Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Модуль.Модульдік.




Негізгі қаралатын сұрақтар:

Модуль түсінігі.Құрылыстағы және сәулет өнеріндегі модуль.Пропорция және модуль.

Пәннің мақсаты: Модульдің әдіс-тәсілдерімен, негізгі графикалық тәсілдерімен танысу.

Қысқаша мазмұны:

Модуль - заттың, бұйымның және оның бөліктерінің еселік арақатыстығын белгілейтін өлшем бірлігі.

Модуль- ол заттың, объектінің немесе дене бітімінің кез келген бөлігінің көлем бірлігі ретінде алынатын өлшем.

Қоршаған материалдық орта, ғимараттар, көліктер, тұрмыс заттары мен киім адамға қатысты масштабты, практикалық пайдалануда ыңғайлы болуы тиіс.

Пропорция –композиция құралдарының арасында пропорцияның маңызы зор.

Ол бүкіл композиция құрамына негіз болады және форма элементтерінің өлшемдік қарым-қатынасы. Яғни, пропорция математикалық қатынастар түрінде бөліктер мен тұтастықтың өлшемдік байланысы Пропорция ұғымы -күрделі бүтіннің ішіндегі құрама бөліктердің байланысы, яғни бір өлшемнен екінші өлшемге қозғалыс деп түсініледі.

Киімді үлгілеуде пропорция ең басты фактор боп табылады. Пропорция жай және күрделі деп бөлінеді.

Жай немесе арифметикалық пропорциялар еселік және бүтін сандьқ катынастықтарға негізделген. Олардың негізінде біртұтастық басқы өлшем - модуль жатады.

Пропорцияның екінші өте күрделі типі - геометриялық деп аталады. Ол құрылыммен өлшенбейтін (иррационал) көлемдердің қатынасына негізделген. Мысалы, шаршы кабырғаларының оның диагоналіне қатынасы.

Жай пропорционалды қатынастар бөлшек санымен анықталады. Мысалы, жең 3\4, мини белдемше 1\3, пальто 7\8, жемпір 2\3 бүтіннен құралады. Жай пропорциялық қатынастарға қабырғалардың қатынасы 3:4:5 болатын «египеттік үшбұрыш» жатады. Үйлесімділік пропорциясын іздеу сәулет өнерінде, құрылыста, инженерлік ғимараттарда ежелден жүргізілген. Табылған күрделі пропорциялар иррационалдық сандарға негізделген, олар геометриялық құрылым арқылы шығарылатын. Ең үйлесімді иррационалдық пропорция «алтын бөлініс» немесе «алтын пропорция» болып саналады.

«Алтын бөлініс» көптеген табиғи құбылыстардың негізін құрастырушы болып табылады, сондай-ақ болашақта өлшем, табиғат және адам шығармашылығының, сұлулық заңының өлшемі бола алады. Алтын бөліністің мысалы бүтінді екі әр түрлі бөлікке бөлу арқылы алынатын қатынастары, осында, бүтін -үлкен бөлікке, үлкен - бөлікшеге қатысты. Кейбір «алтын бөлініс» қатыстығының жуықтасуын түрлер қатарында келтіруге болады:

- 2\3, 3\5,5\8,8\13 және т.б;

Масштаб және масштабтылық –заттың шын мәніндегі көлемі тек бір-бірімен салыстыру арқылы қабылданады.

Бақылау жұмысына арналған сұрақтар:

1. Модуль дегеніміз не?

2. Модульді моно композиция?

3. Пропорция ұғымы?

4. Пропорцияның негізгі түрлері?

Ұсынылатын әдебиеттер:

11. К.Даглдиян. Декоративная композиция. Феникс.,2008

12. Х.Арризабалага. 1000 орнаментов цветовых комбинациий.М.,2007

13. Фаворский В.А О рисунке и композиции. Фрунзе. 1966.

14. Ф.М.Пармон. Композиция костюма.- Л. Легпромбытиздат., 1985

15. Н.Н. Волков. Композиция в живописи – М, 1977

16. А.О. Бариз. Наброски и зарисовки – М, 1970

17. Н.П. Бесчатнов. «Черно – белая графика» М, 2005

18. Асанова Б., ЖаксыбергеноваА., «Рисунок и графика» Астана-2008;

19. Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990.

20. Макарова М.Н. Перспектива: М., 2002.

11.Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990.

12.Бердник Т.О. Основы художественного проектирования костюма и эскизной графики. Ростов.Д: Феникс, 2001.

Лекция №7






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных