ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырыбы: ТектоникаНегізгі қаралатын сұрақтар: Пішін және материал. Сәулет өнеріндегі және дизайндағы конструкция жұмысының көркемдік тұлғасы. Пәннің мақсаты: Пішін және материал туралы түсінік оларды пайдалану жолдары. Қысқаша мазмұны: Пішін (форма) қалыптасуы - костюм бөліктерінің адамның дене бітіміне, қоршаған ортаға байланысты өзара әрекет жасау процесі, оның қалыптасуы, дамуы.Пішін калыптасу процесінде бұйымдардың функционалдық, конструктивтік, кеңістік-пластикалық, технологиялық құрылымы пайда болады. Баска сөзбен айтқанда, пішін қалыптасуы - жеке заттарды құрастыру (бөлшектеу және қайта құру).Пішін қалыптастыру костюмді жобалау ісінде үлкен рөл атқарады, себебі бұл процесс композициялық ізденіс пен пішіннің жүйелі құрылымын қажет етеді. Пішін қалыптасуы пішін құруға және пішін элементтерінің өзара үйлесімділік байланысына негізделген принциптерінің жалпы заңдылығына сүйенеді.Пішін қалыптасуы - ең алдымен пішіннің кеңістік пен уақытта «қосылуы». Пішін қалыптасуы пішіннің сапалы және сансыз белгілерінің үздіксіз өзгеруі мен көбеюіне байланысты дамып отырады.Пішін қалыптасуы - элементтердің үнемі орын ауыстырып отыру процесі. Бір қарағанда костюм пішіні жиі өзгермеуі мүмкін. Фактура, матаның түсі, сызықтар, бөлшектері, әшекейлер (жиі өзгеретін сыртқы белгілер) мобильдік элементтер деп аталады. Костюмді пішінге келтіру барысында дәл осы элементтер пайда болады, жоғалады, орын ауыстырады. Оларды пішінге келтіруші мобильді элементтер деп атауға болады.Бұдан басқа да пішінге келтіру процесіне тұрақты немесе құрылымдық элементтер қатысады, олар пішіннің көрініс табуы мен пайда болуына тірек болады. Оған матаның құрылымы, бұйымның тұрақты геометриялық формасы, бөліктерінің пропорциональдық қарым-қатынасы, метрлік параметрлері жатады. Пішін - заттың морфологиялық және кеңістікті-көлемдік құрылымы, о л материалдың мазмұнды өзгеруінің нәтижесінде пайда болады. Киім пішіні (сәулет өнері, жиһаз, ыдыс-аяқтан т.б. айырмашылығы) нақты қозғалыс үстіндегі объектіге -белгілі бір өлшеммен берілген адам дене бітіміне негізделеді. Киім пішінінің көлемі адам дене бітімінің өлшеміне және бойына байланысты қарастырылады. Киім ұзындығы оның қызметімен өзара байланысты. Жобалау процесінде костюм пішіні ең басты орын алады. Киім пішінің пішінің тұтас геометриялык, түрі, оның көлемі, құрылымы, бөлшектенуі (құрастырылуы), материал мен пропорциясын анықтайды. Құрылым негізінде түрлі вариациялары бар пішін базалық деп аталады. Бұйым сериясыныд негізіне жинақталған базалық пішін белгілі бір стильді білдіреді. Стильді базалық пішін сол кезеңнің негізгі белгілерін жинақтап бере алса классикалық болып табылады. Классикалык. пішінде эстетикалық және утилитарлық қызметтердің тепе-теңдігі сақталады. Классикалық пішіннің үлгісі ретінде ағылшын костюмі, свитер, қатпарлы шотланд белдемшесі, пальто-реглан, фрак, редингот, кайьқ-туфли, жейде-көйлек, шалбар, пиджак, жұмсақ фетрлі ерлер қалпағы, құлаңшын, етік тағы да басқа киімдерді алуға болады. Классикалық элементтер біздің заманымыздың бар талабына жауап бере алатын заттар, олар: орамалдар, галстуктер, желбірек т.б. Костюмді жасаудың негізгі шарты - оны белгілеу және пайдалану шарты. Костюм кигенге ыңғайлы әрі әсем болуы керек. Сондықтан оның пішіні, жобалық құрылымы, материалды таңдау, бөліктері мен түсі оның негізгі қызметіне қойылатын (эстетикалық және практикалық) талаптарға сәйкес болуы қажет. Аналогия бойынша пішіннің геометриялық көрінісі дененің силуэті мен костюм пішінінің көлеміне байланысты қарастырылады. Егер өткен ғасырлардағы костюмдерді салыстыратын болсақ, онда қарастырылған пішін ауысымы былай көрінеді: Ежелгі грек костюмі - тікбұрыш, орта ғасыр костюмі - үшбұрыш және трапеция, қайта өрлеу дәуірінің костюмі - шаршы (квадрат), барокко, рококо стилі - сопақша, XX ғасыр стилі - кайтадан тікбұрыш пішінін жалғастырған. Қай кезеңде болсын екі пішін катар дамиды, олар араласа өмір сүре отырып, басымырақ пішін өзіне басқасын бағындырады, бұл пішіндердің әркайсысы өзінің енімен ұзындығының ұзару кезеңін бастан кешіреді. XX ғасыр костюмінің геометриялық пішінінің дамуы үшеуінің біреуіне - тікбұрышты, трапециялық (үшбұрышты) және сопақша түрге негізделді. Пішін дамуына жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесі олардың мүлде жоғалып кетпейтінін, аз уақыт шектеулі күйде қалып, қайтадан жаңарған күйде пайда болатынын көрсетті. Пішін жасау тәсілі костюмнің геометриялық негізі мен материалының сапасына байланысты жүзеге асады. Мысалы, матаның қаттылығы немесе жұмсақтығы, тез жыртылғыштығы пішінге келтіру процесіне әсер етеді. Костюм пішінінің түрі оның конструкциясына да қатысты болады. Киім адамның дене пішініне, ұсынысы мен талабына байланысты (бұйымның технологиялық сапасы мен материал сапасына байланысты) әртүрлі бөлікке бөлінуі мүмкін. Адамның қызмет ету салаларының дамуы киімнің жаңа технологиялық түрлерін (мысалы, астронавтар, экологтар костюмі) туғызды. Өзгеріс белгілері тек пішіннің геометриялық түрінде ғана емес, оның конфигурациясында және көлемінде де байқалды. Бір элементтің өзгеруі басқаларының да өзгеруіне әкеп соғады. Пішіннің массасы оның жеке бөліктері өлшемінің өзгерісіне ғана емес, түрлі сызықтарға, бөлік, бөлшек, фактура, сурет сапасына, түріне, бөлшек өлшеміне және осылармен толтырылуына тәуелді болды. Костюм пішіні эстетикалық талғамға сәйкес силуэті айқын, костюм бөліктерінің пропорциясы анық, элементтердің ырғақты құрамы анық, костюм құрылымына түсі сай болғанда ғана өз тұтастығын сақтап, мақсатқа сай пайдаланылуы мүмкін. Киімнің жағдайы үш қалыпта айқындалады: алдынан қарағандағы көрінісі, артынан және қырынан қарағандағы көрінісі т.б., яғни, силуэті. Фактура костюм колданысында, пішін қабылдауда, оның сәнді элементтерімен қатысында, сән мен пішін қалыптасудың өзара байланысында көркемдік мәнерліліктің белсенді құралы болып зор маңыз атқарады. Фактура - материалдың сыртқы сипатын көзбен қабылдау. Ол жұмсақ, бедерлі, күңгірт, жылтырақ т.б. болуы мүмкін. Пішін бетінің фактуралық шешімі бәрінен бұрын болашақта костюмнің қолданылуына байланысты болады. Мысалы, сыртқы киім түржиынында тегіс беттің жылтырак. және бедерлі (былғары, тері, драп) матамен үйлесімі; сәнді киімде жылтырак, және күңгірт құрылымның былғарымен, жібекпен, терімен, шілтермен; қамқаның органзамен, атластың барқытпен үйлесімділігі болуы мүмкін. Фактура пішіннің құрылымдык. қарым-катынасын көрсетеді, тектоникалық сипатына, костюмнің жеке бөліктерінің үйлесімділік ерекшелігіне рең береді, иллюзиялы түрде маңыздылығын, жеке бөліктерімен элементерінің, өлшемін өзгертуі де мүмкін. Мата фактурасы олардың беттерінің аз бұрмаланған бөлінген көлемі мен тығыздығына байланысты. Фактураның өте кішкентай, көзбен ажыратылмайтын элементтері фактураның пассивтілігін көрсетеді. Кейде олар пішіннің өз элементтері боп қабылданып соншалықты ірі болады, бұл фактуралар активті фактураға жатады. Бір тектес нейтралды беті бар пассивті фактуралар өңдеу (өрлеу) мен сәндік элементтердің өте тамаша фоны ретінде қызмет атқарады. Активті фактуралар өздері сәнді болғандықтан, қосымша сәндеуді қажет етпейді. Материал фактурасын қарама-қарсы қоя отырып, пішіннің конструктивті ерекшелігін активті етіп көрсетуге болады. Бір не екі-үш түстің жарықтық қатынасының қарама-қарсылығын пайдаланып, күшті эффектіге (сапаға) жетуге болады. Егер материал фактурасы мен сурет (өрнегі) өте мәнерлі болса, онда олардың өзара әсері пішіннің әсерінен де күшті болады. Бір модельде әр түрлі фактуралы материалдарды қолдана отырып, әрбір беттің өзіндік ерекшелігін білуге болады. Қарсыласты және нюансты үйлесімді фактураны қолдану бір фактурадан екіншісіне нәзік түрде көшетін композиция құрылуын жасайды. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. К.Даглдиян. Декоративная композиция. Феникс.,2008 2. Х.Арризабалага. 1000 орнаментов цветовых комбинациий.М.,2007 3. Фаворский В.А О рисунке и композиции. Фрунзе. 1966. 4. Ф.М.Пармон. Композиция костюма.- Л. Легпромбытиздат., 1985 5. Н.Н. Волков. Композиция в живописи – М, 1977 6. А.О. Бариз. Наброски и зарисовки – М, 1970 7. Н.П. Бесчатнов. «Черно – белая графика» М, 2005 8. Асанова Б., ЖаксыбергеноваА., «Рисунок и графика» Астана-2008; 9. Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990. 10. Макарова М.Н. Перспектива: М., 2002. 11. Сокольникова.Н.М. Основы рисунка. М.,1990. 12. Бердник Т.О. Основы художественного проектирования костюма и эскизной графики. Ростов.Д: Феникс, 2001. Лекция №8 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|