ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мақаланы өңдеңізМақаланы жариялаудан бұрын, қайта оқып шығып, өңдеу керек. Егер уақытыңыз болса, бір күннен кейін жаңа деммен оқып, түзеткеніңіз жөн. Осы арқылы мақаланың қалай жазғыңыз келгенін және қалай жазып шыққаныңызды салыстырып, айырмашылығын байқайсыз. Көп жағдайда мақаланы дауыстап оқып көру керек. Сонда кейбір сөз тіркестері мен сөйлем құрылымының қатесін түзей аласыз. 2,Шолу. Шолудың жанр ретінде қалыптасып, дамуы XIX ғасырдың екінші жартысында басталды. Тарихшы және журналист НМ.Карамзиннің «Вестник Европы» (1802-1803ж.ж) еңбегіндегі саяси шолу жанры сол кездегі орыс қоғамына сілкініс әкелген құбылыс болды. Декабрист жазушы А.А.Бестужевтің шолулары сол заманда көп оқылған екен. Көптеген шолудың түрлерін В.Г.Белинский, Н.А.Добралюбовтің еңбектерінен кездестіруге болады. Өткен мыңжылдықтың ұлы сыншылары Н.А.Добролюбов, В.Г.Белинский шолу жазып қана қоймай, өздері осы жанрдың теориялық негізін жасады. «Отечественные записки» журналындагы жылдық шолулар сол кезендегі ерекше құбылыс деп бағаланды. XIX ғасырдың шолу еңбектері талантты және даралық сипатта болған. Алайда, өткен ғасырдағы шолудың бір ерекшелігі болды, олар өздерінің белгілері бойынша журналдық шолу болып есептелді.Журналистік мамандықтар қатарында репортерден, комментатордан кейінгі орынды шолушы алады. Бұл қызметтің болуына телевизия тәжірбиесіндегі жанрдың спецификалық берік қабылдануына тікелей қатысты.Газеттік шолу XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында дами бастады. Шолу дегеніміз - маңызды элеуметтік оқиға, құбылыстардың байланысқан мазмұны деее де болады. Шолудың басты мақсаты - оқиганың көрінісін қалыптастыру, онда автор деректер мен оқиғалар, қоғамдық өмірден жан-жақты хабардар ету көздейді.Дерек, оқиға, шолудағы құбылыс жеке-дара қарастырылмайды, ол бүтіннің бөлшегі ретінде пайдаланылады. Шолушы дерек іздейді. Шолуда дерек басты зандылықтың бірі ретінде қолданылады. Шолудың нысаны және тақырыбы шектеусіз. Таңдалған деректер мен көрсеткіштер шолуда шындықты ашып көрсетеді. Шолу дерекгі іздеу, оларды тандау, жүйелеу, толық көріністі көз алдымызға келтіру сияқты әрекеттерімен ерекшеленеді. Деректерді жинақтау барысында ой пайда болады. Шолудың басты қүрамы ол авторлық комментарий болып келеді.Проблема шолудың қақ отасынан орын алады. «Шолу ерекше туынды, оның негізінде басқа жанрда жоқ панорама үстанымы жатыр. Ол сонысымен де ерекшеленеді»,- дейді орыс ғапымы Е.П.Прохоров.Шолудың әр бөлімі жеке туынды емес, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады. Шолудың бөлімдері бір-бірін толықтырып, бір бүтінді кұрайды.
Мазмұны бойынша шолуды келесі топтарға бөлген жөн:
а) Жалпы шолу.
б) Тақырыптық шолу.
Пішініне байланысты да мынандай түрге жіктеуге болады:
а) Ақпараттық шолу.
б) Сараптамалық шолу.
в) Көркем-публицистикалық шолу.
Шолу дегеніміз - болған оқиға мен құбылысты қадағалау жэне ол туралы көпшілікке ақпарат беру. Шолу көпсалалы үғым. Ол омір мен қоғамның барлық саласын дерлік оз бойына топтастырады. Қазіргі күндері газет беттері шолудың тек пішін емес, мазмұны бойынша да жіктелетінін дәлелдеп отыр. Газет беттерінен біз қазіргі таңда тақырыптық шолуды жиі кездестіреміз.
Шолу апталық немесе айлық басылымдарға да тән жанр. Шолу көбінде апталық немесе айлық оқиғаларға немесе қоғамның даулы мэселесінен туған оқиғаға қүрьшып жазылады. Шолу түрлі мақсатта жазылуы мүмкін. Бірі -хроникалық, яғни оқиғаның өрбуі, дамуы мен шиеленісуі. Екіншісі, белгілі бір хроника ескерілмейді, оқиғаға жалпы сипаттама беру. Үшіншісі, өзге ақпарат құралдарында шыққан мақалаларға шолу. Оның негізгі екі түрі жиі кездеседі: біріншісі мен екіншісі. Бірнеше басылымдардағы маңызды оқиғаларды хабарлайтын ақпараттық шолу, екіншісі, нақты бір тақырыпқа қатысты басылым беттерінде жарияланған кең спектрлі пікірлер топтамасын беретін тақырыптық шолу.
Байқау немесе шолу - талдау түсініктемесін қолдана отырып нақты оқиғалармен аудиторияны таныстыратын жанр. Басқаша шолуды «оқиғаның панорамасы» деп те айтуға болады. 3,Сараптама жазуда ескеретін мәселелер.
Емтихан билетi № 3 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|