ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Экзаменационный билет № 16. 1. Публицистика дегеніміз не?Сұрақтар: Вопросы: 1. Публицистика дегеніміз не? Көсемсөз, публицистика (лат. publіcus – қоғамдық) – әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы.Публицист сөзі <<Публицистика>> деп аталатын жанрға қатысты пайда болған. Публицист публицистикамен айналысатын адам. Публицистика- латынның <publich>- қоғамдық деген сөзінен шыққан, яғни өмірдің әлеуметтік, өндірістік, ғылыми, мәдени және бсқа құбылыстарын өмірдеректерін негіз ететін әдеби жанр. Публицистика белгілі бір күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзұарастарымен байланыстырады. Көсемсөз халықтың рухын көтеретін ұшқыр да уытты көркем тілмен жазылады, көпшілікті игі іске шақырады, бір мақсатқа жұмылдырады 2. Жастар баспасөзінің тілі мен стилі. 3. Тіл қисыны дегенді қалай түсінесің?Тіл қисыны дегеніміз асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым. Лебіз ғылымының мақсаты асыл сөздердің асыл болатын заңдарын білдіріп, түрлерін танытып, әдебиет жүзіндегі өнерпаздардың шығарған сөздерінің үлгі-өнегелерімен таныстырып, сөзден шеберлер не жасағандығын, не жасауға болатынын көрсету.Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға мәселен, түрлі зат керек. Ол керек зат – топырақ болса, оны біріктіріп илейді, илеген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Үйдің жақсы-жаман болып шығуы балшығынан да, кірпішінен де болады. Бірақ көбінесе кірпіштерінің қалауынан болады. Кірпіш қандай жерде қалай қаланып, қандай үй болып шығуы жасаған жобаға қарай болады. Неғұрлым жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым салған үй сәулетті, әдемі болып шықпақ.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|