ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Йогурт өніміне сипаттама
Йогуртты дайындауға арналған негізгі шикізат, бұл – сүт. Майлылығы 3,2 % йогурт келесідегідей дәрумендер мен минералды заттарға бай болып келеді: органикалық қышқылдарға – 65 %, B2 дәруменіне - 11,1 %, B3 дәруменіне - 6 %, B12 дәруменіне - 13,3 %, PP дәруменіне - 7 %, холинге - 8 %, кальцийге - 12,2 %, калийге - 5,9 %, фосфорға - 12 %, йодқа - 6 %, молибденге - 7,1 %, кобальтқа - 10 % [2, 3]. Минералды заттар заттардың барлық алмасуына белсенді түрде қатысады (ақуызды, көмірсулы, майлы, дәруменді, сулы және т.б.). Калий бүйрек ауырғандағы терапияда қолданатын натрий антагонисті ретінде шығады. Тиімді тамақтану кезінде калийдің қалыпты қатынасы 2:1 құрау қажет. Араласқан рацион калийге тұтынуын толығымен қанағаттандырады. Кальций сүйек тіндерінің дұрыс қалыптасуына және тағы басқаларына да қажетті. Ағзадағы шамамен 1 % кальций барлық мүшелерге, тіндерге және биологиялық сұйықтықтарға кіреді. Кальций жүйке-бұлшықеттерінің қозуын қалыптау үшін, жасуша қабықшаларына сіңімділігі үшін қажетті. Кальций әсіресе, балаларға, екіқабат әйелдер мен бала емізетін аналар үшін өте қажет. Кальций әртүрлі өнімдерде кездесе береді, қорытылуы жағынан әсіресе сүт жән сүт өнімдерінде жоғары болады. Адам 500 мл сүт ішкен кезде шамамен 1000 мг кальций алады. Фосфор қосылыстары бас миларының әрекеті, қаңқа, жүрек бұлшықеттерінде тер бездерінде ерекше маңызды рөл атқарады. Біршама белсенді түрде фосфордың алмасуы бұлшықеттерде байқалады. Фосфор қышқылы көптеген ферменттерді құруға қатысады. Кальциймен бірге органикалық емес фосфор сүйек тінінің қатты негізін құрайды және көміртегіге айналдыру реакциясында негізгі компонент болып табылады. Әсерлі сіңуі үшін фосфор мен кальций 1:1,5 қатынасқа тең болуы керек [4]. Энергетикалық құндылығы немесе калориялығы – ас қорытылу кезінде тамақ өнімдерінен адам ағзасына жиналатын энергия мөлшері. Өнімнің энергетикалық құндылығы кило-калория (ккал) немесе кило-джоульмен (кДж) 100 граммға есептеліп, өлшенеді. Йогурттың калориялығы – 68 кКал [5]. Тағамдық құндылығы - өнімде көмірсу, май және ақуыздың болуымен сипатталады. · Ақуыз: 5 (гр) · Май: 3,2 (гр) · Көмірсулар: 3,5 (гр) · Органикалық заттар: 1,3 (гр) · Су: 86,3 (гр) · Холестерин: 9 (мг) · Моно- және дисахаридтер: 3,5 (гр) · Минералды заттар: 0,7 (гр) Тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығы – адамның физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз ететін қажетті заттар мен энергиясы бар тамақ өнімінің жинағы. Дәрумендер тамақ рационында көп мөлшерде болатын органикалық зат. Дәрумендердің синтезі өсімдіктер арқылы іске асырылады. Дәрумендерге адамның тәуліктік қажеттілігі тек бірнеше миллиграмм немесе микрограмм. Органикалық емес заттармен салыстырғанда дәрумендер қатты қыздырған кезде бұзылады [6,7]. Йогуртты жасауда ең басты шикізат сүт болғандықтан, йогурт өнімі адам ағзасы үшін пайдалы деуге әбден болады. Ол тамақтық және биологиялық құндылығы жағынан да жоғары. Сонымен қатар, йогуртты арнайы тамақтану мақсатында, емдік қасиеті бар өнім ретінде, ағза жетілуі кезінде, яғни жүкті әйелдерге және балалар үшін таптырмайтын пайдалы өнім деп деуге болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|