Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Биологияның философиялық мәселелеріне көзқарас.




ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық - адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.
Бүл арада адамның қоғамда алатын орны мен рөлінің сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміз өзі кім? Күнделікті өмір көзімен қарағанда бұндай оңай сұрақ жоқ тәрізді. Әркімнің әкесі де, әйелі де, баласы да, өзі де адам, айнала жүргендердің бәрі — адам. "Адам деген кім?" деп сұрақ қойып, басты ауыртудың кажеті қанша, мұнда тұрған не қиындық бар? — деген сұрақгың ойға оралуы да мүмкін. Дегенмен, бұл сұраққа тереңірек үңіліп, адам ерекшелігінің табиғатын ғылыми тұрғыдан аныктауға тырыссақ, бірден-ақ үлкен қиындықка кездесеміз. Тарихшы-антрополог пен психологтың адамға беретін аныктамасы екі түрлі болуы мүмкін, биолог пен дәрігердің түсініктері бір-біріне ұқсамауы ыктимал. Өйткені, бұлардың әрқайсысы күрделі және біртұтас адам тұлғасының бір ғана кырын зерттейді және адамға негізінен өз замандасы тұрғысынан қарайды. Ондай сыңаржақты көзқарас көп қырлы тұтас тұлғаның өзекті мәнін толық аша алмайды. Тіпті бұл жекелеген ғылымдарға тән үғымдардын жай қисындысы да адамның тұтас бейнесін бере қоймайды. Бұл міндетті орындауға кабілеті жететін бір ғана білім саласы бар, ол — философия. Дүниені, оның құрамына кіретін бөлімдерін философия жекелеп, бөлшектеп емес, тұтас күйінде қарастыруға, сол әдіспен олардың бәрін камтитын жалпы заңдылықтарды ашуға тырысады. Сол сиякты адамның да әр түрлі құрамдас жақтары мен қырларын (биологиялық құрылысын, психологиясын, әлеуметтік сипатын, моральдық күйін, т.б.) жеке-жеке зерттеумен шұғылданбайды, ең маңыздысы адамды адам ететін сапалық қасиеттерін жалпылама байланыстыратын, тұтастығын қарастыру арқылы оның ерекше қоғамдық мәнін ашуды мақсат етеді. Философия тарихында берілген анықтамалар көп.

Бүгінгі таңда адам баласының жер бетінде пайда болуы жөнінде түрлі көзқарастар бар. Ондай көзқарастардың біріншісінде - діни түсінік бойынша бүкіл әлемді, соның ішінде адамды да құдай жаратты деген ұғым болса, екінші көзқарас бойынша адам баласы жер бетіне ғарыштан келген. Ал, үшінші пікір бойынша - адам баласы жер бетіндегі басқа да тіршілік иелері сияқты ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Әлемнің көпшілік ғалымдары осы көзқарасты жақтайды. Чарлз Дарвиннің ілімі бойынша адамның пайда болып, қалыптасуы мен дамуы қарапайымнан күрделіге қарай жүрген. Өйткені, алғашқы адамның қазіргі адамдардан көп айырмашылығы болды. Олар қолдары аяқтарынан ұзын, терісін қалың түк басқан ірі маймылдарға ұқсас келді. Жер бетіндегі ең алғашқы адам қалдығы 1959-1963 жылдардағы археологиялық қазба жұмыстары барысында Шығыс Африканың Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан табылды. Ғалымдар бұл ежелгі адамның түр-сипатына және қасынан табылған тас шапқыға қарап оны «епті адам» деп атады.

27. Ғылым және білім: өзара қарым - қатынасын ашып қарастырыңыз. Ғылым мен білім адамзат өркениеті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді

"Ғылым" деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпкырлы кызметтің белгілі бір жактарьш зерттейді. Мәселен Философиялық білім. Философияның зерттейтін нәрсесі — жалпылама әлем және оған адамның қатынасы. Таратып айтқанда, оларға барлың мәнділіктердің—қандай да болсын, болмыстың (өмір сүріп жатқан бардың), танымның және әрекеттің жалпылама және қажетті заңдылықтары мен формалары, түпкілікті жағдайлары және себептері жатады. Философия ғылымының зерттейтін нәрсесінен туындайтын айырмашылығы — жалпылама сипатта болуы. Оның негізгі заңдары мен ұғымдары табиғатқа, қоғамға, адамға және ойлауға қатысты жүреді. Философиялық білім - адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастырады. Философиялық білім адамға, өзінің дүниедегі орнын түсінуге, өз емірінің мақсатын ажыратуға;дүние түзілімнің жалпылама заңдары мен ұстанымдарын тануға; шынайы құндылықтар мен бағдарларды таңдап алуға, қалай болғанда да дұрыс (адаспай, елеске ермей, азапсыз) өмір сүруге;кез келген мәселені терең зерделеп, дұрыс шешу үшін оны тұтастай, жан-жақты көре білуге;философиялық даналықты өзін-өзі жетілдіру үшін пайдалануға; өзінің ішкі рухани арқауын шыңдау және өмірде кездесетін қиындықтарды мойымай жеңе білуге үйретеді.

 

28. Ғылыми төнкерістің құрылымын талдаңыз. Ғылыми төңкеріс дегеніміз — ғылым дамуының белгілі бір ке-зеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.Ғылымдағы төңкеріс сан қырлы. Олардың үш негізгі сипатта-рын бөліп қарастыруға болады:

1)жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,

2)табиғат туралы бүрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;

3)тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.

Ғылыми төңкерістерге тән жағдай ол: ескі идеялар мен теория-ларды талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы түрде қайта құру.

Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми револиэцуялардың түрлерін бөлігін қарастыруға болады.

1. Жеке — білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция

2. Кешендік — білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;

3. Әлемдік — ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.

Ғылыми төңкерістердің түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:

1) ғылыми революциялардың аумағы;

2) ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру реңдігі;

3) жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстану теориялар ашу;

4) әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;

5) ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;

6) ғылым дамуының тарихи кезеңі,

7) ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономика қайта құрулар.

Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі төңкерісті әлемдік, іргелі төңкеріс деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы техникалық төңкеріс пен XX ғасырдағы ғылыми-техникалық төңкеріс.

Ғылым мен білім адамзат өркениеті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларда ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. FТ жағдайында мамандардың біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады.

 

29. Ғылыми танымның негізгі парадигмаларын сипаттаңыз. Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның теория ауқымында жанама, екінші рөл атқарады. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан тіреп, рационалды түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі абстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті – мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, идеализациялау, синтез, дедукция, асбстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді.Құрылымы: 1) эмпирикалық базис-тәжірибелер барысында анықталған ж/е теориялық түрде қорытындылауды талап ететін білім фактілерінің жиынтығы. 2) теориялық логикалық аппараты д/з теория шеңберінде қарастырылатын қорытындылар мен дәлелдер. 3) теорияның өзі қалыптасуы, яғни дәлелдемелермен алынған белгілі бір тұжырым. Қосымша негіздері: 1-семиотикалық негіздер-белгілі бір теориялардың тілін қалыптастыру ережелері. 2-методологиялық негіздер-белгілі бір ғылым пайдаланатын әдістемелер. 3-логикалық негіздер-бұл теория терминдерінің логикалық түрде жүйелейді.

Әдетте парадигма ұғымы қабылданған модель, үлгі дегенді білдіреді. Бірақ Т. Кун бұл түсініктер парадигманың анықтамасын толық ашпайды деп есептейді, себебі бұл мағынада парадигма бұрын жасалып біткен жұмыс дегенді білдіреді, сонда ғалымдардың келесі тобы немен айналыспақ? Кунның пікірінше, парадиг-маларды жалпы заң ретінде қолданылатын, бірақ сонымен бірге жаңа және қиын жағдайларда одан әрі жетілдірілетін және нақтыланылатын объект деп түсінген дұрыс.Парадигмаларды қолдану ғылыми ізденісті жеделдетеді, себебі ғылыми мәселелерді шешудің басқа бәсекелес жолдарын қолданғаннан гөрі қабылданған парадигмаларды қолданған қолайлы және нәтижелі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных