ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Оқыту әдістерін қолайлы етіп пайдалану 3 страница
5.5.Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады. Осыдан педагогикалық процестің мынадай зандары болуы мүмкін: – бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері-тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс - әрекетінің арқасында ғана бола алады; – индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік — азаматтық дәрежесі бар (барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі тұлға ретінде дамуына, әлеуметтану процесі барысында, әлеуметтік белсенділік кеңісгігінің бірте-бірте кеңейі барысында жүзеге асады; – ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс-әрекеттері педагогикалық процесс қатысушылардың әрбіріне және барлығына жетістіктер мен қамтамасыз етеді. Педагогикалық процестің заңдылықтары ол оның мәндік ерекшеліктері демек ол тұтастықта да және жеке бөліктерде өзін көрсетеді. Бірақ, педагогикалық процестегі өзгерістері» реттеу неге сүйенгендігін білу үшін құбылыстардың, бөліктердің, процестің элементтердің қалай өзара байланысқанын, қалай заңдар зандылықтарда көрінетінін түсіну керек. Бірақта, ең алдымен, мына сұраққа жауап беру алдында педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымының ерекшеліктері неде деген ұғымды түсіну керек. Педагогикалық процесстің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс (латынның ргосеззиз - қозғалыс) алға басу 1)жағдай; 2)белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген "процесс" деген ұғымның мағынасы "ұстаздар - оқушылар" жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты.
6.Оқушы ұжымы. Ұжым құрылымы және оның даму кезеңдері. Ұжымның тұлға қалыптастырудағы ролі. Латынның “ коллективус ” деген сөзі “жиын”, “ұжым” “топ” дегенді білдіреді. “Ұжым” түсінігінің екі мәні қолданылады: 1Ұжым- кез-келген адамдар тобы;2Ұжым-жоғары ұйымдасқан топ.3Оқуушылар ұжымы немесе қарапайым балар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен және алдында белгілі мақсат қойып, білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жасөспірімдердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі деуімізге болады. Оқушылар ұжымы деген атау- ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланыса отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады. 4Бірінші кезеңде- мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою арқылы балаларды мінез-құлық нормасына үйретіп әлеуметтік тәжірибеге тартады.5Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Бұл кезеңде тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.6Үшінші кезең- бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады. Онда қоғамдық өмірдегі деректерді құбылыстарды бағалауда қоғамдық, ұжымдық пікір пайдаланылады- атты тұжырымдар арқылы А.С.Макаренконың оқушылар ұжымын ұжымында тәлім-тәрбие ұйымдастыру барысындағы педагогикалық мәселелер жөніндегі құнды идеяларын байқаймыз.7Ұжымдық топтасуды балалар мен оқушылар қарым-қатынастарымен шығармашылық әрекеттерінің жиынтығы десек ұйымдық құрылымды-ұжым жетістіктерімен мәртебесін анағұрлым жоғарғы деңгейге бағытталған әлеуметтік құбылыс демекпіз. Белгілі ұжымның озық дәстүрлерін немесе шығармашылық жетістіктерімен бастамаларын жинақтау, тарату, насихаттау үшін және ол жетістіктердің қоғам қажеттілігіне айналуы үшін бір емес, бірнеше ұжымдық топтарды біріктірген ұйымдық бірлестіктің әрекеті мен талабы анағұрлым тиімдірек болады деп санаймыз.
6.1.Оның тиімділігінің тағы бір ерекшелігі- ұжым мен ұйымның педагогикалдық тұтастығында олардың тұтастығы оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге, мектеп пен қоғамға пайдасы тиетін ауқымды тәлім-тәрбиелік іс-шараларды өзара ынтымақтаса отырып жүргізуге оқушылар ұжымында өзін-өзі басқару жұмыстарын оңтайлы үйлестіруде және мектептегі педагогикалық қауымдастық пен бірлесе отырып мазмұнды, мақсатты жұмыстар жүргізуге зор мүмкіндік тудыратыны сөзсіз
7.Адамгершілік тәрбиесі: мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары мен әдістері. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халық педагогикасының ролі. Адамгершілік тәрбие дегеніміз – оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі.Адамгершілік тәрбие әр уақытта, әр қоғамда болып келген. Кешегі кеңестік дәуірде адамгершілік тәрбие дұрыс болған жоқ деп айта алмаймыз. Адамгершілік кейбір бағыттар замана өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Себебі тәрбие – қоғамдық құбылыс.Адамгершілік тәрбиенің күретамыры-мораль, этика, өнеге. Осы қасиеттерді ббаланың жас кезінен бастап санасына құя беру керек. Бірақ мораль, этика, өнеге заман өзгерісіне ұшырап отырады. Сондықтан да ұстаздар, ата-аналар сол өзгерістерді балаға уақытында түсіндіріп отырғаны жөн.Адамгершілік тәрбиенің негізіг отбасынан басталып, балабақша, бастауыш сыныпта өзінің жалғасын тауып, жоғары сыныптарда күрделене береді. «Адамгершілік тәрбиесі – тәлім – тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, қоғам тағы басқа жеке ықпал арқылы іске асырылады. Жас балалардың адамгершілігін қалыптастыруда мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әәсерлі өлең, өнегелі ойын, еңбек үстінде этикалы қатынас жағдайында әдепке адамгершілік әдеп – дағдылары қалыптасады. Мектеп жасындағылар үшін олардың саяси әлеуметтік саналылығын (гуманизм, ұлтжандылық, отан сүйгіштік) этикалық талғамын ішкі рухани байлығын молайтатын жүйелі жұмыстар жүргізілді. Адамгершілік тәрбиенің мақсаты жеке адамды дамытудың негізгі бөлігі. Ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды. Оның адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс-әрекетін ұйымдастыру осы адамгершілік тәрбиеден басталады. 7.1.Ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін, илтипаттылығын, жауапкершілігін қалыптастырады.адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мектептегі пәндер, мектептен, сыныптан тыс өткізетін іс-шаралар арқылы қалыптасады. Осы өткізілетін сабақтар, іс-шаралар неғұрылым маңызды, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қонымды болса, олар соғұрлым баланы адамгершіліке тәрбиелеуге зор ықпал жасайды. Адамгершілік тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олар:-Шәкірттерді өмір талабына сай қоғамдық моральдық нормасын орындауға қатыстыру;-Шәкірттердің адамгершілік тәжрибесін қалыптастыру;-Шәкірттердің санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау, ұлттық қасиеттерді дарыту;-Республика, оның Президентіне, Әнұранына, Рәміздеріне шәкірттердің сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Мазмұны баланың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, интернациогалдық рухта тәрбиелеу, отанға адамға деген сүйіспеншілігін ояту. Әдістері сиппаттау, талдау, ой қорыту, күнделікті өмірден мысалдар келтіру, сендіру, түсіндіру, мадақтау, жазалау, айыптау, кінәлау, бағалау.Ал, ұлттық тәрбие мен жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерінің мәселесі – адамзат тарихынан өн - бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бұл адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақсатандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және жалпы адамзаттық қасиеттерді жатқызамыз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қалың елім Қазағым» атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазды: «Біз арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім»-дегенді. 8.Эстетикалық тәрбие: мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары мен әдістері. Халық педагогикасының эстетикалық тәрбиені жүзеге асырудағы мүмкіндіктері. Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен өсемдікті дұрыс қабылдасауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады. Адамдардық эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен
8.1.Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззаттануына мүмкіндік береді. Міндеттері: -эстетикалық сезімді, эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу; -Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру. Негізгі құралы -әдебиет және өнер. Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырды. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қканыш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Эстетика- эстетикалық сананың міндетті ісі мен құрамын ашады. Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Эстетикалық тәрбиенің міндеттері: Баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту;Балалардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын сезімталдық қабілетін дамыту;Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу: Эстетикалық тәрбиенің құралдары: қоршаған дүние, табиғи орта, күнделікті тұрмыс эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар,бейнелеу өнері, мерекелер мен сауықтар. Мереке кездерінде балалар бақшасында өнердің әр түрлі балаларға өзінің бар ерекшелігімен және бірлігімен ықпал жасайды. Мерекелер мектеп жасына дейінгі балаларға қатты әсер етеді, олардың есінде ұзақ сақталады да, эстетикалық тәрбиенің маңызды құралына айналады. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруда балабақшаның орны ерекше. Дегенмен де отбасының да рөлі зор болмақ.
8.2.Балабақша мен отбасының бірлескен ықпалының бірлігі жағдайында ғана эстетикалық тәрбие міндеттерін толық көлемде жүзеге асыруға болады. Балалардың әрқайысы музыкант немесе суретші болмауы мүмкін, бірақ әр бір баланың өнерге сүйіспеншілігі мен ықыласын тәрбиелеуге, эстетикалық талғамын, көркемдік талғампаздығын, музыканы түсінуін, сурет салудың қарапайым дағдыларын қалыптастыруға болады. Ол арқылы эстетикалық тәрбиенің негізі қаланады. Эстетикалық тәрбиенің әдістері: бақылауды ұйымдастыру, әңгімелесу, түсіндіру, өнер туындыларын көру, қызықтыру, серуен, үлгі көрсету, іс-әрекетті ұйымдастыру, бейнелеу өнердегі әрекеті үшін мадақтау және жетістіктерін бағалау.Балалардың эстетикалық тәрбиесі тұрмыс эстетикасымен, еңбектегі, табиғаттағы, қоғамдық құбылыстардағы әсемдікпен таныстыру жолымен және өнер құралдары арқылы жүзеге асырылады. Балабақшадағы тұрмыс эстетикалық көркем қарапайымдылықтан, күнделікті тұтынылатын заттардың ақылмен таңдалып алуынан, әр заттың өз орнында жарасып тұруынан басы артық еш нәрсе болмауынан көрінеді. Қабырғалардың бояуы жайдары, ашық болуы тиіс. Балабақшаны безендіруге қойылатынталап балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерімен, олармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұнымен анықталады.
9.Ақыл-ой тәрбиесі: мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары мен әдістері. Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі тәжірибесін қазіргі оқу-тәрбие процесінде пайдалану. Ақыл-ой тәрбиесі — адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау — сана-сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырьш жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты – балалардың ақыл-он күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.
9.1.Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп,танымды дамиды. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі –ойын. Ол баланың ерекше әрекеті. Әр ойын баланың дамыуына әр қилы әсер етеді. Мазмұнды рөлді ойындар айналадағы дүние туралы түсінігін кеңейтіп, сөзін дамытады. Драмалық ойындар көркем әдебиет шығармаларын терең түсініуіне, тілінің дамуына әсер етеді. Ақыл-ойды дамытудың пәрменді құралдарының бірі- оқыту процесі. Оқытуда бала жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді. Оқыту баланың ойлауға күш сала білу қабілетін, еркін, табандылығын, төзімділігін, қиыншылықты жеңе білу қабілетін, жауапкершілігін, тәртібін тәрбиелейді. Ақыл-ой тәрбиесінің тағы бір бағалы құралы –еңбек. Еңбек арқылы әр бала түрлі құбылыстармен, олардың пішіндері, көлемдерімен, сан алуан материалдардың қасиетімен танысады. Ақыл –ой тәрбиесінің әдістері: табиғат пен қоғам құбылыстарын бақылауды дұрыс және жүйелі ұйымдастыру, әңгіме әдісі, көркем сөзбен әңгімелеу, көрнекіліктер пайдалану, қызықтыру, т.б. ақыл-ойды дамытуда сезім (сенсорлық) тәрбиесінің алатын орны ерекше. Сенсор- латынның сезім, түйсік, қабылдау, түйсіктің қабілеті деген сөздерінен шыққан. Сенсорлық процестер мен таным – ақыл- ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты міндеттері- ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты міндеттері- ақыл –ой дамуының негізін салу және эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде көріну. Айналадағы дүұниені тану түйсік пен қабылдаудан басталады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз- түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. Баланың сенсорлық процестерінің дамуына мүмкіндік тудыратын іс-әрекеттің тиімді түрі- көркемсурет салу, сазбалшықтан, ермексаздан (пластилин) мүсіндер жасау, салынған суреттерді, өрнектерді қиып, желімдеу әрекеттері, бірлескен дидактикалық ойындар, педогогикалық басшылықпен ұйымдастырылған іс-әрекет болып табылады.
10.Еңбек тәрбиесі және оқушыларға кәсіби бағдар беру: мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары мен әдістері. Халық педагогикасының оқушыларды еңбекке баулудағы маңызы. Еңбек тәрбиесі дегеніміз еңбек етуте психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|