ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Экзаменационный билет № 10Сұрақтар: Вопросы: 1. Редакциялаудың тар және кең мағынадағы мәні. 2. Сөйлеу мен жазу тілінің ерекшеліктері.
Осы ретте Ресей ғалымы А. Мураковский мына сөзімен келіспеуге болмас: «Журналистиканы салаландыру өте қажет. Мәселен, физика туралы жазатын журналистер кез келген ғалымдармен ядролық физика туралы тең дәрежеде сөйлесе білетін деңгейде болуы қажет. Бұл жерде журналистке жоғары біліктілік, саланы жете меңгергендік қажет болады. Оның әмбебаптылығынан гөрі, салаланғандығы маңыздырақ. Сондықтан да қазіргі уақытта бір саланы жеттік меңгерген журналистерге сұраныс жоғары. Бір саланы жақсы меңгерге журналист ғана сол саланың барлық проблемасын, оны шешу жолдардарында қандай адамдардың жүргендігін білді, оларды сөзге тарта алады, бір сөзбен айтқанда өзіне не керектігін біледі»,Ғылым мен техниканың дамуы адамдардың барлық салада әмбебап болуын қажетсінеді. Мәселен, күнделікті қоғамдық-саяси басылымдарда жұмыс істейтін адам саясатты да, экономиканы да, қажет болған жағдайда мәдениетті де жазып келуге дағдыланған. Өйткені оған қойылған талап солай. Бірақ олай болуы мүмкін еместігін барлығы біледі. Жан-жақты хабардар болуы мүмкін, бірақ барлық саланы бір адам бес саусақтай меңгеруі ақылға сыйымсыз. Сондықтан да болар қазіргі күнделікті, апталық басылымдар редакцияны тақырып бойынша жеке-жеке топтарға бөліп тастаған. Мәселен, экономика, саясат, әлеумет, спорт т.б.Бүгінгі уақытта салалық басылымдарда кездесіп отырған бір проблеманың ұшы осы «әмбебап» кадрларға байланысты болып жатады. Аталған мәселе жайлы Мәдениет журналының бас редакторы Д.Исабеков тіптен жақсы айтады: “Қаптап жүрген журналистердің көпшілігі біздің талабымызға сай келмей жатты. Олардың арасында өнер мен мәдениетті жақсы білетін, олардың ішкі проблемаларына үңіліп қарай алатын, қазақ мәдениетінің жетістіктері мен кемістіктерін әлемдік мәдени процестермен ұштастыра отырып сараптама жасай алатын қаламгерлер сирек боп шықты” [4], – дейді. Негізгі проблеманың бәрі маманда екені баршамызға аян. Сондықтан да салалық басылымдар айналасындағы мәселелер олардың бүгінгі қоғамда атқарып отырған қызметтері жайлы зерттеу артықтық етпесі анық.Жалпы салалық басылымдар бүгінгі уақытта жеке зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі деп шегелеп айтқымыз келеді. Салалық басылымдардың құрылымдық, жанрлық, тақырыптық ерекшеліктеріне жеке-жеке талдау жасау сол арқылы қазақ журналистикасы тарихында салалық басылымдардың орнын анықтау бүгінгі тәуелсіз қазақ журналистикасының маңызды міндеттері деп білеміз.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|