ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырыбы: СтильНегізгі қаралатын сұрақтар: Стиль туралы түсінік.Стиль және түсінік.Қолданбалы өнердегі негізгі стильдер.Стиль және оның өлшем заңдылығымен композициялық ережелері. Пәннің мақсаты: Стиль туралы түсінікті қалыптастыру, стилдің түрлері. Қысқаша мазмұны: Стиль (ағылш. style) сөзінің астарында көркем идеялык, мағынаға негізделген шығармашылық тәсілдер, айқындалған көркемдеу құралдары, тарихи негізделген жалпы белгілері, тұрақты бейне жүйелері деген мағына жатыр. Осы ортак, белгілер сәулет өнерінде, әдебиетте, сурет, кескіндеме өнерінде, костюм үлгісінде көрініс тапқан. Стиль жүйесінің тұрақты: - формальды; - көркем-бейнелі; - әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары бар. Формальдылыққа - талапқа сәйкес силуэтті сызық- тар, конструктивтік және композициялық құрылым, орындау техникасы, декорациялық және түстік өрнектеу шешімі жатады. Көркем-бейнелі сипаттама - адам пропорциясы, этникалық менталитетке негізделген сұлулық типі мен идеалы жөніндегі түсінік. Әлеуметтік-психологиялық аспект - адамның мінез-құлқының, жас ерекшелігінің киім үйлесімділігіне сай келуін қарастырады. Мәдениет, қоршаған орта және киімнің, сәулет өнерімен мен қолданбалы өнердің арасындағы міндетті түрде болуын талап етеді. Ортадағы заттар мен сәулет өнерінің костюм үйлесімділігі мәдениеттің стильдік белгісі боп саналады. Негізінде, стильде сол заманға сәйкес сұлулык. иделы көрініс табады. Стиль қоймасы - өз идеяларын айқындауға ұмтылған суретшілер тудырған бейнелер мен пішіндер. Кез келген тарихи кезеңде костюм пішіні идеясының негізіне бейне мен адамның толық не арық дене бітімі есепке алынады. Дене бітім сәулет өнерінде де модуль ретінде саналады. Ежелгі сәулет өнерінде жеке стиль мен алғашқы бейне негізге алынады. Әрбір ғасырда адамның дене бітімінің эстетикалық идеасы, пропорциясы мен масштабы, түстің және геометриялық пішіннің көлемі дамытылған. Стиль және сән - өзара байланысқан жүйе, олар бір-бірінсіз дамып, өрби алмайды. Әдетте, әр заманда бір уақытта бірнеше стиль өмір сүреді. Атап айтқанда, оларға қолданыстан шыққан, дәл сол кезеңде салтанат құрған және болашақ стильді қалыптастыратын элементтері бар стиль жатады. Әрбір елде басқа елдермен мәдени қарым-қатынас дәрежесіне қарай, саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуына, мәдениетінің өркендеу дәрежесіне байланысты көркемдік стильдің даму эволюциясы бар. Мысалы, Италияда мәдени гүлдену "Ренессанс" деп аталса, Германияда "кеш дамыған готика" деп аталады. Бұдан басқа да жоғары стильдер арасында микростиль -дердің де дамуы мүмкін, мысалы «модерн» стилінде «ар нуво», «либерти» деген микростильдер болды, ал 1890-1900 жылдары «жаңа готика», «жаңа орыс» т.б. стильдер; «ардеко» стилінде(1920ж.)- «орыс», «африкандық», «геометриялық» стильдер т.б. болған. XX ғасырда киім үлгісінде классикалық, романтикальқ, спорттық және фольклорлық стильдер қалыптасып, орнықкан. Өткен дәуірлердегі көркем стильдерге қарағанда аталған стильдер функционалдығымен және костюмді орынды пайдалануымен сипатталады. Адам өмірі мен қоғамның қарқындап дамуы, ақпараттық процестердің өсуі, жаңа технология мен көпшілік нарықтың көбеюінің әсері адамзатқа бір ғана стиль емес, бірнеше стиль пішіні мен пластикалық үлгілерді таңдауына әкелді. 1940 жылдары АҚШ-та сәнді костюм үлгісінде «кантри», «вебтерн», «латынамерикандық» стильдері, 1950-жылдары «ньюлук», «шанель», 1960ж. «космостық», 1970ж. «романтикалық», «ретро», «фольклорлық», «этникалық», «спорттық», «джинсылық», «диффузиялық», «әскери», «ішкиімдік», «диско», «сафари», «панк-стиль», 1980 ж. «экологиялық стиль», «жаңа пираттар», «жаңа классика», «жаңа барокко», «секси», «корсетті», «этникалық», 1990 ж. «гранж», «гламур», «нео-панк», «кибер-панк», «нео-хиппи», «минимализм», «милитари», т.б. стильдер болды. Қазіргі заманғы сәндегі стиль көптігі ерікті түрде туды деп айтуға болмайды. Саяси оқиғалармен, адамзатты толғандыратын әлеуметтік мәселелермен байланысты туған стильдер дамып, құндылығын арттыруда. Жаңа материалдардың және оларды өңдеудің түрлері жаңа стильдердің пайда болуына әсерін тигізеді. XX ғасырда сән мен костюмге айтарлықтай әсер еткен ағым - эклектизм болды. Эклектиканың басты белгісі - стильдер қосындысы, мысалы, романтикалық пен спорттық стильдің үйлесімді байланысы. Соңғы он жылдықтағы киім үлгісінде, әсіресе, эклектика ағымы күшейді. Бүгінгі күнгі дизайнда дәстүрдегі қиыспайтын нәрселерді қиыстыру әдісінің алатын орны ерекше. Суретшілер жаңашылдың іздеудің шексіз мүмкіндігін қарастыруда. Әлемдік сән мінбесіне жібек пен қалың жайма, табиғи тері мен жұқа шифон, қамқа мен қарапайым ағылшын твидін киген модельдер көтерілді. Жаңа стильдердің пайда болуы мен қарқынды дамуына қарамастан, бұрынғыша көптеген әр түрлі сән мен сәндік стильді сапалылығымен жаулап алған «классикалық стиль» маңызын сақтап қалды. Классикалық стильге «агылшын» стилін (классикалық үлгідегі жағалы киім - костюм), «Шанель», «джинсылық», «кантри», «теңізші» стильдерін алуға болады.Көркемдік стильдер мен микростильдерден басқа «автор стилі», «шебердің жеке стилі» деген ұғымдар да бар. Стиль - суретшінің жеке жұмысы, суретші өз стилін жоққа шығаруы да мүмкін, оқшау, шектелген бағыттағы нақты авторлық стильді ұстануы да мүмкін. Кутюрье стилінің шығармашылығы мен киім дизайнерлерінің («Шанель», «Кристиан Диор», «Баленсиага», «Курреж», «Версаче», «Лакруа» т.б.) стильдері өз ерекшеліктерімен көзге түсті. Зерттеушілердің сипаттамасы бойынша стиль сәнге қарағанда тұракты әлеуметтік феномен, бірақ қазіргі қоғам үшін сәннің маңызы өте зор.Сән қоғамдағы барлық (материалды және рухани құндылығы бар) мәдени көріністерге қатысты атап айтқанда: өнер, әдебиет, медицина, әлеуметтану, экономика, философия, техника, саясат, спорттың дамуына байланысты өзгеріп отырды. Сән механизмінің белсенділігі әсіресе мәдениет саласында, түптеп келгенде, костюм дизайнында көрініс табады. Әр еуропалық тілде сән — мода сөзінің аналогі бар: латынша "modus" (өлшем, әдіс, ереже), французша "mode", итальянша "moda", немісше "mode", агылшынша "mode" "fashion". Сән ұғымының бірнеше анықтамасын былайша беруге болады: Сән - белгілі бір қоғамдық ортада қандайда бір көзқарастың, тұрмыстың сырт пішінге, әсіресе, костюмге қысқа мерзімді үстемдігі. Сән - бұл айрықша әдіс, бейне, әлеуметтік ақпаратты өңдеудің өлшемі. Сән - адам тіршілігінің өнердегі, тілдегі, киімдегі мезгілдік өзгерістері. Ол көп жағдайларда іс-қимылдың таңдалымды объектісінің мерзімді өзгеруіндегі жаңа бейнесі ретінде көрінеді. Сәндік өзгерістер өздерінің айқын ашық үстемділігіне қарамастан ұзақ сақталмайды, өйткені адам баласы әр уақытта жаңалыңққа, түрленуге ұмтылады. Сәннің ауысып отыруы, өмірдің тынысы тәрізді, ырғаңқа бағынышты. Сәнді киімге әр түрлі себептер, мәселен, көркем бағыт та, әлеуметтік оқиғалар да, тоқымашылардың экономикалық қулығы да, ұрпақтардың қақтығысы да, өткенге деген сағыныш та әсерін тигізеді. Өткен ғасырларда костюмдегі өзгерістер өте баяу өтетін, сәннің үлгілері ондаған немесе жүздеген жылдар бойы өзгеріссіз қалып отырған. Киімнің негізгі пішіні мен конструкциясы өз қалпында болып, тек аксессуарлары, матасы, жаға-жеңнің әшекейлері түрленіп отырған.Бүгінгі күнгі сәннің өміршеңдік айналымы өте қысқа. Үстем стильдің аясында жаңа идеялар туындап, жаңа сән үлгілері күшіне еніп, көркемдік ерекшеліктерін шыңдап, өзінің ізашарын ақырындап ығыстыра бастайды. Ал үш-төрт жылдан кейін шыңына шығады және сол шыңда бес жылдай үстемдігін ұстайды. Сәннің ішінде әр түрлі вариациялар, ұсақ-түйек өзгерістер, "бір сағаттық калифтер" туындап отырады. Бірақ сән өзіндегі барды толығымен шығармай өзінің негізі бағытын өзгертпейді. Осылайша, бір сәннің орнына келесі сән алмасып келіп отырады, сәнді киім стилінің алмасу процесі он жылдай уақытқа созылады, бұл циклдар XX ғасырда күнтізбелік онжылдықтармен сәйкес келіп отырады, сондықтан "20-жылдардың сәні", "50-жылдардың сәні" т.б. айтады. Жаңа сән үлгілерін халыққа жеткізіп таратушы -актерлер, музыканттар, сән экстремистері, элита, яғни, танылған сәнқұмарлар. Жаңа сәнге үйрену мерзімі екі маусымға дейін созылады, содан күнделікті тұрмысқа еніп, келесі сән үлгілері, оны ығыстырып ескішіл сәнге айналдырғанша өмір сүреді. Ал, едәуір уақыттан соң дәл осы сән үлгілері жаңа сапамен туындауы мүмкін. Әйгілі афоризмде: "Бес жылдан соң жаңа сән ұсқынсыз көрінеді, жиырма жылдан соң - қызықты, ал елу жылдан соң - керемет ғажап көрінеді" деп айтылған. Бақылау жұмысына арналған сұрақтар: 1. Стиль қандай ұғымды білдіреді.? 2. Стильдің негізгі ерекшеліктері қандай? 3. Стильдің негізгі түрлері қандай,? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. К.Даглдиян. Декоративная композиция. Феникс.,2008 2. Х.Арризабалага. 1000 орнаментов цветовых комбинациий.М.,2007 3. Фаворский В.А О рисунке и композиции. Фрунзе. 1966. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|