ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырыбы: Түсті реңді көзбен қабылдаудың өлшем заңдылығы. Түстік спектрНегізгі қаралатын сұрақтар: 3.1. Түстер туралы негізгі ұғым.Ахроматикалық, хроматикалық түстер. 3.2.Түстердің негізгі түрлері. Пәннің мақсаты: Контрасың өлшем заңдылығы, түстің спектрлі-кеңістік сипаттамасы, түр-түстің суықтық-жылылық түсініктемелері.Композиция қолданылатын негізгі түстер ұғымымен таныстыру. Түстердің негізгі түрлерімен олардың бір-бірімен байланысын анықтау. Қысқаша мазмұны: Түс – композицияда түстердің үйлесімділігі үлкен роль атқарады. Әр-түрлі түстер адамға эмоциялық әсер береді. Мысалы, күңгірт, қара түстер адамға кері әсер етіп, ашық түстер жақсы әсер беріп, көңіл-күйді көтереді. Түстер екі түрге бөлінеді, олар Хроматикалық және ахроматикалық түстер. Хроматикалық түстер екі түрге бөлінеді. Олар жылы және суық реңктегі түстер. Жылы реңкті түстерге қызыл,сары, қызыл-сары, сарғыш реңкті барлық түстер ал, суық реңктегі түстерге барлық көкшіл реңктегі түстер жатады. Күн сәулесін линза арқылы шағылыстырсақ түстердің спектірлік жолақтарын көреміз. Спектрдің негізгі 7- түрлі түсі бар: Ызыл, қызылсары, сары, жасыл-сары, жасыл, көк, көгілдір түстер. Негізгі түстердің арасында аралас күлгін түстер бар. Олар 30-шақты шамасында болады. Спектрдің барлық түстерін хроматикалық түстер деп атайды. Ахроматикалық түстерге түссіз ақ, қара, сұр жатады Түстану — түс туралы ғылым — бояулармен істес болатын суретші таныс болуға тиісті көптеген мәселелерді зерттейді. Күннің «ақ» жарығы шын мәнінде өте күрделі екені және көптеген түстерден тұратыны сендерге физика курсынан мәлім. Нәзік күн сәулесін шыны призма арқылы өткізген кезде ол бұзыла отырып, спектр деп аталатынды, яғни түстердің үздіксіз қатарын құрады, мұнда олар мынадай тәртіппен орналасады: қызыл, қызғылт сары, сары-жасыл, жасыл, жасыл-көгілдір, көк, күлгін түстер. Олардың арасында қатаң шекара жоқ: сары-жасыл, мысалы, жасылға, жасыл — жасыл-көгілдірге және т б. елеусіз ауыса береді. Біз көретін заттардың түсі оларға түскен «ақ» жарықтың тек қайсы бір бөлігін, яғни спектрдің қайсыбір бөлігін ғана шағылыстыруға, ал оның екінші бөлігін жұтып қоюға олардың қабылетілігімен анықталады. Бұл құбылыс іріктеп жұту деп аталады. Мәселен, жасыл дене спектрдің жасыл бөлігін ғана шағылыстырады, ал қалған сәулелерді бойына сіңіреді. Егер осы денеге қызыл шыны арқылы қарайтын болсақ, ол бізге қап-қара болып көрінеді, өйткені қызыл шыны өз кезегінде дене шағылыстырған жасыл сәулелерді жұтып қояды (ал қалғандарын дененің өзі жұтып қойған). Барлық спектрдің түстері және күн спектрінде жетіспейтін қан қызыл (ең шеткі қызыл және күлгін түстердің аралығындағы) түстер түстердің хроматикалық («түстік») шкаласы деп аталатынды құрайды. Ақ заттар бүкіл спектрді шағылыстырады, ал қара заттар, керісінше, бүкіл спектрді жұтып қояды. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша — ашықтығы (ашық-сұрғылт немесе қара-сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынан ерекшеленумен қатар, тағы да екі басты белгілермен — түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Түстік өң — бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшелеп тұрады. Бірақ қызыл таза қызыл немесе ахроматикалық, мысалы, сұрғылт қоспасы бар болуы мүмкін. Соның өзінде ол бәрі бір қызыл болып қалады — сұрғылт қоспа оның түстік өңін өзгертпейді. Егер осындай ашықтықтағы сұрғылт түсті алсақ, онда жаңа (араластырылған) қызылдың ашықтығы да өзгермейді. Алайда түс қалай дегенмен басқаша болады: онда оның үшінші белгісі — қанықтылығы өзгереді. Ахроматикалықтың қоспасынан хроматикалық түстің қанықтылығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтылығы да арта түседі. Сонымен, барлық хроматикалық түс үш параметрмен — ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Хроматикалық түстерді жылы және суық түстер деп шартты түрде бөледі. Жылы түске спектрдің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк-көгілдір бөлігі жатады. Бұл топтар өзінің жылы және суық түстер деген атауын бірі — күн мен от түсімен ойша байланыстырылу, екіншісі — аспанның, су мен мұздың түсімен ойша байланыстырылу арқылы алған. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады және алуан түрлі нақты жағдайларда, үйлесімге байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызылуы мүмкін. Егер бүкіл көршілес түстер біртіндеп өзгере отырып, бірінен екіншісіне ауысатын спектрлік бөлісуді алып, сақинаша исек, онда бүл сақина бірікпейді, себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей, шеткі түстердің — қызыл және күлгін түстердің — арасында өтпелі қызыл-күлгін (қара қошқыл) түстер жетіспейді. Егер оларды қоссақ, шеңбер бірігеді. Мұндай түстік шеңбер бізге түстер жөнінде көп нәрсені түсінуге көмектеседі. Кез келген хроматикалық түске қоспа күйінде алдымен ахроматикалық (іс жүзінде қараға жақын) түс беретін басқа түсті іріктеп алуға болады. Түстердің мұндай жұбы қосымша түстер деп аталады. Мәселен, қызыл-күрең түске жасыл-көгілдір, сары-жасылға — қан қызыл-күлгін қосымша болады және т. б. Іс жүзінде түстік шеңберде мұндай қосымша түстер қарама-қарсы жатады. Бейнелеу өнерінде үш түс: сары, қызыл және көк — негізгі түстер деп есептеледі. Егер бояулар туралы айтатын болсақ, бұл краплак, сары кадмий және берлиндік көкшіл бояу. Осы түстердің кезкелген екеуін араластыру үшіншіге қосымша түс береді: сары және көк жаңсыл түс (қызылға қосымша), көк пен қы-зыл — күлгін (сарыға қосымша), қызыл мен сары — қызғылт сары (көкке қосымша) түс береді.Егер ахроматикалық (сұр) дақты хроматикалық (мысалға, жасыл) фонмен қоршаса, онда сұрдың бетінде өте айқын байқалатын хроматикалық реңк, дәл осы жағдайда қызыл реңк пайда болатыны аңғарылады. Шын мәнінде, жасыл шабындықты бойлай жүгірген соқпақ жол әрдайым ақшыл көк-қызғылт сияқты болып көрінеді. Түстердің мұндай жұбы (фонның түсі және сұрғылт фонда пайда болатын хроматикалық реңктің түсі) контрасты түстер деп аталады. Түстік шеңберде олар қосымша түстермен аздап сәйкес келмей, бір-біріне қарсы дерлік орналасады. Олардың қосымша түстерден айырмашылығы онша айқын байқала бермейді, сондықтан іс жүзінде оларды елемеуге болады.Тікелей көршілес орналастырылған контрасты түстер көзбен көргенде қанықтылығы жағынан бір-бірін күшейтіп тұрады. Бір түстің қоршауындағы екінші түс өзгермеуі үшін бұл түске айналадағы түстен аздап қосу керек. Бұл ахроматикалық түске де қатысты. Мысалы, жасыл фонның қоршауындағы сұрғылт дақ қызғылт болып көрінбей, таза сұрғылт түс болып қабылдануы үшін сұрғылт түске аздап жасыл түс қосу керек. Контур жүргізу түстердің контрастық әсерін күрт төмендетеді. Айқын контуры бар дақ түстік контрастың әсерін мүлдем дерлік сезінбейді.Түстік контрастар заңын түсіну түс іс жүзінде жоқ жерде, яғни бейтарап сұрғылт дақтарда түстік әсерге қол жеткізуге және кез-келген хроматикалык түстің реңкін, көзбен қарағанда оның қанықтылығын арттыра немесе төмендете отырып, өзгертуте мүмкіндік береді. Түсті пайдаланатын суретшінің аса маңызды міндеті — неғұрлым тиімді гармониялық түстік үйлесімдерді табу. Алынған түстер әдемі (гармониялың) немесе нашар (дисгармониялық) үйлесуі мүмкін. Түстік гармониялар бұл белгілі бір тәртіппен орналасқан аз ғана түстердің қисындасуы. 1.Қос түсті гармония — түстік шеңбердегі қарама-қарсы түстердің 2.Үш түсті гармония — түстік шеңбер дәл үш бөлікке бөлінеді. 3.Төрт түсті гармония — шеңбер төрт бөлікке бөлінеді. Төрт түсті а) ең жақсы түстік үйлесімдер — түстік шеңбер бойында үлкен б) неғұрлым интенсивті түстерді интенсивтілігі аз түстермен үйлес- в) хроматикалық түоті ахроматикалың түспен үйлестіруге болады: Алайда түстік гармониялардың заңдары салыстырмалы екенін ұмытпау керек. Оларды қолдану көптеген нақты жағдайларға қарай түзетіліп отырады, сондықтан оларды барлық жагдайлар үшін біржола белгіленген деп есептеуге болмайды. Бояулармен жұмыс істеген кезде түстердің кеңістік қатынастары деп аталатын тағы бір қызықты құбылысты ескерген жөн. Кейбір түстер басқа түстермен қатар тұрғанда бізге алға шығыңқы немесе артқа таман тұрған сияқты болып көрінетіні анықталды. Негізінен жылы, ашық және қанық түстер алға шығыңқы, ал суық, күңгірт және қанық емес түстер артқа таман тұрған сияқты болып қабылданады. Айта кету керек, әрбір нақты жағдайда дақтың сипаты мен көлемі, контур жөне басқа жағдайлар роль атқарады. Біздің түстерді қабылдауымызға, әдемі «сабақтас» түстің пайда болуына жарық, қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта, яғни түрліше боялған заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мәселен, өте күшті жарық жағдайында, мысалға, жазғы ашық тал түсте, жарық түскен жерлерде түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады — ағарып, түссізденеді. Бұлтты күндері немесе көлеңкеде, керісінше, түстер өзінің қанықтылығына ие болады да біздің көзіміз түстік алмасулар мен реңктерді әлдеқайда көбірек қабылдайды. Кейде жаңа айналыса бастаған живописшілер мұны түсінбейді де керісінше жасайды — күшті жарықта тұрғанды ең ашық бояулармен салады, ал көлеңкелердегіні күңгірттеу үшін қара бояуды пайдаланады. «Живописьтің... бүкіл құпиясы,— дейді Б. Иогансон,— көлеңкелер мен жартылай көлеңкелерде (жартылай өң-түстерде)... Жарықтан басқа, түстерді қабылдауға қашықтық, ауа қабаты әсер етеді. Картинаның барлық бояулың үйлесімдері бірыңғай, тұтас, жарасымды реттілікке және өмірлік щынайылыққа ұмтылған кезде, оның мұндай жалпы түстік кейпін живописьте колорит деп атайды. Бақылау жұмысына арналған сұрақтар: 1.Композиция қандай түстер қолданылады? 2. Түстердің негізгі ерекшеліктері қандай? 3. Түстердің бір-бірімен байланысы? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. К.Даглдиян. Декоративная композиция. Феникс.,2008 2. Х.Арризабалага. 1000 орнаментов цветовых комбинациий.М.,2007 3. Фаворский В.А О рисунке и композиции. Фрунзе. 1966. 4. Ф.М.Пармон. Композиция костюма.- Л. Легпромбытиздат., 1985 5. Н.Н. Волков. Композиция в живописи – М, 1977 6. А.О. Бариз. Наброски и зарисовки – М, 1970 7. Н.П. Бесчатнов. «Черно – белая графика» М, 2005 8. Асанова Б., ЖаксыбергеноваА., «Рисунок и графика» Астана-2008; 9. Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990. 10. Макарова М.Н. Перспектива: М., 2002. 11. Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990. 12.Бердник Т.О. Основы художественного проектирования костюма и эскизной графики. Ростов.Д: Феникс, 2001.
Лекция №3 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|