау қолданады. Реттеудің тікелей әдістері билікті өкім беру қарым-қатынасына негізделеді және субъектілердің шаруашылығының нәтижелі болуына және қызмет етуіне әкімшілік әсер етуге тіреледі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің тікелей әдістерінің ішінде экономиканың секторларын мақсатты қайтарымсыз қаржыландырудың әр түрлі нысандары басым, мысалы, аймақтар, фирмаларға субвенциялар немесе субсидиялар, дотациялар беру, арнайы бюджеттік немесе бюджеттік емес жалпыұлттық және аймақтық деңгейдегі қорлардан қосымша төлемақылар, сонымен қатар жеңілдікті несиелер. Аталған әдістердің мақсаты даму басымдығына қол жеткізу, қоғамдық қажетті секторлар, экономика секторларын, халық топтарын қорғау болып табылады. Тиімділігімен қатар аталған әдістің шығын мен бағаның қатынасының бұзылуы, бәсекелестіктің төмендеуі, нарықтың тепе-теңдік сақтау қызметінің нашарлау түрінде болатын жағымсыз тұстары да бар. Экономикаға тікелей әсер етуді мемлекет шаруашылықтың белгілі салаларына инвестициялау арқылы жүргізеді. Бұл екі бағытта жүргізіледі: мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту немес мемлекеттік емес сектордың кәіспорындарын субсидиялау. Біріншісі капиталды қажет ететін және азрентабельді салаларда жүзеге асырылады. Мысалы, көмір өндірісі, темір жол және су көлігі, автомобиль жолдарын ұстау. Сонымен қатар, экономиканы дамытудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету үшін мемлекет нақты кезеңде ғылыми-техникалық прогресті анықтайтын, білікті кадрлар мен ғылыми зерттеулер жүргізу салаларына инвестициялауды жүзеге асырады.
Сурет 10.1 Нарықтық инфрақұрылымды мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік кәсіпкерлік меншіктің басқа нысандарын қолдану жағымсыз салдарын тудыратын салаларда дамиды. Осылайша, қорғаныстық өнеркәсіпте инвестициялау қазыналық кәсіпорындар құрылысына, акцияларын сатып алу арқылы басқа нысандағы меншік кәсіпорындарды ұлттық етуге, сот арқылы оккупанттармен серіктес болған кәсіпорындарды, мысалы, екінші дүниежүзілік соғысынан кейінгі Франциядағыдай тәркілеуге бағытталады. Осы негізде акцияларының жартысы мемлекетке тиесілі аралас кәсіпорындар құрылады. Кәсіпкерлік қызмет мемлекетке жалпыұлттық мәселелер мен маңызды әлеуметтік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекет халықтың өмір сүру деңгейін энергияға, азық-түлікке, қызметтерге шекті бағаларды белгілей отырып бақылайды. Мемлекет реттеуді жекелеген кәсіпорындарды, біріккен немесе меншіктің жеке нысандарын қолдау арқылы жүргізеді және оларға тауарлар мен қызметтерді төмен бағалармен беру немесе субсидиялау арқылы қол жеткізеді. Мемлекет табыстың бір бөлігін ұлттық шаруашылықты дамытуға жұмсайды.Осылайша, президенттер Р.Рейган мен Дж.Буш саясаттары тікелей салымдар және көбінеки салық салудағы артықшылықтар арқылы ірі бизнесті қолдауға бағытталған. Мемлекет білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау сияқты мемлекет көмегінсіз баяу дамитын немесе аталған салалар қызметіне бағалар өте жоғары болатын салаларды қолдау бағдарламаларын жүргізеді. Аталған салалар, сонымен қатар, аграрлық өндіріс, өнеркәсіп, көлік салалары көптеген мемлекеттердің субсидияландыру объектілері болып табылады. Мемлекет ұлттық нарыққа тікелей, сонымен қатар, нарықтың дамуына, құрылымына, көлеміне мемлекеттік тапсырыс арқылы әсер етеді. Мысалы, фирмаға белгілі бір, кей жағдайда, ерекше, дефицит өнімді белгілі бір уақытта өндіруге мемлекеттік тапсырыс беру. Нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады. Салық сипаты тұрғысынан: - Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар жатады. - Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары: 1. Олардың ақшалай табыстарын индексациялау. Оның мәні: инфляция келтірген зиянның орнын толтыруға қызмет етеді, индексацияның түрлері ақшалай табыс индексациясы, сақтық (сақталған) қаржыны индексациялау мен өмір сүру минимумын индексациялау. Индексациялау механизмін мемлекеттік статистикалық органдар тауар мен қызмет көтеруге бағаның өзгеруін бақылап отырады. Осы бақылау тұтыну бағасы индексін есептеуге мүмкіндік береді. 2. Кедейленген топтарды сүйемелдеу. Кедейлік деңгей әлеуметтік тәжірибеде өмір сүру минимумы арқылы өлшенеді. Өмір сүру минимумы деп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін калпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтады. Мұны есептеу тәсілі ең төменгі тұтыну бюджетіне негізделеді. Жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына кеткен шығындарды минималды тұтыну бюджеті деп атайды. Ең төменгі бюджет мөлшерінің құны тұтыну құны индексінің өсуін ескере отырып, жылына 1 рет немесе тоқсан сайын қаралып отырады. Ал, тұтыну баға индексін анықтау үшін «тұтыну қоржынын» белгілеп алу керек. Ол әдетте, ең қажетті тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны – тұтыну игілігі мен қызметінің жиынтығы және адамға қоғамда белгіленген ең төменгі түтыну деңгейінде қамтамасыз ету. 3. «Атаулы» әлеуметтік қорғау (яғни барлық категориядағы тұрғындарды қорғаудан нақты адамды қорғауға көшу). Олардың табыстары ең төменгі жалақыны орташа жан басына шаққандағыдан төмен болады. Осы келтірілген негізгі бағыттармен қатар, мемлекет кедейлік деңгейін төмендету үшін мынадай шаралар жүргізеді: еңбек биржасы арқылы мамандарды даярлау және қайта даярлауды, тұрғындардың жеке топтарын әлеуметтік қорғау механизмн жасау және табыспен аз қамтамасыз етілген тұрғындар тобын қолдау бағдарламасын қаржыландырады.
Қорытынды Үкіметтің экономикалық қызметтері: -нарықтық жүйенің тиімді қызметіне ықпал ететін құқықтық негіз бен қоғамдық атмосфера жасау; -бәсекені қорғау; -тапсырмалардың екінші тобын орындау арқылы нарықтық жүйенің қызметін күшейтеді және модификациялайды; -байлық пен табысты қайта таратады; - ұлттық өнімнің құрылымын өзгеру үшін ресурстарды таратуды түзету; -экономиканы тұрақтандыру, яғни, экономикалық конъюнктураның қозғалысы тудыратын инфляция мен жұмыспен қамтылу деңгейіне бақылау жасау, сонымен қатар, экономикалық дамуды ынталандыру. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілері – салалар, аймақтар, елдің экономикасының калыпты қызметі мен әлеуметтік тұрақтылыққа қажет автоматты түрде шешілмейтін қиындықтары туындайтын әлеуметтік-экономикалық өмірінің шарттары мен жағдайлары.
Дебиеттер 1. Основы экономической теории /ред.Камаев В./ М, 1996 г. 2. Ревинский И.А. «Курс экономики», Новосибирск, 1998 г. 3. Райзберг Б.А. «Курс экономики», М, 1999 г. 4. Самуэльсон П «Экономика», М, 1994 г. 5. Современная экономика /ред.Мамедов О.Ю./, Ростов-на Дону, 1998 г. 6. Фишер С. «Экономика», М, 1993 г. 7. Шишкин А. «Экономическая теория», из-во «Владос», 1996 г. т. 1,2 8. Эклунд К. «Эффективная экономика», М, 1993 г. 9. Экономическая теория /ред. Добрынин А./, М, 1999 г. Тақырып бойынша талқылау сұрақтары: 1. Үкіметтің экономикалық қызметтері. 2. Құқықтық база және қоғамдық атмосфера 3. Бәсекені қорғау 4. Табысты қайта бөлу 5. Тұрақтандыру 6. Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері 7. Бюджеттік және фискалды саясат 8. Ақша-несие саясаты 9. Бағдарламалау 10. Болжау және жоспарлау
ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары: 1. Қазiргi кездегi ақша теориялары және мемлекеттiң ақша-несие саясаты. 2. Қазiргi кездегi Қазақстанның бюджет-салық саясатының ерекшелiктерi. 3. «Лаффер қисығы» нені көрсетеді?
Тақырып бойынша тест тапсырмалары: 1. Мемлекет нарықты экономикада қандай мәселелермен айналысуы керек: A) Қоғамдағы ақшалай табыстарды бөлумен. B) Шектелген табысы бар нақты тұтынушыға оларды ұтымды пайдалану әдістерін анықтай отырып көмек көрсетумен. C) Қолда бар ресурстардан не және қанша өндіру керектігін анықтаумен. D) Қандайда бір топтың немесе барлық адамдардың қалаулары мен талғамдарынан тәуелсіз түрде қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтер шегін анықтаумен. E) Мемлекет жоғарыда айтылған мәселелердің ешқайсысымен де айналыспау керек. 2. Барлық экономикалық жүйелерде жиі кездесетін маңызды мәселе: A) Инвестиция. B) Өндіріс. C) Тұтыну. D) Ресурстар шектеулігі. E) Жинақ. 3. Сыртқы сауда айналымы қалай анықталынады: A) Экспорт плюс импорт. B) Пайданың мөлшерімен. C) Пайыз деңгейімен. D) Өндіріс ауданымен. E) Біріккен кәсіпорындар пайдасымен. 4. Ақша-несие саясатын жүргізу мақсаты: A) Өндіріс көлемін ұлғайту. B) Жұмысбастылық мәселесін шешу. C) Банктер санын көбейту. D) Инфляцияға шара қолданбау. E) Кәсіпорындарды шоғырландыру. 5. Жеке және заңды тұлғалардың бюджетке міндетті төлемдері қандай категориямен сипатталады: A) Қаржы. B) Ақша құралдары. C) Депозит. D) Салық. E) Табыс. 6.Жанама салықтың түрін анықтаңыз: A) Қосымша құн салығы. B) Жер салығы. C) Корпоративті салық. D) Көлік салығы. E) Әлеуметтік салық.
7. Тікелей (тура) салық: A) Табыс алушылардан немесе мүлік иелерінен алынады. B) Бағалы құнды заттардан алынады. C) Көліктен алынбайды. D) Тауар бағасына қосылады. E) Тауар бағасына қосылмайды.
8. Жалпы мемлекеттік салықтар қандай қорға түседі: A) Жергілікті қазынаға. B) Кәсіпорын қорына. C) Жалпы бір қазынаға түседі. D) Банктерге түседі. E) Сақтандыру қорларына түседі.
9. Жеке және заңды тұлғалардың бюджетке міндетті төлемдері қандай категориямен сипатталады: A) Қаржы. B) Ақша құралдары. C) Депозит. D) Салық. E) Табыс.
10. Салық ставкасы мен салық түсімі арасындағы байланысты көрсететін қисық сызық: A) Лаффер қисығы. B) Филлипс қисығы. C) Лоренц қисығы. D) Сұраным қисығы. E) Энгель қисығы.
11. Салық субъектісі: A) Зейнеткерлер. B) Ардагерлер. C) Заңды және жеке тұлға. D) Шет елдік азаматтар. E) Мектеп оқушылары. 12. Экономикаға мемлекеттің араласуы шектеулі болу керектігін қандай мектеп жақтаған: A) Классиктер. B) Маржиналистер. C) Меркантилистер. D) Кейнсиандықтар. E) Институционалистер. Тақырып макроэкономиканың қайшылықтары: циклдық Экономикалық даму. Инфляция және жұмыссыздық. ü Экономика дамуының циклділігі ü Инфляцияның мәні, себептері, түрлері, әлеуметтік-экономикалық салдары. ü Жұмыссыздық: түрлері, себептері. Оукен заңы Мақсаты: Экономикалық циклдың фазаладымен танысып, жұмыссыздықтың мәні мен себептерін анықтау, Оукен заңын есептеу, инфляцияның түрлерін қарастыру, инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланысты қарастыру. Негізгі ұғымдар: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу, инфляция, жасырын жұмыссыздық, фрикциондық жұмыссыздық, маусымдық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, ұшқыр инфляция, баяу инфляция Экономиканың циклдық теориясы оның өсу теориясы сияқты экономиканың динамикалық теориясының маңызды бөлігіне жатады. Бұл теориялар арқылы экономикалық жүйенің дамуы, қозғалысы түсіндіріледі. Макроэкономикалық тепе-теңдік келісімділікпен өзара байланыстылығы, экономикалық құбылысының тепе-теңдігіне осы келісімділіктің оқтын-оқтын бұзылынуының қайталануы арқылы жүзеге асады. Макроэкономикалық үрдістер өлшенетін және бағаланатын экономикалық индикаторлар үшін ұдайы тұрақсыздық олардың өсулері мен құлдырауларының оқтын-оқтын ауысулары және керісінше болулары оларға тән сипат. Бұл өзгерістер экономикалық циклдарды - жұмысбастылықтың, өндірістің және инфляция деңгейлерінің тұрақсыздығын сипаттайды. Көрсеткіштер динамикасы экономикалық конъюнктураны көрсететіндіктен, циклдар теориясын кейде конъюнктура теориясы деп те атайды. Экономикалық цикл – бір құлдыраудың (дағдарыс) басынын екінші құлдырау басына дейінгі уақыт интервалын анықтайды. Циклдың классикалық нұсқасында бір-бірін жүйелі түрде ауыстырып отыратын 4 кезеңді бөлуге болады: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу. Экономикалық циклдың ең бастапқы фазасы – құлдырау. Бұл жағдайда экономикалық өсудің деңгейі мен қарқынының төмендеуі жүреді, одан әрі өнім шығару тоқтайды. Мұндай құбылыс тауардың артық өндірісімен байланысты. Бұл уақытта сатылмаған өнімдердің қорлары бірден ұлғаяды. Артық тауарларды сата алмайтын өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының жаппай банкроттығы жүреді. Өндірістің тоқтауынан жұмыссыздық өседі, жалақы қысқарады. Қоғамда несиелік байланыстар мен бағалы қағаздар нарығы бұзылып, акция бағамы құлдырайды. Барлық кәсіпкерлер қарыздарды өтеу үшін ақшаға деген қажеттілікті қатаң сезінеді. Сондықтан банктік сауда пайызының нормасы өседі. ЖІӨ
Рлеу
Жандану Лдырау ЦИКЛ Тоқырау уақыт Сурет 11.1 Экономикалық цикл Құлдыраудан кейінгі фаза – тоқырау. Бұл уақытта өндірістің құлдырауы, ал онымен бірге бағаның төмендеуі тоқтайды. Бірте-бірте тауар запастары азаяды. Аз ғана сұраныс салдарынан еркін ақша капиталының массасы ұлғаяды, ал банктік пайыз ставкасы төмендейді. Тоқырау кезеңінде тауарлар ұсынысы сұраныстан оза алмайды, сондықтан олардың арасында тепе-теңдік қалыптасады (тауар шығымының тоқтауы сұраныс деңгейіне дейін олардың ұсынысын азайтады). Сол уақытта дағдарыстан шығудың табиғи жағдайлары қалыптасады. Өндіріс құралдарына бағаның төмендеуі және несиенің арзандауы капиталдың қорлануын, жаңа техникалық негізде кеңейтілген ұдайы өндірістің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Келесі фаза – жандану – дағдарыс алдындағы деңгейге дейін өндірістің кеңеюін білдіреді. Тауар қорларының мөлшері нарықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде белгіленеді. Тұтынушылық сұраныстың жандануымен туған бағаның азғана өсуі байқалады. Жұмыссыздық мөлшері қысқарады. Ақша капиталына сұраныс өседі және процент ставкасы ұлғаяды. Келесі фаза - өрлеу. Бұл кезеңде өнім шығару көлемі дағдарыс алдындағы деңгейден асып түседі. Осымен байланысты жұмыссыздық қысқарады. Сұраныстың кеңеюімен тауарларға баға өседі. Өндірістің табыстылығы артады. Несие құралдарына сұраныс ұлғаяды және сәйкесінше банк пайызының нормасы өседі. Қазіргі экономистер циклдың себептерін үш жағдаймен байланыстырады: 1. Сыртқы факторлар: халық санының өзгеруі, инновациялар, соғыс және басқа саяси жағдайлар. Халықтың өсуі өндіріс өсуіне, жұмысбастылық деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Технологияның өзгеруі іскерлік белсенділікті шақырады, инвестициялауға ынталандырады. Саяси жағдай іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді. 2. Ішкі факторлар: тұтыну, инвестициялау және үкімет саясаты. Тұтыну әсері: фирма тұтынушыны барлық тауарлармен қамтығысы келеді, нәтижесінде тұтыну шығындары өседі, жаңа жұмысшылар жалданады. Сондықтан өндіріс көлемі, жұмысбастылық пен сату көлемі өсіп, экономика өрлеу фазасына өтеді. Тұтыну шығыны қысқарғанда керісінше жағдай пайда болады және құлдырау кезеңі басталады. Инвестицияның әсері: негізгі қорға салынған салым жаңа жұмыс орнын ашады, тұтынушының сатып алу қабілетін жоғарылатады – бұл экономикалық өсуге мүмкіндік туғызады. Инвестициялау деңгейі төмендегенде экономикалық жағдай нашарлай түседі. Үкіметтің ықпалы фискалдық және монетарлық саясатпен жүзеге асырылады. 3. Ішкі және сыртқы факторлардың синтезі. Авторлардың пікірінше сыртқы факторлар циклды қозғаушы, ал ішкі факторлар фазалық ауытқуларға алып келеді. Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары: · Ақша несие саясаты · Фискалдық саясат · Жалақы мен тарифтер саясаты · Мемлекеттік инвестициялар саясаты. Инфляция қағаз ақшаның құнсыздануынан болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Инфляцияға ықпал етуші факторлар мыналар: 1. Мемлекет секторының өсуі және мемлекеттің экономикаға араласуы. Бұл мемлекеттік шығындар мен табыстардың теңсіздігіне алып келеді, ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығын туғызады. Бұл жағдайда Орталық банк тапшылықты банкнот эмиссиясымен, ал коммерциялық банктер несиені кеңейтумен, яғни депозиттік-чектік эмиссиямен өтей алады. Нәтижесінде ақша санының өсуімен олардың құнсыздануы орын алады. 2. Бір жағынан трансұлттық корпорациялар ретінде жеке биліктік ірі институттардың пайда болуы, екінші жағынан кәсіпорындардың пайда болуы. Қандай да монополист бағаның жоғарғы дәрежесін ұстап тұруға мүмкіндік беретін тапшылықтың болуын қалайды. Кәсіподақтар да өздерінің мүшелерін қолдау мақсатында осындай саясатты жүргізеді. Бұл баға мен жалақының өсуіне алып келеді. 3. Тауар тапшылығы сұраныстың ұсыныстан алшақтануына алып келеді және осының негізінде бағаның өсуі. 4. Жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтығы 5. Ұлттық экономиканың ашықтығының өсуі және әлемдік шаруашылық байланыстардың кеңеюі "импортталған инфляцияның" қауіптілігін тудырады. 6. Қағаз ақшалардың эмиссиясына бақылаудың болмауы. Бұл нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының пайда болуына алып келеді. Нәтижесінде тауарларға баға өсіп, инфляциялық процестерге негіз пайда болады. 7. Экономиканың рационалдық емес құрылымы. Инфляцияның пайда болуы ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Инфляцияның сыртқы себептеріне сыртқы саудадан түсетін түсімдердің қысқаруы, төлем және сыртқы сауда балансының теріс сальдосы жатады. Ішкі себептеріне халықшаруашылық құрылымдарының деформациясы және шаруашылық механизмнің кемшіліктері жатады. Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі. - Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз. - Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады. Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді: - Сұраныс инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады. - Шығын (ұсыныс) инфляциясы – ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі. - Құрылымдық инфляция – ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі. Болжау арқылы инфляция бөлінеді: - Күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция. - Күтпеген инфляция – ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі. Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады: - Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді. - Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі. - Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары: 1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі. 2. Инфляцияның жоғары қорқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді. 3. Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі. 4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі. 5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі. Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер инфляцияға қарсы саясатты жүргізуге мәжбүр болады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер инфляцияға қарсы саясатты жүргізуге мәжбүр болады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. Елімізде инфляция деңгейі (2013 жылғы қантар 2012 жылғы қантарға) – 6,6% құрады. Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық. Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады. Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді. Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтыну және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі. Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші. Жұмыссыздықтың негізгі түрлері: § Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты. § Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады. § Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады. § Циклдық жұмыссыздық - өндіріс деңгейінің құлдырауынан немесе жиынтық сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты кез-келген мамандық бойынша жұмыс таба алмаудан орын алатын жаппай жұмыссыздықтың аса ауыр түрі. Толық жұмысбастылық – бұл жұмыс күшінің жалпы санында 5,5% және 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін сақтап тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын алады. Бұл көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға болмайды. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Жұмыссыздықтың зардаптары: Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда: - халықтың сатып алу қабілеті төмендейді, - қазына – қор қысқарады, - инвестицияға сұраныс қысқарады, - өндіріс құлдырайды. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі. Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциалдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім. Еңбек нарығын мемлекеттің реттеуі: - Жаңа жұмыс орнын құру және еңбек биржасы арқылы жұмыссыз адамдарға басқа жаңа мамандықтарды игеруге біліктілікті көтеруге көмектесу. - Икемді еңбек нарығын ұйымдастыруға қолдау жасау және барлық әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін ескере отырып толық есепке енгізу. - Еңбек катынастарын заңдылық құқылық нормалармен камтамасыз ету. - Жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау жасау. Елбасының тікелей тапсырмасымен қазіргі уақытта елімізде еңбек нарығын реттеудің және жұмыссыздықты жоюдың жаңа бағыттары қалыптасып іске асырылу үстінде. Жаңа қабылданған «Жұмыспен қамту-2020» Мемлекеттік бағдарламасы және елді индустрияландыру картасы аясында 370 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы үш бағытты қамтиды: 1. Кәсіптік оқытудан кейін жұмысқа орналастыруды қолға алу. 2. Жеке ісін бастаушыға ең алдымен ауылда ұйымдастыруға жәрдемдесу; 3. Тұратын жерінде жұмыс, не бизнес жасауға мүмкіндік болмаған жағдайда осы бағдарлама бойынша дамыған өңірге баруға мүмкіндік беру. Сондай-ақ, осы бағдарлама аясына «Дипломмен - ауылға» бағдарламасын да кіріктіріп оны сәтті түрде жүзеге асыру назардан тыс қалмайтын болады. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі (2012 жылғы 4 тоқсан) – 5,3 % құрады. Монетарлық теорияны жақтаушылар жұмыссыздықтың себебі мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде деп түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып өндіріс процессін реттеуге болады. Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). А.Филлипс 1881-1957 жж. арасындағы Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі мен жалақының ақшалай мөлшерінің арасындағы тәуелділіктің қисық сызығын тұрғызған. Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеп болады.
(Инфляция қарқыны) π
(жұмыссыздық деңгейі) U
Сурет 11.2 Филлипс қисығы
Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өсуі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды. Орытынды Циклдар бір құлдыраудың (дағдарыс) басынын екінші құлдырау басына дейінгі кақыт интервалын анықтайды. Экономика ғылымында экономикалық циклдардың интегралды теориясы болмайды. Әртүрлі мектептердің экономистері циклділіктің әртүрлі себебтеріне көңіл қояды. Мысалы, циклділікті сыртқы факторларымен (экстерналды) байланыстыратын теориялар себептерінің ішінен соғыс, төңкеріс, бағалы ресурстардың ірі кен орнын табуды, технологияны өзгертетін жаңалық ашуды және өнер табысын атап өтеді. Циклділіктің себебтерін экономика үшін ішкі мән-жайлардан деп білетін тұжырымаларды: негізгі капиталдың ұсталу мерзімі секілді, ақша массасының тұрақсыз мөлшері, инвестициялар, жинақтау, тұтыну, мемлекеттің экономикалық саясаттағы өзгерісі секілді факторлар бөліп шығады. Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады. Жұмыссыздық – бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы. Еңбек нарығында тепе-теңдік орын алғанда экономикада толық жұмысбастылық қалыптасады. Бірақ ақпараттың жетілмегендігінен еңбекке қабілетті халықтың белгілі бір бөлігі жұмыс таппай қалады.
Дебиеттер 1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|