ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Оқыту әдістерін қолайлы етіп пайдалану 7 страница20.3.ОТҚ нақты бір сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне қатаң түрде сәйкестікпен қолданылуы керек.Оқытушы мен оқушының іс-әркетін қазіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің талаптарына сәйкес модельдеу. Соңдықтан олардың барлық оқулары ойын түріндегі тірішілік жағдайларыменен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында меңгерген білімдерін, іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығушылықтары артатын жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек.Сонымен, оқыту үрдісінің заңдылығы – құбылыстар мен үрдістердің дамуын бейнелейтін, объективті, қажетті, мәнді байланыс.Жалпы заңдылықтар:- оқыту талаптарына сәйкес оқыту процесін сәйкестендіру,- ол білім беру,тәрбие және дамыту процестерімен байланысы,- оқыту процесі оқушыны нақты оқу мүмкіндігін және сыртқы жағдайына тәуелді,- білім беру мен оқу процесі заңды түрде өзара байланысты,- оқытудын мазмұны ғылымның даму логикасы және деңгейіне, қоғамның талабын көрсететін міндеттеріне тәуелді,- оқытудың әдістері мен құралдары және оқуды ынталандыру, оқу іс-әрекетінің бақылау және өзіндік бақылауды ұйымдастыру білім беру мазмұнына және міндеттеріне тәуелді,- оқытуды ұйымдастыру формалары оқытудың міндетіне, мазмұнына және әдісіне тәуелді,- үйлесімді жағдайға сәйкес оқу процесін барлап заңдылықтарын мен компоненттерін өзара байланысын оқытуды берік, саналы және іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз етеді.- Оқытудың барлығына тән зандылықтар қандай-да бір түрінде болмыс көрінес беруі сөзсіз:- Оқу процесі оқытушымен оқушының мақсатына сәйкес болады,егер мұғалімнің іс-әрекеті оқылатын материалды меңгерту тәсіліне сәйкес келсе.- Жеке адамды мақсатқа сәйкес оқыту бұл іс-әрекетке тікелей қалыптасуына байланысты.- Оқыту мақсаты, оның мазмұны және әдістері арасында тұрақты тәуелділік бар; яғни мақсаты, оның мазмұнын, әдісін анықтайды, ал соңғысы мақсатқа жетудің шарты болып табылады. Оқыту принциптері – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын, неігзгі жағдайлар.
20.4.Оқыту процесін құрылымдауда оқытудың ұстамдарына сүйенуге міндетті болғаңдықтан, оларды» әр қайсысына жеке-жеке тоқталамыз:1)Оқытудың саналылық, белсенділік және өз бетіншілік принциптері оқушылардың сабақтың мақсаты мен міндетіне жауапкершілігін, оның практикалық мәінін ұғынуды қажет етеді. Оқытудың тиімді әдістері, ОТҚ және басқа да көрнекі құралдар қазіргі кездегі әдістемелер тәсілдері арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, жаңа материадды оқу және оны тәжірбиеде қолдану процесінде шығармашылықтың, белсенділіктің дамуына қабілеттендіреді.2)Оқытудың көрнекілік принципі, көрнекіліктің сабақтың мақсатына және мазмұнына жауап беруіне, айқын мазмұнды болуына, ұғымды әрі түсінікті болып, шығармашылық және әдістемелік жағынан дұрыс қолданынуына бағыттайды.3)Жүйелілік, бірізділік, және кешенділік принциптері: оқу пәнінің білімдерін жүйелі беруге жаңа білімді бұрынғы білімдермен байланыстыра оқытуды, оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен нәтижесіне жүйелі және нақты бақылау жасауды; оқу сабақтарының нақты жоспарын іске асыруды, оқу материалының логикалық байланысы мен орналасуын қатаң сақтауды талап етеді.4)Күрделіліктің жоғарғы деңгейінде оқыту принципі оқушылардың ақыл – ой және дене мүмкіндіктерін үнемі ескере отыру; оқу материалының және олардың мазмұндалу қарқынының күрделілігіне; оқушылардың бастапқы дайындығының деңгейіне сүйене отырып, оқу материалын қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп оқытуға; оқушылардың оқу әрекеттерінің қиыншылықтарын жеңуге саналы қатынасын тәрбиелеуге бағдарлайды.5)Білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктілігі принцині: оқушыларға оқылып отырған материалдың олардың тәжірибелік іс-әрекеттері үшін маңыздылығын түсіндіруді оқытылатын материалды және ең бірінші оның негізгі мазмұнын берік, әрі ұзақ уақытқа дейін еске сақтауға деген мақсатын қалыптастыруды; бұрын оқытылған оқу материалын жүйелі ұйымдастырылған түрде қайталауды; оқытылған материалдың игерілуіне жүйелі түрде бақылау жүргізуді талап етеді. 20.5)6)Оқытудың топтық және жеке тәсілдері принципі; балаларды келісімге негізделген бірлестік әрекеттерде оқытуға, топта жағымды психикалық жағдайда оқытуды болжайды. Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін тандауды белгілейтін принциптері ережелері педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан, оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.Бихевиризм және прагматизм – оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін) түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең таралған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенцализм және неотомизмде қосылады. Олар оқытудың ролін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл – ойды дамытуды тәуелдендіреді, бұл позицияның мәні тек жеке дәйектерді тануға, олардың заңдылықтарын ұғынуға болады деген зандылықтардан шығады.Жаңа бағыттардьщ ішінде ерекше назар аударуға тұратыны: Д.Брунер (АҚШ) жасаған «жаңалық ашу арқылы оқыту» тұжырымдамасы. Д.Брунердің тұжырымдамасына сәйкес оқушылар дүниені, олардан барлық танымдық күштерін талап ететін және саналы ойлауға қаблетін дамытуға тікелей әсер ететін, өз бетінше жаңалық ашулары арқылы тануға білімді меңгеруге тиіс. Шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, Д.Брунердің пікірі бойьшша, белгілі бір тақырып бойъшша мәліметтерді жинақтап, бағалау және осы негізде тиісті қортындыны жасау ғана емес сонымен қатар, оқылып отырған материалдың шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау. 21.Қазақстан Республикасында қазіргі білім беру жүйесі және оның даму бағыттары (білім беру жүйесі ұғымы, білім беру жүйесінің дамуы, құрылымы, принциптері) Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады. Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері: • жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту; 21.1.• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады: 1)Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;3) білім берудің зайырлы сипаты;4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау; Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру.Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
22.Білім беру мазмұны: мәні, құрылымдық принциптері, компоненттері. Білім беру мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттар және оларға сипаттама. Мектептегі білім беру мазмұны. Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керек» деген сұраққа жауап бере келе, оқушыларды жан-жақты дамытудың негізін құрайды, олардың ойлау және таным адам баласы жинаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін айтамыз. Білім беру жүйесі үш тірек негізінен құралған. Оған:Міндетті түрде халыққа жалпы білім беру.Политехникалық білім беру.Еңбекке баулу және кәсіптік білім беру. Жалпы білім беру негізінен үш түрлі мақсатты көздейді: біріншісі – табиғат, қоғам, адам, техника, өнер туралы ғылыми білім негіздерін меңгерту. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа, дүние-танымдық идеялармен сенімдер, практикалық білік пен дағды және ғылыми зерттеу әдістері мен ғылыми ойлау тәсілдері жатады. Екіншісі – оқушыларды практикалық іс-әрекетке, өз бетімен пайдалы еңбек етуге даярлау. Үшіншісі мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды көздейді. Оқушылардың ғылыми көзқарасы мен сенімдерін қалыптастыру оқу пәндерін оқытуда олардың танымдық және тәрбиелік мүмкіндіктерін тоғығымен пайдалануды керек етеді. Педагогикалық білім берудің құрылымы дамуына деген талаптар ретінде келесілер сипатталады:- жүйелілік, ол педагогиканың мазмұнын меңгеруге арналған қоршаған орта туралы ақпараттың бөлігі болып табылады;- тұтас қабылдау, яғни барлық элементтердің өзара байланысу кезінде көрініс табатын, қабылдауға арналған педагогикалық ақпарат;- үздіксіз, бұл ақпаратты жүйелі және толық қабылдауды қамтамасыз ететін баяндаудың бірізділігі;- іріктеу және құрылымдау, ол оқу материалдағы негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, ажыратып көрсету;-жаңа немесе меңгеріліп қойған ақпараттардың қисынды сабақтастығын қамтамасыз ету; - мазмұн өзектілігін арттыру, ол оқу ақпаратын болашақтағы педагогикалық іс-әрекет үшін мәнін арттыруға бағытталған; 22.1.- мазмұн технологиялылығы – педагогика мазмұнын тиімді түрде меңгеруге мүмкіндік беретін арнайы әзірленген рәсімдер;- іс-әрекеттік амал – оқу ақпараты оқу-танымдық іс-әрекет барысында алынып, болашақтағы педагогикалық іс-әрекетке қолданылуына бағытталған.-педагогика мазмұнын меңгеруде алға жылжудың жеке траекториясын таңдау мүмкіндігі; - рефлексия дағдыларының дамуы, яғни педагогика мазмұнын меңгеруге деген жауапкершілікті қалыптастыру.Стандарт туралы ұғым. Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына өойылатын талаптар белгіленген.Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі - басқару. Ол "Білім туралы" Заңға сәйкес жасалады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат. Бағдарламанық түрлері: типтік, жұмыс, авторлық оқу. Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білімдік стандарт талаптарына сай жасалып, оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Жұмыс істеуге керекті бағдарламалар типтік бағдарламаға сүйеніп, аймақтық ерекшелігі, әдістемелік, ақпараттық құралдар, оқушылардың дайындық деңгейлерін ескеріп құрастырылады. Авторлық оқу бағдарламалары мемлекеттік стандарт талаптарын ескеріп жасалады. Қандай да бір пәнді оқу үшін бағдарлама авторы өз тұжырымдамасын ұсынады. Авторлық бағдарламанық сол пән саласында еңбек етіп жатқан ғалымдардан, педагогтардан, психологтардан, әдіскерлерден алған сын-пікірі болу керек. Сонда ғана бағдарламаны мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. Авторлық оқу бағдарламалары көбіне оқушылардың таңдауы бойынша жүретін курстар, факультативтер үшін жасалады. Бағдарламаның бөліктері: 1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат; 2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны;
22.2))3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт; 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі; 5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар; 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі; 7) ұсынылатын әдебиеттер.Бағдарламаны оқушының меңгеруі - оқыту процесінің тиімділігінің негізгі өлшемі.Оқу пәнінің бағдарламасы әр түрлі ғалымдардың еңбектерінің жемісі. Нақты ғылым салаларының өкілдері білім, іскерлік, дағдылардың негізгілерін анықтайды, педагогтар мен психологтар оларды балалардың жас мүмкіндіктеріне қарай бөледі, әдіскерлер әдістемелік құралдар жазады. Оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу төртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат.Мемлекеттік бөліктегі оқу пәндерін білім беретін ұйымдардық барлығы оқытуға міндетті.Мектептік бөлік баланың жеке ерекшеліктерін, икемділіктерін ескере отырып, білім алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының аймақтың әлеуметтік, мәдени ерекшеліктеріне қарап жекелеген курстарды енгізуіне болады. Мектептік бөліктің пәндерін жергілікті жерлер анықтайды.
23.Оқытуды ұйымдастыру формалары. Сабақ - оқытудың негізгі формасы. Сабақтың түрлері мен құрылымы. Форма деген ұғым латын тілінен аударғанда «forma» сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Ал оқыту формасы- оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту формасы: әдңспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс-әрекетіне тәәуелді болады. Оқыту формасы мұғалімнің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Оқытудың формалары:жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);-жеке-жұптық (оқушы-оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы)-жеке-топтық (-өзара бірлесіп оқыту-саралап оқыту, оқушылардың қабілетіне қарай оқыту-оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс). Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі — сабақ. Сыныл-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері.• Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді.• Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді.• Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады.• Жұмыстың негізгі түрі – сабақ.• Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі.• Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды.• Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі;• Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері,
23.1.Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған өлкеге саяхатты, спорт жарыстарын, т.б. жатқызады. Сабақтың типтері және құрылымы: Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортаң бір белгіні табу үшін оларды "жіктеу" керек.Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының тәсілдері бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс сабағы болып бөлінеді.Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына қарай кіріспе, материалмен бірінші танысу, жаңа білімдерді тәжірибеде қолдану, дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту және жинақтау, бақылау, аралас сабақтар деп бөлінген.Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар: 1) аралас сабақ; 2) жаңа материалды оқу; 3) жаңа іскерлікті қалыптастыру; 4) білім, іскерліктерді бекіту; 5) жинақтау және жүйелеу; 6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану; 7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар.Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі.
24.Оқыту әдістері мен тәсілдері. Оқыту әдістерін жіктемесі және сипаттамасы. Оқыту әдістерін тиімді пайдалану проблемасы. Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.Оқыту тәсілдерінің түрлері:• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқарутәсілдері.Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістіңжүзеге асуына көмектеседі.Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.Оқыту әдісінің жіктемесі және сипаттамасы Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|