Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сараптаманың басты ерекшелігі.




3,Корреспонденция туралы түсінік. Корреспонденция - негізі және ең көне оперативті газет жанрларының бірі. Корреспонденцияның міндеті - өмірдің бір пұшпағын көрсету, оның мақсаты - бір немесе бір топ фактіні талдау, саяси, экономикалық және мәдени өмірден бір оқиғаны, құбылысты көрсету. Мақалалардан айырмашылығы корреспонденцияда фактілер мен мысалдар орталық, өзекті орынды алады. Фактілерді жинап, автор әуелі оларды сипаттап жазады және осы фактілерді талдау негізінде тиісті қорытындылар жасайды. Демек, корреспонденцияларда хабарлаған фактілерді басқа, тіпті тепе-тең фактілермен алмастыруға болмайды. Мақала мен корреспонденцияның арасындағы принципиальды айырмашылық туралы қысқаша былай деуге болады: мақалада автор жалпыдан жекеге қарай, ал корреспонденцияда жекеден жалпыға қарай айтылады. Корреспонденцияны жергілікті жерде болмай, хат жағдайын егжей-тегжейлі зерттемей, оның тақырыбына қатыстылардың бәрін білмей тұрып жазуға болмайды. Демек, корреспонденцияға, ең алдымен, оперативтілік, тақырыбының нақтылығы және адресінің дәлдігі тән қасиет саналады. Кейбір журналистер корреспонденция -мақаланың алғы шарты деседі.Алайда, корреспонденция дегеніміз - тек сипаттан жазу тұрғысындағы материал ғана, онда үлкен пікірсіз-ақ өтуге болады деу дұрыс қорытынды болмас еді. Таза информациялық корреспонденция да болатындығы түсінікті, бірақ олар да ерекше нысаналы міндетті атқарады және бұларды сипаттап жазу белгісіне қарамастан, белгілі бір идея жүргізіледі. Корреспонденцияда, көбінесе тек фактілер ғана сипатталып жазылмайды. сонымен қатар олардың мән-жайы, ішкі мағынасы ашылады, әрекет болған жердің егжей-тегжейлері хабарланады, оқиғаның толық, байланыстырылған картинасы, кейіпкерлердің сипаттамасы беріледі. Мұнда автордың осы фактіге немесе құбылысқа көзқарасы білдіріледі, оның бағасы беріледі.

 

Емтихан билетi № 9






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных