Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқыту әдістерін қолайлы етіп пайдалану 1 страница




Педагогика бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары

Оқу жылы

1.Педагогиканың объектісі, пәні және категориялары. Қазіргі кезеңдегі педагогика ғылымының міндеттері. Педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы. Педагогикалық ойлардың дамып жетілуі ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде қалыптасып, ежелгі грек философиясының өкілдері Сократ (469-399), Платон (427-347), Аристотель (384-322), Демокрит (460-370) еңбектерінде саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам туралы құнды пікірлерімен жалғасын тапты. Педагогика ғылымының зерттеу нысаны. Педагогикалық зерттеулердің нысаны – «педагогикалық дерек (құбылыс)». Нысан – ғылымның зерттеу саласы. Педагогиканың ғылымының зерттеу нысаны - қоғамның мақсаттына сай жеке тұлға қалыптасуына әсер ететін педагогикалық құбылыстар. Педагогика ғылымының зерттеу пəні. Білім беру жүйесі, процесі, іс-әрекеттері жатады. Педагогиканың мақсаты: арнайы мақсатты, бағдарлы ұйымдастырылған, қойылған мақсатқа жетуге және жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім мен тәрбиені жүзеге асыру. Мұнда педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақта даму жолын көрсетеді. Педагогика пәні, адам тану ғылымының ішіндегі жетекшілерінің бірі ретінде, өте көне ғылымдарының бірі. Сондықтан педагогика ілімін адам баласының саналы өмірімен ұштастырып, оның көне заманнан бастап орын алып келе жатқанын, ешбір дәлелдерге сүйенбей-ақ оңай түсініге болады. Адамзат қоғамның дамуына байланысты ғылым-білімінің дамуы, тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Жинақталған ғылыми мәліметтерді пайдаланып педагогика адам тәрбиесі қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және методологиялық жолдарын қарастырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау өрісі кеңейе түсуде.

 

 

1.1Олай болса педагогика тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен ролін анықтайды.Педагогика термині гректің екі сөзінен: «пайс» - балалар, «эгейн» - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Педагогика пәні қоғамның талабына сай өскелең жас ұрпақтың тәрбиелеу, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Т.А. Ильина педагогика – тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекше заңдылықтарын көрсету, қоғамның, жеке адамның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу деп дәлелдеген. Педагогиканың міндеттері: Үздіксіз білім берудің бірынғай жүйесін жасау.Халық ағарту жүйесін, оқу-тәрбие үрдісін интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуалдандыру, индивидуализациялау және демократияландыру, ғылыми теориялық прициптерін ашу.Қоғам өміріндегі тәрбиенің ролі мен жеке адамның қалыптасуы туралы оқушылардың жеке тұлға ретінде танымдық ерекшеліктерін ескеру, қоғам дамуы мен жеке бастын өзара қарым-қатынасы жайындағы теориялық мәселелерді айқындау.Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру арасындағы қатынасты анықтау, оқу-тәрбие процесін оптималдандырудың тиімді әдістерін ашу, ғылыми практикалық мәнін көрсету.Оқыту үрдісін «технологияландыру», оны оқыту үрдесіне еңгізу.Халық педагогикасының педагогиа ғылымындағы орнын, жүзеге асырылу жолдарын айқындау, ұлтымыздың ерекшеліктерін білім мазмұнына еңгізу.Қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік орнын және оқу-тәрбие үрдісіндегі ұстаздық ролі мен маңызын көрсету және елімізде үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұнын жасау, өздігінен білім алудың ғылыми- практикалық негізін айқындау жатады.

2.Тұлға дамуы: тұлға дамуының жетекші факторлары. Тұлға қалыптасуы процесіндегі өзін өзі тәрбиелеу.a)Тұлға туралы ұғым. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені ол айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Жеке тұлға – әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар, белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын (ұлты, топ, ұжым т.б.), белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке адам деп - нақты адамды, қоғамның белсенді, саналы, мүшесін, өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастар бар, қарым - қатынастары бар, жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері, өзге адамдардан жан иесін айтамыз. Тұлға - әлеуметтік индивид. Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетттердің субъектісі ретіндегі индивид. Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – индивид. Бұл сөз латын сөзінен алынған және оның қазақша баламасы – жекелік. Индивид – адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілменген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам – индивид. Жеке тұлға – қоғамдық индивид, біліктіліктің, қызметтің және сөйлесудің субъекті. Индивид - aдам түріне жататын жеке биологиялық особь (түр). Адам индивид түрінде «Хомо сапенс» биологиялық түрін көрсетеді. Индивид - туа біткен және даму процесі кезінде жинақталған қасиеттің жиынтығы. Индивидтің негізгі қасиеттері: белсенділігі, біртұтастылығы, тұрақтылығы, қоршаған ортамен тек өзіне тән қарым-қатынас жасауы. Индивид-адамның белгілі бір текке қатынасын көрсетеді, сол тектің табиғи және өзіндік қасиетін іске асырушы болып табылады. Индивид-биологиялық қажеттіліктің жиынтығы.

2.1b) Тұлға дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар (тәрбие, орта, тұқымқуалаушылық), әлеуметтендіру. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адамның дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады. c)Тәрбие. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды. Д.Локк (1632-1704) «тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады» - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады. Революционер-демократ В.Г.Белинский (1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді. Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады.

2.2 Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келді. Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды. Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады. Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардық (баспасөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.

3.Педагогикалық зерттеу әдістері. Педагогикалық диагностика әдістері. Әрбір ғылым өзінің дербес методологиясын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Б ұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Тәрбие мен оқытудыңнәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістердіқолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, Жан-жақты дамуына, және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика,химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді.Алпедагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі педагогикалық зерттеудің объектісі- баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процеске ішкі және кейбір сыртқы факторлар(даму процесінде оқушыда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми –педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснамасының негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория- таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл- теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл- осы жүйені тану жолы.

 

 

3.1Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру керек. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды.Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі, зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді.Сондықтан, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің даму мен жақсару процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады. Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педагогикалық әдіснамада, теорияның негізін құрайтын бірнеше компоненттер бар: а) факотлогиялық материялдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теорияның логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол- жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттар мен құбылыстардың мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі. 2. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық. Экспериментальді-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empeiria-тәжірибе).

 

3.2) 1.Бақылау әдісі. Бұл –педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі(сабақ, экскурсия, лабораториядағы шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізілу әдістері мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде творчестволықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді.Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты. Педагогикалық бақылау- бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің танымдық әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін белсендіру, балалар ұжымының іс-әрекеті және т. б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқын бақылау) зертеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін зерттеуші түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, киноға түсіру, магнитофонға жазу және т. б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке немесе протоколға жазылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикпалық құбылыстың ішкіпроцесі жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез-құлқын, түрлі іс-әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау басқа әдістермен ұштастырыла жүргізіледі.

3.3 2.Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн. Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалім мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушылар зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті және әдептілікті талап етеді.

Әңгіменің барысы протоколға жазылады. Кейде зерттелушіге елеусіз жағдайда әңгімені магнитофон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі эксперимент және бақылау әдісімен байланыстырылып жүргізілгенде ғана тиімді нәтиже береді. 3.Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі- экспериментті, екіншісі- бақылау объектісі деп аталады. Педагогикалық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе активті эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша екінші бір Адам жүргізсе пассивті эксперимент деп атайды. 4. Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылаужәне графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады.

 

3.3.Осы құжаттар арқылы оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасы мен қатынасы, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Зерттеуші оқушылардың жұмысына жан-жақты талдау жасайды. Сабақ процесінде оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің, олардың жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді. 5.Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауап варианттарының қатал логикалық құрылысы. Анкета мүмкін деген бірнеше жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиынырақ. Анкета әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады. 6. Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу- тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, оқкшыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тестердің, емтихандардың, бақылау жұмыстарының, шығармалардың, эсселердің, жобалардың, суреттердіңерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс-әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.** 3. Теориялық деңгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей.

 

3.4.Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көметеседі. Теориялық деңгей әдістері: 1. Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіне керекті әдебиетті таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет. Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады. Әдебиет көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасы скеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар. 2. Талдау мен синтез. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Сондай-ақ ол қатыстық-қисынды сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір-біріне қатынасы көрініс табады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных