ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырыбы: Композицияның негізгі ережелерімен өлшем заңдылығыНегізгі қаралатын сұрақтар: Ырғақ. Ырғақтың анықтамасы.Табиғаттағы және техникадағы ритм.Жазықтықтағы ритм ырғақ. Кеңістіктегі ырғақ.сәулет өнеріндегі ритм. Уақытша ырғақ. Кеңістік-уақытша ырғақ. Пәннің мақсаты: Ырғақтың негізгі түрлерімен танысу. Қысқаша мазмұны: Композиция –құрастыру, шығару деген мағынаны білдіреді.Өнер туындыларын әзірлеу барысында шығармашылық ойды толық жеткізе білу үшін, композиция заңдылықтарын толық меңгеру қажет. Бұл заңдылық бойынша көркем шығарманың барлық құрамдас бөліктерінің гормониялы тұтастығы, сонымен қатар функционалдылығы мен конструктивтілігі ескеріледі. Үйлесімді композицяның маңызды қасиеті, оның тепе-теңдігі болып табылады,бұл жағдайда барлық элементтер өзара теңестірулі болады. Композициялық тепе-теңдік композицияның негізгі массасын, оның орталығына қатысты үйлестіруге байланысты. Негізгі бөліктің немесе композициялық орталықтың болуы, композиция тұтастығын, оның аяқталған көрінісін айқындайды. Композиция құралдары:Композиция элементтерін үйлестіруге композиция құралдары деп аталатын ерекше құралдардың көмегі арқылы қол жеткізуге болады. Композицияны үйлестіру құралдарына пропорция, симметрия, асимметрия, нюанс, контраст, метр, ритм, түс. Ырғақ - кейбір элементтердің (дыбыстар, сөздер, заттар) белгіленген ретпен қайталануы. Ырғак, табиғаттың әр түрлі құбылыстары мен пішіндеріне, еңбек процестеріне, өнер туындыларына тән жағдай. Жазықтық пен кеңістіктегі пішін элементтерінің және аралыктарының (интервалдарының) қайталанбалылығы ырғаңтың сипаттарына жатады. Пішін элементтерінің және олардың арасындағы аралықтардың көп түрде бірқалыпты алмасып тұруы ырғақтық катарларды құрайды. Ырғақтың қатарындағы тығыздық немесе сиректілік элементтердің үлкендігіне және арасындағы аралыктарына тәуелді. Ырғақ түрлері: кему, өсу, шапқылама. Элементтердің, мотивтердің немесе пішіндердің қайталануы екі типке бөлінеді: - қарапайым (статикалық немесе метрикалық); - күрделі (динамикалық) Статикалық ырғақты қатар (немесе метрикалық ырғақ) - бірдей элементтерден және арасындағы бірдей аралықтардан тұратын қатар. Динамикалық ырғақты қатар - элементтердің (мотивтердің) үлкендігі белгілі бір математикалық заңдылықтарға бағынып өзгеріске ұшыраған жағдайда ырғақтың күрделі көрініс алуы. Динамикалық ырғақты қатар келесі өзгерістерге жол береді: - аралықтар ұзақтығы бірдей бола тұрып элементтердің үлкеюі немесе кемуі; - элементтер үлкендігі бірқалыпты болған жағдайда аралықтар ұзақтығының қысқаруы немесе ұзаруы; -аралықтар ұзақтығының қысқаруы немесе ұзаруы және элементтер үлкендігінің өсуі немесе кемуі. Элементтерді кезекпен алмастыру кезінде кейбіреуі «акцент» болып көзге ерекше көрінеді,оларды активті элементтер деп атайды. Акценті жоқ элементтер пассивті болып табылады. Активті және пассивті элементтердің біркелкі алмасып тұруы метр деп аталады. Активті элементтердің біреуінен екіншісіне дейінгі ара қашықтық динамикалық қадамды құрайды. Элементтер қозғалысы жылдамдығының үдеуі - темп. Темп жай және баяу, ұлғаймалы және жылдам болып бөлінеді. Ырғақ, метр және темптің маңызы зор, себебі олар пішіннің динамикасы мен бейненің ұйымдастырылуын, әрі сипатын белгілейді. Әр түрлі мақсаттағы бұйымдарды жасауда темптің, ырғақтың, метрдің әр түрлері қолданылады. Ритм -өлшемдердің немесе форма элементтерінің қайталану заңдылықтары.Ритм табиғат құбылыстарында, табиғат формаларында, еңбек процестерінде, өнер шығармаларында кездеседі.Ритмді құрылым барлық өсімдіктер мен жануарларға тән қасиет. Көлем, бөлшек, сызық, бөліктер және мынадай қатынастар: контрасты, нюансты, тепе-теңдік пропорциялардың қайталану заңдылықтары әртүрлі ритмдік құрылымдарда пайдаланып, эмоцияналды әсер туғызады. Метр –бірдей формалардың белгілі бір арақашықтықта әрі интервалда қайталануын атаймыз.Метрлік қайталану тепе-теңдік пен тыныштықты бейнелейтін статикалық композицияға тән. Метрлік қайталану екі түрлі болып келеді; 1.Белгілі тең интервалда бір форманың қайталануы. 2.Интервал дененің қабырғасы, яғни, бір дененің қайталануы. Тепе-теңдік –бұл барлық бөлшектердің өзара байланысы. Ол композициялық салмақтың реттелуі, орталығына қатысы. Жүктемелі реттілігі, ауырлық орталығы тұрақтылықты айқын көру хабарын беруі тиіс. Тепе-теңдік ырғақ секілді өсімдік әлеміне де жануарлар әлеміне де қатысты.Біз бұйымды массасы конструктивті теңестірілмеген жағдайда толық аяқталған деп қабылдамаймыз. Ол тек заттық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге көру тұрғысында да тұрақты болуы қажет. Бақылау жұмысына арналған сұрақтар: 1. Метр дегеніміз не? 2. Ритм дегеніміз не? 3. Көлем дегеніміз не? 4. Тепе-теңдік дегеніміз не? Композиция құралдары дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 21. К.Даглдиян. Декоративная композиция. Феникс.,2008 22. Х.Арризабалага. 1000 орнаментов цветовых комбинациий.М.,2007 23. Фаворский В.А О рисунке и композиции. Фрунзе. 1966. 24. Ф.М.Пармон. Композиция костюма.- Л. Легпромбытиздат., 1985 25. Н.Н. Волков. Композиция в живописи – М, 1977 26. А.О. Бариз. Наброски и зарисовки – М, 1970 27. Н.П. Бесчатнов. «Черно – белая графика» М, 2005 28. Асанова Б., ЖаксыбергеноваА., «Рисунок и графика» Астана-2008; 29. Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990. 30. Макарова М.Н. Перспектива: М., 2002. 11.Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990. 12.Бердник Т.О. Основы художественного проектирования костюма и эскизной графики. Ростов.Д: Феникс, 2001. Лекция №5 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|