Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқытудың педагогикалық технологиясы» түсінігі




ЛЕКЦИЯ. ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Оқытудың педагогикалық технологиясы» түсінігі

Инновацияның өмірге келуінің объективті-субъективті себептері бар. Қоғамдық қатынастардың, қоғамның өзінің жедел дамуы адамзат сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары өзгерістерге ұшырайды. Инновацияның өмірге келуінің объективті сипаттамасы қоғам мен білім беру саласының даму қарқындарының бір-біріне сәйкес келмеуі болып табылады. Дамитын қоғамға әрқашан жаңаша ойлайтын «жаңа адамдар» қажет. Ал білім беру саласы қоғамның дамуына ілесе алмаса, онда білім беру саласында консерватизм орын алып деградация жүреді, өмірден артта қалушылық белең алады.

Қоғамның дамуына байланысты білім беру саласындағы педагогикалық парадигманы жаңа бағытта қарауды қажет етеді. Ресейлік ғалымдар А.Н.Тихонов, В.А.Садовничий «парадигма – нақты ғылыми зерттеулерді анықтайтын және ғылыми практиканың сол кезеңінде жүзеге асатын теориялық және әдіснамалық алғы шарттардың жиынтығы» деген анықтама беріп, парадигманың мағынасын ашып береді. Парадигма ұғымын ғылымға оңшыл бағыт ұстанушы Бергман енгізген, ал оны ары қарай терең зерттеген американдық физик, философ Т.Кун болды.

Т.Кунның зерттеуіне сүйенсек, «парадигма – қарастырылып отырған кезеңнің нақты ғылыми зерттеулерін (білімін) анықтайтын алғы шарттардың (қағидалардың) жиынтығы» деп атап көрсетеді. Парадигма – ғылымның негізгі өлшем бірлігі. Парадигма деп барлық қалың жұртшылық түгелдей дерлік мойындаған ғылымның алғы жетістіктерін айтуға болады.

Педагогика ғылымында парадигма ұғымы өзгеше сипатталады. Мәселен, ғалым В.И.Андреевтің пікірі бойынша, қазіргі кезеңде «білімді адам» парадигмасынан «өмірлік іс-әрекетке дайындалған адам» парадигмасына көшу орын алып отыр, жаңа парадигманың артықшылығы – адам еркін ойлана алады, өз ойын шығармашылыққа ұштастыра алады, өз бетінше дами алады, интеллектуалды, физикалық және адамгершілік тұрғыда өзін қалыптастыра алады.

Шетелдік ғалымдар «инновация» терминін әртүрлі мағынада түсіндіреді. Мәселен, шетелдік ғалым Э.Роджерс «инновация – дегеніміз жаңашылдық, жаңа идея, жаңалық» деп түсіндіреді. Ал В.П.Кваша «инновация – бұл жаңашылдық, қандай да бір жүйенің сапалы өзгерісі» деп, инновациялық динамиканың екі бағытын ерекше атап өтеді: педагогикалық инновация және педагогикалық шығармашылық.

ХХ ғасырдың 80-жылдарында осы инновация ұғымының педагогика ғылымына түпкілікті енуіне сәйкес, педагогикада «инновациялық процесс», «инновациялық әлеует» ұғымдары ендіріліп, кеңінен зерттеле бастады.

Ғалым Н.Р.Юсуфбекова педагогика ғылымына өзара синоним болатын «білім берудегі инновациялар» мен «педагогикалық инновация» терминдерін енгізіп, ғылыми негіздемесін жасады. Н.Р.Юсуфбекова педагогикалық инноватиканы өзінің жеке нысанасы (объектісі), пәні және зерттеу әдістері бар педагогика ғылымының жеке саласы ретінде қарастырады.

К.Ангеловский өз еңбегінде шетелдік зерттеуші Э.М.Роджерстің ой-пікірлерін көрсете келе, автордың инновация мәселелерін аграномия, өндіріс жене медицина салаларында зерттеген, оның пікірінше, инновация – нақты бір адамға жаңа болып табылатын идея.

«Инновация» деген сөз – латынның «novis» - жаңалық және «in» –енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді. Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация процесі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әртүрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.

С.И.Ожеговтың сөздігінде «инновация» ұғымына үш түрлі анықтама беріледі:

1) Бірінші рет шыққан, жасалған немесе жаңадан пайда болған;

2) Бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған нәрсе;

3) Бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных