Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экзаменационный билет № 13




Сұрақтар:

Вопросы:

1. Құқықтық-сараптамалық мәселелердің баспасөзде көрініс табуы

2. Өнер, әдебиет, мәдениет тақырыбының жазылуы.

3. Сөз толғау, Сөз дұрыстығы - сөзді, грамматикалық тұлғаларды, сөз тіркестері мен сөйлемді тілдегі мағынасына сай қолдану, шындықты дәл бейнелейтінде етіп жұмсау, орынды пайдалану. Қазақ тілінде самай сөзінің самай шаш, самайын қырау шалған деген мағынада беріліп, адамға байланысты қолданылатыны белгілі. Дегенмен газет-журналдарды оқып отырып мынадай сөйлемдерді ұшыратамыз: "Баса киген түлкі тымағының екі самайына қалың қырау қатқан Өзен қария шанадан түскені болмаса, қозғалмай тұр". Сөзді орнымен пайдаланбаудың бірден бір себебі тіл білмегендіктен емес, мұқиятсыздықтан. Тілдік дағдыға, нормаға байланысты самай, желке дегендер - адамға қарата айтылатын сөздер. Әрине, тымақтың самайы, желкесі болмайды. Адамға қатысты нәрсе айтқанда қолданылатын мұндай сөздерді киімге таңу дұрыс емес.

Қазақ тілінде белгілі бір затты я құбылысты әсерлі жеткізу мақсатында бейнелі сөздер, теңеу сөздер, тұрақты тіркестер көптеп қолданылады. Мысалы, "аса көп мыңғырған мал" дегенді алалы жылқы, ақтылы қой деп те бейнелі тіркеспен айтады:

"Алалы жылқы, ақтылы қой

Аңдыған бөрі жемей ме иесі ұйықтап жатқан соң" (Махамбет Өтемісұлы). От ауызды, орақ тілді Махамбет батыр сөз мағынасын орнымен пайдаланып, айтарын шебер жеткізді. Ал қазіргі таңда қайсыбірі сөз мағынасын Махамбеттей түсіне алады. Мысалы, "Шағын алаңға шықтым. Анадайдан бір отар ақтылы қой шашырай жайылып келеді"(журналдан).,

 

тіл тазалығы -Ахмет Байтұрсынов Сөз өнерінің ғылымы атты еңбегінде сөз талғамының бірден бір шарттары ретінде Сөз дұрыстығы мен Тіл тазалығын алға қояды. Сөзді орынды қолданып, сөйлем мүшелерін ымыраластыру жазушының жауапкершілігі: мақсаты оқырманның не тыңдаушының көңілінен шығу болса, жазушы/сөйлеуші барынша сөз шеберлігіне ұмтылуы тиіс. Ахмет Байтұрсынов сондай ақ кірме сөздер туралы: «Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді ал» деп жазады. Қазан революциясына дейін қазақ тіліне енген араб және орыс сөздері қазақ тілінің фонологиялық ерекшеліктеріне, әсіресе үндестік заңына табиғи түрде бағындырылып, құлаққа сіңісті болып кеткен сөздер. Соның бірі көп мысалға келтірілетін насыбай сөзі носовой табак деген орыс сөзінен келіп, ең қызығы кейін орысшаға аударылғанда насвай немесе нюхательный табак деп беріледі.

 

1935 жылдан бастап Халықтар комисариатының кезекті отырысында қабылданған қаулы бойынша орыс тілінен келген барлық сөздер еш өзгеріссіз, жергілікті тілдердің фонологиялық еркешелектеріне сәйкестірілместен қолданысқа енгізілді.[1] 1940-жылы қабылданған жаңа әліппе бұл үрдіске үлкен септігін тигізді. Нәтижесінде Қазақ тілінің сөз қорының қырық пайызы басқа тілдерден келген сөздер болып шыға келді. Бұл үрдіс қазақ тілінің табиғи дамуына кері әсерін тигізгені сонша, әлі күнге дейін көп тілшілер мен блогшылар Байтұрсынов айтқандай «даяр сөздерді алғыштап», кейде шамадан тыс шұбарлап жібереді.Талқыға салғым келіп отырған мәселе өздеріңіздің де көкейлеріңізде жүрген шығар. Қазіргі интернеттің барлық тілдердің дамуына үлкен әсер етіп отырғаны түсінікті. Қазақ интернеті де біртіндеп екпін алып келеді. Осы орайда тілшілер мен блогшылар «тіл тазалығы» мәселесінде шешуші орын алады десем, қалай қарайсыздар? Мысалы, кірме сөздерді қазақ сөздерімен алмастырып қолдана берсе, бірнеше жылда қолданысқа еніп кетпей ме? Жуықта затор сөзін қалай берерімді білмей басым қатты. Профессор Сауранбаевтың жетекшілігімен құралған Орысша-Қазақша сөздігінің үшінші басылымында (2005) кептелме, іркіліс деп берілген. Сіз таңеретең кептелмеге кептеліп, жұмысқа кешігіп келсеңіз, «Құрғыр кептелменің кесірінен жұмыстан қалдым!»- деп айтасыз ба?,

Тіл анықтығы

Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болу керек. Адам анық танитын нәрсесін анық атайды да, көмескі танитын нәрсесін көмескі, күңгірт атайды. Сондықтан біреудің айтқан сөзін анық түсінеміз де, біреудің сөзін анық түсінбей, жорамалдап, жорып, ұйғарып қана қоямыз.,

 

Тіл дәлдігі

Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады. Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек. Тіл дәлдігін бұзатын амәндес сөздер.Амәндес сөз деп мағынасы жақын сөздер айтылады. Мәселен, батырлық, ерлік, батылдық, өткірлік, өжеттік деген сияқты сөздер. Мұның жүректілікті көрсеткенімен, әрқайсысының өз алдына өңі бар. Өңін танымай, яки аңғармай, бірін бірінің орнына айтса, лұғат дәлдігіне кемшілік келтіреді. Және де тіл дәлдігіне мынадай орындарда кемшілік келеді., тіл көрнектілігі дегеніміз не?

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных