Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Педагогикалық технологияларды топтап бөлу.




Қазіргі кезеңде психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде «технология» ұғымы кеңінен пайдаланыла бастады. «Технология» ұғымының мағынасы не?

Технологияға негізделген оқытудың мақсаты неде? Педагогикалық технологияның құрылымы қандай? Педагогикалық технологияның оқу-тәрбие процесіне қалай ендіруге болады? Оның нәтижесі қандай болмақ? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

«Технология» сөзі грек тілінен енген және 2 сөз тіркесінен құралған:

ü «techne» – өнер, шеберлік, іскерлік дегенді білдірсе;

ü «logos» – ғылым, ілім дегенді білдіреді және «өнер туралы ілім» немесе «шеберлік туралы ілім».

Ал осы технология ұғымына оның қолдану саласын қоссақ, онда нақты технологияны қарастыруға болады. Мысалы, «педагогикалық технология» педагогикалық өнер жайлы ілім немесе педагогикалық шеберлік туралы ілім дегенді білдіреді.

Әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының ену тарихына көз жіберсек, бұдан 15-20 жыл бұрын отандық педагогикада технология ұғымы мүлдем дерлік қолданылған жоқ.

Дәстүрлі педагогика өкілдері «технология» терминіне үрке қарады, себебі оған дейінгі түсінік бойынша технология деп белгілі бір объектінің өзгерісін айтатын еді, яғни технологияның барлық шарты орындалған кезде нәтижеге кепілдік берілетін. Бірақ педагогтар бұл категорияны педагогикалық құбылыс ретінде қарастыруды қажет деп таппады.

Жалпы, технология идеясы өте жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан болатын. Оның ойынша оқыту «техникалық» болуы қажет, яғни нені үйретсе де, нені оқытса да табыссыз болмауы керек.

Оқытудың мұндай тетігін, яғни нәтижеге қол жеткізетін оқу процесін Я.А.Коменский «дидактикалық машина» деп атады. Оған мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды. Сөйтіп, мақсат-құрал-оны қолдану ережелері – нәтиже модулі шықты. Бұл - білім берудегі кез келген технологияның өзегі. Я.А.Коменскийден кейін педагогикалық технология элементтерін Г.Песталоцци еңбектерінен кездестіруге болады.

Педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына толық мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық процестің барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдарының қолдану реті мен жиынтығының жүйесі, жобасы.

В.П.Беспалько педагогикалық технологияны практикада жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастырады. Ғалым педагогикалық технологияның төмендегідей сапаларын атап көрсетеді:

· Технология нақты күтілетін нәтижеге кепілдік беретін педагогикалық бағдар мен құндылыққа негізделеді.

· Технология оқушыға мемлекеттік білім беру стандартын толық меңгеруге мүмкіндік беретін педагогикалық іс-әрекеттің реттелген жүйесін қамтитын технологиялық бөліктерді (операцияларды) қамтиды.

· Технология жеке тұлғаның дара, дербес ерекшеліктерін (қабілеттерін) ескеретін мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқан іс-әрекеттер қызметін көздейді.

· Педагогикалық технологияның белгілі бір ретпен, кезеңмен жүргізілуі педагогтың қолтаңбасын қалдыра отыра, басқа педагогтың өз іс-тәжірибесінде оңай пайдалана алады.

6-кестеде «технология», «педагогикалық технология», «инновация» ұғымдарына ғалымдардың берген анықтамалары топтастырып көрсетілді.

Инновациялық іс-әрекет – педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру процесі. Педагогикалық технологияның ерекшелігін айқындайтын төмендегідей сапалық қасиеттері бар: диагностикалық болжау; нәтижелігі; тиімділігі; жоспарланушылығы; біртұтастық; басқарушылығы; түзетушілігі; оңтайлығы; қайталанушылығы. Білім беру саласындағы жаңашылдықты инновациялық өзгерістердің интенсивтігіне қарай немесе жаңашылдық деңгейіне қарай 8 түрін ажыратуға болады:

Нөлдік деңгейдегі инновация – жүйенің алғашқы қасиеттерін практика жүзінде түрлендіру (дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру).

Бірінші деңгейдегі инновация – сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады.

Екінші деңгейдегі инновация – жүйенің элементтерін қайта топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістерімен ерекшеленеді (мысалы, белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі).

Үшінші деңгейдегі инновация – ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады.

Төртінші деңгейдегі инновацияда шешімнің жаңа нұсқасы болады (бұл көбінесе білім беру жүйесінің жеке компоненттерінің қызметтік мүмкіндіктерін кеңейте түсіп, қарапайым сапалық өзгерістері ретінде көрініс табады).

Бесінші деңгейдегі инновация – білім беру жүйесінің «жаңа буынын» құрумен ерекшеленеді (жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел өзгерту болып табылады).

Алтыншы деңгейдегі инновация – жүйенің түрленуші қызметтік принципін сақтай отырып, жүйенің қызметтік қасиеттерінің сапалық өзгерісін сипаттайтын білім беру жүйесінің «жаңа түрімен» ерекшеленеді.

Жетінші деңгейдегі инновация – нәтижесінде жүйенің негізгі қызметтік принципі өзгеріске ұшырайтын білім беру жүйесінің жоғарғы, түбегейлі өзгерісімен сипатталады, яғни білім берудің «жаңа» жүйесі қалыптасады.

Инновациялық педагогикалық технологиялар оқушы іс-әрекеттін белсендіру, оқыту процесін тиімді ұйымдастыру және басқару, оқу материалын дидактикалық-әдістемелік жетілдіру бойынша жүйеленді. Қазіргі оқыту технологиялары, инновациялық оқыту технологияларының басым көпшілігі дамыта оқыту технологиясының жүйесін басшылыққа алады. Инновациялық оқыту технологияларын дәстүрлі оқыту технологияларымен салыстыра отырып, инновациялық педагогикалық технологиялар классификациясы 66-суретте берілді.

Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері өз технологиясын, В.В.Фирсовтың түпкі нәтижеге негізделген деңгейлік саралау технологиясын, Унт Инге, В.Д.Шадриковтардың жекешелеп оқыту технологияларын, Н.П.Гузиктің оқытудың кіріктірілген жүйесін пайдаланып келеді. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, республикамыздың көптеген мұғалімдері (45-48%) өз іс-тәжірибелерінде ізгілікті педагогиканы басшылыққа алып, дамыта оқыту технологияларын пайдаланады.

Дамыта оқытудың тұжырымдамасы Ш.А.Амонашвили, В.С.Библер, Л.В.Занков, Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов, Е.Н.Кабанова-Меллер, Н.А.Менчинская, Г.И.Щукина, И.С.Якиманская және т.б. ғалымдардың еңбектерінде нақты ашылады. Дамыта оқытудың негізін қалаған атақты психолог Л.С.Выготский баланың дамуындағы 2 деңгейді - өзекті деңгей мен жақын даму аймағын ерекше бөліп қарастырып, «дамуы алда жүретін оқыту түрі ғана ең жақсы оқыту бола алады, тек дұрыс ұйымдастырылған оқыту ғана ақыл-ойды дамыта алады» деп дамыта оқытудың басқа барлық оқыту түрлерінен артықшылығын көрсетеді. Ғалым Л.С.Выготскийдің басты сіңірген еңбегі – дамыта оқытудың бағытын нақты анықтап бергені. Дамыта оқытудың өзегі - әрбір оқушының жақын даму аймағын нақты анықтау, оқытуды оқушының дамуына қарай бағыттау.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных