ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Оқыту әдістерін қолайлы етіп пайдалану 5 страница13.Отбасы тәрбиесі: мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары мен әдістері. Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі. Отбасы – қоғамның алтын діңгегі, бір бөлігі.Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық өзгерістер әсерінен отбасында моральдық және психологиялық ахуал біртіндеп өзгеріске түседі.Отбасының өзгеріске ұшырауына биологиялық,психологиялық және демографиялық жағдайлар әсер етеді.Халықтың әл-ауқат деңгейі әр түрлі болғандықтан ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас та әр түрлі болады. Біреулер мейлінше өбектеп тәрбие мәселесін қолдан шығарып алуы мүмкін.Ондай отбасындағы балалар жалқау,енжар болып тәрбиеленеді. Отбасы тәрбиесінің мақсаты болашақ азаматтарды ізгілікке,өмірде өз орнын таба білуге,алдында кездесетін кедергілерді жеңе білуге,белсенді,оз ой-пікірін дәлелдей алатын, жетістікке жетуге және келешекте мықты отбасын құруға бағдарланған тұлға тәрбиелеу болуы тиіс. Мектептегі тәрбиеден отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшелігі бар.Отбасындағы тәрбиеде баланың жеке басына тән қасиеттерді дамытудың маңызы зор.Отбасы тәрбиесіне ата-ана, отбасы мүшелері қатысады. Отбасы тәрбиесінің міндеттері: баланың өзін-өзі тануын дамыту, өзгелермен үйлесімді қарым- қатынас құруға үйрету, айналасымен мәдени қарым- қатынас құру, мықты отбасын қалыптастыруын санасына сіңіру, адамгершілік және эстетикалық жағынан қалыптастыру, денсаулығын нығайту, ақыл-ой шығармашылық қабілетін жетілдіру. Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің мазмұны төмендегідей: Жас баланы қоғам талаптарына қарай тәрбиелеу, жеке басының мүмкүндіктерін жетілдіру, ақыл-ой сана-сезімін қалыптастыру ұлттық сана-сезімін қалыптастыру,ұлттық салт-дәстүрлер арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас құруға,белсенділікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Отбасы құндылықтарын,мейірімділік,рахымдылық,қамқорлық,қасиеттерін бала бойына сіңіру, отбасы мүшелерінің қаражатының күнделікті тұрмыста қалай пайдаланатынын түсініп, келешекте ата-анасына, отбасы мүшелеріне көмек көрсетуге даяр болу, отбасындағы ізгілік қатынастарын дамыту да балаға ата-анасынан берілуі тиіс. Отбасында қолданылатын тәрбие құралдары орасан зор:
13.1. Ата-ананың,үлкен-кішілерінің, тарихи тұлғалардың айналасындағылардың өнеге-үлгісі,көркем сөз туындылары,музыка, бейнелеу өнері,табиғат,қоғамдық өмірдегі,спорттағы шығармашылық жетістіктері т.б.Отбасы тәрбиесінің мақсаты, атқаратын қызметі,тәрбие құралдары халықтық педагогика негізінде дамиды.Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан мектептен дін мәселесі бөлек қарастырылады. Конституция бойынша әр ұлт өкілінің мәдениеті аясындағы дінді ұтануына шек қойылмайтығы белгілі.Демек отбасындағы халықтық тәрбиенің діни дүниетаныммен байланысына да назар аударып,имандылық, ізгілік, адамгершілік мәселеріне жете ден қою да өз мәнін жоғалтқан емес. Діннің ізгілікке тән қағидаларды ұстанатыны белгілі. Ата-ананың отбасындағы өзара сыйластығы,мейірімділігі мен қамқорлығы, балаларына талап қоюы, олардың отан алдындағы жауапкершіліктерін арттыруы,тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етуі бала тәрбиесінде маңызды рөл атқарары сөзсіз. Отбасы тәрбиесінің әдістері: ересектер өнеге-үлгісі; баламен әңгіме сұхбат, талқы; сенім, көрнекі-үлгі әрекет; сүйіспеншілік таныту; бірлікті толғаныс; бала болмысын ардақтау; марапаттау, мадақтау; қадағалау; әзіл; талпыныс; дәстүр-үрдістерге баулу; көңіл-күй ортақтасуы және т.б. ал бұлардың қай бірін таңдау және қолдану бала даралығына сәйкес және нақты жағдай шарттарына орай жүргізіледі.
14.Мектептегі тәрбие жұмысы: құрылымы, құрамдары және олардың өзара байланысы. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Тәрбие жүйесі – білім беру мекемесінің әлеуметтік, табиғи, мәдени орталықтармен өзара байланыс жасайтын бірден-бір ашық жүйе болып табылады. Мектептің тәрбие жүйесінің әдістемелік ұйымдастыру негізі төмендегідей:- Мектептің бірыңғай даму тұжырымдамасы, оның Жарғысы.- Оқушылардың дамуына бағытталған мектепішілік басқарудың құрылымы- Жалпы мектепішілік дәстүрлі шаралар, мектеп ұйымдарын, бірлестіктерін қалыптастыру- Жоспарлау- Нәтижені талдау және оны болашақта практикаға енгізуТәрбие жүйесі қызметі тиімділігінің сапалық көрсеткіштері:- Мұғалімнің, оқушының, ата-ананың түсінігіндегі мектеп бейнесі.- Тәрбие жүйесінің өте жақсы нәтижесі – мектеп түлегі.- ¦жымдағы психологиялық ахуал, мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің қарым-қатынасы- Жүйенің әр түрлі субъектілерінің арасындағы өзара байланысы.- қоғамдағы мектептің беделіТәрбие орталығының нақты мақсаттары:- Мектепті балалар мен үлкендердің достастық мекені ретінде қалыптастыру. - қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.- әрбір баланың шығармашылық қабілетін, табиғи дарындылығын анықтау және дамыту. Оқушыларды қазақ елінің мәдени және рухани құндылықтарының жүйесіне баулу.- Тұлғаны әлеуметтік жауапкершілікке, заңды сыйлауға тәрбиелеу. - Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру. Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балалардыОлай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардыңОл өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған
14.1.Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны 15.Мұғалім - педагогикалық процесті ұйымдастырушы.Тұлғалық және кәсіби қасиеттер мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізі. Білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Мұны Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деген сөздерімен дәйектеуге болады. Яғни, осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Бүгінгі күнгі мұғалімдердің басты міндеті – бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау екендігі даусыз. Заман талабы өзгерген сайын мұңалімдерге қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді. Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әрқалай деп көрсетеді.Сондай-ақ мұғалім педагогикалық процесті ұйымдастырушы. Сол себепті:- ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық үдерістегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеуді меңгеруі;.- оқушылардың негізгі: құндылық-бағдар, жалпы мәдениет, оқу-танымдық, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық құзырлылықтарын қалыптастыруға дайын; - білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыра білуі керек. 16.Оқушы тұлғасы дамуының жас кезеңдері, олардың сипаттамасы. Педагогикалық процесте жас және дара ерекшеліктерді есепке алу. Педагогикалық кезеңдер1.Сәбилік (өмірдің бірінші жылы)2.Бала – бақшаға дейінгі жас кезеңі(1 – ден 3 жасқа дейін)3.Мектепке дейінгі жас кезеңі(3 – 6 жасқа дейінгі)Кіші мектеп алды жас кезеңі(3 – 4 жас аралығы)Орта мектеп алды жас кезеңі (4 – 5 жас аралығы)Жоғары мектеп алды жас кезеңі(5 – 6 жас аралығы)4.Кіші мектеп жас кезеңі (6 – 10 жас аралығы)5.Орта мектеп жас кезеңі(10 – 15 жас аралығы)6.Жоғары жас кезеңі(15 – 18 жас аралығы).Педагогикалық кезеңдерге бөлудің негізін, бір жағынан, дене және психикалық даму сатылары құраса, екінші жағынан, бұл тәрбие жүріп жатқан жағдайларға байланысты келеді.Жүйке – жүйесін және дене мүшелерін біріктірген ағзаның биологиялық пісіп жетілуі және онымен бірге жүретін танымдық қабілеттердің даму сатылары өз бетінше жасайтын шынайы, табиғи құбылыс болса, ал саналы құрылған тәрбие үдерісі жас кезеңдері ерекшеліктеріне икемдесуі және оларға негізделуі қажет. Педагогикада дамудың жастық сатыларын мойындамау әрекеттері де болған.Тіпті, орайлас әдістеме табылса, қалаған 3 – 4 жастағы баланы жоғары математикаға, басқа да дерексіз түсініктекрге үйретіп, кез -келген әлеуметтік тәжірибені, білімдерді, тәжірибелік ептіліктер мен дағдыларды игертуге болады деген теориялар да пайда болған. Бірақ бұл мүмкін емес.Бәлкім,бала өте күрделі сөздерді де дұрыс айтуға үйренер, бірақ оның мағынасын ұғуға оған әлі ерте. Жас кезеңдері шектеулерін осы күнгі балалардың шапшаң дамуымен олардың сөздік және түсінік қорының кеңдігімен шатастыруға болмайды. Бұл құбылыс әлеуметтік дамудың жеделдеуімен, әрқилы ақпраттық дерек көздеріне кең жол ашылуымен, балалардың көп нәрседен хабардар болуымен түсіндіріледі. Даму үдерісінің жеделдеу мүмкіндіктері кеңеюде, бірақ шексіз емес.Жас кезеңі дамуды мезгілінен тыс жаздырып жібермей, өз билігін таңады. Бұл саладағы ықпал жасаушы заңдылықтар даму мүмкіндіктерінің шама – шарқын белгілеп береді. Оқу – тәрбие жұмысында балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді өз заманында Я.А.Коменский талап еткен.Әр нәрсенің табиғатта өз мезетінде болатынындай, тәрбие де өз кезегімен – уақытында және ретімен алып барылуы тиіс. Сол жағдайда ғана адамға ізгілік сапалар табиғи жұғысты келіп, ақыл есінің жетілуіне байланысты ол болмыс шындығын толық, мән - мағынасымен түсінеді. «Игерілуі қажет болғандардың бәрі жас сатыларына сәйкес бөлініп,әр жас кезеңіне түсініктілері ғана оқып – үйрену үшін ұсынылуы шарт» - деп жазған Я.А.Коменский. 17.Этнопедагогика пәні, міндеттері және зерттеу әдістері. Қазақстанда этнопедагогика ғылымы дамуының негізгі бағыттары. Этнопедагогика - халықтың тарихи өмір тәжірибелерін жүйелеп тұжырымдаған ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым, этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. «Этнос» («этнос» - гректің «тайпа», «халық», «ұлт» деген сөзінен шықан) және «педагогика» сияқты екі сөзден құралып, этнопедагоика деп аталатын бұл ғылым - жалпы педагогика ғылымдарының түп негізі. Этнопедагогика ғылымы жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдарынан бастап ғылым ретінде зерттеліп, оның ғылыми-теориялық негіздері айқындалды. Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, көптеген ғылыми еңбектер жазған чуваш ғалымы Геннадий Никандрович Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңғыш рет «этнопедагогика» деген ұғымды енгізген. Этнопедагогика ғылымының негізгі материалы - халық педагогикасы, ол – халықтың мәдени мұрасы, ұлттық тәлім-тәрбие құралы. Зерттеу объектісі - халықтың тәлім-тәрбие жөніндегі ұғым-түсініктері, дәстүрлері, тәжірибесі болып табылатын ғылым саласы ретінде пайда болған этнопедагогика ұлттық тәлім-тәрбиенің қайнар бастауынан бастап, осы уақытқа дейінгі болмысын анықтап, оның болашағын белгілеп беретін, одан әрі дамып, кемелдене беретін ғылым. Этнопедагогика – белгілі бір халықтың өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы.Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықгың педагогикалық дөстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық тугызып кана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.
17.1.Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең өзгешелігі болғандықтан оны мазмұңдау қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет.Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көп ғасырлық тербие өрекеті нөтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді. Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мөдениеті дамуындағы ролі жайлы ашып көрсетілуі қажет болады. Этностың орнықты әлеуметтік қауым ретінде тұлға тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін көрсетудің мәні үлкен. Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі өніндегі қамқорлық, ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші багыттарын камтитын аса бай фактілермен танысу болашақ мамаңдарды оқытылатын материалға қызығушылығын, арттырады.
17.2.Этнопедагогиканың зертгеу өдістері жәиі сөз болган жекелеген авторлар /Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/ енбектерінде әдет - ғұрыптар мен дөстүрлер халықгық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жоніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім – тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, озіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу обьеқтісі ретіңце қарастырылуы /М.И.Стельмахович, И.С.Кон/ аса қүптарлық жайлар. Әлеуметтік жүйенің көпшілікке ортақ түрі отбасынан басталады. Халықшң күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста дамыған дөстүрлі төрбиенің күрамдас бөлігі отбасы тәрбиесі төжірибесі, халық үғымындағы төрбие жөніндегі түсініктер, тарих елегінен өтіп калыптасқан тәрбие принцптері, әдіс-төсілдерінің мәнін ашып көрсету, оның бүгінгі төрбие ісінде колдану жолдарын қарастыру – этнопедагогика ғылымының өзекті проблемалары. Нақты өмір сүру жағдайыңдағы /өлеуметтік, экономикалық,, мөдени, табиғи және т.6./ белгілі бір этносқа тән рухани өлшемдердің /яғни, әдет пен құлық, әлеуметтік орта қүбылыстарына сезімдік қатынас, сезімдер, құндылық бағдар, салт-дәстүр, қажеттілік, талғам т.б./ жеке тұлғаның өзіндік айқындалу қабілетіне ыкпал ететін басты факторлар екендігі даусыз. Осыған орай түрлі тарихи кезеңдердегі төрбие сипатын тану, халық педагогикасын тәрбие мен тәлім мәселелері қатар көрініс табатын біртұтас процесс ретінде түсіну этнопедагогиканың теориялық мәселелерін қарастыруда қажетгі шарттардың бірі болмақ. Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, терендеп зерттеу мен тадцауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның аддында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер түр. Бүларды төмендегідей такырьштармен белгілеуге болады:
17.3.жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі қүралы ретінде;халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде;халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық төрбие берудегі ролі;балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері;дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің жөне педагогиканың көрнекті жетістіктері ретіңде халықгық педагогика жегістіктерін казіргі төрбиеде қолданудың мақсатқа сөйкестілігі жөніндегі түжырымдармен келіскенмен, кәсіби педагогикаға бағытталғандыққа қатысты халықтық педагогика ролі байқарлықтай төмендеп, оның қолданыс аясы тарылуы өбден занды сияқты деген пікірлермен келісу қиын. Мұңдай пікірлердің кдтелігі, ең алдымен халық даналыгының ешуақытта ескірмейтіндігімен анықталады.Адамзат ғасырлар бойы жүзеге асыру үшін күрескен халық педагогикасы идеялары езінің толық іске қосылу мүмкіндігін дәл осы Кдзақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет ретінде орнықгырып жатқан бетбұрыс кезең жағдайында алуы қажет. Екіншіден, ғылыми жөне халықгық педагогиканы карсы қоймау, ал салыстыру қажет, ол — ғылыми білімдер түрғысынан педагогиканың халықтыган анықтап ашып керсету мүмкіндігін береді. Және, керісінше, балаларды халықгық тәрбиелеудің бұқаралық тәжірибесінің жәрдемімен ғылыми педагогикалык теориялардың өмірге икемділігін тексеру де маңызды. 18.Тәрбие формалары, құралдары мен әдістері. Тәрбие әдістерін жіктемесі, сипаты және оларды тиімді пайдалану жолдары.Тәрбиенін құралдары, формалары мен әдістері түралы түсінік. Педагогикалық процесті ұйымдастыру жұмысында және елімізде жүріп жатқан жаңарумен байланысты тәрбие әдістерін қолдануда жаңаша ойлануды меңгеріп, дамыту керек. Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский т.б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтер адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен тұрады:- адамның сезімінен;- санасынан;- сенімінен;- мінез-құлық, әдет – дағдыларынан құралатынын көрсетеді.Мектеп тәжірибесінде тәрбие әдісін қолданғанда тәрбиешілер психологтердің жоғарыда келтірілген дәлелді тұжырымдарын, атап айтқанда, адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен құралатынын әрдайым ескеруі керек.Сонымен, қазіргі кезде оқыту – тәрбие беру ісі қайта құрудағы белгіленген даму идеясы баланың жеке адам болып қалыптасуында тәрбие әдісін психологиялық негізде қолдану шешуші роль атқаратындығына баса назар аудару қажет екенін көрсетіп отыр.Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдістерінің әр салалы мәнін анықтауға болады:тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру тұрғыдан қаруландыру;тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын мазмұнын жүзеге асыратын құрал;тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады, тәрбиенің мақсаты қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері соған сай болады;тәрбие әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал жасауымен қатар баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін, ықыласын, ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты.Тәрбие әдісінің теориясында тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары, тәрбиенің тәсілдері, ұғымдары айтылады. Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық ситуацияға байланысты жеке әдісі, тәрбие тәсілі ретінде қолданылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|