Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Деңгейлеп оқытудың мазмұны




Педагогика ғылымының докторы Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында.

Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады.

Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі.

Бірінші деңгейден бастау алған сөйлеу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады.

Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өзі мақсатты қояды, әдістерін іздейді, нәтижесіне жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.

Танымдық қызметтің бұл түрлері өзара байланыста және бағынышты (иерархиялық) сипатта болады. Танымдық кызметтің бұл үлкен екі тобының иерархиясынан шыға отырып, академик В.П.Беспалько білімді меңгеру иәтижесін төмендегідей 4 иерархия түрінде сипаттайды:

1. Үйренушілік – репродуктивті іс-әрекет деңгейі. Оқушы тапсырма құрылымындағы мақсат, жағдаят және оны шешу іс-қимылдарының сәйкестігі туралы қорытынды жасауы керек, тани білу іс-әрекеті.

2. Алгоритмдік – екі компонентті - мақсат, жағдаятта берілген есептерді қарастырады. Оқушы тапсырманы орындарда бұрыннан меңгерген іс-қимылдарын өздігінен жаңғыртып, қолдана білуі қажет.

3. Эвристикалық – өнімді іс-әрекетінің бірінші деңгейі. Бұл деңгей есебінде мақсат ғана берілген. Оқушы жағдаятты дәлелдеп, оны шешу үшін амалдарды таңдап алуы қажет.

4. Шығармашылықдеңгей – өнімді іс-әрекетінің ең күрделі деңгейі. Оқушы өзі мақсат қойып, өзі оны тұжырымдайды, нақтылайды, оны орындауға жеткізетін жағдаят пен амалдарды іздестіреді.

Білімді меңгерудің (игеру) мұндай иерархиясы мақсат қоюдың да сәйкес иерархиясын құруды талап етеді. Шығармашылық меңгеру деңгейі оқушынын өз бетімен іздене білуі, мақсатты өзі қойып, нәтижеге жету әдіс-тәсілін өзі тауып, пайдалана білуімен, зерттеу нәтижесін жүйелеп жалпылай білуімен сипатталады.

Б.С.Блум таксономиясының мақсатын көрсете отырып, оның кемшіліктерін де атауға болады. Мысалы, „түсіну" үшін "анализ бен синтездің" қажет екені және "қолдану" деңгейі олардан кейін келетіні көрініп тұр. Сондықтан, кейбір әдебиеттерде Б.Блум таксономиясын төмендегідей беруді ұсынады: ақпарат, анализ және синтез, түсіну, қолдану, бағалау. Б.Блум таксономиясын бойынша оқушылардың білімі 12 баллдық жүйемен бағаланады (70-сурет).

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушының өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

Б.Блум таксономиясы






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных