ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық себептеріЖаратылыстану ғылымдары — табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Еуропада қайта өрлеу кезеңінде (15 ғ-дың 2-жартысы) табиғатты жете зерттеуге байланысты қалыптасты. Кейін, 18 ғ-да Жаратылыстану ғылымдары бірыңғай жүйеге келтірілді. Жаратылыстану ауқымы түрлі табиғат нысандарын (ғарыштық жүйеден бастап микродүниеге дейін), дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біздің планетамыздан тыс жатқан нысандарды, сондай-ақ, Жерді қамтиды. Жаратылыстану ғылымдары біріншіден, ғылыми дәлдігімен және жүйелілігімен, екіншіден, табиғат қорларын пайдалану құралы ретіндегі өзінің практикалық мәнімен ерекшеленеді. Жаратылыстануға енетін ғылымдар былайша топтастырылады: 1) физика, химия; 2) биология, ботаника, зоология; 3) анатомия, физиология, генетика; 4) геология, минералогия, палеонтология, метеорология, география (физикалық); 5) астрономия (астрофизика және астрохимия). Кейбір табиғат зерттеуші ғалымдар математиканы Жаратылыстану ғылымдарына жатқызбайды, бірақ, осы ғылымдардың таным құралы ретінде қарастырады. Жаратылыстану ғылымдарын зерттелу әдісіне қарай нағыз деректер мен байланыстарды зерттей отырып, ережелер мен заңдарды қорытып шығаратын сипаттаушы және дерекпен байланысты математикалық формалармен толықтырып отыратын дәл ғылымдар деп ажыратады. Табиғат туралы нақты ғылым зерттеулермен шектелсе, қолданбалы ғылым (медицина, ауыл шарушылығы, орман шаруашылығы және техника ғылымдарын жалпы алғанда) ғылыми зерттеулерді және табиғатты өзгертуге пайдаланылады. Жаратылыстанудың теориялық мәселелерін айқындау үшін табиғат заңдары қолданылады. Энергияның сақталу және айналу заңының, Эйнштейннің салыстырмалық теориясының, Дарвиннің эволюциялық ілімінің жасалуы, сондай-ақ, ғылымның жаңа салалары: кванттық механика, генетика, кибернетика, астрофизика, т.б. жедел дамуының нәтижесінде философия ғылымы теориялық жағынан байытыла түсті. Жаратылыстану ғылымдары қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің негізі болып табылады; 6. Ғылыми теория: анықтамасы, дәрежесі, мағынасы, мәні. Fылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады. Теория - бұл тәжірибенің, практиканың немесе бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық гипотезалар. Алғашқылары - жекелеген заттар, жағдайлар мен процестер туралы болжамдар мен жорамалдар. Жаңа гипотезалар оның алдындағылардың көмегімен түсіндіріле алмаған айғақтарды жүйелеп, түсіндіріп, болжауды мақсат тұтады. Егер жаңа гипотезалардың салдарлары бақылаулар және эксперименттермен дәлелденетін болса "яғни, верифицияланса (латынша verus –ақиқат), онда мұндай гипотезаны жоғары деңгейдегі ақиқат ұсыныс немесе, ғылымның заңы ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да Ф.Энгельс гипотезаны “жаратылыстаным дамуының формасы” деп атайды. Сонымен, теориялық білімдер өзінің құрамына практикада дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шындық ретінде мойындалмаған, бірақ теріске де шығарылмаған айғақтық және теориялық гипотезаларды да әр түрлі эмпирикалық түйіндерді де кіргізеді. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым қатаң және тексерілген бөлігі болып табылады. Өзінің логикалық формасы жағынан өзара бір-бірімен белгілі бір логикалық қатынастармен байланысқан пікірлердің (заңдардың) жүйесі болып көрінеді. Теорияны құрайтын пікірлер күмәнсіз, дәлелденген, объективті шынайы болуы тиіс. Салдарлар туындайтын ұсыныстар, әдетте теорияның постулаттары, принциптері немесе аксиомалары деп аталады. Әрбір жекелеген теориядағы мұндай ұсыныстарды негіздер деп те атауға болады, бірақ олардың өзі өзге кеңірек және тереңірек теориялардың салдарлары болуы да мүмкін. Әрбір ғалым өз мәселелеріне шығармашылық тұрғыда келуі мүмкін, алайда бұл шығармашылық теория заңдарының белгілі бір шекараларымен шектеледі және сонымен реттеледі. Егер ғылыми шығармашылық бекітілген ережелерге бағынбаса, онда не жаңа теория шығару қажет, не ескісін қайта құру қажет, ең болмағанда берілген шығармашылық идеяны қате деп мойындау қажет: реттеушілік шығармашылыққа тыйым салмайды, бірақ оның нәтижелеріне дәл баға беру мен оның қаншалықты өзін анықтайтындығын түсінуді талап етеді. Ақырында заңдардың жүйелеуші функциясы берілген пәндік саладағы элементтер мен жай-жүйелерінің арасындағы өзара бағыныштылық (субординация) пен өзара әрекетін бекітуге мүмкіндік береді. Fылымның құрамына әрқашанда теориялық білімдер кіреді. Оның мазмұнын жекелеген гипотезалар, заңдар және қатаң құрастырылған ғылыми теориялар құрайды. Қазіргі ғылым қалыптасқанғанға дейін танымдық міндеттер өте жай және ұзақ уақытта шешілетін еді. Ол үшін ондаған, тіпті жүздеген жылдар кететін еді, себебі шешімдердің ізденісі сынау мен қателіктер арқылы, эмпирикалық жолмен ғана жүрді. Қазіргі ғылыми танымның қалыптасуы барысында ғылыми теориялардың көмегімен мұндай шешімдердің іске асу уақытын ондаған және жүздеген есе қысқартуға мүмкіндік туды. Ол үшін тек ғылыми теория ғана құру қажет, онан белгілі ережелерге сәйкес салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде көптеген берік салдарларды, алуға болады. Шындығында теория құрудың өзі орасан зор күш-жігерді талап етеді және қоғам үшін қымбатқа түседі, яғни ғалымдарды дайындауға, құрал-жабдыққа, шикізатқа, экспериментке орасан зор шығын кетеді. Оның есесіне, ең құнды нәрсе уақытты ұтуға болады. Бүгінгі күнгі техникалық прогрестің өте жедел қарқыны күннен-күнге ашылып жатқан ғылыми жаңалықтардың үдемелі жылдамдықпен өндіріске еніп жатуымен де сипатталады. 7. Эмприкалық зерттеудің ғылыми әдістеріне талдау жасаңыз. Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді. Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау. Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау. Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді.
8. Ғылыми танымның құрылымы мен функциялары. Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның теория ауқымында жанама, екінші рөл атқарады. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан тіреп, рационалды түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі абстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті – мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, идеализациялау, синтез, дедукция, асбстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді.Құрылымы: 1) эмпирикалық базис-тәжірибелер барысында анықталған ж/е теориялық түрде қорытындылауды талап ететін білім фактілерінің жиынтығы. 2) теориялық логикалық аппараты д/з теория шеңберінде қарастырылатын қорытындылар мен дәлелдер. 3) теорияның өзі қалыптасуы, яғни дәлелдемелермен алынған белгілі бір тұжырым. Қосымша негіздері: 1-семиотикалық негіздер-белгілі бір теориялардың тілін қалыптастыру ережелері. 2-методологиялық негіздер-белгілі бір ғылым пайдаланатын әдістемелер. 3-логикалық негіздер-бұл теория терминдерінің логикалық түрде жүйелейді. Әдетте парадигма ұғымы қабылданған модель, үлгі дегенді білдіреді. Бірақ Т. Кун бұл түсініктер парадигманың анықтамасын толық ашпайды деп есептейді, себебі бұл мағынада парадигма бұрын жасалып біткен жұмыс дегенді білдіреді, сонда ғалымдардың келесі тобы немен айналыспақ? Кунның пікірінше, парадиг-маларды жалпы заң ретінде қолданылатын, бірақ сонымен бірге жаңа және қиын жағдайларда одан әрі жетілдірілетін және нақтыланылатын объект деп түсінген дұрыс.Парадигмаларды қолдану ғылыми ізденісті жеделдетеді, себебі ғылыми мәселелерді шешудің басқа бәсекелес жолдарын қолданғаннан гөрі қабылданған парадигмаларды қолданған қолайлы және нәтижелі.
9. Ғылыми рациональдық концепциясының ұғымы мен ерекшелігін қарастырыңыз. Ғылыми рационалдылықтың алғышартына ғылымның дүниені ұғымдар арқылы меңгеріп, игеретіндігі жөніндегі факт жатады. Ғылыми-теориялық ойлау ең алдымен ұғымдық қызмет ретіндегі сипатталады. Рационалдылық тұрғысынан, ғылыми ойлау өз негізінде ғылыми ұғымдар мен пікірлердің логиканың байланысы жатқан дәлелдік пен жүйелілік сияқты белгілермен сипатталады. Философиялық ойлаудың тарихында ғылыми рационалдылық жөніндегі түсініктердің даму этаптарын келтіруге болады. Антикалық дәуірден басталған бірінші этапта ғылыми рационалдылықтың дедуктивтік үлгісі патшалық құрды. Бұл үлгі Аристотельдің метафизикасын, Евклидтің “геометрия бастамаларын”, Р.Декарттың физикасын негіздеуде жатыр. 17-18 ғасырларда Ф.Бэкон мен С.Милль ғылыми білім мен ғылыми әдістің индуктивтік үлгісін ұсынды, мұнда ғылыми білімнің дәлелі мен негізін айқындаушы фактор ретінде байқау мен эксперимент барысында алынған фактілер мен тәжірибелер көрініс береді. Бұл үлгіде ғылыми рационалдылық ғылыми ойлаудың эмпирикалық күштеуімен теңестірілді. Бұл тәсілге қарсы шыққан Д.Юм эмпирикалық таным индуктивтік пайымдаулардан негізделеді деген болатын. 20 ғасырдың 50 жылдары рационалдылық мәселесіне К.Поппер назар аударады.Ол фактілер негізінде ғылыми тезистердің ақиқаттығын дәлелдеу мүмкіндігін теріске шығарып, бұған қажетті логикалық тәсілдер жоқ деген болатын. Дедуктивтік логика ақиқатты индуктивтік бағытта тарата алмайды, ал индуктивтік логика миф болып табылады.Ғылыми рационалдылықтың негізгі критериіне білімнің дәлелдендігі мен нақтылығы жатпайды, оның терістеушілігі жатады. Ғылыми рациональдылық мәселесімен байланысты тағы бір мәселе-ғылыми зерттеудегі мақсаттың құралдарға сәйкесуі болып табылады.Таңдап алынған әдістер мен құралдардың алға қойылған мақсатқа сәйкестігі рациональдық қызметке тән басты ерекшелік болып табылады. Ғылыми рациональдылықты нақты, аяқталған үлгісін жасау мүмкін емес.Өйткені ғылыми рациональдылықтың өзі тарихи тұрғыдағы дамытушы, яғни эволюцияландырушы идеал болғандықтан бұған ғылым ұмтылады бірақ мұнда ғылым толығымен жүзеге асырылмайды.
10. Позитивистік ғылыми программаның эволюциясы. ХХ ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми-техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, әмбебаптық (глобальдық) проблемалардың шиеленісуі, көптеген социалистік елдерде тоталитарлық режимдердің қалыптасып-қирауы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың салдары т.б. Осылар сияқты маңызды оқиғалар, жалпыадамзаттық өркениеттің (цивилизация), мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда, түбегейлі өзгерген философиялық ой төңірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді. Солардың бірі – неопозитивизм еді. Неопозитивизм философиялық ағым ретінде 1922 жылы құрылған вена үйірмесінің қызметімен байланысты дүниеге келді. Ол өзінің даму сатысында 3 кезеңнен өтті. Біріншісі ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары қалыптасқан Огюст Конт (1798-1857 ж), Джон Стюарт Милль (1806-1873 ж.) және Герберт Спенсердің (1820-1903 ж.) Позитивистік ілімдерімен тікелей байланысты. Олардың ілімдері бойынша, ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес, сондықтан ол философияның пайдасыз, өздеріне өздері қайшы келетін идеяларынан арылуы қажет. Ал денелер мен құбылыстардың мәні мен шығу себептерін шешемін деп, шеше алмай, қарама-қайшылыққа толған бұрынғы философияның орнына, жаңа позитивистік (шынайы, нағыз, дұрыс деген мағынада) философия жасау керек. Оның негізгі міндеті – сезімдік тәжірибелердің (объективтік нақтылықты емес) деректерін жүйелеу, ғылымдардың нәтижесін тұжырымдап жалпы қорытындылар жасау. Неопозитивизмнің екінші кезеңі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан эмпириосыншылдық (Э.Мах, Р.Авенариус, Богданов, Базаров т.б.) Ілімімен байланысты. Эмпириосыншылдар позитивистердің ғылымды философиядан бөліп алу идеясын ары қарай жалғастырып, философияның мақсаты - ғылыми деректерді тұжырымдап қорытындылар жасау емес, таным теориясының ғылыми нұсқасын жасау, себебі материализм мен идеализм негізінде қалыптасқан таным теориясы объективті нақтлықты шынайы түрде танып білуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан жаңа таным теориясы мынадай қағидаларға сүйенуі керек: объективті нақтылық дегеніміз “бейтарап” түйсіктердің, элементтердің (бөлшектерді”) комплексі (жиынтығы). Егер бұл “элементтерді” бір-біріне қатынаста қарастырсақ (мысалы, түр мен бояу), онда олар физиологиялық (физикалық) құбылыс, ал оларды аам түйсінуіне байланысты қатынаста қарасақ, онда олар психикалық құбылыстар болады. Оларды адам өз санасына қондырады, осы себептен олар адамны” шын түйсіктері сияқты болып көрінеді. Неопозитивизмнің үшінші, қазіргі кезеңгі сатысында б.рассел (1872-1970 ж.), Л. Витгенштейн (1889-1951 ж.), М. Шлик (1882-1936 ж.), Р. Карнап (1891-1970 ж.), А. Айер (1910-1989 ж.), Поппер т.б. ілімдерінің арқасында “логикалық позитивизм”, кейінірек “семантикалық позитивизм” (терминдердің маынасын талдау), ал оның орнына “лингвистикалық философия” (әдеттегі табиғи тілің сөздік айтылуын анықтау) т.б. Сол сияқты неопозитивистік ағымдар дүниеге келді. Логикалық позитивизмнің өкілдері өздерінен бұрынғы позитивистік бағыттағы ойшылдардың “философия шешілмейтін қарама-қайшылыққа толы ілім” деген көзқарастарын әрі қарай дамыта отырып, ол көтерген мәселелер (этикалық, діни, эстетикалық т.б. ілімдерде) шын мәнінде ешқандай ғылыми маңызы жоқ “жалған проблемалар”, “алдамшы сұрақтар” деп жариялады. Себебі, философия теориялық көзқарастарды” жиынтығы емес, ғылымның логикалық - синтаксистік, семантикалық және тіл талдаудан тұратын және осылай алған деректер негізінде әлемді объективті тұрғыдан бөлуге талпынатын, оның адамның санасынан тыс өз-өзінен қалай өмір сүретінін білуге үмітті “метафизикалық” пікірлер мен ұғымдар жиынтығы. Демек, қазіргі философияны” міндеті “метафизикалық” (философиялық) ұғымдар мен сөйлемдерден арылу (б.рассел). Неопозитивистер қандай да болмасын ілімді ғылыми, немесе ғылыми емесиігін ажырату үшін “верификациялау” (сезімдік тәжірибелер мен салыстыру арқылы тексеру) қағидасын қолдануды ұсынды. Бұл қағиа бойынша, егер ілімдер тәжірибе, немесе логикалық сараптау арқылы верифиуацияланса (дәлелденсе, немесе терістелсе) онда олар ғылымға жатады да, қалғандары жалған ілім болып шығады. Ал ғылымны” өзі екі типті болады: біріншісі – логикалық-математикалық, екіншісі – эмпирикалық сөйлемдерден құралатын ғылымдар. Логикалық-математикалық сөйлемдері тәжірибе арқылы тексеруге болмайды, себебі олар объективтік нақтылық туралы білім емес. Бірақ олар формальды логика за”дылықтарына сүйенген логикалық тіркесі болғандықтан, олардың заңдылықтары, ережелері ақиқат та, жалған да емес.
11. К.Поппердің ғылым философиясы. Поппер Карл Раймунд[1] (28.7.1902, Вена — 1994, сонда) — ағылшын философы және социологы. Поппер оқытушылық қызметін Жаңа Зеландияда бастап, өмірінің көп бөлігін Лондонның экономика және саяси ғылым мектебінде өткізді. Негізгі еңбектері: “Ғылыми зерттеудің логикасы” (1935), “Ашық қоғам және оның жаулары” (1945, қазақ тілінде 2004), “Болжам және теріске шығару” (1963), “Объективті білім” (1972), т.б. Оның ғылыми жұмыстары негізінен фальсификация принциптері, ашық қоғам тұжырымдамасы, сондай-ақ әлеуметтік инженерияның жекелеген мәселелерін қамтиды. Поппердің іліміне сәйкес білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Кез келген ғылыми білімге болжалдық сипат, қателесушілік тән. Ғылыми білімнің дамуы батыл болжамдар ұсынып, оларды жоққа шығарудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі. Әлеуметтік философия саласында Поппер марксизм ілімін сынға алып, қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын және әлеуметтік болжам мүмкіндіктерін теріске шығарды. Поппер “Ашық қоғам және оның жаулары” атты еңбегінде Платон, Гегель, Маркс идеяларын сынға алып, оларда нақтылық пен білімді жетілдіруге деген ұмтылыс жоқ деп тапты. Ақиқатқа монополия жасау әрекетіне қарсы шығып, толеранттылық (төзімділік) пен либералды позицияларын ұстанды. Поппер ашық және жабық қоғамдарды қатар қарастырады: алғашқы қоғам тұрпатына батыс демократиясын, ал екіншісіне социалисттік мемлекеттерді жатқызады. Соңғыларына тоталитарлық, яғни қоғамның индивидтен жоғары тұруы, жеке жауапсыздық, қасаң қағидашылық тән. Оның пікірінше, бұл “трайбалистік”, яғни өзінің құрылымы жағынан алғашқы қауымдық құрылыстағы тайпа тәрізді, өзін басқаларға қарама-қарсы қоятын қоғам. “Ашық қоғам” мүшелеріне рационалдық бағдар, әлеуметтік дамуды мақсатты түрде саналы басқару, мемлекеттік институттарды азаматтардың қажеттілігіне сай біртіндеп қалыптастыру тән. Поппер өзінің ұстанымын “сыншыл рационализм” деп анықтайды. Оның пікірінше, ғалымдар белгілі бір нәрсені үйрену үшін ашық және еркін рационалды пікірталасқа баруы қажет. Мұнда ғалымдар ұсынылған тұжырымды теріске шығару тәсілдерін табуға да, оппоненттің көзқарасын қолдауға да дайын болуы шарт. Поппердің еңбектері кезінде көптеген пікірталастар мен даулар туғызғанымен, қоғамдық ғылымдар дамуының бүкіл кезеңінде зор мәнге ие болды. 12. Лакатостың «Ғылыми зерттеу бағдарлама» методологиясы. Ғылымның тарихи өзгерісінің талдауында логикалық дəстүрді сақтауға ұмтылыс жасаған Имре Лакатос. Попперден кейін Лакатос ғылыми рационалдылық теориясының негізі /əлде методологиялық концепцияның/ сыңшыл принцип болу керек. Бұл принцип əр ғылыми қызметтің универсалды принципі болады; бірақ реалды ғылым тарихына келсек радикалды жəне қатал фальсификация үстемді болмау керек. «Догматикалық» фальсификационизм» «евклиддік» рационалды ғылымы туралы арман сияқты. «Контр мысалдар» мен «аномалиялар» əр қашанда ғалымдарды өз теориясынан бет бұруға себеп емес; зерттеушінің рационалды əдеті бір-неше стратегияны қамтиды, олардың ортақ мағынасы – бұл қозғалыс жаңа эмпириялық жетістіктерге үміт берсе ғана алға басады, сонда сөзде ақталады. И. Лакатос «сыңшыл рационализмнің» «теориялық рационалдылықты» түсінуі мен дамып жатқан ғылымның практикалық рационалдылығының арасында айырмашылық көріп, «сыңшыл рационализмді» реформалау қажет деген. Осының нəтижесінде «жөнделген фальсификацонизм» атты методологиялық концепция əлде ғылыми-зерттеу бағдарламасының методологиясы. Осы теорияны ол «Фальсификация жəне ғылыми зерттеу бағдарламасының методологиясы» атты шығармасында жариялады. Лакатостың айтуынша, Поппер көрсеткендей ғылымда бір-бірін ауыстыратын теориялардың бауы емес, ғылыми зерттеу бағдарламалар, яғни нақты құрылымнан тұратын теориялық саптар. Əр зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы» бар. Керісінше эвристика modus tollens-ді қолдануға қарсы шығады. Оның орнында бар гипотезаларды дамыту əлде жаңа сол ядроны айналатын «қорғау белдігін» қалыптастыру үшін біз өзіміздің жасампаздығымызды жетілдіруіміз қажет. Тексерістен бірінші қорғау белдігі өту қажет; қатқан ядроны қорғап, ол бейімделу, түзетілуі əлде мүлдем ауысу қажет. Поппер тек теориялардың арасындағы күресті қарастырса, Лакатос «қорғау белдігін» құрайтын жоққа келтірілетін жəне бəсекестік теорияларды қана емес, сонымен қатар зерттеу бағдарламалардың арасындағы күреске назар аударады. Сөйтіп, Лакатос ғылымның дамуын нақты ғылыми теорялардың кезектесуі емес, зерттеу бағдарламалардың шығуы, өмірі мен құлдырауы. Бірақ, Лакатостың зерттеу бағдарламасыда неге бағдарламалар ауысады екендігін түсіндіре алмайды. Логика мен методология бұл жерде күшсіз, Кунға қарағанда ол бағдарламаның мазмұны логикалық тұрғыдан салыстырмалы, жəне ғалымға қандай бағдарламаны тандау қажет деген рационалды бағыт ұсынуға болады. Лакатостың пікірінше ұсталған пікірлердің ауысуы мен құлдырауы, яғни Кунның ұсынылған пікірінше, ғылыми революциялар «топтың психологиясымен» емес, екі бəсекестік бағдарламаларды салыстыру үшін Лакатос мəселелердің жылжу түсінігін ұсынды. Зерттеу бағдарламасы прогрессивті болады, оның теориялық өсуі эмпириялықтан үстемді болса, яғни, ол жаңа фактілерді болжаса /«мəселенің прогрессивті жылжуы»/. Бағдарлама регрессивті, оның теориялық өсуі эмпириялықтан қалып қойса, яғни, кездейсоқты жаңалықтарға əлде конкуренцияда болған бағдарламамен ұсынылған фактілерге кешіктірілген түсініктеме берсе /«мəселенің прогрессивті жылжуы»/. Егер зерттеу бағдарлама прогрессивті түрде бəсекеске қарағанда көп түсіндірсе, онда оны «ысырып» жəне сол бəсекес бағдарлама ысырылады. Мəселенің «прогрессивті жылжуы» болғанда бағдарламаның қатал ядросын сақтау қажет. Ал «регрессивті жылжу» болсада зерттеу бағдарламадан бастартпау керек. Тоқталуға ұшырылған бағдарламаның дамуының ішкі ресурстарында негіз табуға мүмкін, сол арқылы ол өзі қалып қойған бағдарламадан озық болады. Шешуші эксперимент болып аталатын ештеңе жоқ, яғни, зерттеу бағдарламаны бұзатын себеп жоқ. Ғалым сезімге басылып өзінің экспериментін бағдарламаның бұзушысы деп санайды, бірақ басқа жеңілген лагерден біреу өзінің бағдарламасын шешуші экспериментті ұсынса жəне ол женушіге айналса, алғашқысы өзінің атағынан айырылады. Сөйтіп, Лакатостың зерттеу бағдарлама атты концепциясынан біз түсінеміз, ғылыми революция сонша үстемді жəне маңызды емес, себебі, ғылымның дамуында ешқашан бір бағдарлама үстемді болмайды, өз арасында бəсекес теориялар, идеялар мен бағдарламар бар. Олардын ішінде біреуі бір кезде үстемді болса, басқасы – артқа шегінеді, ал үшіншісі – қайтадан қарастырылып жаңа құрылымға ие болады. Революциялар сонда ғылымның негізін сонша бұзбайды, ғалымдардың көбісі өз ісін жалғастырып, осы жағдайға аңғармайды. Əйгілі жəне қарапайым, эпохалды жылжу əлде жəй қозғалу – осы бағдармалардың бəрі методологиялық, «метағылыми» рефлексияда ретроспективті түрде болады. Лакатостың пікірінше, ғылымның дамуы əр логикалық-методологиялық концепцияның «сынау тасы», оның қайсар төрешісі.
13.Жаратылыстану ғылымдарының философиялық мәселелері. Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуымен қатар (XVІІ-XVІІІ) жаңа философияның да қалыптасуы басталды. Ал “Адам-Әлем” деген ғаламды мәселенің, болмыстың ортақ заңдарын танудың әр түрлі жақтарын зерттей бастады. Бірақ философияда материяның табиғаты, құрылымы, уақыты мен кеңістіктің физикалық қасиеттері, яғни қазіргі уақыттағы нақты ғылымдардың пәні болған мәселені шешуге талпынды. Философия физиканың дамуына жол нұсқаушы бола алатын кейбір ортақ идеяларды жасап шығарды. Оларға мысал келтірейік, заттардың атомнан құрылуы туралы, материя мен қозғалыстың сақталынуы туралы елестер. В.И. Лениннің электрондардың таусылмастығы туралы идеясы қазіргі физиканың дамуында үлкен жол көрсетті. Пигафордың философиялық мектебінде сандар туралы еңбектері бар. Сандар – заттардың болмысы, ал Әлем (Вселенная (ғалам) – ол сандар гармониясы. Адамзат ойының тарихында алғаш рет осы ой арқылы табиғатта сандық заңдылықтың бары туралы идея айтылды. Неміс классикалық философиясының атақты өкілі Ф.В. Шеллинг электр-магниттік, химиялық құбылыстардың бірлігі туралы рационалды идея айтып кетті. Ал осы идеяны ортаға ала отырып, дат физигі Х.К. Эрстед электрлік және магниттік құбылыстары арасындағы ұқсастықты іздейді, кейін ол электрлік токтың магниттік стрелаға әсерін ашты. Егер жаратылыстанулық философия анализдік принциптерін қысқаша түрде сипаттасақ, онда олар жаратылыстану ғылымдары мен философия арасындағы диалектикалық бірлік пен айырмашылықты көрсетеді. Олардың бірлігі көп қырлы объективті әлемді зерттейтіндігінде, әрбір жаратылыстану ғылымы өз пәні ретінде табиғаттың белгілі бір аймағын, оның заңдылығын, ерекше байланысын алды. Ал философия болса объективті шындықтың әртүрлі құрылымдары мен құрылыстардың өзіне тән заңдылықтары мен байланыстарын, ортақ құбылыстарын ашады. Философия физикалық шындықтың теориясын жасамайды, керісінше танымның ортақ теориясын дамытып, физиканың жалпы берілгенінен танымдық-теориялық қорытындылар жасайды. Философия мен физика бірін-бірі толықтырады. Философиялық білімнің физикалық білімнен ажыратылуы, олардың арасындағы айырмашылықты түсіндіру физикалық мәселелердің натурфилософиясымен түсіндіріліп кетуіне әкелді. Ғалым философияға назар аудармай өз мақсатына жете алмайды. Бұл жағдай біздің кезде білініп тұр. Мысалы, А. Эйнштейннің айтуынша: “Таным теориясы мен ғылым арасындағы қатынас керемет. Олар біріне-бірі тәуелді, таным теориясы ғылыммен жанаспаса құр жүйеге айналады. Ал ғылым таным теориясынсыз тұрпайы және шиеленісті” /11/ философия мен ғылымның нақты байланысын М. Борн сипаттап бері: “Метафизикалық гипотезаға сүйенбесе физика физика емес” /12/. ХХ ғасырда ғылым философиямен өте тығыз байланыста екенін көрсетті. А. Эйнштейн “Біздің кездегі физик өткен замандағы физиктерге қарағанда философиямен көп айналысады. Бұған физиктерді әртүрлі қиыншылықтар итермелейді” /13/. Жаратылыстану мәселелері ғылымның методологиясы мен философиясын кеңейтіп, зерттеу ғылыми тану мен философия арасындағы байланысты тануды объективті мүмкіндіктерін береді. Қазіргі кездегі ғылым философияға, оның негізгі принциптеріне, гипотезаларына, жағдайларына қарамай өте алмайды. Философия әлемге ортақ мінездемені, өлшемдерін, оның болмысына енудің тәсілдерін зерттеуді жүзеге асырады. Ол бұл рөлге тек өзі адамның материалды әлемді игеруінің тәжірибесінің рационалды, жүйелі, ғылыми тұжырымы болып табылса ғана тұра алады. Физиканың жетістіктерінің ықпалы мен материя туралы оқытулар жаңартылады. Қарапайым бөліктердің өзара айналуы, симметрия заңдарын ашу, физикалық вакумды зерттеу микропроцестердің ғажайып динамикасына куә. Философиялық тұрғыдан қаралған материя, кеңістік, қозғалыстар арасындағы өзара қатынас өзінің нақтылы дәлелін салыстырмалы теорияда айқындалады және сол мезетте бұл философиялық түсініктер жаңа мазмұнға толды.
14. Қазіргі кезеңдегі постклассикалық ғылымның сипатамасына тоқталыныз. ХХ ғасырдың эстетикалық мәселелері арнайы ғылымдар зерттеулерінде ғана емес, психология, социология, семиотика, лингвистика тәрізді басқа ғылымдардың контексінде жасалғаны белгілі. Олардың ішінде едәуір ықпалды эстетикалық тұжырымдамалардың бірі Эдмунд Гуссерльдің философиялық іліміне сүйенетін феноменологиялық эстетика ерекше. Феноменологиялық эстетиканың негізін қалаушы поляк философы Роман Ингарденді (1893-1970) атауға болады. Феноменологияның түйін ұғымы болып интенционалдылық (латынның intentio ұмтылу, ниеттілік, бағыттылық) таным объектісін санамен құру ретінде түсініледі. Феноменология жалпы өнер шығармасын өзіндік жеткілікті интенционалды түйсінуге болатын феномен ретінде қарастырады. Шығарма туралы айқындауға болатынның барлығы оның өзінен табылады, ол өзіндік құндылықтыққа, автономды өмір сүруге ие және өзінің заңдылықтарына құрылған. Феноменологиялық тұрғыдан Николай Гартман (1882-1950) эстетиканың басты категориясы - әсемдікті – экстаз күйі мен армандауда танылатындығын, ал ақыл, керісінше, әсемдік аймағына жақын қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бермейді, сондықтан, танымдық акт эстетикалық аңдаумен сиымды емес деп табады. Мишель Дюфрен (1910-1995) адамды табиғаттан, болмыстық өзіндік мәні мен жоғарғы құндылықтардан жаттандыратын қазіргі заманғы батыс өркениетін сынайды. Ол адам мен әлем арасындағы үйлесімді байланысты қалыптастыратын мәдениеттің іргелі негіздерін айқындауға ұмтылады. «Болмыс ақиқаты» атты хайдеггерлік өнер тұжырымдамасын пафос ретінде қабылдап, Дюфрен феноменологиялық онтология тұрғысынан қарастырылатын оның негіздерін эстетикалық тәжірибе байлығынан іздеген. Зерттеудің феноменологиялық тәсілі орыс формализмі, француз структурализмі мен позитивизмге оппозиция ретінде шыққан ағылшын-американдық «жаңаша сынау» негізінде жатыр. Дж.К.Рэнсом (Жаңаша сынау,1914), А.Тейт (Реакциялық очерктер, 1936), К.Брукс пен Р.П. Уоррен (Поэзияны түсіну, 1938; Прозаны түсіну, 1943) атты еңбектерінде неокритикалық теорияның басты принциптері салынған: зерттеу негізіне суретші-жасаушыдан тәуелсіз объект ретінде өмір сүретін оқшауланған мәтін алынады. Бұл мәтін образдар мен рәміздердің, мифтердің ерекше ұйымдастырылуы ретінде өмір сүре алатын органикалық және біртұтас структураға ие. Мұндай органикалық форманың көмегімен шындықты тану іске асырылады («білім ретіндегі поэзия» неокритикалық тұжырымдама). Философия тек ғылыми таным мен қоғамдық практикаға ғана емес, сонымен бірге, көркем шығармашылық таным мен қабылдауда дүниетанымдық және методологиялық бағдар беруге бағытталады. Егер философияның ғылыми шығармашылықтағы ролі жалпы танылған және оның ғылымға әсер ету механизмі салыстырмалы түрде жақсы зерттелген болса, ал көркемдік шығармашылық процестерінің өзін зерттеудегі философияның ролі туралы айту әлі ерте. Алғашқы философиялық болжамдардың жалғандығы барлық уақытта қате ұғымдармен мұндай зерттеудегі сәтсіздікке әкелді. Мысалы, шығармашылық әрекеттің идеалистік түсіндірілуі мистикалық ашылыс ретінде таза иррационалдылық, ал суретшінің тұлғалылылғы уақыт пен ортаның әсерінен азат етілген, “жердегі тіршіліктен” босатылған болып қарастырылады. Суретшінің “шығармашылық лабораториясының” эмпирикалық сипаттамасы жайлы айтарлықтай құнды талқылаулар жасалғанымен терең шығармашылық процестерді зерттеуде табыс әкеле қойған жоқ.
15. Ғылымның қоғамдағы орны мен қызметі туралы жазыңыз. Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі. Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. ҒЫЛЫМНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты - қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім береді. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады. Ғылым, білімнің қурылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз - арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі. Ғылымның қоғамда атқаратын функциялар: Олар бірнешеу: 1) түсіндіру - табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру; 2) жүйелеу - жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу; 3) суреттеу - қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету; 4) болжам жасау - дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау; 5) қорытынды жасау - табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау; 6) жаңалық ашу - табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару; 7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру - алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;
16. Гуманитарлық ғылымдардың ерекшеліктерін сипаттаңыз. Гуманитарлық мәдениеттің арақатынасы жайлы екі түрлі түсінік қалыптасқан. Бірінші пікірді жақтаушылардың көзқарастары бойынша: гуманитарлық ғылымдар үшін тек қана жаратылыстану мен оның нақты зерттеу әдістері үлгі болуы керек дейді. Осы пікірді ең қызу жақтаушы позитивистер үшін- математикалық физика басқа ғылымдар үшін идеалды болуы керек, ал кез келген ғылыми танымның әдісі – математиканың аксиомалық- дедуктивті әдіс деп санайды. Антипозитивисттік бағытты ұстанушы, яғни тарих, психология, социология, т.б. гуманитарлық ғылым салаларының ғалымдары бұндай көзқарас гуманитарлық зерттеудің ерекшеліктері мен күрделілігін толық қанды ескермейді, сол себепті бұл көзқарас утопиялық және нәтижесіз деген ойда. Жалпылай айтсақ, ғылым – жүйелі түрде теоретикалық білімді дүниеге келтіретін адамның әрекеттерінің бір түрі болып табылады. Сонымен қатар ғылым қоғамның аса маңызды өндіргіш күштерінің бірі бола отырып, ғылым адамның өзін-өзі тану процесінің түрі болып табылады. Жалпы, білім берудің, яғни, жаратылыстану концепциялары пәнінің де басты мақсаты, тек жаңа білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік жаратылыстану ғылымында қоршаған әлем туралы қалыптасқан түсініктер мен ойлаудың ғылыми, рационалды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, эрудицияны дамытып, қоршаған дүниеге, жалпы мәдениетке деген концептуалды көзқарасты, жалпы мәдениетті және білгірлікті қалыптастыру.
17. Философиялық концепциялардың ғылымның дамуына әсерін көрсетіңіз. Ғылым дамуына, оның ішінде математика ғылымының дамуына арабтардың қосқан үлестері өте көп. ІХ ғасырда Хорезм қаласында математика Мұхаммед бин Мұса Әл-Хорезми өмір сүрді. Ол арфиметикалық есептер мен теңеулерді шешудің жалпы ережелері туралы кітап жазды. Ол кітап “Китаб әл-Джебр” деп аталып, қазіргі алгебра ғылымының атына негіз болды. 973-1048 жылдары ұлы астроном, тарихшы, географ Бируин өмір сүрді. Әл Хорезми ғаламшарлардың қозғалу кестелерін жасап, аспан шарларының тұрған орындарын анықтауға көмектеметін астролеия аспабын жасады. Сонымен нағыз ғылымның бастауы ежелгі Грецияда б.ғ. VII-VI ғасырлардан басталды делінеді. Алғашқы ғылыми программа Пифагор ұсынған, кейіннен Платон дамытқан математикалық программа болды.Пифагоршылар теориясы бойынша әлемнің картинасы өз үндестігімен таңдандырды, денелер геометриялық заңдылықпен, аспан денелері қозғалысы математикалық заңдылықпен, ал адам денесінің жеке органдарының бір-бірімен тамаша байланысы. Антикалық дәуірдегі екінші ғылыми программа атомизм программасы болады. Оның негізін салушылар Левкипп пен Демокрит болды. Бір қарағанда атомизм ілімі аса күрделі де емес. Табиғаттағы мүмкін барлық өзгерістердің механикалық себебі – атомдар қозғалысымен түсіндіріледі. Аристотельдің континуалдықдеп аталатын программасы үшінші ғылыми программа болды. Аристотель дүниенің 4 түрлі себебін ұсынады: олар формалды, материалдық, қазіргі кездегі және мақсаттық. Орта ғасырлық жаратылыстанудың бір жетістігі – дүниенің аяқталғанын шеңбермен білдіруден бас тарту болды. Бұл модель шексіздік сызығымен, яғни дүниенің шексіздігін білдіретін модельмен алмастырылды. Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды. Математикалық заңдарды дұрыс түсіне білу үшін, дәл өлшеулер жасау үшін көптеген техникалық құралдар жасады: линза, телескоп, микроскоп, магнит, ауа, термометр, барометр және басқалар Сонымен, XVIII ғ. аяғында ХІХ басында көптеген ғылым салаларын қамтыған ірі ғылыми революцияларға біртіндеп алғы шарттар жасала бастады. Алдыңғы қатарға энергия мен заттың бір-біріне айналуын зерттейтін физика мен химия шықты (химиялық атомистика). Геологияда жердің даму теориясы (Ч.Лайель), биологияда Ж.Ламарктың эволюциялық теориясы пайда болды, сонымен қатар палентология (Ж.Кювье) және эмбриология (К.М.Бэр сияқты ғылымдар дами бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылымдағы үш зор жаңалықпен байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар: 1) Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы; 2) Майер мен Джоульдің энергияның сақталу және айналу заңы; 3) Дарвиннің эволюциялық ілімі болды. Одан кейін табиғат диалектикасын толығымен ашқан үлкен жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты: - 1861 жылы А.М.Бутлеров – органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы; - 1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы; - 1869 жылы Л.Х.Ван Гофф пен Дж.Гиббс – химиялық термодинамика заңы; - 1875 (Дж. К.Максвелл) – жарықтың электромагниттік теориясы. Осы ғылыми жаңалықтар негізінде жаратылстану жоғарғы сатыларға көтерілді, егер ол XVIII ғасырда тек қана фактілер жинаушы ғылым болса, ал ХІХ ғасырда ол заттар мен процестер туралы, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылым болды. 18. Ғылымның бейклассикалық парадигмасы. XIXғ. аяғынан XXғ. орта шеніне дейінгі аралықты қамтиды. Білімнің дамуында түбегейлі өзгерістер өтеді. Физикада атомның бөлінуі ашылады, релятивистік және кванттық теория құрылады; космологияда Ғаламның өзгеретіндігі(нестационарной) туралы концепциясы пайда болады; квантық химия жарық көрді; жаңа биологиялық ғылым – генетика; кибернетика және жүйелер теориясы және т.б. пайда болды. Бейклассикалық идеалистік философияның негізінен екі бағытта кең тарады: иррационализм және «өмір философиясы»; Иррационализм – табиғатта, қоршаған дүниеде логикалық қисынды байланысты жоққа шығарады. Иррационализмнің негізгі идеясы - қоршаған дүниенің бәрі бөлшектенген байланыссыз хаос, ішкі заңдылықтары жоқ, ақыл-парасат бақылауына бағынбайтын, тек ерік-жігерді қозғаушы күш деп түсіну. Иррационализмнің көрнекті өкілі – Артур Шопенгауэр. Шопенгауэрдің «Дүние, ырық және елестету» деген еңбегінің төртінші кітабында философтың құнды идеяларының бірі анығырақ баяндалған. Дүниені елестету арқылы оны әрі сенімді, әрі анық тануға мүмкіндік туады. Осыдан соң ғана ырықтың алдында оның өзін жарқырата көрсететін айна пайда болады. Ол айнадан ырық өзін өзі толығырак, анығырақ, үнемі өсіп отыратын дәрежеде танып, соның ең жоғарғысы адам ырқы екеніне көз жеткізеді. Бірақ адамның мәні оның іс-қимылы мен әрекетінің байланыстары арқылы белгілі болады. Осындай саналы бірлік ақылдың, зерденің пайда болуына жеткізеді, ал одан тұтастықты қамтуға мүмкіндік туады. Органикалық емес нәрселердің, өсімдіктердің табиғаты мен оның заңдарындағы бізге көрінбейтін ырық соқыр, бой бермейтін ұмтылыс қана. Оның өзі не істеймін десе сонысы болмай қоймайтын осы дүние, өмір. Сондықтан біз өмірдің құбылысын ырықтың айнасы, оның нысаны дейміз. Ал ырықтың ең қажеттісі - ол өмір. Өйткені өмір дегеніміз елестетуге арналған осы ырықтың бейнесі ғана. Ендеше бұл ырық немесе «өмірге қарай ырық» деген сөз. Иррационализмнің барынша өріс алып, әсіресе, XX ғасырда негізгі ағымдардың тұтқасына айналуына үлес қосқан ойшыл, неміс философы Фридрих Ницше (1844-1900) болды. Ф.Ницше бүкіл адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-санасы мен дәстүріне, әсіресе, философияда зердеге қарсы шықты. Ол бүкіл философия тарихына қайтадан шолу жасап, ескі соқпақты жолдардан бас тартып, бұрын-соңды болмаған бағытқа бет бұрды. Ол көне грек тарихының бүкіл проблемаларын, ондағы философиялық, ойлардың пайда болуын сол кездегі халықтың музыкалық рухына және олар өмір сүрген дәуір деп тіршілік қарекетіне байланысты деп есептеді. Осыдан келіп, философ олардың күнделікті мүшкіл халінен туған рухты шебер тілмен суреттеп берді. Мұндай жаңалық философия тарихында бұрын-соңды болмаған еді. Ол өзінің шығармасында көне грек мәдениетін, әдебиетін және өнерін жетік білетіндігін көрсетіп қана қоймай, сол кездегі рухани дүниені танудың жаңа бір әдісін тапқандай болды. Ф.Ницше өмірдің негізінде ерік, жігер, құлшыныс жатыр дейді. Оның философиясының негізі – билікке деген ерік. Билік – ғарыштық күш, ол бар өмірдің өзегі. Психоанализ деп бейсаналықтың қоғам мен адам өміріндегі өзге де психикалық процестердің себептерін, маңызын түсіндіретін қазіргі заман философиясының бағытын атайды. Психоананализ теориясын австриялық ғалым-психиатр Зигмунд Фрейд (1856 - 1939) салды. Психоанализдің бастамасы ретінде З.Фрейд екі жаңалық ашты: ■ бейсаналық - ерекше психикалық шындық, сананың бақылауына келмейтін, адам санасынан тыс жататын психикалық құбылыстар, жағдайлар және әрекеттер жиынтығы; ■ ығыстырып шығару реакциясы- психологиялық қорғаныс әдісі ретіндегі психиканың тендігі мен салауаттылығын бұзатын теріс эмоцияны, теріс тәжірибені санадан бейсаналыққа ығыстырып шығару реакциясы. Өмірдегі теріс эмоциялар, жүзеге аспаған үміт, арманның бәрі ерте ме, кеш пе санадан бейсаналыққа ығыстырылып шығарылады, сөйтіп ол «кездейсоқтық», оғаштық мінез-құлықтарда, жаңылу, бейадекватты іс-әректтерде көрініс табады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|