ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ызанақ сорттары мен будандарына фенологиялық байқаулар және биометриялық өлшемдер жүргізуКөкөніс дақылдарының әрқайсысы, оның ішінде қызанақ дақылы да әртүрлі пісу мерзімдерімен ерекшеленеді. Тиісінше, әрбір сорттардың және будандардың ерекше вегетациялық кезеңдері болады. Олардың фенологиялық кезеңдерінің өтуі әртүрлі болып келеді. Жоғарыдағы аталған мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, біз өз зерттеулерімізде қызанақтың сыналған сортүлгілерінің фенологиялық кезеңдеріне арнайы байқаулар жүргіздік. Селекциялық тәжірибе танаптарында қызанақтың әртүрлі сортүлгілеріне фенологиялық бақылаулар дәстүрлі классикалық әдістемелерге сәйкес жүргізілді [35, 36]. Бірінші кезеңде қызанақтың көшетін алу үшін тұқым арнайыкөшеттіктерге себілді. Тұқымды себу уақыты сәуір айының бірінші онкүндігінде жүргізілді. Сол егілген тұқымнан өскіндер пайда болды. Осы фенологиялық фазадан кейінбірінші нағыз жапырақ пайда болды. Содан кейін қызанақ өсімдіктерінде гүлшоғыр пайда болып, гүлдеу кезеңі болды. Вегетациялық кезеңнің екінші жартысында қызанақтың бастапқы және жаппай гүлдеуі, содан соң жемістер байлауы және жемістердің пісуінің әртүрлі кезеңдері байқалды. Тамыз айында қызанақ дақылының өнімін жаппай жинау басталды. Қызанақтың зерттелген сортүлгілерінің осы аталған фенологиялық фазалары бойынша жүргізілген фенологиялық байқауларының нәтижесі кестеде берілді (6-кесте). Фенологиялық бақылау мәліметтері қызанақ сортүлгілерінің фенологиялық кезеңдер бойынша біршама айырмашылықтары бар екенін көрсетті. Барлық сорттар мен будандардың тұқымдары бір мезгілде, атап айтқанда 6-сәуірде (06.04) егілді. Көшеттіктерде алғашқы өскіндер (10%) төмендегідей әртүрлі мерзімде пайда болды: Лидер (стандартты сорт) - 23.04; Заря Востока-20.04; Дар Заволжья - 22.04; Классик буданы - 18.04.Көшеттіктердегі жаппай өскіндерде (75%) әртүрлі мерзімде пайда болды: Лидер - 06.05; Заря Востока - 05.05; Дар Завольжя - 08.05; Классик буданы - 02.05. Алғашқы нағыз жапырақтың алғашқы және жаппай пайда болуы қызанақтың сортүлгілері бойынша мынадай мерзімдерді қамтыды: Лидер (стандартты сорт) - 19.05 және 29.05; Дар Заволжья - 20.05 және 28.05; Заря Востока - 15.05 және 27.05; Классик буданы – 14.05 және 24.05. Қызанақ сортүлгілерінің гүлдеу фенологиялық кезеңі де әртүрлі мерзімдерге тура келді:Лидер (стандартты сорт) - 08.07; Дар Заволжья– 21.06; Заря Востока- 26.06; Классик буданы - 03.07. Гүлдеу кезеңі маусым айының 3-декадасынан шілде 1-декадасына дейін, яғни 18 күнге созылды. Қызанақ жемістерінің толық биологиялық пісуі әртүрлі мерзімде белгіленді: Лидер - 24.08; Дар Заволжья - 12.08; Заря Востока - 28.07; Классик буданы -30.07. Бұл мәліметтерден көрінгендей, жемістердің пісуі бойынша сортүлгілердің арасындағы айырмашылық екі-үш аптаға дейін жетті [37]. Өнімді жаппай жинау кезеңі қызанақтың сорттары мен будандары бойынша мынадай мерзімдерде басталды: Лидер - 10.09; Дар Заволжья - 02.09; Заря Востока - 17.08; Классик буданы - 15.08. Жылу сүйгіш қызанақ дақылы үшін өнімнің ертерек пісіп, күзгі суық түскенше мүмкіндігінше толық жинаудың маңызы зор. Қазақстанның оңтүстік-шығысының тау бөктерінде күзгі суық қыркүйек айының үшінші декадасында, ал кейбір жылдары екінші декадасында келіп, жемістерді үсік шалады. Яғни қызанақ өнімінің басым бөлігі жарамсыз болып қалады да, шаруа қожалықтарының көктем және жаз айларындағы еңбегі зая кетеді, шығынға ұшырайды(4-кесте.).
Кесте 4 Қызанақ сорт үлгілерінің фенологиялық бақылау нәтижелері
Қызанақ сортүлгілерінің вегетациялық кезеңінің ұзақтығына талдау жасайтын болсақ, ерте өнімділігі көрсеткіштері бойынша Заря Востока сорты және Классик буданы ерекшеленді, оларға тұқым себілгеннен өнім жиналғанға дейін тиісінше 104 және 107 күн кетті. Ал өскін пайда болғаннан жинауға дейін Заря Востока сортына 90 күн және Классик буданына 95 күн қажет болды. Тұқым өніп шыққаннан жемістері өнім бергенге дейінгі жалпы күндер саны Лидер сортында 118, Дар Заволжья сортында 100 тәулікті құрады. Тәжірибеде алынған көрсеткіштер бойынша Заря Востока сорты ортадан ерте, Классик буданы орташа мерзімде,Дар Заволжья сорты ортадан кеш мерзімде, Лидер сорты өте кеш мерзімдерде пісетін сорттарға жататындығын көрсетеді. Осы алынған мәліметтерді қызанақ сорттары мен будандарын өсіру үшін таңдағанда ескеру қажеттігі туындайды. Көкөніс өсімдіктерінің, солардың қатарында қызанақ өсімдіктерінің өсіп-даму қарқындылығы,биомасса қалыптастыру деңгейі көп жағдайда алынатын өнімге тікелей әсер етеді. Сондықтан өсімдіктерге биометриялық зерттеулержүргізу тәжірибе егістіктеріндеатқарылатын міндетті жұмыстардың бірі болып табылады. Осыған орай, қызанақдақылының селекциялық көшеттіктерінде сыналған жеті сортүлгілерге биометриялық зерттеулер жүргізілді. Осы өлшемдердің нәтижелері төмендегі 5-кестеде келтірілді.
Кесте 5 Қызанақ дақылының жаңа сорттары мен будандарының биометриялық көрсеткіштері
Өсімдіктердің биіктігі бойынша сыналған қызанақ сортүлгілері мынадай көрсеткіштерді көрсетті (см): Лидер (стандарт) - 55,5; Дар Заволжья - 66,4; Заря Востока – 65,0; Классик буданы - 55,6. Мәліметтер бойынша ең бойшаң өсімдіктер Дар Завольжя сорты бойынша, ал ең аласа өсімдіктер Лидер сорты бойынша байқалды. Жапырақтардың жалпы көлемі фотосинтез процесіне әсер ететіндіктен маңызды орын алады. Жапырақтардың бір өсімдіктегі саны бойынша қызанақ сортүлгілерінде мынадай көрсеткіштер байқалды (дана): Лидер сортүлгісінде – 18,5; Дар Заволжья сортында – 15,6; Заря Востока сортында – 18,0; Классик буданында – 14,7. Мәліметтер бойынша ең жапырақты өсімдіктер Лидер сортүлгісі бойынша, ал ең жапырағы аз өсімдіктер Дар Заволжья сорты бойынша байқалды. Салыстырмалы түрде алғанда зерттеліп отырған сортүлгілер мен будандар арасындаға жапырақ саны бойынша айырмашылық айтарлықтай болмады. Бір өсімдіктегі сабақтардың саны бойынша қызанақ сортүлгілерінде мынадай көрсеткіштер болды (дана): Лидер сортында – 2,5; Дар Заволжья сортында – 2,7; Заря Востока сортында – 2,8; Классик буданында – 3,8. Ал жемісі бар, яғни жеміс түзген сабақтар саны бойынша қызанақ сортүлгілері мен будандарында келесідей көрсеткіштер анықталды (дана):Лидер сортында – 2,1; Дар Заволжья сортында – 2,5; Заря Востока сортында – 2,4; Классик буданында – 3,6. Қызанақ сортүлгілері мен будандарының сабақтарының жемістілік деңгейі пайыз есебімен мынадай көрсеткіштерді көрсетті: Лидер сортында – 84,0%; Дар Заволжья сортында – 92,6%; Заря Востока сортында – 82,1%; Классик буданында – 94,7% Биометриялық зерттеулер жүргізген кезеңде қызанақтың зерттелген сортүлгілерібір өсімдікте төмендегі мөлшерде жеміс салды (дана):Лидер сортында – 19,5; Дар Заволжья сортында – 17,0; Заря Востока сортында – 21,6; Классик буданында – 23,7. Зерттеу жұмыстары кезінде аталған сортүлгілердің қызарған жеміс саны мен олардың жалпы жеміс санына қатысты пайыздық керсеткіштері келесідей мәліметтер алуға мүмкіндіктер берді: Лидер сортында – 2,6 және пайыздық өлшемі 13,3%; Дар Заволжья сортында – 4,5 және пайыздық өлшемі 26,5%; Заря Востока сортында – 2,5 және пайыздық өлшемі 11,6%; Классик буданында – 8,4 және пайыздық өлшемі 35,4%. Қорыта келгенде, сыналған 4 қызанақ сортүлгілері вегетациялық кезеңдері және биометриялық өлшемдері бойынша бір бірінен біршама ерекшеленеді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|