ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Йогурттың түріне байланысты сұраныстарына сауалнама жүргізуҚазақстанда сүт кәсіпорындарының өндірістік сүт қуаты төмен болғандықтан, шетелден келетін арзан бағалы қантты йогурттар мен басқа да сүт өнімдері жаппай сұранысқа ие. Алыс жақын шетелден арзан бағамен келетін сүт өнімдерін тасымалдауды азайтып, отандық өнімді көтеру қажет деген мәселе туындап келеді. Йогуртты дәмділігіне байланысты балалар жақсы көреді. Сондықтан тұтынушылардың көбі жастар болып табылады. Йогурттың тұтынуға байланысты келесідегідей жіктеуге болады: Өңдеу түріне байланысты: · Тірі ферменттері бар йогурттар – олардың сақтау уақыты 1-ден 4 аптаға дейін; · Пастерленген (3-6 ай) - жылулық өңдеу жасалынады немесе консерванттар қосылады. 1-сурет – Йогурт түрлерін меңгеру.
1-сурет йогурт түрлерін Айзере жетекшісімен бірге қарастыру үстінде түсірілген. Алдымен тұтынушылардан сауалнама жасау үшін йогурт түрлерін білген жөн деп ойлап, йогурт түрлерімен танысты. Олардың төмендегідей жіктелетінін білді: Майлылығына байланысты: · Сүтті – 5 пайызға дейінгі майлылықта; · Қаймақты – шамамен 4 пайыз майлылықта. Бактерия түріне байланысты: · Кәдімгі йогурт; · Биойогурт – бифидобактерия қосылған йогурт. Толықтырғыштар түріне байланысты: · Жидектер; · Хош иістендіргіштер; · Басқа да қоспалар – шоколад, джем, желе, жаңғақ т.б. Қанттың болуына байланысты: · Қант қосылған; · Қант қосылмаған. Тұтқырлығына байланысты: · Сусын йогурт; · Қоймалжың йогурт [11,12]. Семей қаласының тұрғындарына сұрақ қою арқылы йогурт түрлерінің сұранысын төмендегі диаграмма бойынша көрсеттік. 2-сурет – Йогурт түріне байланысты сұраныстар Диаграммада көрсетілгендей, кілегейлі йогурттың, жидек қосылған, биойогурттар және сусындық йогурттарға қарағанда әлдеқайда жоғары тұтынатындығын көруге болады. Яғни кілегейлі йогурт 40 пайызды құрады. Сұрастыру барысында өңдеу түріне және қанттың болуына байланысты жіктелетін йогурт түрлерін пайдалану жағы өте төмен екенін, тіпті сұраныста жоқ деуге болатындығын байқадық. Йогуртты жасау Йогурт емдік қасиеті бар тағам. Ол шетелдерде көп тараған. Соңғы кезде біздің елде де йогурттың бірнеше түрлері дайындалып жүр. Бұл тағамды өндірісте дайындау үшін пастерленген сүтке майлылығы алынған құрғақ сүт қосып, оны сүт қышқылды стрептококктардың термофильді текті және болгар таяқша пішінді бактериялардан тұратын ашытқымен ұйытады [13]. Йогурттың майлы, тәтті және жеміс-жидек қосылған түрлерін дайындауға болады. Бұл тағамды дайындау үшін таза сүт, кілегей және сүттегі құрғақ зат мөлшерін көтеру үшін қажет құрғақ, таза сүт немесе майы алынған құрғақ сүт, қант, жеміс-жидек шырыны қажет. Йогурт дайындау үшін қажет қоспаны йогурттың түріне қарай құрған рецепттерден даярлайды. Жеміс-жидек шырынын (қажет болған жағдайда) йогуртты ыдыстарға бөліп құяр алдында қосып, араластырады. Йогуртты дайындау төмендегі схема бойынша жүргізілді. 3-сурет – Йогурт жасау схемасы
Схемаға сәйкес зерттеу мақсатында үй жағдайында йогурт жасауды ұйғардық. Алдымен 1 литр сиыр сүтін жылытып, бірақ қатты ыстық болмайтындай 50-60 0С температура болған кезде, оған дүкеннен алынған кілегей йогуртын қостық. Йогурттың температурасы 30 0С температурада болуы керек. Йогурт мөлшері 80-100 грамм 1000 грамм сүтке есептелінеді. Сонымен қатар, қант қосылады, оның мөлшері 10 грамм мөлшерінде болуы керек. Ұйыту уақыты 30-35 0С температурада 12-14 сағатты құрайды. Осы аралықта йогурттағы бактериялар сүтте көбейіп, ұйи бастайды. Жұмыс барысында санитарлық талаптарды қатаң қадағалау қажет. 4-сурет – Йогуртқа жеміс-жидектер қосу
4-суретте йогуртқа жеміс-жидектер қосу арқылы, оның құрамын дәрумендерге байытуға болатындығын жетекшісімен бірге тәжірибе жасау үстінде түсірілген көрініс көрсетілген. Йогуртқа жеміс-жидектер қосып жасауға да болады. Үй жағдайында алынған өнім таза сүттен жасалғандықтан, экологиялық таза өнім. Сондықтан тұтынушылардың қауіпсіздігі қорғалған өнім деуге болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|