ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Йогурттың пайда болу тарихы
Бүгінде дүниежүзі бойынша йогурт өнімі сүт тағамдарының ішіндегі ең бір өтімді түріне айналып отыр. Жер бетіндегі түрлі халықтың оған үйренгендігі сонша, оны өте сүйіп жейді. Бір қызығы, өткен ғасырдың басында оны Балқан түбегіндегі елдер мен азиялықтар ғана жеген деседі. Дамыған Еуропа мен Америка ол кезде йогурт жемек түгілі тіпті, оның атын да естімеген екен. Алғашында пайдалы және дәмді йогуртты «ақ оттегі» деп атаған. Ежелгі халықтар-көшпенділер көшу барысында ешкі терісінен жасалған ыдыста сүтті тасымалдап жүргенде, ауадан сүтке бактериялар түсіп, ыдыстағы сүттің тұрақты түрде қозғалуы мен ыстықтан ерекше өнімге айналған. Йогурт өнімі орта ғасырдағы Еуропалықтарға моңғол елінен келіп кең қолданысқа ие болған, олар йогуртты «сіңімді өнім» деп таныған. Еуропа, Азия, Африка, татарлар, башқұрттар, өзбектер және қазақтар – «қатық», армяндар – «мацун», грузиндер – «мацони», тәжіктер – «чургот» деп атаған. Алғаш рет сүттен йогурт жасаған адам – Грекияда тұратын Исаак Карасу атты ғалым. Ол 1919 жылы «Danone» компаниясының негізін салады. Кәсіпорынның атауы да ғалымның баласының атына орай аталыпты яғни, «Данон» «кішкентай Даниэль» дегенді білдіреді екен. Компания кейіннен әлдебір себептермен Парижге көшірілгенде оның атағы әлемге танылады. Сол уақыттан бастап йогурт еуропалықтар үшін құнарлы, емдік тағамға айналды. «DANON-BERKUT» – сапалы сүт өнімдерін өңдеудегі алғашқы жетістігіміз. «Дамудың» ішінде орналасқан кәсіпорындардың ішінде «Danon-Berkut» зауытының өзі бір төбе. Себебі, әлемдік сүт өндірісінде үлкен орны бар француздың «Danone» компаниясының өнімін бүгінде 150 мемлекет тұтынып отырғаны белгілі. Осы алып кәсіпорын 21 млн. евроға жуық қаржы бөліп Қазақстандағы бірінші зауытын салған болатын. Бүгінде осынау бітімі бөлек зауыттың Орта Азия бойынша тұңғыш рет біздің елімізде салынуын инвестициялық тиімді саясаттың жемісі деуге әбден негіз бар. Ал, ТМД бойынша бұл кәсіпорынның филиалдары Ресей мен Украинада ғана жұмыс істейді. Қазіргі сәтте елімізде жұмысын бастаған «Danon-Berkut» зауытының «Made in Kazakstan» деген жапсырмасы бар йогурттың ең таңдамалы – «Активиа», «Растишка» және «Данон» секілді түрлері үлкен-кішінің сүйікті тағамына айналып үлгергені анық. Кәсіпорын келешекте йогурттың 30-дан аса түрін шығарамыз деп жоспарлауда. Тәулігіне 24 сағат үзіліссіз жұмыс істейтін зауыттың бастапқы қуаты бір күнде 70 тонна сүтті өңдеуден өткізу. Ал, жылдық жоспарда 24 мың тонна сүт өнімдерін өңдеу қарастырылған. Келешекте дайын өнім көрсеткішін күніне 15-20 тонна, жылына 90 мың тоннаны игеру көзделген. Бұл деген Қазақстанды былай қойғанда, бүкіл Орта Азия мемлекеттерін қамтамасыз ететін көрсеткіш. Зауытта екі технологиялық жүйе бойынша екі түрлі йогурт яғни, құтыға құйылған сұйық түрі және қасықтап жейтін қоймалжың түрі өндіріледі [1]. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|