Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқыту әдістерін қолайлы етіп пайдалану 6 страница




 

 

18.1.Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды. Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді болады. Мәселен, бірінші сыныпе оқушысына мұғалім мінез – құлық ережесін, жолдастарымен қарым – қатынас жасау ережесін, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда өзін тәрбиелі ұстау ережесін үйрету керек. Мұғалім бірінші күнен – ақ мектеп, сынып, парта, кітап, коридор, басқыш, спорт зал, т.б. таныстырып, пайдалану, жүру, шығу, отыру, т.б. ережелерді үйрете бастайды. Әр оқушы мұны әртүрлі орындайды. Нақтылы педагогикалық ситуация болған жағдайда тәрбие әдісі мен тәсілі бірін – бірі алмастыра алады.А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтер адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен тұрады:- адамның сезімінен;- санасынан;- сенімінен;- мінез-құлық, әдет – дағдыларынан құралатынын көрсетеді.Мектеп тәжірибесінде тәрбие әдісін қолданғанда тәрбиешілер психологтердің жоғарыда келтірілген дәлелді тұжырымдарын, атап айтқанда, адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен құралатынын әрдайым ескеруі керек.Сонымен, қазіргі кезде оқыту – тәрбие беру ісі қайта құрудағы белгіленген даму идеясы баланың жеке адам болып қалыптасуында тәрбие әдісін психологиялық негізде қолдану шешуші роль атқаратындығына баса назар аудару қажет екенін көрсетіп отыр.Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдістерінің әр салалы мәнін анықтауға болады:тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру тұрғыдан қаруландыру;тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын мазмұнын жүзеге асыратын құрал;тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады, тәрбиенің мақсаты қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері соған сай болады;тәрбие әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал жасауымен қатар баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін, ықыласын, ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты.Тәрбие әдісінің теориясында тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары, тәрбиенің тәсілдері, ұғымдары айтылады. Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық ситуацияға байланысты жеке әдісі, тәрбие тәсілі ретінде қолданылады. Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі.

18.2.Ал нақтылы жағдайда тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды. Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді болады. Мәселен, бірінші сыныпе оқушысына мұғалім мінез – құлық ережесін, жолдастарымен қарым – қатынас жасау ережесін, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда өзін тәрбиелі ұстау ережесін үйрету керек. Мұғалім бірінші күнен – ақ мектеп, сынып, парта, кітап, коридор, басқыш, спорт зал, т.б. таныстырып, пайдалану, жүру, шығу, отыру, т.б. ережелерді үйрете бастайды. Әр оқушы мұны әртүрлі орындайды. Нақтылы педагогикалық ситуация болған жағдайда тәрбие әдісі мен тәсілі бірін – бірі алмастыра алады.

әдістерін қоса қалыптастырады. Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады.Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеясы).Екінші топ – іс-әрекеттерді ұйымдастыру, қарым – қатынас жасау және қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру әдістері.Үшінші топ – іс-әрекет пен мінез – құлықты ынталандыру әдістері.Төртінші топ – іс-әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылауды ұйымдастыру және баға беру әдістері. Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері екі жақты тәрбие әдістерін сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс - әрекетте, мінез – құлықта қарым – қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды. Сендіру дегеніміз – оқушылардың ақыл – ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан – жақты әсер етуді айтамыз.Сенім – тек моральдық түсінік, ұғым ғана емес, ол адамның мінез – құлық, іс - әрекетінің тұрақты жетекшісі. Түсіндіру. Оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі.

 

 

18.3. Оқыту процесінде әр пәннің оқу материалына байланысты айтылумен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат көзделіп, оқушыларға патриотизм, гуманизм, парыз, міндет, ар – намыс, парасаттылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, ынта – ықылас, ерік – жігер т.б. туралы түсіндіріледі. Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары. Пікірталас әдісі. Пікірталас өткізу қоғамдық пікірді айқындау, принциптік, қоғамдық міндет, парыз, жауапкершілікті сезіну, нақтылы іс - әрекеттерді байқай білуге қолайлы жағдай болып табылады. Оқушылардың ұжымын ұйымдастыруда педагогтің талап қоюы шешуші роль атқарады. Мұнда нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың түрі, мазмұны іріктелінеді. Тәрбиешінің қатынасы педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процестер тәрбиеленушіге педагогикалық талап қоюмен, дұрыс іс істеуге мәжбүр етуді сабақтастырып отыру заңдылығын жүзеге асыру көзделінеді. Жаттығу әдісі. Тәрбие әдісінің жүйесінде жаттығу елеулі орын алады. Жаттығу мінез – құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс - әрекетті ұйымдастыру арқылы оқушыларды тәрбиелеудің ерекше әдісі ретінде қарастырылады.Жаттығу әдісінің құндылығы мынада: педагогикалық процесте тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары тәрбиешінің талаптарын орындаумен ғана емес, ең алдымен, осы жаттығуларды орындау барысында өзінің адам игілігіне қажет еңбегімен көріне алатындығында. Қоғамдық пікір. Тәрбиешінің балаларға қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ал ұжымның талабы жалпы қоғамдық пікірдің көрінісі болып табылады. Сондықтан ұжым жағдайында іс - әрекетті ұйымдастыру және мінез – құлықты қалыптастыруда қоғамдық пікірді туғызу негізгі әдістің бірі болып табылады.Қоғамдық пікір ұжым мүшесінің, кей жағдайда жекелеген топтардық іс - әрекетін, қылығын бағалағанда тәрбие әдісі ретінде іске асады.

 

18.4.Ұжым мүшелерінің жиналыста, линейкада, жиындарда, митингте, жергілікті баспасөзде және дөңгелек стол басында, ашық әңгімеде сөйлеуі қоғамдық пікірдің негізгі формалары болып табылады. Олардың пікірлерінде немесе қабылдаған шешімдерінде тек қана кемшіліктердісынау емес, алда тұрған міндеттерді жүзеге асырудың да жолдары айтылады.Мадақтау – оқушылардың тәртібін, мінез – құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады.Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігіне сезінуіне, өзінің мінез – құлқы мен көңіл – күйіне бақылау жасауға, өзін - өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез – құлық қандай болуы керектігін түсінеді, өзінің бойындағы жағымды мінез – құлықты дамытып, өз ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады. Жақсы істерді жал мінез – құлық қандай болуы керектігін түсінеді, өзінің бойындағы жағымды мінез – құлықты дамытып, өз ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады. Жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.Мадақтаудың түрлері өте көп. Мектеп тәжірибесінде мадақтау, мақұлдау, алғыс айту, мақтау, сыйлық беру сияқты түрлері бар. Жазалау – педагогикалық ықпал етудің бір жолы. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына ерекше ептілікпен әрі ойланыпқарауы тиіс. Жазалау баланың жағымсыз мінез – құлқы мен іс - әрекетінің теріс екендігін түсіндіру және оқушының ұжым алдында жасаған қылмысына айыпты екендігін ұғындыру және істеген теріс іске қынжылатындай мақсатын көздейді. Жарыс. Мектеп жағдайында мінез – құлық пен іс - әрекетті ынталандыру әдісі. Жарыс әлеуметтік – психологиялық фактор ретінде жастардың бір – бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс - әрекетіне жаңа серпін жаңа ой – сезім және баланың өзіне жаңа талап қоюына мүмкіндік туғызады. Тәрбие әдістерін таңдау және оларды тиімді пайдалану. Тәрбиенің түрлі әдістерін таңдау мұғалімнің шығармашылығына, педагогикалық шеберлігіне байланысты. Себебі тәрбие әдісі – тұтас педагогикалық процестің заңды бір құрамы.

 

 

18.5.Тәрбие әдісі тәрбиенің мақсатына, мазмұнына, принциптеріне және нақтылай педагогикалық жағдайлардағы міндеттерді шешуге бағынышты болады. Мұғалім өзінің күнделікті практикалық жұмысында тәрбие әдісін таңдау барысында барлық жағдайға арналған әмбебап тәрбие әдісі болмайтынын ескеруі керек.Тәрбие әдісі жеке дара тиімді не тиімсіз бола алмайды. Тұтас педагогикалық процестің негізіне жеке тәрбие әдісі емес, тәрбие әдістерінің тұтас бір жүйесі алынады. Әдетте өте нәтижелі деп есептеліп кеңінен қолданылып жүрген педагогикалық құрал: түсіндіру, әңгіме, сендіру, қоғамдық ықпал жасау әдістерінің өзі де ең әсерлі, абсолютті, тиімді бола алмайды.Бір жағдайда оң нәтиже берген әдіс, басқа бір жағдайда балаға тіптен теріс әсер береді. Сондықтан тәрбиеші әдістерді қолдануда педагогикалық – психологиялық талаптарды білу қажет.Тәрбие әдісі баланың жеке басына жанасудың және ықпал етудің өте нәзік әрі сезімтал құрал болғандықтан жаңашыл озат тәрбиешілер оқушылар-дың дара және жас ерекшеліктерін зерттеп, оқу – тәрбие процесін физиологтар мен психологтардың бала дамуының заңдылықтары туралы ғылыми деректеріне сүйене отырып ұйымдастырады.Адам жеке адам болып қалыптасу процесінде бөлшектеніп тәрбиеленбей, тұтас тұлға ретінде қалыптасатынын тәрбиеші әрдайым тәрбие жұмысының негізіне алуы керек. Жоғарыдағы аталған педагогикалық – психологиялық талаптармен қатар тәрбие әдістерін қолайлы таңдау және тиімді пайдалану үшін тұтас педагогикалық процестің күрделі диалектика-лық заңдылығы негізге алынады.Осыған орай әрбір тәрбиешінің жеке адаммен жеке топпен оқушылар ұжымымен жұмыс жүргізгенде тәрбие процесінің ұзаққа созылатын үздіксіз әрі комплексті ерекшелігін ескеруінің маңызы зор.Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдісінің бірнеше түрін қолданудың тиімділігі ең алдымен педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениеттілігінің жоғары дәрежеде болуына байланысты екендігін озат мұғалімдер тәжірибелері дәлелдейді.Тәжірибе көрсеткендей, мәдениет өмірдің тек рухани жағын ғана қамтып қоймайды. Мәдениет дегеніміз еңбектің, әлеуметтік дамығандықтың, зиялылықтың, тіпті көппен бірге өмір сүрудің мәдениеті деген сөз. Тек жоғары мәдениетті адам ғана өзіне де басқаға да қатаң талап қоя алады.Тәрбие әдістері – бұл тәрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тәсілдері. Мектеп тәжірибесіне орай әдістердің және бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне және қылық - әрекетіне ықпал жасау тәсілдері.

 

19.Дидактика пәні, оның негізгі категориялары мен міндеттері. Дидактиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы мен дамуы. Оқыту процесі, тәрбие процесі секілді педагогиканың аса бір маңызды саласы. Оның ғылыми анықтамасы – дидактика немесе оқыту теориясы деп аталады. Дидактика (didaktikos) деген ұғым грек тілінен ал ынып, оқыту немесе үйрету деген мағынаны білдіреді. Педагогикада бұл ұғымды тұнғыш рет еңгізген неміс педагогы В. Ратке (1571-1635) болды. Оның пайымдауынша дидактика оқытудың теориялық негіздерін зерттеумен айналысатын ғылыми пән. Дидактиканың зерттейтін пәні – ол білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері. Сонымен бірге дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың ұйымдастырудың формалары мен әдістерін қарастырады. Дидактиканың міндеті: «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» (Я.А. Каменский бойынша) – деген сұрақтарға дәлелді жауаптар беру. Сондықтан да дидактиканың қарастыратын негізгі әселелері:оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтарын ашу;оқытудың білімділік мазмұнын анықтау;оқытудың негізгі қағидалары, яғни принциптерін белілеу;оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтап, олардың түрлерін жасау. Дидактиканың категориялары: білім беру, оқыту, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның негізгі компоненттері: мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.Ең алғаш рет оны ғылымға неміс педагогі В.Ратке (1571-1635) кіргізген және өзінің лекция курсын «Дидактикадан қысқаша есептеу нәтижесі немесе Ратихия оқыту шеберлігі» деп аталған. Осындай мағынамен ұлы чехтік педагог Ян Амос Коменский да қолданған. Ол 1657ж Амстердамда өзінің «Ұлы дидактика» атты белгілі еңбегін бастырып шығарды. Педагогикалық ғылымның дамуында дидактика білім мен оқытуға көңіл бере бастайды. Әлемдік дидактиканың дамуына Иотон Фридрих Гербард (1776-1841), И.Г.Песталоцци (1746-1827), А.Дистерверг (1790-1816), К.Д,Ушинский (1824-1870), Д.Дьюри (1859-1952), Г.Кершенштейнер (1854-1932), В.Лай(1862-1926) және т.б. үлкен еңбек сіңірді. XIX-XXғғ. Аралығында отандық дидактиканың дамуына П.Ф.Каптерев, С.Т.Шатский, П.П.Балконский, А.К.Гастев, А.П.Пинкевич, М.М.Пистрак және т.б. көңіл бөлді. Әсіресе КСРО кезінде отандық дидактикада П.Н.Груздев, М.А.Данилов, Ш.И.Ганелин, Е.Я.Голант, Л.В.Зонко, Б.П.Есипов. М.Н.Скаткин және т.б. жұмыс істейдіОқытудың ғылыми түсініктемесіне, обьектісі мен дидактика пәнін анықтауына, педагогикалық емес ғылымдармен байланысын табуына, дидактикалық зерттеудің әдістемесін өңдеуіне, оқыту әдісі мен дидактиканың басқа да өзекті мәселелердің қатарына В.С.Ильин, В.И.Загвязинский, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, П.И.Пидкасистый және т.б. маңызды үлес еңгізеді. Олардың дидактикадағы еңбегі, басқа зерттеулерге сияқты, қазіргі уақыттағы педагогикада туындайтын өзекті мәселелерге жауап табады.

20.Оқыту процесі, оның мәні, ерекшеліктері, міндеттері мен құрылымы, заңдылықтары мен принциптері.Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары. Оқыту үрдісі – оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндетгерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі – өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері (кесте 1 қараңыз).Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатка ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:- білім беру – бұл мақсат окушылардың танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:

 

 

20.1- тәрбиелеу – әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.Оқытудың мақсаты – дамытудың қоғамдық – тарих тәжірибесінің жан – жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді.Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және окыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретіңде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін «қызмет» ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипатгайды.Оқытудың әлеуметтік, педаготикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі — оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тербиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыу қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы – бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметінің де мәні зор.

 

 

20.2.Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык әс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креативтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқьпу процесі — түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен зандылықтар арнайы айқындалатын зандылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феномен мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктсрі – зандарды құрайды.Оқыту процесінің заңдылықтары:Оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ыкыласын қажет етеді.
Оқушьшардың жеке жөне ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушының әсерінің сәйкес болу зандылығы. Бұл заңдылык мұғалімнің, оқыту процесінде баланың айналысатын іс-әрекеттерінің әрбір түрінің оның қандай қасиетін талап етіп, сонымен бірге оны дамытып отыратынын түсінуіне мүмкіндік жасайды.
Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқыту әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден оқушылардың ерекшелігі контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сабақтың және сабақтан тыс уақыттағы қызығушылықтары мен мінез – құлықтарын ескеруді және оқу -тәрбие әсерінің балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді.Оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарының ОТҚ мүмкіндікгеріне сәйкестігі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных