Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ызанақ дақылының зерттеліп отырған сорттары мен будандарының өнімділігі және сапалық көрсеткіштері




 

Дақылдардың өнімділігі ауыл шаруашылығының өсімдік шаруашылығы саласындағылыми-зерттеу жұмыстарыныңтүпкілікті нәтижесі болыптабылады. Сол үшін барлық жаңа сорттар мен будандардың және озық агротехнологиялардың басты мақсаты өнімділікті арттыруға негізделуі тиіс. Осы негізбен біз тәжірибелерімізде шаруашылықтық-құнды қасиеттері бойынша кешенді түрде сыналған қызанақ сортүлгілерінің өнімділік көрсеткіштерін анықтадық. Зерттеулердің нәтижелері төмендегі кестеде келтірілді (10-кесте).

Сыналған сорттар мен будандардың жалпы өнімділігі мынадай деңгейде болды: стандартты Лидер сорты - 42,5 т/га, Дар Заволжья сорты - 45,7 т/га, Заря Востока сорты - 40,4т/га, Классик буданы – 49,6т/га. Барлық сортүлгілер жоғары тауарлылық көрсетті, таурлылық деңгейі Лидер сортында 94,8%, Дар Завольжя сортында 95,2%, Заря Востока сортында 98,0% және Классик буданында 98,7% құрады. Өнімділік деңгейі бойынша ең жоғары көрстеткіш Классик буданы бойынша, ал ең төменгі көрсеткіш Лидер сорты бойынша байқалды. Тауарлы өнімділікке тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш бойынша сортүлгілер бір-бірінен айтарлықтай деңгейде ерекшеленді.

Қызанақ жемістерінің тауарлы өнімі төмендегі көрсеткіштерді құрады (т/га): Лидер сортында - 39,9; Дар Заволжья сортында – 43,5; Заря Востока сортында – 39,6; Классик буданында – 49,0.

Жемістерінің салмағы бойынша ең ірі болып Дар Заволжья сортының жемістері тіркелді, ең жоғарғы салмақты көрсеткен жемісінің шамасы 134 г. Стандартты сорт ретінде алынған Лидер сортының жемістері салыстырмалы түрде кіші болды (82-91 грамм). Заря Востока сортүлгісінің жемістерінің салмағы да жоғарылау болғанын атап өту керек, орташа алғанда 76-112г. Классик жемістерінің салмағы төмендеу болып, 73-87 г құрады.

Тәжірибелерімізде сыналған барлық қызанақ сортүлгілерінің өнімдерінің тауарлылығы жоғары болғандықтан (94,8-98,7%), стандартқа сай емес өнім мөлшері тиісінше төмен болғанын (1,3-5,2 %) атап өткен орынды. Қызанақ сортүлгілері бойынша жарылған жемістердің пайыздық үлесі 0,3-1,4 % аралығында болды, жекелеп тоқталып өтсек келесідей мәліметтер алынды: Лидер сорты бойынша 1,4%; Дар Заволжья сорты бойынша 1,8%; Заря Востока сорты бойынша 0,4% және Классик буданы бойынша 0,3%. Заря востока сорты мен Классик буданының жемістерінің мүлде жарылмағанын, яғни жарылып кетуге төзімді екенін атап өтуге болады. Өте ұсақ және босаған жемістердің жалпы өнімнің ішіндегі үлесі өте төмен болып, сортүлгілер бойынша 1,0-3,8% аралығында құбылды, нақтылай келгенде зерттеу нәтижелері мынадай болды: Лидер сортында 3,8%; Дар Заволжья сортында 2,0%, Заря Востока сортында 1,6%; Классик буданында 1,0%.

Жемістерінің ерте пісуі бойынша селекциялық көшеттіктердегі сорт-үлгілер біршама ерекшеленді. Атап айтқанда, вегетациялық кезеңде жемістерді қалыптастырғаннан кейін алғашқы 25 күннің ішінде піскен жемістердің үлесі мынадай пайыздарды құрады: Лидер сортында 48,7%; Дар Заволжья сортында 44,2%, Заря Востока сортында 43,6%; Классик буданында 56,4%.

Мәліметтерге сәйкес, жемістері жаппай қалыптасқан кезеңде, алғашқы 25 күн ішінде тез пісу бойынша Лидер сорты мен Классик гибриді ерекшеленді. Яғни бұл сортүлгілер ертерек өнім береді. Ал Дар Зволжья және Заря Востока сортүлгілері осы кезеңде салыстырмалы түрде төмен пайыз көрсетті.

Қорыта айтқанда, жемістерінің жалпы өнімділігі бойынша ең жоғарғы көрсеткішті (49,6 т/га) жаңадан сұрыпталған Классик буданы көрсетті. Бұл көрсеткіш қолданыстағы Лидер сортының өнімділігінен әлдеқайда жоғары өнімділік болып табылады (7,1 т/га артық). Классик буданы сонымен қатар стандартты өнімділік бойынша да жоғарғы көрсеткішке ие болды (98,7%). Және осы будан ең жоғарғы стандартты өнім беруімен (98,7%) ерекшеленді.Жемістерінің массасы бойынша үлкен салмақ Дар Заволжья сорты (134 г) және Заря Востока сортында (112 г) болды. Ертерек өнім қалыптастыруда Классик буданы және Заря Востока сорты ерекшеленді. Олардың жемістері алғашқы 25 күн ішінде тиісінше 55,4 және 52,6% қызарды. Бұл жақсы көрсеткіш болып табылады. Себебі өнім тезірек пісіп, барынша толық жиналады және күзгі үсікке барынша аз мөлшерде ұрынады(8-кесте.).

Көкөністердің олардың ішінде қызанақтың да сапалық көрсеткіштері аса маңызды екені анық. Мұның себебі барлық көкөністер тағамға балғын күйінде және шамалы қайта өңдеуден (көбінесе үй жағдайында) кейін жыл бойына қолданылады.

 

Кесте 8

Қызанақ дақылының жаңа сорттары және будандарының өнімділігі және өнімнің құрылымы

 

Қызанақ сорт үлгілері   Өнімділік, т/га Жемістің массасы,г Жарылғандар, % Майда және босаған жемістер,% 25 тәулік ішіндегі піскен жемістер, %
Барлығы, т/га Жемістің тауарлық сапасы
т/га % барлы-ғынан
Лидер (стандарт) 42,5 39,9 94,8% 82-91 г 1,4 3,8 48,7
Дар Заволжья 45,7 43,5 95,2% 86-134 г 1,8 2,0 44,2
Заря Востока 40,4 39,6 98,0% 76-112 г 0,4 1,6 52,6
Классик буданы 49,6 49,0 98,7% 73-87 г 0,3 1,0 55,4

 

Адамның тағамдық рационында «дәрумендер қоймасы» ретінде танылатын көкөністердің орны ерекше. Қызанақ дақылы көкөністердің ішінде балғын және қайта өңделген күйінде қолданудан алдыңғы орындардың бірінде тұр. Ашық танап пен жылыжайдан және консервіленген өнім ретінде қызанақ асқа жиі пайдаланылады.

Қайта өңдеу өндірісінің талабы бойынша жемістердегі құрғақ заттар мөлшері 6% -дан жоғары болуы керек, бірақ көптеген сорттар осындай талапқа сай келмейді. Зерттеліп отырған сорттар мен будандардың сондай талаптарға сай келу-келмеуін анықтау мақсатында және жаңа сортүлгілердің биохимиялық көрсеткіштерін бағалау үшін ҚазККШҒЗИ биохимиялық зертханасында қызанақтың тәжірибедегі сорттары мен будандарының жемістеріне биохимиялық талдау жасалынды. Талдаулар классикалық әдістемелер бойынша орындалды. Өнімге жүргізілген биохимиялық зерттеулеріміздің нәтижелері кестеде келтірілді (9-кесте).

Биохимиялық көрсеткіштері бойынша селекциялық көшеттіктерде сыналған қызанақ сорттары мен будандары төмендегідей нәтижелер көрсетті: құрғақ заттар мөлшері бойынша (%):

Лидер сортында 5,43%;

Дар Заволжья сортында 5,84%;

Заря Востока сортында 5,87%;

Классик буданында 6,05%.

Зерттеліп отырған сортүлгілердің құрғақ зат мөлшері бойынша салыстырмалы түрде үлкен айырмашылық болмады. Бірақ құрғақ зат мөлшері бойынша қайта өңдеу талаптарына сай қызанақ сортүлгісі ретінде тек Классик буданын алуға болады, оның жемісіндегі құрғақ зат мөлшері 6 %-дан асты.

С дәруменінің мөлшері бойынша (мг%):

Лидер сортында 21,20мг%;

Дар Завольжя сортында 27,77мг%;

Заря Востока сортында 20,99мг%;

Классик буданында 26,62мг%.

С дәруменіне салыстырмалы түрде ең бай сортүлгі ретінде Дар Заволжья сорты көзге түсті, ал ең аз мөлшерді Заря Востока сорты көрсетті.

 

Кесте 9

Қызанақ сорт үлгілерінің биохимиялық көрсеткіштері

 

Қызанақ сортүлгілері С дәрумені, мг% Қантты-лығы,% Қышқыл-дығы, % Каротин, мг/100г Құрғақ заттар мөлшері, %
Лидер (стандарт) 21,2 2,96 0,37 0,026 5,43
Дар Заволжья 27,77 3,13 0,37 0,046 5,84
Заря Востока 20,99 3,43 0,55 0,037 5,87
Классик буданы 26,62 3,5 0,66 0,033 6,05

 

Жалпы қанттар мөлшері бойынша (%):

Лидер сортында 2,96%;

Дар Заволжья сортында 3,13%;

Заря Востока сортында 3,43%;

Классик буданында 3,50%.

Қант мөлшерінің ең жоғарғы көрсеткіші Класссик буданына тиесілі болды. Ал төменгі орынға стандартты сортүлгі Лидер сорты жайғасты, қанттылығы 3%-ға жетпей қалды.

Жемістердің қышқылдылығы бойынша (%):

Лидер сортында 0,37%;

Дар Заволжья сортында 0,37%;

Заря Востока сортында 0,55%;

Классик буданында 0,66%.

 

Бұл жолы да ең жоғарғы көрсеткішті Классик буданы көрсетті. Қышқылдығы бойынша Заря Вотока сорты екінші орында, ал Дар Завольжя және стандартты Лидер сорты бірдей көрсеткіштермен үшінші орынға иеленді[63].

Қорыта айтқанда, келтірілген биохимиялық талдаулар нәтижелері зерттелген барлық сорттардың құрғақ заттар мөлшері бойынша қайта өңдеу өнеркәсібі өндірісінің талаптарына толықтай сай келмейтіндігін көрсетті. Бірақ Классик буданы қайта өңдеу талабына сай деген тұжырым жасадық. Дегенмен, Дар Заволжья сортының С витамині және каротин мөлшері бойынша ең жоғарғы көрсеткіштерді көрсетіп көш бастап тұрғанын айтып өткен жөн Алайда бұл көрсеткіштерді агротехникалық шараларды реттей отырып жоғарылатуға болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных