ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
К. Поппердің сыни рационализмін талдаңыз.Сыни рациогализм – негізін К. Поппер қалаған қазіргі батыстық философиядағы бағыт. Оның өкілдері ретінде сол сияқты Дж. Агасси, Д. Уоткинс, И. Лакатос, Х. Альберт, Э. Топич, Х. Шпинер және б. есептеледі. Сыни рационализм ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сыни қатынасты білдіреді; рационалдылық пен сыншылдық ажыратылмайды. Рационалдылықты осылай түсіну, біріншіден, білімнің принципиалды гипотезалығын (гипотетичность – жорамалдылығын), оның (біл.) қателерге ұшырағыштығын (фаллибилизм) мойындау; екіншіден, демаркакацияның (шекараның) критерийін теориялардың ақиқаттылығын анықтаудан (верификация) олардың (теор.) жалғандылығын (фальсификация) анықтауға өзгерту; үшіншіден, «сынаулар мен қателер» әдісін (метод «проб и ошибок») негізгі ғылыми әдіс деп мойындау; төртіншіден, ғылыми білімнің даму процесін куммулятивтік емес түсіндіру (некуммулятивное истолкование) – ғылым тек бір ақиқатты теориялардан басқаларына емес, тереңділігі мен күрделілігі азырақ проблемалалардан тереңділігі мен күрделілігі артығырақ проблемалаларға қозғалады дегенді меңзейді. Кейін сыни рационализимнің дамуы бірден бірнеше бағыттар бойынша жүрді: ғылыми – зерттеу бағдарламалардың әдіснамасын жасап, И. Лакатос сыни рационализмді ғылымның шынайы тарихына бейімдеуді өзінің міндеті деп қойды; П. Фейерабенд сыни рационализмнің принциптерін олардың қисынды аяқталуына жеткізді, соның нәтижесінде оны (с.рац.) әдіснамалық анархизмге әкелді; К. Поппердің өзінің жұмыстарында сыни рационализмді әлеуметтік таным облысына тарату (қолдану) басталды, кейін ол (с. рац.) әр түрлі әлеуметтік және саясаттану концепцияларымен көбірек біріге түсуде; Х. Альберт рационалдылық проблемасын талқылауды қорытындылап, оны «әдістік тәжірибиенің жалпыға бірдей проблемасы» деп жариялады, сөйтіп оны (рац. пробл.) ғылыми танымды талқылаудың жоспарынан қызметтің кез келген сферасына рационалды - сыни қатынас жоспарына ауыстырды, яғни қызметтің кез келген саласында сыни көзқарас болу керек делінеді.
Сыни рационализмнің негізін салушы ағылшын философы К.Поппер (1902-1988ж.). Ғылыми білімнің табиғаты тұтас болып келеді, оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ғылыми білімдермен философиялық концепциялар өте тағы “қабыса” отырып және өзара байланыста болады. К.Поппер ғылым заңдылықтарын аналитикалық пайымдау мен оларды бақылаудан анықталмайтындығы айтты. Яғни ақиқат еместің жалған екендігіне, ғылымға фальсификациялау принципі қажет. Фальсификация – бұл ғылымға қатысты кез-келген орныққан анықтаманы жалғанға шығару принципі. К.Поппер ақиқат деп тәсілмен теріске шығарылмаған дүниені айтуға болады. Егерде кейбір орын алған “атомарлық” анықтамалардың теорияларының немесе гипотезасының жалған екендігіне жағдай туылса, онда сол теориялар мен гипотезалар теріске шығарылмақ. Егер гипотезаның тәсілдік теріске шығарылуы орын алмаса, онда ол ақиқат немесе ақталып шыққан болып саналады. К.Поппер үшін фальсификация принципі – бұл эмпирикалық тексеріс тәсілі емес, ғылымның белгілі бір орын алуындағы ғылыми білімнің мазмұнына сыни талдау жасау, барлық оның жетістіктеріне әркез сыни көзбен қарап отыру қажеттігі. Ғылым – бұл әрдайым динамикалық процесс, яғни үздіксіз өзгеріс үстінде болатын.
47. Т. Кунның ғылыми білім динамикасының концепциясын сипаттаңыз. Томас Кунның концепциясына, оның негізгі «Ғылыми революциялардың құрылысы» атты шығармасында ұсынылған келесі ұғымдар: парадигма; пəндік матрица, қалыпты /нормалы/ ғылым, басты қатыру жаттығулар, парадигмалардың салыстырмаулыстықтығы. Парадигма – Т. Кунның ғылыми білімнің даму динамикасы туралы концепциясында ғылыми қоғамдардың қалыптасу негіздерінде ғылым тарихын құрастыратын олардың арасындағы бəсекені ашатын жəне білдіретін орталық ұғым. Кунның концепциясында парадигма деген сол ғылыми ұжыммен қолданатын жалпы идеялардың жиынтығы мен методологиялық ұстанымдары. Парадигмаға келесі екі қасиеттер тəрізді: 1. ол ғылыми ұжымның қызметінің негізі болып қабылданады, 2. ол өзгеріс сұрақтарды, яғни зерттеушілерге жол ашады. Парадигма – ол əр ғылымның бастамасы, мақсатқа сай фактілерді іріктеуге жəне оларды сараптауға бағытталған. Парадигма əлде «пəндік матрица» келесі маңызды компоненттерден тұрады: 1. «мағыналық жалпылау» - ол ғылыми топтың мүшелерімен логикалық түрде күмəнсіз жəне қайшысыз қолданатын пікірлер; 2. «парадигманың метафизикалық бөлшектері», мысалы, «жылу дегеніміз затты құрастыратын бөлшектердің кинетикалық энергиясы»; 3. құңдылықтар, мысалы, болжауға қатысты, сандық болжаулар сапалықтан үстемді болу қажет; 4. жалпы бəрімен қабылданған үлгілер. Т. Кунның ең үлкен жетістігі – ол ғылымның табиғаты мен прогресін ашуға жаңа подход тапты. К. Поппердің ғылымның дамуын тек логикалық ережелер арқылы шешуге болады деген пікірге қарағанда, Кун өзгеше осы мəселеге адамдық факторды оның шешіміне жаңа, əлеуметтік жəне психологиялық мотивтерді еңгізді. Т. Кунның кітабы, «Нормалы ғылым» атты ұғым жəне оның интерпретациялары» көп пікір-таластар тудырды. «Нормалы ғылым» атты ұғымның түсінігіне сыңау үш бағыттан тұрады. Бірінші, ғылыми қызметте «нормалы ғылым» атты құбылысты мүлдем жоққа шығару. Осы пікірді ұстанған Дж. Уоткинс. Оның айтуынша, ғылым ешқашанда өз орынынан жылжымас еді, ғалымдардың қызметінің негізгі формасы «нормалы ғылым» болса. Оның пікірінше, осындай «нормалы ғылым» деген қызықсыз жəне батырсыз қызмет жоқ, Кунның «нормалы ғылымынан» революция шықпайды.
48. Ғылыми білімнің эмпирикалық және теоретикалық деңгейлеріне тоқталыңыз. Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ олар: жеке, жалпы ғылыми және жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді. Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады. Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты. Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере отырып, зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау керек. Жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады. Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау. Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау. Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар. Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: - анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу; - синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру; - абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу; - жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі; - индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі; - дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі; - аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б - классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).
49. Ақпараттық қоғам концепциясына анықтама беріңіз. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең – ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпарат-тық-коммуникациялық технологиялардың оқытушы қызметінің барлық салаларына кіріктіріліп, табиғи ортаға айналып отыр. Біз қазіргі уақытта әлемдік жаһандану үрдісін бастан кешудеміз. Жаһандануды алға жылжытатын басты күштердің бірі ақпараттық-байланыстық төңкеріс болып табылады. Өркениеттiң даму кезеңдерiнде бiрнеше ақпараттық төңкерiстер болып, адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. Микропроцессорлық технологияның арқасында компьютер, компьютерлiк желiлер және жүйелер жарыққа шықты. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және т.б. салаларда тиімді көмекші құрал ретінде қолданылады. Компьютерлік желілер көмегімен құжат-тамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады. Компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр. Осының бәрі ақпараттық қоғамда толық-қанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдаған Жолдауында оқыту үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды – білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейтуге баса назар аударды. Бұл білім саласына көптеген жаңалықтарға және әлемдік ақпараттық даму жүйесіне еркін енуге жол ашуда. Ақпараттық-коммуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты — қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу. Ақпараттандыру және бұқаралық коммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпараты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
50. Сциентизм мен антисцентизимнің ерекшеліктеріне тоқталыңыз. 20 ғасыр философиясы өте күрделі рухани құрылым. Ғылым мен практиканың, философиялық ойдың дамуы арқылы оның аясы кеңейіп, толыға түсті. Осы заманғы батыс философиясы сан алуан ағымдар арқылы өмір сүріп отыр. Солардың қатарына идеализм мен материализмді, антропологизм мен натурализмді, рационализм мен иррационализмді, сциентизм және антисциентизмді жатқызуға болады. Сциентизм (латынша scientia- ғылым)- ғылым барлық әлеуметтік проблемаларды шешіп беруге қабілеті бар деп есептейтін философиялық- дүниетанымдық бағыт. Сциентизм көптеген теориялар мен концепциялардың шығуына негіз болды: технологиялық детерминизм, неопозитивизм концепциялары. Антисциентизм - ғылымның қоғамдық өмір мен адамға жасайтын ықпалын жоққа шығармайды. Бірақ бұл ықпал негативті деп біледі. Бұл ағым ақиқат, рационалдық, әлеуметтік келісім және т.б. ұғымдарды жаңаша қарастыруды қажет деп есептейді. Антисциентизм негізінде экзистенциализм, діни- философиялық ілімдер, франкфурттық әлеуметтік- философиялық мектеп, Рим клубының бірнеше ағымдары жақындай түседі. Антисциентизм ғылымның әлеуметтік үстемдігін шектеуді, оны қоғамдық сананың басқа да формаларымен теңестіруді талап етеді. Оның ашқан жаналықтарын, негативтік әлеуметтік салдарын болдырмауға толығымен бақылауға алуды қажет деп біледі.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|