Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Эволюциялық теориялардағы антиномиялардың философиялық интерпретациясын беріңіз және шешу жолдарын көрсетіңіз.




Дүниетаным ғылым жетiстiктерi негiзiнде қалыптасады, бiрақ ол сонымен қатар, қоғамның тарихи тәжiрибесiне, оның мәдениетiне сүйенедi, әлеуметтiк дамудың жеткен деңгейi мен өмiр сүру тәртiбiн бейнелейдi. Мұның бәрi бiлiмнiң ерекше жүйесi- философияны игерудi қажет етедi. Мәселе шешу: Әр дәуiрдiн ойшылдары философиялық мәселенi қоюына, шешуiне әр-түрлi қараған. Мысалы Френсис Бэкон (1561-1629) табиғаттың дүлей күштерiн игеру ф.н.м. болып табылады десе,осы күнгi сциентизм өкiлi Бэртран Рассел (1872-1970) ф.н.м. мүлде жоқ деп есептеген, ал белгiлi француз философы Огюст Конт (1798-1857) философияның дәуiрi өттi деп санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша «позитивтi» ғылымдар-физика,математика,химия және т.б. философияны керек етпейдi. Олар барлық мәселелердi өздерi шеше алады, олр «өздерiнше» философия. Бұл көзқарас деген атауға ие болды. 20ғ.француз философы Альфред Камю (1913-1960) негiзгi мәселе- өмiр сүру қажет пе әлде жоқ па? деген мәселе болдып табылады дейдi. Теориялық жағынан пiсiп жетiлмеген жеке ғылымдардың философиялық ой-пiкiрлерге тәуелдiлiгiн бiлдiретiн сол дәуiрдегi бұл түсiнiк көптеген ғасырлар ьойы философтардың санасында сақталып келдi. Сол түсiнiктiқабылдаған немiс философы Гегель де (1770-1831) философияны «ғылымдардың патшасы» немесе «ғылымдардың ғылымы» деп атады, өйткенi тек философия ғана нағыз шындық пен ақиқатқа әкеледi. Философиялық бiлiмдер ақиқатқа жеткiзбейдi өйткенi олар априорлы (тәжiрибеден тыс) деп анықтады О. Конт. Бұл кезенде пайда болған позитивизм iлiмiнiң өкiлдiрiфилософияның танымдық мүмкiндiктерiне, оның ғылымдылығына күмән келтiрiп, ғылымдардың «патшасын» оның «қызметшiсiне» айналдырды. Қазiргi заманғы көрнектi зерттеушiлер философиялық көзқарастың ғылыми зерттеуге бағыт берушiлiк маңызың ерекше зор екендiгiн үнемi атап көрсетiп жүр.(Луи де Бройль неопозитивизм алған пiкiр философияға да, жаратылыстануға да зияның тигiзетiнiн атап көрсеттi.

23. Ғылыми этика мәселері: көзқарасынызды ашып көрсетіңіз. Ғылым деп адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы қызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері ғана жатады. Этика (грек. Дағды, әдет-ғұрып) - зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. Сократ әр түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алды деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғары мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға этикалық нормалармен жетекшілік жасайды. Этика негізінен үш бөлімнен тұрады: теориялық этика – этиканың негізгі ұғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді. Нормативтік этика – негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен қатігездік, ізгілік пен жауыздық, ар-ұждан, ұят, абырой, парыз және тб қарастырады. Эмпирикалық этика – белгілі бір кезеңдегі адамзат ұйымының нақты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді. Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық -этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі ғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер санқырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына, өзінің әріптестеріне, өзініңі жолын қуушы шәкірттеріне деген этикалық-моральдық қатынасы. Тұлғааралық қатынастардың этикалық аспектілері ұжымдық шығармашылық жағдайында айқындала түседі. Бұл қатынастар шынайы, адал, әділетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет принциптері негізінде құрылған болса, көреалмаушылық, дөрекілік, мансапқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерге жол берілмесе – ғылыми ұжымдағы хал-ахуал да жақсы болып, ғылыми ізденісте жаңа табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейе түспек. Ғалымға қажетті моральдық қасиеттердің негізгілері туралы айтатын болсақ, олар: ғылыми ақиқатты қорғау жолында аянбау, азаматтық батылдық, адамгершіліктік тазалық, адалдық, шыншылдық, жауапкершілік және т.б.

 

24. Ғылым негізіндегі парадокстарға философиялық талдау. Парадокс (гр. рara – қарсы, doxа – пікір) – әдеттен тыс, күтпеген, ойда жоқ ғажайып болып көрінетін оғаш пікір; қарапайым, дәстүрлі пікірмен келіспейтін, күтпеген жағдайдағы, үйреншікті емес талқылау; қабылданған көріністерге сәйкес келмейтін өзгеше құбылыс.[1]

 

Парадокс термині антикикалық философияда ерекше тың жаңа пікірді сипаттау үшін пайдаланылған. Логикалық ой жүйесі дұрыс, бірақ пайымдауда бірін-бірі теріске шығаратын ой қорытындыларын антиномия деп те атайды. Парадокстың бұл түрі логикикалық негізі түпкі заңдылықтары толық айқындалмаған теорияларда кездеседі. Мұндай Парадокстердің бірқатарын антикалық ойшылдар ашқан.

 

Парадокстердің кездесуінің екі жағы бар: біріншіден, Парадокстер теория негізінің дұрыстығына күмән келтірсе, екіншіден, антиномиялардың шешімін іздеу теорияны толық жетілдіруге және логика мен математиканың негізін зерттеуде құнды жаңалықтар ашуға бағыттаса. Парадокс адамдардың қарым-қатынастарында, ойлау өмірінде үлкен орын алғанымен, әдетте екіұшты ой деп қабылданады.[2] Милеттік Эвбулидтің “Өтірікші” деген Парадоксы бойынша: “егер өтірікші өзінің өтірігін мойындаса, онда шындықты айтқаны. Демек, өтірікші өтірікші емес" деген қорытынды шығады.

25. Нақты ғылымдардың дамуына Қазақстанда қандай шарттардың жасалынып жатқанын көрсетіңіз. «Ғылымның дамуы – ғалымдардың еңбектерімен және олар ашқан жаңалықтардың құндылығымен анықталады»,- дейді Луи Пастер. Біздің елімізде ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ғылымға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Елбасы өзінің кезекті Жолдауында «Отандық ғылымды қолдау қажет» деп, ғылымға деген ерекше ықыласын білдірді.

Ғылымның дамуы мен гүлденуі табиғаттың шынайы заңдылықтарын үйренуге және оған қоғам мүшелерін тартуға тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі нақтылы жұмыстарды қолға ала бастады. Министрліктің ұсынысына сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды.Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоқтығына қарамастан, аталған министрлік Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді. Олар электроника мен байланыс жүйесі бойынша, ақпаратты және есепті техника бойынша, биотехнология, экология, жаратылыс ғылымдары бойынша, минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу, жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары.

Бірақ бұл аталған шаралар дер кезінде материалдық ресурстармен қамтамасыз етілмеді. Елдегі экономикалық ахуал мен құнсыздану бұған кері әсерін тигізді. Дегенмен іргетасы бұрыннан қаланған ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология, химия, механика, т.б. бүкіл-одақтық жүйенің күйреуі мен құрылымдық құлдырауына қарамастан, өз тұрғыларын сақтап қалды. Жалпы алғанда, 1992—1994 жылдар ғылымның мүшкіл хал кешуімен есте қалады.1994 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігі жанынан ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімі құрылды. Аталған құрылым ғылымға арналған бюджеттік ассигнадиялардан қаржыландыруға қабылданған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың бөрін дерлік сараптаудан өткізуге тиісті болды.1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы шықты.1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның реформалық жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы мақсатта Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы дүниеге келді.2001 жылы министрлік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға көшті. Ғылыми-зерттеу институттары мұндай бағдарламаларды қорғап, конкурстық негізде жеңіп алуы тиіс. Зерттеу бағдарламалары республикадағы ғылым дамуының басым бағытына сәйкес келуі қажет. Бағдарлама зерттеушілері істелген жұмыс жайлы жылда есеп беріп, егер ол алдын ала белгіленген талаптарға сай келмесе, қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін. Ғылымды қаржыландыруға байланысты мұндай жағдай 2001 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заңда анықталған.Жаңа заң республика дамуының соңғы он жылдығында болған өзгерістерді ескере отырып даярланды. Осылайша бюджеттік қаржыландырудан басқа ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлердің өзге де қаржы көздерін тауып, қаражат тартуға мүмкіндіктері бар. Мысалы, грант түрінде арнайы ғылыми және қоғамдық қорлардан ала алады. Сөйтіп, жаңа заң қазір біздің мемлекетіміздегі ғылым мен ғылыми-техникалық саясаттағы өзгерістерге сәйкес келеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных