Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азіргі арабтық деп аталатын цифрлардың шығу тарихы.




0,1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 араб сандары деп аталады. Олар ондық санау системасы бойынша сан жазудың негізі. Араб сандарын үнділер тапқан, кейін келе ол арабтардың арасына тараған. 12 ғ-дың басында Италия ғалымы Фибоначчи (Leonardo Fibonacci, 1170-1250 жж.) латын тілінде жазылған «Есеп шот» деген кітабында үнді сандарын еуропалықтарға таныстырған. Еуропалықтар бұл сандарды арабтардан қабылдағандықтан, мұны араб сандары деп атап кеткен.

Ғылымда араб цифрлары V ғасырда Үндістаннан шық­қан деген түсінік қалыптасқан. Ендеше, оны неге үн­ді цифрлары демей, араб цифрлары дегенге айтылатын уәж­дің түбі араб ғалымы әл-Хорезмиге тіреледі. Алгебра («китаб әл-жебр») оқулығын жазып шыққан осы ғалым үнді цифрларын кеңінен қолданған. Ал авторы араб болған соң және ол барлық араб халифатына және оның Еуропада орналасқандарына да кеңінен тарағандықтан, араб цифрлары деген атау алып кеткен. VІІ ғасырда Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) құрған халифат мұсылман әлемін түгелге жуық қамтығанын білеміз. Артынан оны халифтар басқарды.

Сондай халифаттың бірі қазіргі Испания мен Порту­га­лия елдерімен шектескен Батыс Еуропадағы Кордова да болды. Осы Кордова халифаты арқылы араб цифрлары Еуропаға Х ғасырда келген. Қазіргі Испанияның орнындағы бұрынғы Барселона графтығы Кордовамен жақын қарым-қатынаста болған. Сондай-ақ, сол жылдардағы прогресшілдігімен, ғылымға үлкен көңіл бөлген істерімен тарихта аты қалған Рим папасы ІІ Сильвестр (999-1003 жж.) да араб цифрларын қолданудың тиімділігіне көз жеткізіп, оны қол астындағылардың пайдалануын теріс көрмеген. ХІІ ғасырда әл-Хорезмидің алгебрасы Еуропа ғылымына әбден тереңдеп енген. Сонымен бірге, арабтардың астрономиядағы жетістіктері де Еуропаға кеңінен тараған. Бір сөзбен айтқанда, Еуропа ғылымының дамуына арабтар ашқан жаңалықтар игі ықпал еткен. Алгебрамен бірге енген араб цифрлары да еуропалықтарға етене болып кеткен. Ал еуропалықтар арқылы олар дүние жүзінің қолданысына айналды. Алайда, араб таңбаларын еуропалықтар өздерінің қолданысына ыңғайлап өзгерткен. Және бұл өзгеріс бірден емес, ұзақ жылдар бойына созылған.

Бірақ Азиядағы араб елдері мен Мысыр еуропа­лықтардың өзгерісін қабылдамай, цифрларды өздерінің алғашқы қолданған кезде белгілеген таңбаларымен жазады. Нақты айтқанда, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандары тиісінше оларда былай жазылады:

Ал Солтүстік Африкадағы Мысырдан басқа араб елдері мен еуропалық арабтар сандарды әлемдік қолданыс бойынша жазады.

Араб цифрларын қазіргі түрге қарай өзгертуді бастаған кім екен деген сауалға математика тарихын зерттеушілер әлі күнге нақты жауап бере алған жоқ. Ал түрлі болжамдар көп. Соның ішінде оның бұрыштық негізде жазудан пайда болған деген ақылға қонатын сияқты. Мысалы, бесте – бес бұрыш, алтыда – алты бұрыш, жетіде – жеті бұрыш, сегізде – сегіз бұрыш, тоғызда – тоғыз бұрыш, бірде – бір бұрыш, екіде – екі бұрыш, үште – үш бұрыш, төртте – төрт бұрыш:

Ал 0-де бұрыш жоқ, ол тек дөңгелек болған. Мағынасы бойынша бос кеңістік деген сөз. Уақыт өте келе бұрыштар үшкірленбей жазылып, қазіргі қолданыстағы формасына келген. Әрине, бұл араб цифрларының қазіргі түрге ену жолын көрсеткен болжамдардың бірі ғана. Бірақ қисынға салсаң, дұрыс шешім осы сияқты.

Сонымен бірге, бұл хат жазғанда конверттегі индексті толтыратын сәтімізді де еске түсіреді. Сондағы бұрыштап жазған сандар қолданыстағы цифрларға ұқсайтын. Сондықтан оларды қазіргі қолданыстағы араб сандарының түп атасы деп атауға болатын секілді.0-ден 9-ға дейінгі араб цифрларын басқаша таңбалайтын Араб елдері халықтарынан басқа да халықтар бар. Мәселен, бенгал, тамил, тай және т.б. Шығыс халықтарында цифрлар басқаша таңбаланады. Бір қызығы, 0 көбінде дөңгелек болып келеді

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных