Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқыту әдістерін қолайлы етіп пайдалану 4 страница




 

 

10.1.Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі туралы қазақша реферат.Кәсіптік бағдар беру дегеніміз — педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі. Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады.Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді.Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру, оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар өндірістік бригада базасында, демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтарына қатыса жүріп, әр түрлі өсімдіктер өсіреді, тәжірибелер жасайды, кейбір мамандықтың түрлерін игереді. Еңбек тәрбиесінің құралы - еңбек

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:- оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;- кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;- мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;- оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады.

10.2.Кәсіптік ақпарат — орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. 5-8 сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал 9-11 сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр — түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.Қазақ отбасында балалардың еңбекке деген парасатты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі тәжірибесінен де алатын үлгі-өнеге мол. Ол еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ер баланы қозы, лақ қайтару, отын-су әзірлеу, мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық жасау (қамшы, шідер, жүген өру, тері илеу, қару-жарақ жасау, т.б.), қора салу, киіз үйдің ағашын дайындауға, ұсталық, зергерлік өнерге баулуға көзделсе, қыз балаларды үйдің ішін жинау, ыдыс-аяқты жуу, кесте тігіп, өрмек тоқу, ас пісіріп, баланы, қонақты күте білуге үйреткен. Балаларды еңбекке тәрбиелеу барысында ата-аналар оларды тек өзі үшін ғана емес, жалпы халықтың игілігі үшін еңбек етуге, еңбекке құрметпен қарауға, еңбек процесінің қуаныш-ләззатын сезініп, түсіне білуге үйретті. Балалар үлкендерге көмектесе жүріп және олардың өнегелі істерін, шеберлік дағдыларын қабылдай отырып, үнемі табиғат аясында болды, оның әсемдігінен ләззат алды. Күннің шығуы мен батуын бақылап, құстардың көңілді әнін, шегірткенің шырылын, малшылардың өткен-кеткен әңгімелерін, ән-күйі, ертегілерін естіп өсті.

 

10.3.Балаларды еңбекке осылайша ерте араластыру олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, көркемдік-эстетикалық талғамдарының жетілуіне, дене бітімдерінің толысып дамуына, сонымен бірге халықтың мәдени мұрасына аялы көзқарасын арттыруға жәрдемдесті. Оның танымдық қағидалары ең алдымен, балаларды туған жерінің табиғаты мен байлығын, дәстүрлі шаруашылығына байланысты еңбек түрлерін меңгертуге негізделген. Оларды қазақ халқы жазалау әдісі арқылы емес, балаға түсіндіру әдісінің ең тиімді, қарапайым ізгілік жолдарымен, қызықтыру арқылы үгіттеу, сендіру, үйрету, жаттату, т.б. әдіс-тәсілдермен жүзеге асырған. Осы мақсатта ертегілерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды, шешендік сөздер мен баталарды, өлең-жырлар мен аңыз-әңгімелерді, эпостарды, т.б. молынан пайдалана білген. Мысалы, «Жақсы бала – сүйеніш, жаман бала – күйеніш», «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Жақсы сөз – жарым ырыс» – деген мақалдар соның айғағы. Олар жастарды рухтандыратын, имандылыққа, еңбекке тәрбиелейтін, ізгілік, іскерлік, еңбексүйгіштік қасиеттерге сендіретін құдіретті құралдар. Демек, оқушылардың еңбек тәрбиесі – ата-аналарға, ата-әжелерге ортақ іс, жауапты міндет. Сондықтан отбасындағы еңбек тәрбиесінде мына мәселелерге назар аударған жөн. – ата-әжелердің немере, шөбере тәрбиесінің игіліктеріне жарататын құнды еңбек тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігінше үш ұрпақ өкілдерінен (ата, әке, бала) құралған отбасыларын қуаттау, көбейту; – жеткіншектердің еңбек тәрбиесіндегі ананың орнын мойындаумен қатар, әкенің жауапкершілігін, тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыру. Отағасы шаңырақтың қорғаны, асыраушысы, ақылшысы саналады. Сондықтан қазақ әулетінің ер-азаматты бағалау, пір тұту дәстүрін одан әрі жалғастыру; – отбасының тірегі, зор байлығы – көп бала екендігін жастар санасына сіңіру; ұрпақтар тәрбиесінде қазақ халық педагогикасындағы дәстүрлі еңбек түрлерін меңгертуді негізге алуын қадағалау, үйрету.

10.4.Жаңа өркениетті қоғамдағы отбасының оқушыларды дәстүрлі еңбекке тәрбиелеудегі маңызын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын, хал-ахуалын көтеруге ықпалын тигізетін кейбір ұсыныстарды енгіздік: • отбасындағы дәстүрлі еңбек түрлерін әлеуметтік-экономикалық жағынан қорғауды мемлекеттік дәрежеге көтеру; • отбасы еңбек тәрбиесіндегі дәстүрлі еңбек түрлерін ғылыми дәрежеде жан-жақты зерттеу, арнайы ғылыми-тәжірибелік лаборатория ашу, бұл дүниежүзілік тәжірибеде өркениетті елдер қатарына жетудің негізгі шартының бірі; • педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дәстүрлі еңбектің отбасы тәрбиесінде дәріптеуге тұратын түрлеріне арналған көпшілік ағарту жұмыстарын жүргізу; • отбасы еңбек тәрбиесіне арналған оқу-әдістемелік құралдар, кеңестер, ұсыныстар, озық тәжірибелер жинақтарын шығару. Мәселен, «Ата-аналар тәлімі», «Шеберлер мектебі», «Ата кәсіп мектебі», т.б.; •

 

 

11.Экологиялық тәрбие: мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары мен әдістері. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудегі халық педагогикасының мүмкіндіктері. Экологиялық тәрбие – ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Экологиялық тәрбие мақсаты – оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты: • қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;• жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;• экологиялық білімді насихаттау.Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады. Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері: • өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;• табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;• мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға спйкес есепке алып отырады.Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады. 3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие.

11.1.Экологиялық білімнің негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астроиомия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады.Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;- пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру; - фенологиялық бақылау жүргізу.3. Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.

 

11.2)5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.

 

12.Дене тәрбиесі: мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары мен әдістері. Халық педагогикасының мектептегі дене тәрбиесін жүзеге асырудағы маңызы. Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.

 

12.1.Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту. Дене тәрбиесінің мақсаты: қоғамдық талап пен оған қызмет көрсету үшін халықтық дене дамытуындағы күткен нәтижесін білдіреді. Күтілген нәтиже қоғам дамуының заңдылықтарымен тығыз байланысты. Бұл мақсат қоғада құрап, оның байлығын қорғайтын әлеуметтік талаптарына сәйкестендіріледі. Дене тәрбиесінің мақсаты жан-дүниесі рухани бай, ар-ожданы таза, Отанды қорғауда ұзақ жылдар шығармашылық еңбек етуге жарамды адамдардың физикалық дамуын қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсат еліміздегі әр адам ның қоғамдық талап пен жеке қызығушылықтарына байланысты. Дене тәрбиесінің міндеттері: алға қойған мақсаттың шарттарына, сәйкес орындарға қол жеткізге мүмкіншіліктер туғызу. Дене тәрбиесі жұмысында шешілуге тиіс міндеттер үш топқа бөлінеді: сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттер2. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.

 

12.2.Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру. Дене тәрбиесінің міндеттері: - денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау. Әдістері Қозғалу қабілетін тәрбиелеуді үйрету мақсатында белгілі бір міндеттерді шешетін арнайы тәсілдер құрылған. Нәтижесінде әдістердің 3 түрі пайда болды: қатаң уақытпен жасалынатын жаттығулар әдісі, ойын және жарыс әдістері. Бірақ, ешқандай әдіс қанша жақсы болса да, басқалардан бөлек бір өзі толық мәнде қарастырылмайды. тек қана әдістерді біріктіріп қолдану арқылы дене тәрбиесінің кешенді мақсатын іске асырады.Қатаң уақытпен жасалатын жаттығу әдісі айналысушыларды ұйымдастырады, уақытты толық пайдалануын қамтамасыз етеді:
- қатаң сақталуға тиіс қозғалыс бағдарламасынан тұрады.

 

12.3.(қатаңдығы қайталаудың тәртібінде және бір - бірімен байланысында)- ауырлықты дәл мөлшерлеу және оның динамикасын жаттығу барысында басқару және де демалыс аралығын мөлшерлеу.- айналысушылардың іс - әрекетің басқаруды жеңілдететін сыртқы жағдайларды жасау және пайдалану. (қосымша құралды, тренажерлерді т. б пайдалану) Осылардың барлығы жаңа қозғалысты меңгеруге қажетті жағдайлар жасайды және физикалық қасиеттердің дамуына дәл бағытта әсер етуіне кепілдік етеді.(3)
Физикалық қасиеттердің тәрбиелеу процесінде, бағыттау - таңдау жаттығулары әдісі және қатар әсер ету әдісі (бір уақытқа бағытталған әсер ету жаттығулары) пайдаланылады
Ойын әдісі тек қана қозғалыстың бастапқы үйретілулерінде ғана емес, сонымен қатар қозғалудың қиындатылған жағдайларында да қолданылады.ене тәрбиесінде ойын кешенді материал есебінде құрылады(әр түрлі жаттығулар жасай жүгіру, кедергілерден өту, допты қағып алу т. б). Сонымен қатар кенеттен пайда болған қозғалысу міндеттерін тез және үзіліссіз шешу мен байланысты операциялардың жоғары динамикалығына тән, бұл қозғалыс қасиеттерінің дамуының ең басты факторы.Жарыс әдісі әртүрлі педагогикалық міндеттерді шешуде қолданылады: физикалық моральдық, ұстамдылық қасиеттерді дамыту.Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных