ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Экзаменационный билет № 8Сұрақтар: Вопросы: 1. Жолсапар очерктері. Очеркті көркем-публицистикалық жанрдың «патшасы» деп атайды. Бұл ең қиын жанрлардың бірі, себебі ол журналистен шынайы әдеби шеберлікті талап етеді. Очеркте аналитика және бейнеліліктің бастамалары бірлеседі. Бір сөзбен айтқанда, журналист тек фактты ғана емес, сонымен қатар, көркемдеу әдістерін де қолдану қажет. Очерктің басты үш түрі:портреттік очерк;проблемалық очерк;жолсапар очерк;Осылардың ішінен жолсапар очеркке тоқталсақ,жолсапар очерк – бұл автордың сапар кезіндегі оқиға немесе кездесулерінің суреттелуі. Бұл жанр авторға фантазия мен әдеби шеберлікті қолдануға көбірек мүмкіндік береді. Басты проблема – ақпаратты сараптау, себебі сапардан кейін көп әсерлер қалады, алайда, олардың қайсысы қызықты, қайсысы маңызды екенін түсіну қажет. Жолсапар очерктің бірнеше мақсаты бар, мысалы, әр түрлі елдегі адамдардың өмірін көрсету т.б.Жолсапар очеркіне баспасөз зерттеушісі Д. Баялиева мынадай анықтама береді: «Бұл очерк жанрының ең көне түрі. Ол автор жол-жөнекей көрген-білгенін, кездесулер мен куәсі болған оқиғалардың негізінде жазылады. Автор өзін толғандыратын әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, салттық-саналық мәселелерді ғана іріктеп әңгімелейді».Жолсапар очерк – публицист-суретшінің жазудағы ең ашық формалардың бірі. Жазушы материалды еркін жеткізіп, оқырманмен ашық қарым-қатынаста болады. Осы очерктің түрінде тарих, статистика, жаратылыс ғылымдардың элементтері мен саясатқа қатысты мәселелерге пікір білдіру, жеке ойлар, сезімдер бар.P.S. Жолсапар очерктің тамаша үлгілері: М. Әуезовтың «Үндістан очерктері», «Америка әсерлері», Б. Момышұлының «Кубадағы кездесулер» мен Н. Оразбековтың «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы». Портреттік очерк. Көп ретте автор кейіпкердің публицистикалық образын жасайды. Мысалы, ол адам әлеуметтік топтың не кәсіптің өкілі болуы мүмкін. Осындай очерктің түрі саяси портрет деп аталады. Кейіпкердің (президент, парламент депутаты, әкім, қоғам қайраткері) жұмысына баға беріледі және саяси биографиясының маңызды кезеңдері мен эпизодтары көрсетіледі. Саяси портреттерді көбінде сайлау алды кампаниялар кезінде жариялайды.Егер де кейіпкерге көркем сараптама тұрғысынан жасалынған очеркті қарастырсақ, оның саяси, іскер, интеллектуалды ұстаным негізінде дайындалған сараптамадан өзгеше екенін байқаймыз. Суретші-автор мен ойшыл-автор бір-бірімен полемикаға түскендей болады. Көркемдеу әдісі авторға образдың типтік болуына ықпал жасап, кездейсоқ ұсақ-түйектерден арылтады, саяси, іскер, кәсіби, экономикалық немесе басқа сараптамадан тәуелсіз, тұлғаның рухани жақтарын көрсетеді. Ондай очерктер ақын-жазушыларға, әртістерге көптеп жасалынады. Проблемалық очерк. Осы очерк түрінің негізі – әлеуметтік маңызды мәселелер. Мысалы, саясат, экономика, имандылық, этика т.б. Очерктің авторы маңызды проблемалардың шешуіне ықпал жасауға тырысады, өзінің оппонентімен полемикаға түседі. Логикалық құрылымға қарай проблемалық очерк аналитикалық жанрларға жақын, мысалы, мақалаға. Бұл ұқсастықтың себебі – зерттелінетін проблеманың мәртебесі. Мақала мен проблемалық очеркте автор проблеманың себебін ашуға тырысады, оның бағытын болжамдайды, шешуші жолдарды анықтайды. Соған қарамастан, проблемалық очеркті проблемалық мақаладан ажырату қиын емес. Оның ең басты ерекшелігі – проблемалық очеркте проблемалық жағдай ешқашан да «жалаң түрде» көрсетілмейді, яғни, статистикалық заңдылық немесе ортақ пікір, ортақ шешім түрінде жеткізілмейді, бұл мақала жанрына тән. Очерктегі проблема – өмірде бар жағымды және жағымсыз мінезді адамдар өтуге тиісті тосқауыл іспеттес. Очеркистпен талқыланатын проблема адамдар мүдделерінің күресі немесе конфликті арқылы көрсетіледі. Бұл конфликтер мен олардың дамуын зерттей келе, автор проблеманың себебін түсіндіре алады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|