ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Оқытудың мультимедиалық технологиясы«Медиа» термині латынның «media» құрал деген сөзінен шыққан, қазіргі кезеңде, күнделікті өмірде ақпараттық және коммуникациялық бұқаралық құрал (баспасөз, фотография, киномотография, теледидар, аудио, видео, мультимедиалық компьютерлік жүйе, интернет) ретінде қолданылады. Медиабілім беру мәселесімен шетелдік ғалымдар К.Тайнер, М.М.Бахтин, В.С.Виблер, А.А.Новикова, А.В.Шариков, О.Ф.Нечай, С.Н.Пензин, Ю.Н.Усов, А.В.Федоров, И.С.Левшин, О.В.Баранов, И.В.Вайсфельд, Г.А.Поличко және т.б. айналысуда. Ал, мультимедиаға зерттеуші ғалымдар түрліше анықтама береді: Д.Литтле (D.Little) бойынша, мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология. Д.Н.Жонассеннің (D.H.Jonassen) анықтамасы бойынша, мультимедиа - екі не онан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру. Ресейлік ғалым И.И.Косенко: «Мультимедиа – әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдарының кешені» - деген анықтама береді. И.Вернердің пікірі бойынша, «мультимедиа – графика, гипермәтін, дыбыс, анимация, бейнемәліметтерді пайдалануға мүмкіндік туғызатын аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені». «Мультимедиа» термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған. Мультимедианың дамуы бейнетехникалық және дербес компьютерлік технологиялардың өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедиа статикалық (мәтіндік, кестелік, графиктік) және динамикалық (анимациялық, бейнелік), дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. Б.А.Досжановтың берген анықтамасы бойынша, мультимедиа - компьютерлік графика, сурет, қозғалыстағы бейнеақпарат, анимация, мәтін, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін интерактивті жүйе; мультимедиалық технологиялар – әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы (73-сурет). Мультимедиа технологиясы – визуалды және аудиоэффектілерден құралған электрондық өнімдерді дайындау әдістері. Қазіргі таңда электрондық оқулықтарды, компьютерлік оқыту бағдарламаларын, дыбыстық және бейнелік оқу материалдарын пайдалануда қолданылатын мультимедиалық технологиялар оқыту процесіндегі инновациялық әдістерді жүзеге асыратын бірден бір жаңа ақпараттық технология болып саналады. Мультимедиа,біріншіден, таным процесінің жоғарылауына септігін тигізсе, екіншіден, әртүрлі типті ақпараттарды біріктіре пайдалануға мүмкіндік береді, үшіншіден, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын дидактикалық аппараттық-бағдарламалық құрал болып табылады. Мультимедиалық ақпарат түрлерін (мәтін, графика, анимация, дыбыс, бейнеақпарат т.б.) өзара байланыстыру нәтижесінде гипермедиа технологиясы пайда болды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|