ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сұраныс және ұсыныс теорияларының негіздеріНарық барлық жағдайды өзі ғана, мемлекеттердің кірісуінсіз шешеді деп айту оңай емес. Кейнстің көрсетуі бойынша, мемлекет нарық экономикасына әсер ете алады және бұл үшін оның қарамағында қажет құралдар бар. Экономикалық мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі. Осыған байланысты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс – ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды. Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тік осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (D).
Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше. Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді. Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S).
Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады. Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді: 1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі. 2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі. 3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар) 4. Бір-бірін алмастыратын және бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі. Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі. 5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі. Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді: 1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі. 2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі. 3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы. 4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту. 5. Бәсекенің деңгейі 6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі. 7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды. Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға. Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.
Икемділік – бұл сатып алушының интенсивтік реакциясын көрсететін көрсеткіш. Егер бағаның өзгерісі, сатып алу көлеміне қатты әсер етсе, онда сұраным икемді болып табылады. Ал егер, бағада үлкен өзгеріс болмаса, сұранымның бағалық икемділігі сатып алу көлемінің өзгерісін баға өзгерісінің қатынасы арқылы қарастыру керек. Сұраным икемділігі бағаға қатысты болады. Баға 1%-ға өзгерсе, сұраным көлемі салыстырмалы түрде өзгереді, сондықтан тәжірибеде абсолютті шамадан гөрі салыстырмалы шама өз рөлін атқарады.
Қорытынды Нарықтың мәні және қызметтері бәсекеге қабілеттілік жағдайында тиімді қоғамдық өндіріске қажеттілікті көрсететін экономикалық дамудың заңдылықтарымен анықталады. Нарықтық механизмнің элементтері оның толықтығы мен қызмет етуінің сипаты болып табылады. Нарық – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі. Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Экономикалық мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі.Осыған байлансты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.
Дебиеттер 1. Досқалиев С.Ә. Экономика ілімі мен теориясын оқыту әдістемесі. Оқу құралы. Алматы, 2001. 2. Абдуллаев Ә. Экономикалық теория. Алматы, 2004. 3. Филипенко А. Экономическое развитие: цивилизованный подход М., 2002 ж. 4. М.Ы.Жүкібай «Экономикалық теория». Оқу құралы, Астана 2009 ж.
5. Журавлева JI. «Общая экономическая теория (политэкономия)», М. 1999 ж.
Тақырып бойынша талқылау сұрақтары: 1. Нарық дегеніміз не? 2. нарықтың қызметтері және элементтері 3. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы 4. Сұраныс заңын анықтамасын беріңіз және түсіңдіріңіз. 5. Ұсыныс заңынын анықтамасын беріңіз және түсіңдіріңіз. 6. Сатып алушыға керекті тауардың санын не анықтайды? 7. Сұраныс қисығы деген не және сұраныс кестесі, олар қалай бір-бірімен байланысқан? Неге сұраныс көлбеуі төмендейді? 8. Тұтынушылар талғамы өзгеруі сұраныс қисығы бойынша қозғалатын және сұраныс қисығының жақындауына әкеледі ме? 9. Сатушылар ұсынатын тауар санын не анықтайды? 10. Ұсыныс кестесі мен ұсыныс қисығы деген не және олар қалай байланысқан? Неге ұсыныс қисығы күн шығысқа қарай сипатталады? 11. Өндірістік технологиясындағы өзгерістер ұсыныс қисығы бойынша қозғалысқа ұсыныс қисығының жылжуына әкеледі ме? 12. Тепе-теңдік жағдайында болатын нарыққа анықтама беріңдер. Нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін күшті сипаттандар. 13. Нарық тепе-теңдіксіз жағдайда бола ала ма?
ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмалары: 1. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңдері, қайшылықтары мен нәтижелері; 2. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуының жаңа сатылары; 3. Нарық механизмінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Тақырып бойынша тест тапсырмалары: 1. Нарықтың негізгі үш элементі: А) Баға, сұраныс және ұсыныс. В) Баға, сапа және бәсеке. С) Сапа пайдалылық, қажеттілігі. Д) Сапа, саны, баға. Е) Сапа, ұсыныс және сұраныс.
2. Баға мен ұсыныс көлемі арасындағы пайыздық өзгеріс не деп аталады: А) Ұсыныс икемділігі. В) Сұраныс икемділігі. С) Ұсыныс заңы. Д) Икемсіз сұраныс. Е) Бірлік икемділік. 3. Сұранысқа әсер етпейтін фактор: А) Тұтынушы табысы. В) Салық деңгейі. С) Балама тауардың бағасы. Д) Бағаның өзгерісі. Е) Мезгіл.
4.Қандай шарт нарықтық шаруашылықтың қалыптасып, қызмет етуіне кедергі болады? А) Қоғамдық еңбек бөлінісі. В) Экономика субъектілерінің экономикалық бейімделуі. С) Өндіру мен бөлуді қатаң басқару жүйесі. Д) Кәсіпкерлік субъектілерінің тәуелсіздігі. Е) Өндіріс.
5.Егер бағаның 10 процентке төмендеуі ұсыныс көлемінің 10 процентке төмендеуіне әкелсе онда ұсыныс: А) Абсолютті икемді. В) Абсолютті икемсіз. С) Бірлік икемді. Д) Икемсіз. Е) Икемді.
6.Нарық дегеніміз - бұл: A) Тауарлар сататын жер. B) Кәсіпорын тауарларын өткізуге қажетті экономикалық жүйе. C) Кәсіпкерлікке молырақ пайда беретін сауда орны. D) Кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарын ақша мен тауар арқылы кездестіретін экономикалық жүйе. E) Өнім өндіретін және тауарлар сататын жер.
7.Субститут - тауарлар деген нені көрсетеді? А) Бірін-бірі ауыстыратын тауарлар. В) Бірін-бірі толықтыратын тауарлар. С) Бағалары бірдей тауарлар. Д) Бірінші қажеттілікті тауарлар. Е) Шетелде өндірілген тауарлар.
8.Нарықтың негізгі кемшіліктерін атаңыз: А) Қоғамдық проблемаларды шешпейді. В) Қоғамның бай және кедей топтарына бөлінуінің күшеюі. С) Іргелі зерттеулерді қамтамасыз етпейді. Д) Бағаның тұрақтылығы мен табыстың алынуына кепілдік бермейді. Е) Аталғандардың барлығы дұрыс.
9.Жердің ұсынысы: А) Абсолютті икемсіз. В) Абсолютті икемді. С) Икемді. Д) Икемсіз. Е) Біркелкі икемділікпен анықталады.
10.Төлем қабілеттілігі бар қажеттілік: А) Сұраныс. В) Ұсыныс. С) Баға. Д) Тепе-теңдік баға. Е) Тауар.
11.Баға мен сұраныс көлемі арасындағы пайыздық өзгерістер не деп аталады? А) Сұраныс икемділігі. В) Ұсыныс.икемділігі. С) Икемділік. Д) Икемді сұраныс. Е) Икемсіз сұраныс.
12.Сатушы мен сатып алушының үйлесетін баға мөлшері: А) Сұраныс. В) Ұсыныс. С) Шығын. Д) Тепе-теңдік баға. Е) Тепе-теңдік нүкте.
13.Сұраныс заңының түсініктемесі: А) Егер тауардың бағасы түссе, онда біздің сұранысымыз арта түседі. В) Көптеген тауарлар уақыт өте өз орнын жаңа және қызығушылығы мол тауарларға береді. С) Шектеу заңы қажеттілік көлеміне қарамастан кей тауарлардың тұтыну шегін белгілейді. Д) Көп жағдайда төмен бағалы тауар нарыққа осы тауарды жаңа сатып алушыларды әкелмейді. Е) Нақты тауарды өндіруші шекті деңгейде төмен бағалы тауарын бірнеше данадан ұсынбайды.
8-тақырып Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|