Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






К.Поппер бойынша «кез келген теория эксперимент арқылы жалғанға айналатын гипотеза». Осы тұжырымдама дұрыс па?




Поппердің айтуынша жалпы тұжырымдарды негіздеу үшін дедуктивті тексеруге жүгіну қажет. Бұл үшін ұсынылған тұжырымнан туындайтын эмпирикалық салдарлар тексеріледі. Бірақ бұл жерде ол жалпы тұжырымды түйіндеу мәселесін оны негіздеу мен тексеру мәселесінен бөліп алды. Бұл жағдайда алынған айғақтық мәселелерді эмпирикалық ғылымдарға жатқызамыз, ал жалпы мәселелерді зерттеу логикасы арқылы түсіндірген. Зерттеу барысында дәлелденуі ең қиын деген болжамның тексеру тәсілдерін тауып алған. Егер гипотеза мұндай тексеруден қалыпты өтсе, онда оны дәлелденген деп қабылдаған, бірақ бұл нәтиже онан әрі теріске шығарылған, жалғандандырылған. Сондықтан Поппердің «кез келген теория эксперимент арқылы жалғанға айналатын гипотезасы»қате. Мұның өзін көптеген ғалымдар қатесін тауып, келіспеген.

К.Поппер (1902-1994) əрбiр мезеттегi технологиялық мүмкiншiлiктерге байланысты болып келетiн жалғыздылықтың талабына сезiмдiлiктiң критерийiн қайта қалыптастырды. “Ғылыми ашылымның логикасы” еңбегiнде К.Поппер эмпирикалық қондырғы туралы тезисiн негiздейдi. Бұл қондырғы бойынша бiлiмнiң өсуi үшiн айқын түйiндер мен ұсынылатын тұжырымдарды өте дəл эмпирикалық тексеру қажет. Поппердiң айтуынша,

жалпы тұжырымдарды негiздеу үшiн дедуктивтi тексеруге жүгiну қажет. Бұл үшiн ұсынылған тұжырымнан туындайтын эмпирикалық салдарлар тексерiледi. Бiрақ бұл жерде бiз жалпы тұжырымды түйiндеу мəселесiн оны негiздеу мен тексеру мəселесiнен бөлiп алуымыз керек. Бұл жағдайда алынған айғақтық мəселелердi эмпирикалық ғылымдарға жатқызамыз, ал жалпы мəселелердi зерттеудiң логикасы арқылы түсiндiремiз. Зерттеу барысында дəлелденуi ең қиын деген гипотезаның тексеру тəсiлдерiн тауып алуымыз керек. Егер гипотеза (болжам) мұндай тексеруден қалыпты өтсе, онда оны дəлелденген деп қабылдауға болады, бiрақ бұл нəтиже онан арғы терiске шығарылуға, жалғандандырылуға дайын. Өзiнiң позициясын К.Поппер “сыншыл рационализм” деп анықтайды. К.Поппердiң пiкiрiнше, ғалымдар бiрдеменi үйрену үшiн ашық жəне еркiн рационалдық пiкiрталас қажет. Мұнда ғалымдар ұсынылған тұжырымды терiске шығару тəсiлдерiн табуға да, оппоненттiң көзқарасын қолдауға дайын болуы шарт. Ашық дисскусияларда ақылды орынды пайдалану – мiне, осы рационализм болып табылады. К.Поппер “Ашық қоғам жəне оның жаулары” кiтабында Платон, Маркстiң идеяларын догматизм ретiнде сынап, оларда нақтылық пен бiлiмдi жетiлдiруге деген ұмтылыс жоқ деп санайды.К.Поппер ақиқатқа монополия жасауға қарсы шығып, толеранттылық (төзiмдiлiк) пен либералдық позицияларын ұстанады. К.Поппер өзiнiң “Тарихилықтың жұтандығы” деген тағы бiр еңбегiнде əлеуметтiк болжамдарға қарсы өзiнiң негiзгi қағидаларын дəлелдеп, холистiк жорамалдарға талдау жасайды. К.Поппер бастапқы гипотезаларға түзету енгiзе отырып, салдарларды зерттеу жəне оларды нақты оқиғалармен салыстыру жолы арқылы болашақ туралы болжам жасауға болады деп санады. Оның ойынша, барлық қоғам туралы болжам жасау жəне оны өзгерту мүмкiн емес. Философтың пiкiнiше нақты реформалар жүргiзу барысында бiздiң жоспарларға түзету енгiзу мен тексерiлген құралдар арқылы кезеңдергебөлiп өзгерiстер жасауға болады.

31. Жаһандану және ғылыми ақпарттың дамуын сипатаңыз. Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар: а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі; ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі; б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі; в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі; г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы; ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы; 3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі.

Ғаламдық ақпараттық қоғамның қалыптасу ортасы және негізі. Ғаламдық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда технологиялық түп қазық болып табылатын, ақпараттық қоғам дамып, қызмет ететін қазіргі компьютерлік технологиялардың маңызы зор. Қазіргі компьютерлік технологиялардың дамуында ғаламдық компьютерлік желі Интернеттің қүрылуы аса маңызды кезең болды. Интернет желісі - бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртүтас ақпарат кеңістігі.Ғылыми ақпарат- арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.

32. Бейклассикалық ғылымның гносеологиялық негіздерін қарастырыңыз. Бейклассикалық философия батыс мәдениетінің адамның ішкі де, сыртқы да болмысына қатысты үстемдік қағидасына негізделген онтологиялық, антропологиялық жэне гносеологиялық жобаларын сынға алды. Классикалык емес бағыттың негізгі көздеген нәрсесі - логоцентризмді, рациоцентризмді жэне фаллоцентризмді бұзу, Шығысқа бетбұрыс жасау, біржақты субъект-объект антитезасы орнына адам мен элем қатынасының тұтастығын қайта жасау. Гносеология. Таным проблемалары: оның мүмкіндік шарттары мен ұқсас ақиқатқа жету жолдары ғылыми және ғылыми емес білімнің қатыстылығы; танымдылығы мен күйзелісі яғни таным шындығына қатысты барлық сұрақтарды гносеология зерттейді.

Гносеология немесе таным теориясы философиялық білімнің бөлігі, танымдық іс - әрекетінің мәні шарттары ұқсас білімге жету жолдарын қарастырады. Одан басқа таным теориясын адасушылық оның пайда болу себептері мен оны жеңу жолдары білімнің өмірлік экзистенциалды мазмұны қызықтырады. Гносеология философиялық білімнің бір бөлімі, сондықтан оның зерттеуі адам өмір жүйесіндегі жалпылық болып қолданады. Бірақ, гносеология - бұл қатынастың тек танымдық аспектісін зерттеп, танымның негізділігі мен жан жақтылығын ашады.

Гносеология термині гректің «gnosis» - білім және «logos» – ұғым, ілім деген сөздерінен шыққан.

Таным - гносеологияның негізгі ұғымы. Бұл термин әртүрлі мағынада қолданыла береді. Біріншіден, адамның туа біткен жануарлардан ерекшелейтін қабілеті деп есептеледі. Бұл жағдайда таным тіршілік үшін күресте ортаға бейімделу жағдайында адамның ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады.

Екіншіден, таным білім алудың шығармашылық процессін түсіндіруі мүмкін. Бұл түсінік тұрғысында таным - жеке тұлға мен жалпы адамзат деңгейінде жүзеге асырлатын мәдени іс-шараның бір түрі.

Үшіншіден, таным біліммен теңдесе алады. Бұл жағдайда адамның ерекше қайраткерлігі мен оның нәтижесі бір-бірімен теңдеседі.

Соңғы таным қатал философиялық ойдың тұрғысынан аса қарапайым деп есептелмейді, бірақ күнделікті өмірде біз танымды біліммен теңестіреміз. Гносеологияда танымның өзі де, білім де жетілген шешім ретінде қарастырылады.

33. Қазақстанда жаңа технологияларды өндіріске ендіру деңгейінің дәрежесін сипаттаңыз. Өндіріске жаңа технологияларды енгізу – «Қазақстан-2050» стратегиясының басым бағыттарының бірі. Ол – табысқа қол жеткізетін, бәсекелестікке төтеп беретін экономикалық прагматизм. Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Ел экономикасының қарқынды өсуінің қажетті шарты ғылыми-техникалық, өндірістік, қаржылық және институционалдық саланың өзара байланысты қалыптасуына ықпал ететін инновациялық жолға өту болып табылады. Мұнымен бірге басты міндет ғылымның дамуын, жаңалықтардың қозғалысы, озық өндірістік технологияларды әзірлеу және енгізуге ынталандыруға шақыратын ғылыми-инновациялық саясатты қалыптастыру болып табылады. Жаңа технологияны дамыту, немесе ғылыми-техникалық революция негізгі үш сатыдан тұратын болса, Қазақстан оның 1-ші сатысында қолдан келетін (мұнай-газ бен түрлі-түсті металдар өндіру, мұнай химиясы, энергетика, астық өндіру т.б.) барлық салаларды дамытуда. Алдағы жылдары «ЭКСПО 2017» қорытындысы бойынша қазіргі басымды салалардың ішінен әлемдік деңгейге жеткен 5-6-ын іріктеп алып, соларды дамытуға күш салу керек. Ғылым мен иновация – аталған ұғымдар бір-бірімен байланысты. Ғылым - бұл ақшаның білімге айналуы, өз кезегінде инновация – бұл білімнің ақшаға айналуы. Қазіргі заманғы экономиканы инновациялар жылжытады. Қазіргі таңда әлемде дамыған елдер мен дамушы елдер бар. Дамыған елдер қатарына Америка, Қытай, Жапония, Корея және тб елдерді жатқызсақ, дамушы елдер қатарына біз өзімізді жатқызып жатамыз. Қазіргі таңда жаңа технологияларды өндіріске ендіру деңгейнің дәрежесін дамыған елдермен салыстырғанда өте төмен деп айтуға да болады. Өйткені Қазақстан өндірістегі барлық жаңа технологияларды шет мемлекеттерден миллиардтаған сомаға сатып алып, соның ақшасын 15-20 жыл ішінде өндіре алады.Сондықтан да мен айтар едім Қазақстан өндірісте қолданылатын жаңа технологияларды өздері жасап шығарса елімізге коп пайдасын тигізер еді. Бүгінгі таңда Қазазстан да техникалар жасау үстінде. Машиналар, тракторлар жасап шығаруда, бірақ бұл да болса әлі жеткіліксіз.

 

34. Ғылымның дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін ашып қарастырыңыз: классика, бейклассика, постклассика. Ғылым қашан және қалай пайда болды? Негізгі көзқарас бойынша – ғылым – білім жиынтығы: қоғамдық сананың формасы; әлеуметтік институт; қоғамның негізгі қозғаушы күші; кәсіптік мамандарды дайындау жүйесі тағы басқа.

Ғылым тарихын классикалық, бейклассикалық, постклассикалық емес деп үш үлкен кезеңге бөлетіндігі белгілі. Осы кезеңділікке сай, ғылыми рационалдық та үшке бөлінеді. XVII ғасырда классикалық ғылымның іргелі негізі жасалды. Жаңа дәуірде ғылыми рационалдық қоғамдық өмірдің барлық басқа салаларына ене бастады. Ғылым қоршаған ортаны зерттеп, тануға мүмкіндік берді, ал ғылымдағы жетістіктер ерекше рефлексивті сана – философиялық-методологиялық рефлексияның пайда болуына ықпал етті. ХІХ ғасырдың соңында жаратылыстануда ұлы жаңалықтардың ашылуына байланысты классикалық ғылымның орнына бейклассикалық ғылымкелді, ал постклассикалық емес рационалдылық 1970 жылдары қалыптасты. Постклассикалық емес ғылым кезеңінде ғылыми білімдердің синтезі идеясы басымдылық таныта бастады. Бұл идея бойынша әмбебап эволюционизм негізінде әлемнің жалпығылымдық суретте-месін жасау мақсат болып табылады. Әмбебап эволюционизм негізінде әлемнің жалпы-ғылымдық суреттемесі жүйелілік пен эволюциялық ұстанымдарын біртұтастыққа біріктіру арқылы жүзеге аспақ. Әмбебап эволюционизм тұғырнамасы нақты ғылыми пәндер (физика, химия, биология және т.б.) шеңберінде алынған білімдер мен философиялық-дүниетанымдық ұстанымдардың біртұ- тастығына негізделеді. Енді бір ескере кететін жайт, ХХ ғасырда қолданбалы ғылым-дардың қарқынды дамуы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасында да біршама дамыды. Ол, біріншіден, экономикалық тұрғыдан тиімді, екіншіден, тез нәтиже береді. Соған байланысты қазіргі күні іргелі ғылымдарға деген қызығушылықтың бәсеңдеуі көңіл қоярлықтай.

35. Ортағасырдағы батыстағы ғылыми таным ерекшеліктерін көрсетіңіз. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның теорияауқы-мында жанама, екінші рөл атқарады. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбе-баптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан тіреп, рационалды түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі абстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті – мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, идеализациялау, синтез, дедукция, асбстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді. Европада орта ғасырдағы батыс философиясы үлкен тарихи дәуірді қамтиды. Оның ең басты сипаты – христиан дінімен тығыз байланыстығы. Сенім барлық философиялық ізденістердің күре тамырына, өзегіне айналған.

Орта ғасырлардағы теологиялық философияның негізгі ерекшеліктері: космосқа, табиғатқа, қоршаған орта құбылыстарына онша мән бермейді, бәрі құдайдан жаралды деген догмат үстем болды;

o материализм мен идеализм арасындағы қайшылықтар бәсеңдеді;

o құдай алдын ала белгілеп қойғандықтан адам еркінің бостандығы жарияланды;

o әлемді Құдай арқылы тануға болатындығы есепке алынды;

Орта ғасырлар философиясының негізгі принциптері жарату және ашылу догматтары.

Жарату догматы бойынша:

o құдай әлемді ештеңеден жаратты;

o әлемнің жаралуы құдай еркінің нәтижесі;

o әлем құдайдың күшімен жаратылған;

o әлемдегі жалғыз шығармашылық бастау – Құдай;

o Құдай мәңгі, тұрақты;

Ашылу догматы бойынша:

o әлемді тек Құдайды тану арқылы ғана тануға болады;

o құдайды тануға болмайды, бірақ ол өзін Библия арқылы танылтады;

құдайды және әлемді танудың жолы – Библияны оқу.

Орта ғасыр философиясының патристика және схоластика деп аталатын маңызды кезеңдері бар. Орта ғасырдағы философия - адам рухының ерекше туындысы. Оның іргелі принципі - теоцентристік көзқарас, яғни барлық болмыстың, игіліктің, әдеміліктің, философиялық және діни пайымдаудың күретамыры, бастауы -дін деп қарастыру. Оған монотеистік принцип – Құдай біреу, жалғыз деген догматиты мойындау: креационистік принцип – Құдай әлемді ештеңеден жаратты деп қабылдау; провиденциалдық принцип – адам қоғамның дамуы, қозғалысының қайнар көзі мен мақсаты, Құдайдың алдын ала анықтауымен болады деген ұстанымды негізге алу тән.

36. Әлемнің ғылыми бейнесін талдаңыз. Ғылым (араб.: (ілім)— білім, тану; лат.scientia — білім) — жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы. Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру. Ғылым мен техниканың жетістіктері әлемдік өркениет қатарына жатады. Әлемнің ғылыми бейнесін ғылым жетістіктері мен ғылым дамуынан, оның нәтижесіне көруге болады. Ғылым — коғам дамуының практикалык кажеттіліктерімен байланыскан біртүтас жүйе. Ғылым коғамда "таза білімдер" жүйесі болып қана қоймайды, өзінің функциясын аткарады. Өйткені ғылым өзінің тамырын қоғам койнауларынан алады және мәдениеттің бірегей құбылысы болып табылады. Одан басқа, ғылым өзінің мәніне орай, белгілі бір әлеуметтік-тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын адамдар кызметінің шығармашылық түрі ретінде көрініс береді. Қоғамнан тыс, өзі жеке алға тартылған, "таза" ғылым болмайды. Ғылымның дамуына, оның өркендеуіне тікелей қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер әсер етіп, ғылым өз дамуы барысында әлемнің негізгі бейнесін суреттейді.

37. Ғылым философиясындағы тәсіл және әдіснама категорияларын қарастырыңыз. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді. Әдістеме дегеніміз — қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы.Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз мате-матигі әрі философы Р.Декарт өзінің «Әдістеме туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті.Әдістеме адамдардың қабілеттерін теңестіріп қоймай, олардың қызметін де біркелкі жүйеге түсіреді, ал буның өзі барлық зерттеу-шілердің бірдей нәтижелер алуына көмектеседі.Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен ңатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар. Пән мен танымдық әдістеменің бірлігін негіздеген неміс философы Гегель.Ғылыми әдістеме зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке әдістемелерден түрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпи-рикалық әдістемелер болып бөлінеді.Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

 

38. Постклассикалық ғылымның онтологиялық негіздерін көрсетіңіз. ХХ ғасыр өнер, ғылым, мифология мен философияның әлем бейнесін құрайтын жаңаша көзқарастарын әкелді. Бұл кезеңнің ерекшелігі ретінде көркемдік, ғылым және философиялық тұрғыдан әлемді тануда олардың жақындасуын, бірлесуін айтуға болады. Философияны ең жалпы түрде алғанда әлемді рухани игеру теориясы, оны адами пайымдау теориясы ретінде, яғни, адам мен әлемді өзін-өзі тану теориялық формасы – тек әлем жайындағы ілімді ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, адами мағына, мәндер мен құндылықтарды да қалыптастырушы. Өйткені, бүгін постклассикалық философия болмыс статикалы емес, тұрақты да емес, ол ұдайы қалыптасуда дейтін болса, онда әлем жаратылысында бастапқы мәндердің жоқ екенін мойындайды. Демек, мәндердің туындау үдерісінде (мұндай әлем жаратылысын онтологиялық негіздердің бірі ретінде) мойындауға тура келеді. Бұл байланыста кеңейтілген рационалдылық міндеті саналы түрде өзін объектіге “көндігуді”, сезінуді” қосатындығы түсінікті болады. Дискурс термині постстуктурализм мен деконструкциядағы танымал ұғым - философияда, социологияда, когнитивтік талдауларда, семиотикада қолданылады. Кең мағынада дискурс ерекше әрекетті білдіруші ретінде философиялық тұрғыда онтологиялық релятивизммен байланысты. Бұл ұғым М.Фуконың (1926-1984) философиялық тұжырымдамасында негізделген – «тілде бекітілетін қандай да бір мәндегі әртүрлі көзқарастардың бірігуін білдіреді»

 

39. Постклассикалық ғылымның гносеологиялық негіздерін сипаттаңыз. Дегенмен қазіргі заманғы постклассикалық және постнеоклассикалық философиялық дискурстар осы кез- ге дейін классикалық мұрамен, ең алдымен гегельдік филосо- фиямен пікір таластырып келгені, дарынды философ Нұрлан Сейтахметовтың пікірінше, «бұл мұраның толығымен өткен шақ- та қалып қоймай, қазіргі философиялық үдерістің толыққанды қатысушысы екендігін көрсетеді. Мен классикалық философия сыншыл түсіндірмелерді үнемі қоздыра келе, бүгінгі заманның іргелі мәселелерін түсіну үшін жаңа ресурстар таба отырып, бұл үдерістен қайта жаңғырып тұрады деп ойлаймын. Классиканың де- конструкциясы болашақта да бұл мәтіндерден «ұйқыдағы мәнді» (Ж. Деррида) табуға әкеледі және бұл ұстанымда Ю. Хабермастың жалғыз қалмайтынына мен сенімдімін» [41, 67-68 бб.]. Соңғы екі онжылдық бойы теориялық тарихи ойды да, қара- пайым тарихи сананы да жаулап алған тұжырымдар – американдық зерттеушілер Самюэль Хантингтон мен Фрэнсис Фукуяманың болжамдары болды. С.Хантингтонның пікірінше, өркениеттер қақтығысы екі деңгейде өтеді: микродеңгей – көршілес жатқан діни этностық топтар арасында бір-біріне үстемдік ету, жерге та- ласу сияқты қақтығыстар орын алса, макродеңгей – мемлекет- тер арасындағы әскери және экономикалық салаға байланысты туындаған бәсекелестік қақтығыстар. Тарихи дамудың ең басты элементі – өркениет және ол мәдени дәрежесіне байланысты айқындалатын бірлестіктердің ең жоғары сапалы түрі.

40. Постклассикалық ғылымның әлеуметтік негіздеріне сипаттама беріңіз. Тарихи көзқараспен қарайтын болсақ әрбір ғылым өзінің философиялық мағынасын және әлеуметтік қасиетін сақтаған үлгілері болады.Бұндай мысалдар ретінде философиялық классика антикалық,орта ғасырды келтіреміз.Постклассикалық ғылым негіздері 17-19 ғасырларда өркендеу үстінде болды.Негізінен европалық аймақтар кеңістігінде осы хронотопта классикалылықтың идеясы толыққанды негіз және дамуға күш алды.Философиялық классиканың бастапқы этаптары 19ғ-дан бастау алған.Постклассикалық ғылымның әлеуметтік әлеуметтік негіздеріне әртүрлі жүзеге асыру аспектілері жатады.Олар: дедуктирлеу,таралу,бекіту және т.б.

Постклассикалық ғылымның философиямен байланысы ол логикамен байланыс болып табылады.Ғылымның философияға әсері 19ғ-дан бастап экономиканың,өндіріс және технологияның дамуына негіз болды. Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым — қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі — латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім — адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым — тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.Постклассикалық ғылымның әлеуметтік негіздері көптеген жеке субьектілер мен жеке субьектілерді байланыстыратын ұғым.Бұл субьектілер өзіне энергия жинайтын және әлеуметтік топтарды біріктіреді.

 

41. Ғылымды диахромды және синхромды талдау жасаңыз. Ғылымның өте күрделі және көптеген қатынастарда өзінің эмпирикалық бағытында нысана болатын түсініктері бар.Бұл тарихи ғылымның диахронды аспектісіне және синхрондық орындалуына жатады.

Диахронды(тарихи) ғылымның көптүрлілік формасы 1.ежелгі шығыс ғылымы (вавилон-шумерлік, египеттік,ежелгі үнділік,ежелгі қытайлық); 2.антикалық ғылым 3.ортағасырлық европалық ғылым 4.жаңа европалық классикалық ғылым 5.классикалық емес ғылым 6.постклассикалық ғылым.

Классикалық ғылымның онтологиялық негіздері болып антителеологизм,бір мағыналы детерминизм,механикалылық жатады.Ғылымға диахронды және синхронды талдау жасайтын болсақ оған классикалық ғылымның гносеологиялық негіздерінің ұғымдары зерттеудің обьективті тәсілдері,тәжірибелер,нысанның математикалық моделі және дедуктивті аксиоматикалық әдістері жатады.Ғылымның дихронды плюрализмі және синхронд плюрализмі өзінің маңызды рөлін әлеуметтік ортада орындайды.Диахронды және синхронды ғылым негіздері төрт түрге бөлінеді: 1.логика-математикалық 2.инженерлік-техникалық 3.технологиялық 4.әлеуметтік – гуманитарлық.

Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе отырып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Сол себепті диахронды синхронды талдау жасау арқылы қарастырған дұрыс.Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетіндебасымдылыққа ие болды.одан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету қүқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сүрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. XX ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мундай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. XX ғасырдың басында фило-софтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бүл жолдың апатқа бас-тайтынын ашық айтты. Бұл XX ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары — ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену — осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бундай көзқарас XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы — мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.

42. Ғылыми білімнің денгейлеріне тоқталыңыз. Ғылымның дамуында ғалымның тұлғалық ерекшеліктерінің белгілі бір рөл атқаратынын жоққа шығармасақ та, керінбейтін білімді М.Полани секілді тым әсірелеуге болмайды, бұл білімнің иесі ұжымдық субъект екендігін ұмытпаған дұрыс. Білімді тек жеке білім деп түсіну – қате.

Әрине, тек дәстүрлерге сүйенсе, ғылым дамымай қалар еді. Ғылыми білімнің құрылымында жаңалықтар да ерекше рел атқарады. Ғылыми субъект парадигма-дәстүрлерді басшылыққа алып қана қоймай, оларды жаңалықтармен үнемі толықтырып отыруы тиіс.

Нағыз ғылыми білімнің бірінші үлгісі сынақтан өтті, оны ғылыми емес білімдерден айырып тұратын негізгі ерекшеліктері көрінді. Олар мыналар: 1) ғылыми білім жүйелі, сондай-ақ оны басқа білімдердеи логикалық жолмен қорытып шығаруға болады; 2) ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары мен құбылыстары емес, идеялық объектілер, яғни олардың ойдағы бейнелері; 3) ғылыми білімнің мазмұны оны танып білуші адамның (субъектінің) мақсат-мүддесіне тәуелсіз, объективтік ақиқат болуы тиіс; 4) ғылым қайталанушы құбылыстарды ғана зерттейді, жеке-дара заттар мен құбылыстарды ғана емес, белгілі бір топқа, класқа жататын заттар мен құбылыстардың бәріне тән жалпы заңшылықтарды іздейді, т.т.

Ғылыми танымның құрылысына келсек, өзі өмір сүріп келе жатқан екі жарым мың жылдан бері ғылым жүйелі түрде ұйымдасқан, өзіндік айқын құрылысы бар күрделі құбылысқа айналғанын атап айтпасқа болмайды. Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар:

а) дәл анықталған фактілер;

ә) бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы заңдылықтар;

б) шындық дүниенің бірқатар құбылыстарын түсіндіруші заңдылықтар системасын біріктіретін теориялар;

в) бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми көрінісі (картинасы); мұнда өзара үйлесімді теориялардың бәрі біртұтас системаға (жүйеге) біріктіріледі.

43. И.Канттың трансцендентальді - аналитикалық парадигмасына талдау жасаңыз. XVІІІ ғасырдың аяғы кезеңінде неміс жерінде философия жаңа толқынмен дами бастады. Бұл кезеңді бастап берген Имануил Кант болды. Канттың өмірін сынға дейінгі кезең, сыннан кейінгі кезең деп екіге бөліп қарастырады. 1770 жылдардан кейін оның ”Практикалық ақылға сын”, “Таза ақылға сын” (1781ж.), “Пайымдау қабілетін сынау” атты еңбектері жарық көрді. И. Канттың өмірінің екінші кезеңінде гносеология жасалады. Субъекті және оның қызметі мәселесі Канттың таным теориясына қосқан үлесі болып табылады. Кант тәжірибені апостериорлық және априорлық деп екіге бөледі. Априори – тәжірибеден бұрын оған тәуелсіз алынған білім дегенді білдіреді. Априори әуелден-ақ санаға тән білім деп саналады. Апостериори тәжірибеден алынған білім деп саналады. Тәжірибені екіұшты пайымдау құбылыс пен мәнді қарама-қарсы қояды. Құбылыс сыртқы көрініс, мән іште, тереңде, көрінбейді. Мән мен құбылыты қарама-қарсы қою одан әрі жалғасып, мұның өзі міндетті түрде агностицизмге апарып соғады. Агностицизм - бұл танымды ішінара теріске шығаратын ілім. Кант агностицизм бағытын (өкілі) ұстанды.

Кант дүниені “өзіндік зат” және”біздің зат” деп екіге бөледі. ”Өзііндік зат” - өздігінен, бііздің санамыздан тыс өмір сүретін мән. “Өзіндік заттың” мәнін танып білуге болмайды. ”Өзіндік заттардан” басқа құбылыстар дүниесі бар. Оны Кант табиғат дейді. Құбылыстар дүниесі адам санасынан тәуелсіз өздігінше өмір сүре алмайды. Құбылыстар дүнисінде заңдылық жоқ, - дейді Кант. Адам ғана таным барысында ретсіз дүниеде заңдылық жасап береді. Оған трансценденталды ақыл - парасат көмекке келеді. Трансценденталды деген сөз о дүниелік дегенді білдіреді, бұл - сана мен таным шегінен тыс нәрсені білдіретін термин. Осы тұста Канттың субъектіні активті феномен ретінде қарастырғанын байқаймыз. Кант “білім қалай түзіледі?” деген сұраққа жауап іздеді. Ол априоризм арқылы білімнің жекеліктен жалпылыққа өтуін шешпек болды. Біілімді негіздеу Канттың басты мақсаты еді. Кант білімнің калай түзілетінін ашып бере алмады.Себебі ол пайымдау және парасат арасын алшақтатып жіберді. Сондай-ақ априорлық формалардың өзі қайдан щығатынын да түсіндірмеді. Кант “өзіндік затты”, мәнді тануда творчестволық елестетуге орын береді. Мән жоғарғы ақыл арқылы танылады. Жоғарғы ақыл трансцендентті, ол эксперимент пен бақылаудан тәуелсіз жоғарғы білім мен сенімге негізделген. Өмірінің ақырына қарай Кант логика және педагогикамен айналысады.12 жалпы ұғымдар - категориялар түзді. Кант антиномиялар туралы пікір айтты. Антиномия - санадағы қарама-қарсылықтар. Өзінің таным қызметінде адам қайшылықтарға кезікпей қоймайды. Олардан шығудың бірден бір жолы - парыз этикасы болып табылады. Өйткені адам өзінің эмпирикалық тіршілігінде табиғат заңдарынан төмен тұр, өйткені ол сыртқы дүниенің ықпалына бағынышты. Алайда мораль заңдарын, императивті басшылыққа ала отырып адам ғибратқа ие болады. Кант “категориялық императив” ұғымының авторы: ”Адам мүддеге жетудің құралы емес, ол - мақсат болуы қажет”. Кант айтты “Адамның жолы болмауы моралдық сананың жетіспеушілігінен”.

 

44. О.Конттың синтетикалық - жинақтаушы парадигмасын сипаттаңыз. ОГЮСТ КОНТ (1798 − 1857) − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Ол «әлеуметтану» терминің ғылыми қолданысқан алғаш рет енгізген. Он ввел в употребление сам термин «социология». Әлеуметтану басқа да ғылымдар сияқты бақыланатын әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысады.

О. Конттың филлософиялық көзқарастары дамуы 3 кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде Конт Огюст Конт еуропалық қоғам дамуының негізгі кезеңдлерін суреттеп әлеуметтік реформалардың мүмкіндігі мен оларды іске асыру тәсілдерін ой елегіне өткізді. Екінші кезең – (1830-42) ол өз идеяларын дамыта отырып, қоғам туралы ғылым ретінде философияның негізгі ережелерін тұжырымдайды. Үшінші кезең адамзат тарихының бірлігі туралы идеясын қалыптастырып, негізгі ойларын дәйекті дәлелдермен дамытады.

Конттың философиялық эволюциясы кезеңдерін, адамзат бірлігі туралы тезисті түсіндіретін және ақтайтын, дәлелдеулердің үш тәсілі ретінде көрсетуге болады. Бұл кезеңдер Конттың үш негізгі еңбектерімен белгіленген.

Бірінші кезең (1820-1826) – мынадай кішігірім жұмыстарды жазу кезеңі: «Әлеуметтік философия опускулдары»; «Қазіргінің өткендігі элементтерін жалпы бағалау» (көкек, 1820 ж.); «Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыстар жоспары» (көкек, 1822 ж.); «Ғылымдар және ғалымдар туралы философиялық ойлар» (қараша−желтоқсан 1825 ж.). «Рух қуаты туралы ойлау» (1825-1826 жж.).

Екінші кезеңді «Позитивтік философия курсы» дәрістері (жеке томдармен 1830 жылдан 1842 жылға дейін жарыққа шығып отырған) құрастырады.Үшінші кезең «Позитивтік саясат жүйесі, немесе Адамзат діндері негіздері туралы социологиялық трактат» (1851 жылдан 1854 жылға дейін жарыққа шығып отырған) еңбегінде көрініс табады.

Бірінші кезеңдегі өзінің «Опускулдарында» («Позитивтік саясат жүйесінің» 4-і томының аяғында оны қайта шығарып отырып, Конт өз ниетінің бірлігін осылай атап көрсеткісі келеді), Политехникалық мектептің жас бітірушісі өз уақытындағы қоғам туралы пайымдайды.Социологтардың көпшілігі үшін олардың әрекеттерінің бастамасы болып, онда олар өмір сүретін, дәуір сипаты туралы пайымдаулармен байланысты.Бұл Огюст Контқа да тән.оның «Опускулдары», ХІХ ғ. басында еуропалық қоғам өз басынан өткізіп жатқан, тарихтың сәтін суреттеу және түсіндіру болып табылады.

Үш күйлер заңына сәйкес, адам ақылы бірінің артынан бірі келетін үш фазадан өтеді.Адамның өзімен салыстыруға тұратын, мәндерді немесе күштерді оларда мойындай отырып, ол біріншісінде құбылыстарды түсіндіреді, екіншісінде ол, табиғат сияқты, абстрактілі мәндерге көңіл аударады.Үшіншісінде адам феномендерге байқау жүргізумен және олардың арасында не осы мезгілде, не басқа уақыт барысында өмір сүре алатын, тұрақты байланыстарды тағайындаумен шектеледі.Ол деректердің себептерін ашудан бас тартады және оларды басқаратын заңдарды ашумен риза болады.

Теологиялық фазадан метафизикалыққа, ал кейін поитвтікке ауысу әр түрлі интелектуалдық пәндерде бір мезгілде жүрмейді.Үш күйлер заңы Конт ілімінде тек ғылымдар жіктемесімен қоса қатаң мағынаға ие бола алады.Әр түрлі ғылымдардың таратылу тәртіб біз үшін әр түрлі салалардағы позтвтік ақыл қалыптасу тәртібін ашады.

45. Э. Махтың ғылым философиясына тоқталыңыз. Махизм - 1)тар мағынасында – Австрия физигі және философы Э. Махтың философиялық көзқарасының жиынтығы;

2) кең мағынасында – 20 ғасырдың басында Э. Мах, Р. Авенариус (Швейцария) және олардың шәкірттерінің еңбектерінде, сондай-ақ К. Пирсон (Ұлыбритания) мен П. Дюгемнің (франция) еңбектерінде талданған философия мен ғылыми методологиясындағы субьективтік-идеалистік бағыт. Кейбір сипаттары жағынан Махизмге А. Пуанкаре (Франция) мен В. Освальдтің философиялық көзқарастары бейім. Махизм – позитивизмнің бір түрі. Ресейде Махизмнің жақтаушылары марксизмді Махизммен «келістіруге» әрекеттенген В. Чернов, П. юшкевия, В. Базаров, А. Богданов т. б. болды. В. И. Лениннің «Материализм және эмпириокритицизм» атты классикалық еңбегінде Махизм жан- жақты сыналды.

Махизмнің негізгі теориялық қағидаларын Мах пен Авенариус бір мезгілде әрі бір-біріне тәуелсіз дерлік талдағанымен, Махизмнің кеңінен тарауы Махтың қызметімен байланысты. Мұның себебі оның еңбектері классикалық механизм физиканың дағдарысына тікелей жауап ретінде жарыққа шықты; Мах бұл дағдарыстың себебін түсіндірмек болып, онан шығудың программасын ұсынуға әрекет етті.

Махтың субьективтік-идеалистік ілімінің негізі оның ойды үнемдеу теориясы және ол ұсынған «таза суреттеме ғылымды» көксеуі болып саналады. «Егер ойды үнемдеу принципін шынында «дүние тану теориясының негізіне» алсақ, бұл принцип басқа ешнәрсеге емес, тек субьективтік-идеализмге апарып соғады. Тек мен және менің түйсіктерім бар деп ойлау «үнемдірек...». Мах жаратылыс тану ғылымының жаңа деректерін идеалистік тұрғыдан пайымдады, материя – себептілік т. б. ұғымдарды ғылымнан аластауға тырысты. Оның пікірінше, «заттар» ұғымы да, «Мен» ұғымы да элементтер (түйсіктер) жиынтығының шартты атаулары ғана. Ленин Махтың «элементтер» теориясының субьективтік-идеалистік мәнін әйгіледі. Махтың физикалық және психикалық дуализмді «жоққа шығаруын» кейінірек осы заманғы буржуазиялық философияның реалистік деп аталатын бағыттары, «бейтарап монизм» т. б. философиялық мектептер жақтап, дамыта түсті. В. И. Ленин Махизмді, оның «Осы заманғы жаратылыс тану философиясы» рөлін атқаруға дәмеленуін және материализм мен идеализм жөнінде философиядағы «партиядан тыс» бағыт ұстауға әрекеттенуін қатаң сынады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных