Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Йогурттың пайдалығы




 

Йогурт деп аталуы үшін халықаралық стандартқа сәйкес келесі үш категорияға сай келуі керек:

1. Йогурттың басты ингредиенті — сүт.

2. Өндірістің негізгі процесі — ферментация.

3. Ферментацияның басты жағдайы — лактобактерия дақылдарынан тірі микроағзалардың қатысуы.

Lactobacillus bulgaricus дақылы йогуртта әрқашанда болады, ал Lactobacillus acidophilus бола бермейді. Оны қосымша қосуға болады. Бұл микроағза Lactobacillus bulgaricus қарағанда көп және аш ішекке пайдалы [8].

Йогурттың артықшылығын 10 себеппен бағалайды:

1. Йогурт сүтке қарағанда жақсы қорытылады. Сүт ақуызына аллергия немесе лактозаны көтере алмайтын көптеген адамдарға йогурт жеуге болады. Ферментация процесі өнімді сүтке қарағанда жақсы сіңімді етеді. Тірі бактериалдық дақылдардың әсерінен лактоза фермент болады, лактозаны көтере алмайтын ағзада ол жетіспейді. Басқа фермент — бета-галактозидаза, кейбір йогурттарда болады, лактоза жетіспейтін ағзада сүт қантының жеңіл сіңуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ферменттер біртіндеп сүтті қорытады, нәтижесінде өнім аллергия туғызбайды.

2. Йогурт тоқ ішектің бұзылмауына ықпал етеді. Йогурт ағзаға түскеннен кейін екі түрде қызмет ете бастайды. Біріншісі, йогурт лактобактериядан тұрады, ол ішектердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, тоқ ішекте қатерлі ісіктің дамуына жол бермейді. Лактобактерия (әсіресе Lactobacillus acidophilus) ішек микрофлорасын қалыпқа келтіреді. Бұндай бактериялар ішекте көп болған сайын, тоқ ішектегі қатерлі ісік қаупі азая береді. Йогуртта болатын басты бактериялар қауіпті заттарды тұншықтырады. Екіншіден, йогурт кальцийдың бағалы көзі болып табылады.

3. Йогурт басқа қоректі заттардың қорытылуын жақсартады. Йогуртта болатын пайдалы бактериялар В тобындағы дәрумендер мен кальцийдың әсерлі сіңуіне көмектеседі. Йогуртта болатын сүт қышқылы сүттегі кальцийдың сіңуін жақсартады.

4. Йогурт иммунитетті көтереді. Мынадай мәлімет бар, егер адам күніне екі стакан йогурт жесе, оның ағзасының иммунитеті жоғары болады. Йогуртта кездесетін бактериалды дақылдар инфекциямен күресуге көмектесетін қандағы ақ жасушаларды тежейді. Зерттеу нәтижелерінің мәліметтерінде лактобактериялар ісіктің дамуын тежейді делінген.

5. Йогурт ішек инфекцияларынан кейін қайта қалпына келуіне көмектеседі. Кейбір вирустық инфекциялар мен аллергиялық реакциялар ішектердің бұзылуына ықпал етеді. Нәтижесінде уақытша дисфункция туындайды. Сондықтанда ішек инфекциясымен ауырған балалар ауырғанға дейін сүт ішіп жүрсе де бірнеше ай ішінде сүтті іше алмайды. Себебі йогурт — ферментирленген өнім. Сонымен қоса, антибиотик қабылдап жүрген уақытта йогуртты қолданған дұрыс, себебі, ол шырышты ішекке препараттардың осы топтарының теріс әсерін азайтады.

6. Йогурт инфекцияларды ығыстырады.

7. Йогурт — кальцийдың бағалы көзі. Екі стакан йогуртта 450 мг кальций болады.

8. Йогурт — ақуыздың мол көзі. Табиғи йогуртта 10-14 г ақуыз (екі стакан) болады, ол дегеніңіз кез келген адамның тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз етеді. Тірі бактериалды дақылдардан тұратын йогурт ақуызды сүттен қарағанда көбірек береді. Йогуртты дайындау кезінде ферментация процесінде сүт ақуызы ағзада жеңіл сіңуіне айналады.

9. Йогурт жаман холестерин деңгейін төмендетеді.

10. Йогурт — аралас өнім. Йогурттың екі сіңімді қасиеті осыған жауап береді. Біріншіден, ол ағзада жеңіл сіңеді, екіншіден, басқа өнімдерден алынатын дәрумендер мен микроағзалардың сіңуін жақсартады. Осыған орай, йогуртты соус ретінде немесе қаймақтың орнына қолдануға болады.

Антибиотиктер зиянды бактериялармен қатар пайдалы бактерияларды да жойып жіберуі мүмкін. Йогурттың тірі бактериалды дақылдары ішектегі микрофлораларды қайта қалпына келтіреді [9].

Йогурт – табиғи дәрілердің бірі. Шамамен осыдан 100 жыл бұрын орыс ғалымы Илья Мечников йогуртты көп пайдалану ұзақ уақыт өмір сүруге көмектесетіндігін айтқан. Осы ғалымның ғылымға сіңірген еңбегі тоқ ішекте болатын микробтарды өздігінен қуу жолы. Жаңа ғылым йогурт қасиетін одан әрі жетілдіре түседі. Төменде осы қасиеттердің бірнеше мысалдары келтірілген:

· Йогурт тоқ ішекте тамақтың бұзылуын тудыратын және көптеген аурулар мен ерте қартаюдың себептері болып табылатын бактерияларды жоятын сүт қышқылын өндіреді;

· Себебі йогурттағы сүт ақуызы Lactobacillus bulgaris бактериясымен біріккен, ол сүтке қарағанда ағзада оңай сіңеді. Мысалы, сүт сағатына 32% қорытылады, ал йогурт 91% сіңеді.

· Йогурт ақуыздарға, минералды тұздарға, ферменттерге, дәрумендерге, тіпті көп кездеспейтін D және B12 дәрумендеріне бай.

· Йогурт ішек бактерияларына сүйікті тағамы – лактозаны береді. Ішек микрофлорасы антиботикпен бүлінген болса, оны қалпына келтіру үшін дәрігерлер йогуртты ішуге ұсыныс береді.

· Йогурт табиғи антибиотик болып табылады. Ол қауіпті бактерияларды жоюға қабілетті.

Йогурт иммунитетті көтереді. «Йогурт» сөзі түріктің «yogurt» сөзінен шыққан. Егер жарнамаға сенетін болсақ, йогурт тамақ қорытылуын жақсартады, иммунитетті көтереді, кальциймен ағзаны қамтиды және бактериялармен күреседі. Бірақ, басқа жағынан йогурт бүйрек, бауыр және басқа да маңызды мүшелерді консерванттармен, эмульгаторлармен, дәмін жақсартқыштармен және басқа да заттармен улайды деуде. Енді осыған қарап, йогурт пайдалы ма, әлде зиянды ма деген пайда болады.

Қазіргі уақытта «Иммунитетті көтереді», «Вирусқа қарсы қорғанысты күшейтеді» деген жазулары бар йогурттарды сатып алмас бұрын, оның сапасына мән берген дұрыс. Себебі, кейбір йогурттар сүттің орнына сүт қоспасы мен тәтті толықтырғыштар қосылып жасалынған, сондықтан оларды йогурт деуге болмайды. Сапаны зерттеушілер йогурт өнімі – биодақылдары жоқ, сүт қышқылы шырындарының синтетикалық аналогы деп атайды. Бұндағы тірі дақылдар жылулық өңдеуден өтіп, жойылып кетеді. Сондықтан да псевдойогурт көбірек сақталынады. Дегенмен, көптеген өндірушілер қулыққа басып, биогурт, фругурт, йогуртер деген атпен өндіре бастады. «Тірі» йогурттардың сақталу уақыты 7-10 күн, сақтау температурасы 0-ден -60С-ден жоғары емес, және сыртында сүт қышқылы бактерияларының мөлшері жазылу керек. 10 күннен астам сақталынатын йогурт өнімдерін +40С-дан +250С аралығында сақтайды, бірақ көп сақталынатын өнімде консерванттар көп мөлшерде болады және йогурттық ашытқы болмайды. Йогуртта сүт қышқылдарының бактерияларының болуы әр елдің стандарты бойынша қатаң түрде қадағаланады [10].






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных