ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ылыми – зерттеу жұмысына аннотацияЙогурт – емдік қасиеті бар тағам. Йогуртты дайындауға арналған негізгі шикізат – сүт. Қазіргі заманға сай технологияның арқасында жаңа йогурт түрлерін жасау мен оның құрамын тереңірек зерттеуге болады. «Мен йогурт жасай аламын» атты ғылыми жоба: кіріспе, әдеби шолу, тәжірибелік және қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспеде жұмыстың мақсаты мен өзектілігі қарастырылған. Әдеби шолуда йогурттың пайда болу тарихы, олардың түрлері мен пайдасы жөнінде жаздым. Тәжірибелік бөлімде йогурт жасап, оның құрамына Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының мамандарының көмегімен зерттеу жүргіздім. Оны зауыттарда қалай алуға болатындығын білу мақсатында сүт зауыттарына барып, ғаламтордарғы мәліметтерді талдау арқылы жауап іздедім. Жасаған йогуртты мамандарға дегустация жасау арқылы дәміне, иісіне және түріне «жақсы» деген баға алдым. Ғалымдармен кездесіп, кеңес алу нәтижесінде йогурт жайлы қызықтырған көптеген сұрақтарымның жауаптарын таптым. Мазмұны
Кіріспе Жұмыстың өзектілігі. Сүт өнімдерінің кең тараған түрінің бірі – йогурт болып табылады. Йогурт емдік қасиеті бар тағам. Оның әсіресе дәмінің ерекше тәттілігіне байланысты балалар жақсы көреді. Йогурт адам ағзасы үшін пайдалы болғандықтан, қазіргі уақытта, майлы, тәтті, жеміс-жидек қосылған және емдік түрлерін шығарады. Йогурт шетелдерде жақсы дамыған, Қазақстанға көбінесе басқа елдерден тасымалданып келеді. Сұраныс жоғары болатындығын ескеретін болсақ, отандық сүт қышқылдары өнімдерін шығару қажеттілігі туындайды. Осы ғылыми жоба Қазақстанда сапалы йогурттардың шығаруын талап етуімен өзекті, әрі қызықты. Жұмыстың мақсаты. Йогуртты үй жағдайында жасау және оның адам ағзасына пайдалылығын меңгеру. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды: - тұтынушылардың йогуртқа деген талғам-талаптарын анықтау үшін зерттеу жүргізу; - үй жағдайында йогурт алу технологиясын қарастыру; - йогурттың адам ағзасына пайдалысын зерттеу. Зерттеу нысаны. Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп,Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасы. Деби шолу Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|