ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырыбы: Симметрия, Ассиметрия ұғымдары.Негізгі қаралатын сұрақтар: Симметрияның көрінісі.Өнердегі симметрия.Сәулет өнеріндегі дизайндағы симметрия.сәулеттік масштаб. Пәннің мақсаты: Симметрия, ассиметрия, контраст, нюанс, динамика,статика, композиция ережелері мен заңдылықтарының негізгі қасиеттерін студенттерге түсіндіру. Қысқаша мазмұны: Симметрия дегеніміз -оң жақ және сол жақ ортадағы вертикальға қатысты адам дене бітімін екі тең бөлікке бөлетін пішін бөліктерінің теңдігі. Кез келген пішіннің құрылыс негізінде симметрия принципі жатады. Симметрия орта-радиалдық (мысалы, гүл пішінінде, теңіз жұлдызы тәрізді) немесе орта-осьтік (мысалы, көбелек, құстар пішінінде) болуы мүмкін. Симметрияның мынадай түрлері болады: - классикалық (бейне, айналым, кеңістіктегі бұрылыстар, жазықтықтағы бұрылыстар симметриясы); - афиндық (созылым, қысым, жылжу симметриясы); - ұқсастық (К — ұқсастық симметриясы, L — ұқсастық симметриясы); - қисық сызықты (айналым, қысымдау, бұзу, жай бүгіліс симметриясы). Симметрия - анық және көрнекті композиция қасиетін, пішін жағдайын белгілейді. Осы тәсіл көмегімен пішін ұйымдастырылады, бұл белсенді композиция заңдылығы саналады. Фигураның ұқсас элементтері симметриялы орналасады. Осьтің немесе жазықтың бір нүктесіне қатысты бірдей орналасқан орталық ось немесе жазық симметриясы деп аталады. Фасонды симметриялы қүру кезінде үлгінің оң жағы сол жағындағы барлык; элементтерді қайталайды, яғни пішінді, конструкцияны, сызықтарды, түр-түсті, бөлшектерді қайталайды (2-сурет). Кейде пальтодағы, костюмдегі, жекеттегі фасонды симметриялы құруда өңір шеті оң жаққа қарай (немесе сол жаққа) орналасқан сияқты болып көрінеді. Бірақ зер салып қарағанда өңір шеті жоғары және ішкі өңір шетімен бірдей қашықтықтағы киім вертикальдық осьте орналасқан болып табылады. Табиғатта абсолюттік симметрияның болмауы себепті костюмде де көбіне симметриядан шегіну болады. Бұл бұйымның арналуына және сипатына, атқаратын қызметіне, кәсіпорындық технология шарттарына, көркем-бейнелілік мақсаттарына, киім жобалауына сәйкес жүзеге асады. Ассиметрия- "Асимметрия" түсінігі симметрияның осі немесе жазықтың симметриясы жоқ кезіндегі элементтердің орналасуын білдіреді. Асимметрия динамикаға әр түрлі деңгейдегі пішінді береді, ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін Костюмнің адам дене бітіміне (ортақ түрінде симметриялы) тығыз байланыстылығын ескере отырып, оның симметриялық орналасуының ерекше белсенділігін арттыруға болады. Сондықтан костюмді жобалау кезінде оның атқаратын қызметінің сипатын анықтау қажет. Практикалық қызметі эстетикалық қызметінен басымдау күнделікті еңбек қызметімен байланысты киімді, симметрия немесе байқалмайтын асимметрияның негізінде орындаған дұрыс. Керісінше, мерекелік үлгілер асимметрия нәтижесінде тамаша көрінеді. Асимметриялық бастау симметриялық пішінде костюмдік аксессуарларды пайдалану арқылы, функционалдық және сәндік элементтердің вертикальдық осьтен жан-жақта орналасуы арқылы дамуы мүмкін. Симметрия бірқалыптылықты, заңдылықты білдірсе, ал асимметрия қимылды, кездейсоқты, еркіндікті білдіреді. Силуэттің симметриялық пішініне ассимметриялық қосылса, ерекше пішін пайда болады. Симметриямен асимметрия үндестігі интуицияның, композициялық бүтіндіктің және композициялық тепе-теңдіктің сақталуын қажет етеді. Симметрия –бұл бүтін затты симметриялық ось бойымен теңдей екі бөллікке бөлу болып табылады және белгілі бір қайталануда солдан оңға, жоғарыдан төмен қарай шағылысуын ұғамыз. Асимметрия –бұл композиция бөліктерінің орналасуы динамикалық қозғалысты білдіреді, бірақ жеке бөліктердің тұрақты салмақты теңестігін байқатады, әрі композицияда тепе-теңдік шешімін табады. Бақылау жұмысына арналған сұрақтар: 1. Геометриялық көлемді денелерден құралған статикалық образды композиция. 2. Геометриялық жазық денелерден құралған симметриялық образды композиция? 3. Ассиметрия дегеніміз не? 4. Геометриялық көлемді денелерден құралған динамикалық образды композиция. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. К.Даглдиян. Декоративная композиция. Феникс.,2008 2. Х.Арризабалага. 1000 орнаментов цветовых комбинациий.М.,2007 3. Фаворский В.А О рисунке и композиции. Фрунзе. 1966. 4. Ф.М.Пармон. Композиция костюма.- Л. Легпромбытиздат., 1985 5. Н.Н. Волков. Композиция в живописи – М, 1977 6. А.О. Бариз. Наброски и зарисовки – М, 1970 7. Н.П. Бесчатнов. «Черно – белая графика» М, 2005 8. Асанова Б., ЖаксыбергеноваА., «Рисунок и графика» Астана-2008; 9. Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990. 10. Макарова М.Н. Перспектива: М., 2002. 11.Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990. 12.Бердник Т.О. Основы художественного проектирования костюма и эскизной графики. Ростов.Д: Феникс, 2001. Лекция №6 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|